Қазақ қоғамындағы билердің ел басқару үлгілеріне тарихи талдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ қоғамындағы билердің ел басқару үлгілеріне тарихи талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ билері – әділдік пен келісімнің символы. Олар дауларды шешіп, ел бірлігін сақтаған, моральдық және әлеуметтік нормаларды нығайтқан. Билердің басқару тәжірибесі конфликтті бейбіт жолмен шешуге, сенім орнатуға және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға негізделген. Бұл үлгі қазіргі басқару психологиясына тарихи сабақ болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ қоғамындағы билердің ел басқару үлгілеріне тарихи талдау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның ең беделді және үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылы құрылған бұл университет биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтіп отыр. ҚазҰУ ұлттық және халықаралық деңгейде білім мен ғылымды дамытуда алдыңғы қатарда. Университет атауы әлемге әйгілі философ және ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің құрметіне берілген. Оның ізгілік пен білімге негізделген философиясы университеттің білім беру мен тәрбие беру саясатының рухани негізін қалыптастырған.

ҚазҰУ Орталық Азиядағы жетекші университеттердің бірі ретінде бакалавриат, магистратура және PhD бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Мұнда оқытушылардың жоғары кәсіби деңгейі мен заманауи материалдық-техникалық база студенттерге сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар университеттегі ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар қоғамның дамуына үлес қосып, жаңа ғылыми жаңалықтарды жүзеге асыруда.

Студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуы университеттегі оқу бағдарламаларына тығыз байланысты. Міндетті және элективті пәндер арқылы студенттер теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларын жетілдіреді. Сол пәндердің бірі – психология ғылымдарының кандидаты, профессор Н.С. Жұбаназарова жүргізетін «Басқару психологиясы». Бұл пән студенттерге заманауи басқару әдістерін меңгеруге, көшбасшылық және ұйымдастырушылық дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Екі шіт тілі факультетінің магистранттары үшін «Басқару психологиясы» пәні теория мен практикаға негізделген. Профессор Н.С. Жұбаназарова әр тақырыпты ғылыми зерттеулермен байланыстырып, практикалық тапсырмалар береді. Осы арқылы студенттер ұстаздық құзыреттілігін және кәсіби басқарушылық қабілетін шыңдайды. Пән адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау, конфликттерді басқару, мотивацияны көтеру және топтық жұмысты ұйымдастыру сияқты дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім студенттерді халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сенімді және нәтижелі маман етеді.

Қоғамдағы немесе ұйымдағы қайшылықтар мен кедергілер жұмыс өнімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан конфликтті дұрыс басқару – ұйымның тұрақты жұмыс істеуінің маңызды шарты. Басқару психологиясы пәнінде студенттерге конфликттің табиғаты, оның іскерлік қатынастарға әсері және тиімді шешу жолдары оқытылады.

Тарихи тұрғыда қазақ қоғамындағы билер институты осындай басқарудың тиімді үлгісін көрсеткен. Билер дау-дамайды әділ шешіп, түрлі руаралық және әлеуметтік қатынастарды үйлестірген. Олар әр тарапты тыңдап, әділ шешім қабылдаумен қатар, елдің бірлігі мен тұтастығын сақтауға баса мән берген. Бұл – қазіргі басқару психологиясында кездесетін келісімге, сенімге, бейбіт жолмен шешуге негізделген принциптердің тарихи бастауы іспеттес.

Сондықтан қазақ билерінің басқару тәжірибесін зерттеу қазіргі заманауи басқару психологиясымен сабақтастыра қарастырғанда үлкен ғылыми және практикалық мәнге ие. Ол ұйымдық басқару мен конфликттерді шешу дағдыларын дамытуда тарихи сабақ болып табылады.

Жұбаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Еркін Аякөз

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Екі шет тілі

Мамандығының 1-курс магистранты  

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2025
31
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі