400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ отбасының дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ отбасының дәстүрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы
















«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы


7-сынып





























Мазмұны


1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

  

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 сынып.


Білім алушы:

Білу

- орта ғасырлар тарихының кезеңдерін  және оқиғалардың хронологиясын білу;

- тарихи тұлғаларды білу;


Түсіну

- мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді түсіну;

- тарихи ұғымдарды түсіну;

- тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіну;


Қолдану

- әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдану;

- ортағасырлық мемлекеттердің аумағын саяси картада көрсетеді;

- ортағасырлық тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсетеді;

- этноәлеуметтік құрылымын анықтайды;

- тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды;


Талдау

- дереккөздегі маңызды ақпаратты талдайды;

- мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;

- тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және сабақтастығын талдайды;


Жинақтау

- тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жинақтайды;

- ерте және орта ғасырлық мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жинақтайды;

- тарихи фактілердің маңыздылығын жинақтайды;

- тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды;


Бағалау

- тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің заңдылықтарын бағалайды;

- ортағасырлардағы тарихи тұлғалардың рөліне баға береді;

- тарихи үдерістердің маңызын ашады.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Тарихи үдерістердің тұтастығы мен ерекшеліктерін сипаттайтын тарихи фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, ұғымдарды білу.

Орта ғасырдағы тарихи кезеңдерді білу.

Маңызды тарихи оқиғаларға қатысты қазіргі зерттеулер мен көзқарастарды білу.

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіндіреді.

Әр түрлі тарихи дереккөздерді қолданады

Этноәлеуметтік құрылымын жіктейді.

Тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды.

Берілген дереккөзге сұрақ құрастырады.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

Тарихи құбылыс, оқиға немесе үдерісті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырады және бағалайды;

Тарихи дереккөздерді  талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды;

қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, үдерістің маңыздылығын анықтайды;

Тарихи оқиғалардың  сабақтастығы мен өзгерістерін уақыт пен кеңістік  шеңберінде талдайды және бағалайды.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар


5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Тоқсан

Білу және түсіну, %

Қолдану, %

Жоғары деңгей дағдылары, %

I

100

0

0

II

25

75

0

III

0

100

0

IV

75

25

0

Барлығы

50

50

0


6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге  тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.


7.  Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.





















1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1 - тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 20 балл


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.

Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау

дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма№ *

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

7.1.A.

Рим империясының

құлауы


6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу




Білу және түсіну



3



1-3



КТБ



5



3



3



7.1B.

Феодализм

6.1.1.1 Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау


Білу және түсіну

1

4

ҚЖ

5

3



7



6.1.2.1 Үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау


Білу және түсіну

1

5

ҚЖ

8

4

7.1C.

Ислам дінінің

тарихы


6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау


Білу және түсіну

1

6

ҚЖ

12

6


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі