400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ журналистикасына қосар үлесім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада автор өзінің болашақтағы мақсаты – қазақ журналистикасына тың серпін қосу туралы ой қозғайды. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі кемшіліктерге тоқтала отырып, заманауи тележобалардың аздығы мен әлеуметтік желідегі жалған ақпараттың таралуы сияқты маңызды мәселелерді көтереді. Автор болашақта телевизияда жастарға арналған подкаст форматындағы жобалар әзірлеуді, сондай-ақ TikTok, Instagram және Telegram желілерінде танымдық, креативті контент жасап, жастар арасында пайдалы ақпарат тарату арқылы қоғамға үлес қосуды мақсат етеді. Мақалада журналистиканың әлеуеті мен оның қоғам үшін маңыздылығы кеңінен сипатталып, жаңашыл көзқараспен келудің қажеттілігі айқын көрініс табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ журналистикасына қосар үлесім



Журналистика – қоғам үні. Ақ пен қараны ажыратып, шын мағлұматты ұсынып, бұқараға ой тастайды. Қоғамға көз бен құлақ болып, жан-жақтан жаңалық таратады. Жұмыс барысында түрлі жайтты бастан кешетін, қызығы мен шыжығы мол сала. Алайда, үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Осыған қарамастан, мен журналист мамандығын таңдап отырмын. Мен өзімді қазақ журналистикасына жаңа дем сыйлайтын тұлға ретінде көремін.



«Неге олай деп ойлайды?» – деп ойланып отырған боларсыз. Ендеше, бастайын. Қазіргі телеарналарда жастарды қызықтыратындай жаңа заманауи жобалар жоқ. Ол көрермен санының азаюына әкеліп отыр. Соның әсерінен қазір көбі әлеуметтік желіні пайдаланып, ақпараттың барлығын сол жақтан алады. Бұл – қоғам ойының бұзылуына алып келуі мүмкін. Себебі, онда жалған ақпараттар да аз емес.Мысалы, адамдар актуальды бір оқиға туралы ақпарат білгісі келіп, әлеуметтік желіні ашатын болса, онда сол тақырыпқа байланысты әртүрлі қауесет шыға келеді. Оны желі қолданушылары рас деп ойлап, қоғамдық дүрбелеңге себеп болуы мүмкін. Сондықтан да қазақ журналистикасына жаңа сарын керек. Жаңа тележобаларды ұйымдастыру – бұл мәселенің шешімі деп ойлаймын. Себебі, жаңа дүниелердің барлығы өзгелер үшін қызықты болмақ.Мысал ретінде, телеарналарда психологияны немесе бір тұлғаның өмірін баяндайтын подкасттар болса, жастар мұны көруші еді. YouTube және т.б. желілерде осындай подкасттар миллионнан жоғары қаралымдар жинап жатыр. Демек, ондай дүниелер қоғамға, әсіресе жастарға қызық. Мен болашақта осы істі қолға алып, дамытқым келеді.





Ал келесі дамытқым келетін сала – TikTok, Instagram, Telegram секілді платформаларда өзімнің аудиториямды қалыптастыру. Мұнда креативті, танымдық видеолар түсіріп, қоғамды жаңа ақпараттармен қамтамасыз еткім келеді. Осы тұста да аудиториямда жастардың көп болғанын қалаймын. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Баланы бұзуға не оны түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнінде көрген өнеге». Олар жас күнінде нені көріп өссе, соған қарай бейімделеді. Сол себептен мен үлгі болатындай блог жүргізгім келеді. Ұлт болашағы – жастардың қолында!



Қорытындылай келе, журналистиканың қай кез болмасын қоғамнан ажырамайтынын ұқтым. Бұл сала жаңарып, қарқын алса, әлеует пайдасына қосар үлесі зор болмақ. Болашақта әрбір арна мен әлеуметтік желіден біздің жарқын күндеріміз бен жаңа технологияларымыз үздіксіз айтылып жатса, қандай ғанибет! Сол күнге жету жолында осы салаға қолымнан келгенше бар үлесімді қосамын. Барлығын ескере келе, жаңа журналистиканың күні туатынына сенемін. Тек журналистика саласында емес, басқа мамандықтар да қоғам мүддесіне жұмыс жасаса – біз бағындырмайтын қамал, ала алмайтын белес жоқ. Бірге жұмылып, ұлт болашағы үшін ұмтылайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі