жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ жүздерінің зерттелуі
Жүздердің зерттелуі...
Автор: Баймағамбетов Ерлан
Русланұлы
Қазақ халқы мен оның этникалық
аумағының қалыптасу дәуіріндегі қалыптасқан ірі
этноаумақтық тайпалар бірлестіктері – жүздер болды және
дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта және Кіші
жүз.
Жүздердің шыққан уакыты, шығу
себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ
пікір жоқ,мүмкіндігінше соны зерттеу барысындамыз. Біз көптеген
түсініксіз пайымдарға жолықтық. Әрине, бұл жағдай ізденістеріміздің
ауырлығын және жауапкершілігінде
байқатты.Орта Азия халықтарының арасында жүзге
бөлінушілік біздің халқымыздың сипатына тән болғандықтан бұл
тақырыпты толыққанды зерттеп қана қоймай, оның нәтижелерін
шығарудың рөлі өте жоғары.
Жалпы Еуропа мен Ресейдің тарихи жазба әдебиеттерінде қазақ халқының жүздерге бөлініп орналасқаны туралы мәліметтер сиректеу. Тек, орыс ғалымдарының, саяхатшыларының жазып қалдырған деректерінде көрсетілген. Мысалы орыс дипломаты М.Тевкелев қазақтардың үш жүзге бөлініп жайласқанын жазған. (1) И.Кириллов, П.И.Рычков, В.П.Татищев, И.Г.Георги, А.Левшин және т.б. Ресей ғалымдары көбінде қазақтардың үш жүзге бөлінетінін атап өтумен ғана шектелген. (2) В.В.Вельяминов - Зернов, қазақтың жүздері ХVI ғасырдың екінші жартысында Ақназар ханның тұсында бөлінген десе, (3) В.В.Бартольд үш жүздің пайда болуы –қазақтардың көшпелі шаруашылығының негізінде пайда болғандығын жалпылама айтқан, қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың жүзге бөлінуі ХV – ХVI ғғ. Моңғол ұлыстарының негізінде шыққанын, бұл жүздердің этностары –қазақ халқы екенін жазған.(4)
«Жүз» атауы. «Жүз» араб
тілінде біртұтас нәрсенің бөлігі, саласы деген ұғымды береді.
Бірақ, «жүз» энтонимі түрік тілінде кең және тар мәнде қолданыла
береді. Адамның беті, келбеті деген сөзге қатысты «келбеті келген
адамнан кеңес сұра»-деген сөз бар, яғни бет жүзі келісті адамның
жаман болмайтынын меңзейді. Соған қоса қылыштың, пышақтың жүзі
деген сияқты сөздер тұрмыста жиі кездеседі. Осы сияқты
мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олай болса, «жүз» сөзінің
бір нәрсенің бөлігі деген кең мәнде алып, айқындауымыз қажет.
Біздіңше, бұл жерде «жүз» атауы географиялық ұғым. Түріктер,
оның ішінде қазақтар өз жерлерінің табиғи –географиялық
ерекшелігіне қарай, бөлек қоныстанған. Оның әр бөлігіне «жүз» деген
атама берген.
Б.з.б. ІІІ ғасырлардағы деректерде Қытайдың батысындағы Гансу мен
Шығыс Түркістанның Оңтүстігінде өмір сүрген Кіші жүз атты
тайпалардың өмір сүргендігіайтылған, Кейін осы Кіші жүздің күшейіп,
осы аталған өлкенің тарихына үлкен үлес қосқаны да тілге тиек
етілген.
Кіші жүздің жайлаған жері Гансу (Қытай) мен Шығыс Түркістанның оңтүстігі екенін айта келіп, ғұндар Ұлы жүздерді Шығыс Түркістаннан батысқа қарай қуғанда, олардың қалып қойғандары - Кіші жүз деген мәлімет береді. Бұл айтылған пікір шындыққа сай емес. Негізінде Кіші жүз түріктерінің батыс шекарасы Қара теңіздың солтүстік жағалауынан Батыс Қытайға дейін созылып жатқан. Шығыс Түркістанда Ұлы және Кіші жүздер бірге қоныстанған. Сондықтан Шығыс Түркістан түріктердің ежелгі жерінің бір бөлігі. Сол кездің өзінде Кіші жүзге кірген хундардың (ғұндардың) жері Қаратеңіз солтүстігіне дейінгі ұлан – байтақ кеңістікке орналасқан. Солардың бір бөлігі батыс қытай шекарасына дейін келген. Оларды үйсіндердің қалып қойған бөлігі деудің қисыны жоқ. Өйткені, Қытайлықтар батыс көршілері – түріктердің мекенін жетік біле алмаған. Тек, өздеріне жақын саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған түріктер туралы мәліметтер жинаған. Түріктер өз жерлеріне Қытайлықтарды жібермеген.
Қытаймен шекаралас Кіші жүзілер Тибет халықтарымен араласып, өзара бауырлас болғаны туралы да деректер кездеседі.Кіші жүз құрамындағы рулар мекендеген тайпалардың ертеден келе жатырғаны даусыз, бұл жөнінде азда болса, деректер бар яғни, Қытай деректеріндегі мәліметтерге қарағанда, антикалық заманда Орталық Азияда мекендеген түріктердің арасында Кіші жүздердің болғанына күмән келтіруге болмайды. Олар сан жағынан да аз болмаған. Кіші жүздердің атты әскерінің саны 10000-нан – 12 000-ға дейін болғанына қарағанда, олардың халқының саны да әжептеуір болғанға ұқсайды. Олар бірде тибеттіктерге, бірде қытайлықтарға көмек беріп тұрғаны айтылған. Соған қарағанда, Кіші жүздер өздерінің жауынгерлігімен ерекшеленгендіктен, көршілері олармен санасып отырғаны байқалады.
Орта жүз туралы антикалық және ертедегі орта ғасырлардағы тарихи деректерде кездеспейтіндіктен, жоғарыда тек Ұлы және Кіші жүздерге тоқталдық. Орта жүз бойынша ертедегі мәліметтерді тек қазақ ауыз әдебиетінде, ру, тайпа шежірелерінде кездеседі. Барлық қазақ халқының генеологиясын үш арыстан таратады: Ақ арыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз) және Бекарыс (Кіші жүз). Жүздердің жайласған мекендері географиялық тұрғыдан ғана айтылып, Орта жүздің осы күнгі Орталық Қазақстанды мекендегені баяндалады.
Бұл жүз туралы жазба деректер Ресей империясының Қазақстанды отарластыруымен байланысты айтылады. Әсіресе, ХVІІІ ғ. бірінші жартысынан бастап, біздің елімізге келген Ресей дипломаттарының, мен саяхатшыларының жазып қалдырған деректерінде Орта жүздің тарихына қатысты мәліметтерді кездестіреміз. Олардың арасында А.И.Тевкелев өзінің қағазға түсірген деректерінде Орта жүздің ру, тайпаларға бөлініп жайласқан мекендеріне тоқталған. Орта жүз қазақтары алты тайпалардан құрылған: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ (5). Бұл саясаткерден басқа да Ресейден Қазақстанға келген зерттеушілердің еңбектерінде қазақ халқының жүздерге бөлінуі туралы азды –көпті мәліметтерді кездестіреміз. Бірақ олардың қалдырған деректеріне сын көзбен қарап, ой елегінен өткізіп пайдаланған абзал. Өйткені, қазақ халқының жүздерге бөлінулеріне қуатты көршілеріміз – Жоңғар хандығы бастаған Хиуа, Қоқандықтар және Орыс және Қытай патшалықтарының алысты болжаған билеушілерінің ықпалдары аз болмаған. Бұл мәселелер біздің болашақтағы зерттеулерімізге негізгі обьекті болады деген ойдамыз. Ол үшін мұрағат және басқа да зерттеу еңбектеріне нақты сүйенеміз – деп, ойлаймыз. Олар жергілікті халықтың тілін, ділін білмеген, тек көрген – естігендерімен шектеліп, оны қағазға түсіріп қалдырған. Бұндай кемшіліктер олардың басым көпшілігене тән. Солай болса да, осы деректердің құнды тұстарын дұрыс пайдалануымыз қажет.
Енді Орта жүздің шығу тарихы туралы өз пікірімізді ортаға салайық.Орта жүз тарихы Монғол империясының ыдырауынан кейін, жалпы түріктердің өзара енші алысып, жеке -жеке халық болып бөлініп шығуымен байланысты қараған жөн. Қазақтар да өзінің ежелден мекендеген жеріне ие болып, Орталық Азияның қақ ортасындағы ежелгі мекенінде шаңырақ көтерді.
ХІVғ. аяғында қазақтар қара шаңырақтың, кең байтақ үлкен жердің иесі болды. Оны өзінің Отанына айналдырған Қазақстан (Қазақ елі) деген қасиетті атпен келе жатыр. Осындай ұлан -ғайыр жер тек қазақ халқының еншісіне тиген. Басқа бөлініп шыққан қандастарымыздың біреуінде де осындай кең жер жоқ. Түрік әлемінің ең құнды, асыл қасиеттерін, ділін сақтап қалған қазақ халқы. Сондықтан, ертедегі «Алты алаш» кезінде жүзге бөліну дәстүрін сақтап, Қазақстан жерін табиғи –геогпафиялық ерекшеліктеріне икемделіп, үшке бөлініп тіршілік еткен. Бұл жүздер жерлерінің табиғи ерекшеліктерін жетік меңгеріп, соларға икемделіп қоныстанған және негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты, қосымша заттай және рухани мәдениеттерді жалғастырып, оны үздіксіз дамытып отырған.Қазақ жүздерінің бөлінуі тек табиғи –географиялық ерекшеліктеріне қарай болып, рулар мен тайпалар өздерінің ертеден мекен еткен аймақатырында тіршілігін жалғастыра берген. Орта жүздің құрамындағы қыпшақтар, арғындар, наймандар, қоңыраттар, керейлер, уақтар өздерінің құтты қоныстарында антикалық және ертедегі орта ғасырдан бастап мекендеген. Алайда, олардың көпшілік бөлігі ертеде Ұлы жүздің одағына кірген болса, қалғандары Кіші жүздің ішінде араласып, бірге жасаған. Осы тәртіп Моңғол империясының ыдыраған кезеңіне дейін сақталған.Кейінгі кезде Орта жүз бойынша жаңа деректер жиналып, біздің бұл пікірлеріміз толықтырылар деген үміттеміз.
Жоғарыдағы келтірілген
деректерге қарағанда, б.з.б. VІІ ғ ғасырларда Орталық Азияны
жүздерге бөлініп, түріктер мекендеген. Жүздердің пайда болуына
Шыңғыс хан ұрпақтары, яғни қазақ халықтарының ішінде күні бүгінге
дейін ешбір ру – тайпаларға еңбей келе жатырған жеке әлеуметтік жік
– төрелер мен сұлтандардың ұрпақтарының орны ерекше екенін
ескеруіміз қажет – ақ. Ұлы жүзге Орталық Азияның оңтүстік – шығыс
аймақтарына кіретін ұланғайыр жерлер кіріп, Шығысы Қытаймен,
оңтүстігі Ауғаныстан, Үндістанменен шектескен. Аттары
аталған аймақтарда ерте замандарға Қаңлы және Үйсін
мемлекеттері ұзақ жылдар өз үстемдіктерін жүргізген. Ұлы жүзге
қараған жерлерде ежелден отырықшылық басым болып, табиғи
–географиялық ерекшеліктеріне байланысты суармалы егеншілік кең
өріс алған. Б.з.б. ІІ ғасырда Ұлы жүздің жерінен шығыстан батысқа
қарай Ұлы жібек жолы өтіп, сан алуан елдердің өзара қарым
–қатынастарын қалыптастырған. Бұл пікірлерді дәлелдейтін жазба және
археологиялық деректер жеткілікті. Сондықтан да, бұл аймақтар
отырықшы өркениеттің мейлінше дамыған бай өлкесі болып саналады.
(6)Ұлы жүз аумағына Сырдариядан бастап, Жетісу жері түгел кірді.
Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты,
ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар
кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс
Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Оған қыпшақ, арғын, найман,
қоңырат, керей, уақ тайпа - рулары енді. Кіші жүздің мекені –
Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының
теріскей бөлігі. Оны келесі тайпалар одағы – Әлімұлы (қаракесек,
қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын,
жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық,
таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит,
телеу, рамадан) құрады.Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық
мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан
оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жағынан
да, биологиялық – генетикалық тұрғыдан да басқа жүздердің
тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Мұны
антрополог ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. XIV – XV ғасырларда бұл
тайпалар түркі тектес халық болып топтасты да, кейін «қазақ» деген
этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі
аяқталады.
Көне замандардан бері, Орталық Азияның солтүстік және батыс
аймақтары Кіші жүзге қараған. Оның батысы Қаратеңіздің солтүстік
жағалауынан, шығыста Қытаймен жалғасып жатқан жерде, ертедегі
сақ (скиф) пен ғұндардың ұрпақтары мекендеп, Кіші жүзге
қараған. Біз тоқталып отырған деректерге қарағанда, хундар мен
қытайлықтардың арасында саяси, экономикалық және мәдени қарым –
қатынастар мейлінше күшті болған. Себебі, екі этникалық топ Қытай
елінің батыс көршісі болған. Қытай деректерінде бұлар
туралы деректердің мол екенін жоғарыда айтқанбыз.
Қытайлықтар ең жақын көршілерін жақсы білгенмен, батыс, оңтүстік
аймақтарды мекендеген түріктерді жетік біле бермеген. Ғұндар
кезіндегі Қытайдың батысын, яғни шығыс Түркістанды мекендеген
Кіші жүздер, батыстан - шығысқа созылып қоныстанған болгар,
печенек, қыпшақтардың шығыс бөлігі деген пікірге келуге болады.
Кіші жүздің қоныстанған аймақтарының өздеріне тән
ерекшеліктері мол. Өте кең аймақта малды мыңдап өсіріп,
егіншіліктің көпшілігі жаңбырдың беретін ылғалына негізделіп
дамытқан. Бұл жерді мекендеген түріктер ежелден қыстауы мен
жайлауларын қолайлы жерге орналастырып, өздерінің көп салалы
шаруашылығын дамытып отырған. Кіші жүз түріктері де ертеден
үлкенді –кішілі мемлекеттіктерге бөлініп тіршілік еткенін айтқан
едік. Олардың ішінде империя дәрежесіне жеткен Ғұндар мен Көк
түріктер болғаны әлімге белгілі. Олардың тұрақты мекендері
мен қалалары да болғанын археологиялық зерттеулер дәлелдейді.
Ғұн империясы кезінде Қытайлықтар Ұлы қорғанын салуға мәжбүр
болғаны тарихта мойындалған.(7)Сонымен, антикалық заманда
түріктерді «Алты алаш» кезінде, Орталық Азияның табиғи
–географиялық ерекшелігіне қарай екі аймаққа бөліп қоныстанғанын
байқаймыз. Ұлы және Кіші жүздер барлық түрік тілдес этникалық
бөлімдердің бәрін қамтитын «Алты алаш» ұғымына кірген
қандастарымыз саяси, экономикалық және мәдени байланыста
болғандықтан, қажетті жағдайда «Түріктің көктуының» астына
жиналған. Осы бірлікті сақтау оңай болмаған. Оны орнықтыру үшін
Ғұн империясының көсемдері Тұман хан, оның ұлы Мете, Көк
түріктер кезіндегі Білге қаған қажырлы, қайратты күштер
жұмсаған.
Бұл тарихи тұлғалар өз
мақсаттарына жетіп, империя құрған. Бірақ, бұл ұлы күштер ұзаққа
бармай, түріктер үлкенді –кішілі мемлекеттерге бөлінгендіктен,
әлсіреп, сырттан тиген құралды күштерге қарсы тұра алмай, елін,
жерін қорғауда, талай қиыншылықтарды бастарынан өткергенін
тарих біледі. Олай болса біз жан−жақты зерттелген бұл
тақырып толығымен өз шешімін тапты деп әлі де болса айта алмайтын
көрінеміз.
Шежіре әр адамның жоғын тауып
береді, ата – бабасының ерлігін, тектігін, өз мүддесін ұлт
мүддесіне мұра қалдырған жандар екенін көрсетеді. Шежіре – ұлттық
шежіре болуы керек, ол әр адамның шығу тегі арқылы бүкіл қауымды,
халықты таныстыру арқылы табыстыруы керек. Қазақ елі әлі рулық
санада жүр, сондықтан да ұлттық деңгейге шығу керек. Шежіре ендеше
ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, ұлттық
сананы қалыптасыруға бағытталған. «Бөлінгенді бөрі жейді» - деген
қанатты сөз баршаға мәлім болса да, барлық халықтың бірлігін сақтау
оңай шаруа емес екені
белгілі.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Казахстан в XV– XVIIIвв. 1969 г. 59 стр.
-
И.Г. Андреев. Описание средней орды Киргиз – Кайсаков. 1998 г. Б. Ирмуханов. К вопросу о происхождении Казахского народа. 2012 г. 295 – бет
-
В. Вельяминов – Зернов. Исследование о Касимовских Царях и Царевичах. 1863г.
-
И. Андреев. Көрсетілген еңбек, 51 – бет
-
И. Андреев. Көрсетілген еңбек. 297 – бет
-
Гумилев. От Руси к России. 2007 г. 317 – 321 стр.
-
Қытай тарихы. 2001 ж. 48 – бет
Research of faces ...
Author: Baimagambetov Erlan Ruslanovich
The largest ethno-ethnic tribal associations formed in the era of the Kazakh people and its ethnic territory were faces and the traditional Kazakh society consisted of three hundred: the Great, the Middle and the Little Junction.
We do not have any common opinion among the scholars on the occurrence of exposure, outbreaks, and content. We have come across many misunderstandings. Of course, this situation has shown the severity and responsibility of our quests. Because the facial distribution of Central Asian nations is characteristic of our people, it is not only a profound study of the subject, but also the role of its results.
In the historical records of Europe and Russia in general, there are rarities in the fact that the Kazakh people are divided into hundreds. Only in the records of Russian scientists, travelers. For example, Russian diplomat M. Tevkelev wrote that the Kazakhs were divided into three parts. (1) I.Kirillov, PIRychkov, VPTatischev, IGGeorgy, A.Levshin and others. Russian scholars are often limited to marking the fact that Kazakhs are divided into three hundred. (2) VV Velyaminov - Zernov said that the Kazakh faces were divided in the second half of the XVI century during the reign of Aknazar Khan, (3) VV Barthold stated that the emergence of three hundred - on the basis of the nomadic farming of the Kazakhs - was the great Kazakh scientist Sh. X. Valihanov Kazakh parting XV - XVI c. It is based on Mongolian nationalities that the ethnic minorities of the Kazakhs are the Kazakh people. (4)
Name of "face". The "hundred" in the Arabic language gives the notion of a single thing, a sphere. However, the "hundred" indoctrination is widely used in Turkish. In terms of the face of the person, the expression "seek advice from the person who looks at it" means that the face is a bad person. Also, such words as sword and blade face are common in the family. There are many such examples. Therefore, the word "hundred" should be taken as a part of something. In our opinion, the name "hundred" is a geographical concept. Turks, including Kazakhs, have been separated, depending on their natural-geographical features. Each part of it was called a hundred.
Other The data of the III century tells that small tribes living in the western part of Gansu and south of East Turkestan lived in the western part of China, after which the Small Zhuz became stronger and made a great contribution to the history of this region.
As the small jaw dropped from Gansu (China) and south of East Turkestan, the Huns claim that the Greater Blades were driven westward from East Turkestan, and their remains were the Younger Zhuz. This statement is not true. In fact, the western border of the Little Junk Turks extends from the northern coast of the Black Sea to Western China. In East Turkestan, the Great and the Little Hundreds lived together. Therefore, East Turkestan is a part of ancient Turkic landscape. The Hunns (Huns), which had already entered the Junior Junction, were located in the vast area of the Black Sea to the north. Part of them came to the western Chinese border. It is not logical to say that they are part of the house. After all, the Chinese did not know their western neighbors - the Turks. They only gathered information about the Turks who were close to their political, economic and cultural ties. The Turks did not let the Chinese go their land.
There are reports that the Junior Juzids bordering China were intertwined with the Tibetan peoples. The tribes that lived in the minority tribes were very early, there is little evidence of this, according to Chinese sources, in the ancient times between the Turks living in Central Asia, it is impossible to doubt. They were few in number. It is likely that the number of their smaller number was less than 10,000 to 12,000. They said that they did not help Tibetans or the Chinese. In this case, the Junior Zhuzes are distinguished by their fighting, and their neighbors are conservative.
Because of the fact that the Middle Ages can not be found in historical records in the ancient and early medieval ages, we have just climbed on the Great and Small Junction. Early findings in the Middle Ages are found only in Kazakh folklore, rue, tribal chronicles. All the genres of the Kazakh people are distributed by three lion: Ak-Arys (Grand Cross), Zhanaris (Middle Ages) and Bekarys (Small Junction). The geographical point of the vineyards is that the Middle Ages lived in Central Kazakhstan on this day.
This hundredth data is related to the colonization of Kazakhstan in the Russian Empire. Especially in the XVIII century. From the first half of the year, we find information on the history of the Middle Zhuz in the records of Russian diplomats and travelers who came to our country. Among them are AI Tevkelev in his paper on medieval tribes, their place of residence. The middle-aged Kazakhs are composed of six tribes: Argyn, Naiman, Kerey, Sai, Konyrat, Kipchak (5). Apart from this politician, we also find small details about the separation of the Kazakh people into the works of researchers coming from Russia to Kazakhstan. But it is desirable to critically analyze what they have left behind. After all, the strongest neighbors of the Kazakh people - the Dzhungar Khanate, the Khiva, the Kokandans, and the long-range rulers of the Russian and Chinese kings have been affected. We think these issues will be the main object in our future research. We rely on this to support archival and other research. They did not know the language and the language of the local people, but only saw it - they were limited to what they had heard, and they took it on paper. Such deficiencies are typical for most of them. Nevertheless, we should use the value of this data correctly.
The Middle Ages have to be considered in the aftermath of the collapse of the Mongol Empire, since the common Turks have been separated and separated into a single individual. Kazakhs also occupy their ancient land and have lived in the ancient city of Central Asia.
XIV In the end, the Kazakhs became the owners of the shadowy, large and large land. It is called the Kazakhstan (Kazakh land), which has become its motherland. This kind of place is only a part of the Kazakh people. Not one of our other distinguished members has such a large space. The Kazakh people, who preserved the most valuable, noble qualities of the Turkic world. Therefore, the ancient Altysh Alash preserved the tradition of separation and made the earth of Kazakhstan adapted to the natural features of the earth. These faces are well-trained in their natural landscapes, adapted to them, and are mainly engaged in nomadic livestock breeding, continuing their natural and spiritual cultures and continuously developing them. The distribution of Kazakh blades depends only on its natural-geographical peculiarities and that the tribes and tribes live in their continued. The Kipchaks, Argyns, Nymiments, Conchans, Kheyes, Urekas in the Middle Zhuz have lived in ancient settlements from antiquity and ancient Middle Ages. However, the majority of them were included in the Union of the Greater Zhuz, and the rest were intertwined with the Small Zhuz. This order has been preserved until the disintegration of the Mongol Empire. We hope that in the middle of the Middle Ages, new data will be gathered and that we will supplement these comments.
According to the above data, In the VII centuries, Central Asia was divided into hundreds and the Turks lived there. The generation of Genghis Khan descendants of the vicious circles - the descendants of individual social sects and sultans, who have never been a member of the tribe of the Kazakh people so far, are the place of generation. The Great Silk zone is surrounded by sophisticated places in the South-East of Central Asia, bordering China with the south, Afghanistan and India. Earlier times, the countries of Kangy and Uusy had dominated these territories for many years. Due to the natural-geographical features of the ancient settlement, the irrigated landscape has a wide area. Other In the II century, the Great Silk Road from the east to the west of the Great Silk, forming the relations of various countries. There is a sufficient number of records and archaeological evidence to support these views. Therefore, these regions are considered as the most prosperous part of the civilized civilization. (6) From the Syr Darya to the territory of the Great Silk, the whole territory of Zhetysu came. It consists of beef, kangyu, dulta, alban, watercolor, sprinkle, scion, peach, squash, jellyfish, butterfly, including tribes. The Middle East was occupied by Central Kazakhstan districts and part of North-East Kazakhstan. It includes the Kipchak, Argyn, Nymman, Bell, Karei, and Taman tribes. The territory of the Small Zhuz is the lower part of the Syr Darya, the coast of the Aral Sea, the northern part of the Caspian lowland. Union of the following tribes - Alimuly (karakesek, karasakal, kosha, quarry, bucket, threshold); Bauly (Adai, Alchemist, Clover, Alasha, Beagle, Honey, Cranberries, Red-Valentine, Sharkshesh, Fever, Tincture, Mask); The tribes of each tribe were grouped on the basis of common economic interests, economically isolated on their own borders (tribal, tame, quinine, coast, kereit, Their language, material culture, biodiversity, and genetic makeup did not differ from the tribes of other faces. Anthropologists have long proven it. In the 14th - 15th centuries these tribes were consolidated as a Turkic nation, and later became the ethnic Kazakh name "kazakh" and thus the process of formation of the population was completed.
Since ancient times, northern and western regions of Central Asia have looked at Small Junction. From the north coast of the Black Sea to the west, where you live in the east, the descendants of ancient Sax (Skifis) and Huns lived in the Little Junction. According to the information we have, the political, economic and cultural relations between Huns and Chinese have been stronger. The reason was that two ethnic groups were the western neighbors of China. In Chinese data, we have mentioned above that there is a wealth of data. Although the Chinese knew the closest neighbors, they did not know the Turks living western and southern regions. It is possible to conclude that western China during the Huns, ie the Small Hundreds, which inhabited eastern Turkestan, were the eastern part of the western Balkans, Pechenek, and the eastern part of the Kipchaks. The habitat of the Junior Zhuz has their own peculiarities. In a vast area, thousands of livestock have been cultivated, and most farming has grown on the basis of rain-giving moisture. The Turks, inhabiting this land, have developed their own diverse economy by placing their wintering and landing in a comfortable place. We have also mentioned that the Turks of the Young Genes were older - they were subdivided into subordinate states. It is well-known that Huns and the Blue Turks, who have reached the rank of empire, are known. Archaeological research proves that they have permanent places and cities. (7) Thus, in the antiquity, the Turks settled in the "Six Alash", divided into two regions, depending on the natural-geographical features of Central Asia. The Great and the Little Juniors, under the slogan "Six Alash", covering all the Turkic-speaking ethnicities, are in political, economic and cultural ties and, if necessary, under the "Turkish moon". It was not easy to keep this unit alive. In order to establish it, Hunan's rulers Tuman Khan, his son Mete, and Kok Turge Kagan, Turks and Khan Turks, spent their hard work.
These historical figures have reached their goals and built an empire. However, these great powers do not go on for a long time, and the Turks are older - they are weakened and weakened, so that they can not resist the forces from the outside and protect their country and their land. But we still can not say that this thoroughly explored topic is completely solved. The shezhire finds out that everybody is missing, that is, the heroes of the ancestors, the nobility, their own interests are those who inherit the interests of the nation. The Shezhire must be a national genealogy, which must be transmitted through the origin of each person through the public and the public. The Kazakh nation is still in a conscious consciousness, so it is necessary to go to the national level. The Shezhire is now focused on national consciousness, not for the division of the nation into tribal, tribal, or arsenious. It is well-known that the winged word "Eat the fragile thing" is not easy to maintain.
References:
1. Kazakhstan in the XV-XVIII century. 1969 Page 59
I. IG Andreev. Описание средней орда Киргиз - Кайсаков. 1998 г. B. Irmukhanov. К вопросу о происхождении Казахского народа. 2012 г. Page 295
3. V. Veltyaminov - Zernov. The study of the Kasymovskih Tsarah and Tsarevich. 1863г.
4. I. Andreev. This work, p. 51
5. I. Andreev. The specified work. Page 297
6. Gumilyov. От Руси в России. 2007 317 - 321 p.
7. History of China. 2001 Page 48

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген