400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ поэзиясының Құлагері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім берү бойынша құрылған 8 сыныпқа арналған әдеби кеш.Республика көлеміндегі әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзбергенова Ғазиза Есқалиқызы

Қызылорда қаласы,

№10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазақ поэзиясының Құлагері

(Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай)

Мақсаты:

Қазақтың жаңа әдебиетінжде жарқын із қалдырған көп қырлы талант иесі Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау, оның кең тынысты емел туындылары мен өлең-жырларымен таныстыру. Оқушыларды ақын өлеңдерінің   эстетикалық-рухани құндылықтарымен тыныстыру, өлеңдерінің мазмұнын ұғынуға, ақын өлеңдері арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтын түрі:  Әдеби кеш

Сабақтын типі:  танымдық-шығармашылық , зерттеушілік

Көрнекілігі:  слайд, интерактивті тақта, бейне–сюжет, ақын суреттері, қанатты сөздері, кітаптары.


Барысы:

Күй тартылып тұрады.


Жүргізуші :

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі әдеби кешіміз ақын, драматург, аудармашы Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылына арналады.

 

Жүргізуші :

Ілияс Жансүгіров – өз замандастары М.Әуезов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқановтармен бірге қазақтың жаңа әдебиетінде жарқын із қалдырған көп қырлы талант.


Жүргізуші :

Оның «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды кең тынысты кемел туындылары мен көптеген өлең-жырлары, прозалық және драмалық шығармалары ұлттық әдебиетіміздің үздік жетістіктері болып саналады.


Жүргізуші :

Ендеше Ілияс Жансүгіров туралы бейнероликке назар аударыңыздар.


Бейнеролик

Жүргізуші :

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.

Жүргізуші :

Анасынан тым ерте айырылған Ілиясты өзі әңгімеші, домбырашы, ұста әкесі Жансүгір жетімсіретпей, мінезді, ұстамды етіп тәрбиелейді. Хат танытып ауылдағы татар үлгісіндегі Қарағаш мектебіне оқуға береді.

Жүргізуші :

1917 жылдан кейін оқуға жағдайы келмей, әкесіне көмектесіп, шаруашылықпен айналысады. Мектепте тарих, әдебиет пәндерінен дәріс алған келешек ақын өз бетімен орыс, қазақ тілінде көптеген кітап оқып, іштей түлейді.

Жүргізуші :

Ілиястың туған жеріне, дарқан даласына деген перзенттік сүйіспеншілігі оның «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңінде, «Дала» поэмасында сыршылдықпен шебер өрнектелген.

«Ағынды менің Ақсуым» өлеңі


Жүргізуші :

Болашақ ақын төңірегіне тамылжыған табиғат, туған ел тарихы, жақсы адамдар туралы жыр шумағын тізе береді.

Жүргізуші :

Әзіл-қалжың, сықақ жазады. Өлеңге жаны құмар Ілиястың Абайдың асыл сөзімен танысқаннан кейін көркем сөзге деген талғам-түсінігі мүлде өзгереді.


Жүргізуші :

Ол Абай негізін қалаған жыл мезгілдері тіралы өз заманының шындығына сәйкес жаңа өлеңдер жазды. Жетісу табиғатын жан-жақты суреттеп, екінші құт мекенін мадақтады.

Жүргізуші :

Жетісудың әсем табиғаты – алып өркеш таулары мен сарқырап аққан өзендері – Ілияс бойына ақындық дыратқын талант сыйы екенін түсінесің.

«Жетісу суреттері»

Жүргізуші :

Жиырмасыншы жылдар – Ілиястың өсуінің шешуші кезеңі. Ақын Алматы, Ташкент қалаларында оқиды. Мәскеуде журналистер институтын бітіреді.

Жүргізуші :

Осыдан кейін ақын қоғамдық-әдеби жұмысқа белсене араласады. Аумалы-төкпелі уақыт оны толқындағы қайықтай шайқалтады – ақын тез марқаяды.

Жүргізуші :

Ағарту жүйесінде, газет-журнал, баспа, Жазушылар одағы жұмысының бел ортасында жүреді; көптеген мақала, фельетон, өлең жазады. 1928 жылы «Сағанақ» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көреді.

Жүргізуші :

Табиғатынан аса дарынды туған, бір естіген әнді, тартылған күйді, бір жырланған дастанды қолма-қол қағып алып, әсте ұмытпайтын көкірегі сезімді, тілі орамды, құйма құлақ, зерек Ілияс ел ішінде «Жансүгірдің ақын ұлы» атанады.

«Қазақ қазынасы»

«Әнші»

«Ескі күн»

«Жас бұлбұлдарға»


Жүргізуші :

Ілияс ақынның тұңғыш «Әншіге» өлеңі өнерге арналған еді. Содан бастап ақын «Күй», «Күйші», «Көбік шашқан», «Құлагер атты поэмаларымен қоса, талай-талай өлең-жырларында тәтті ән мен жақсы күйге деген құштар көңілін, шабыт қутымен тебірене толғады.


Жүргізуші :

«Құлагер» поэмасы – Ілиястың ең соңғы туындыларының бірі. Ақынның толысып, кемеліне келген шағында, үлкен шабытпен жазған дүниесі. Қазақ тарихын, оның өнерлі жолын, өнерпаздарын үлгі тұтып, сонан ақындық жолына қуат алған Ілияс бұл шығармасында қазақтың белгілі сазгері, әншісі, ақыны, серісі Ақан өміріне үңіледі.

«Құлагер» поэмасынан үзінді


Жүргізуші :

Оның тар заманда кең далаға сыймай, әділетсіздікпен тартысып өткен, әнімен, жырымен халқының рухани тіршілігіне демеу болған, қанша қиыншылық көрсе де, заман тәртібіне бас имей кеткен ерлігіне сүйсінеді.

«Құлагер» - қазақ поэмалары арасында тарихта өзіндік биік орны бар туынды. Ол «Күйшімен» қосылып қазақ поэмасында өзгеше дәстүр туғызды.


«Күйші» поэмасынан көрініс

Автор:

Қамаудың хан ауылы қыржағында,

Аңқытып ақ орданың бір жағында,

Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,

Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.


Қарашаш ақылы дария, алтын басы,

Әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы.

Өз басын мың қараға теңгермейтін,

Келіп тұр хан Кененің қарындысы.

Қарашаш:

  • Дат, тақсыр!

Хан Кене:

  • Ханша, не датың бар?

Қарашаш:

  • Қамалым, хан данышпан, Кенем-құтым,

Менің де сыртым бүтін, ішім түтін...

Ордадан бұдан артық тілемеймін,

Бер маған осы адамды басы бүтін...

Хан Кене:

  • Осы ма сұрағаның, Қарашашым?

Қаласа, қалағанын алсын, алсын!

Үйсіннің ерулігі болар бізге!

Бергенім басы бүтін байлап басын!

Күйші:

  • Алдияр, маған жарлық еткеніңбе?

Байланып бас бүтін кеткенім бе?

Жазығым не, домбыраны шерткенім бе?


Хан Кене:

  • Бердім мен ханшаға,

Сатса да, сойса дағы өз еркінде!


Автор:

  • «Тыңдасын домбырамды хан тағында»,

Деп келген сорлы күйші атағына.

Айтылып хан жарлығы кете берді,

Қақтығып орданың бір шатағында.

Қалтырап буындары, тұрып жүрек,

Жүгінді тізелерін тіреңкіреп.

Жаутаңдап, екі көзі, кемсең қағып,

Алдына ханшаның қылды тілек.


Күйші:

  • Алдияр, ханша?

Қарашаш:

  • Не айтасың, күйшім?

Күйші:

  • Мен үйімді қашан көрем?

Қарашаш:

  • Үйіңде нең қалды?

Күйші:

  • Шешем...

Қарашаш:

  • Оны күй біледі!


Автор:

  • Сөз бітті, сонан әрі тілдескен жоқ,

Қарашаш қайтуына күн кескен жоқ.

Болғанда бүгін мұнда, ертең қайда...

Мекені Кене ханның бір көшкен жұрт.


Соқ, жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт!

Тоқтатпа, «Тарт!» дегенім – қылғаным шарт.

Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар –

Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадалт! Қадалт!


Соқ, жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт!

Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!

Безілдет! Сарнат! Зарлат! Үздіктірші!

Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!


Ханша осылайша ауырғандай,

Аһласа кейде демі тауды ұрғандай;

Жатады күйді тыңдап кейде жылап,

Жастықты жылы жаңбыр жаудырғандай.



Ханша:

  • Жарайды, болдым риза тартқан күйге,

Қылаңдап міне кірді сәуле үйге.

Айтайын өзім шешкен түйінімді,

Мінекей, атқан таңда, тілеулі үйде.


Күйшінің таласасың біреуіне,

Күйшіні сенен асқан білемін бе?

Мен разы тілегіңе болам жомарт,

Айт, күйшім менен сенің тілегің не?


Күйші:

Алдияр! Алдыңызға тілек айтам,

Көңілімде қалған кір жоқ, кетті сайтан.

Тілегім мың қайтара бір-ақ тілек,

Басыма бостандық бер, елге қайтам.


Рақым қыл, торғайыңа торға түскен,

Қарт шешем жүрген шығар жылап анам,

Қуанам, қайтарсаңыз елге барам

Болар ма бөтен тілек асылзадам.


Ханша:

-Тастама домбыраңды, күйді ұмытпа,

Тарта жүр сонау тартқан сергелдеңді.


Автор:

Күйші:мен тоқсан тарау күй де кетті.

Сары Үйсін Сапақ сұрмен үйге жетті.

Келген соң аман- есен ауылына,

Арманды «Азат» дейтін бір күй шертті.


Жүргізуші :

Қорыта келе, Ілияс Жансүгіров – өз замандастары М.Әуезов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқановтармен бірге қазақтың жаңа әдебиетінде жарқын із қалдырған көп қырлы талант.

Ілияс Жансүгіровтің өзіндік айшық-өрнегі мол шығармашылық өнерінің қазіргі жаңа талап жас ұрпақ үшін де танымдық, тағылымдық әрі тәрбиелік әсері мол.

Осымен, Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кешіміз тәмам. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі