400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ салт-дәстүрі бойынша 30 сұрақ/жауап

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ салт-дәстүрі бойынша 30 сұрақ/жауап
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін... деген әнді қашан айтады?

а) шілдеханада

ә) сәбидің тұсауын кескенде

б) сәбиді бесікке салғанда

в) тіл ашарда


2. «Шілдехана» деген не?

а) ұлттық ойын

ә) салт – дәстүр

б) тұрақты тіркес

в) мерей той


3. Мақалды жалғастыр. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап ... .

а) қыз өсер

ә) бала өсер

б) ұл өсер

в) келін өсер


4. Ата - ...

а) әкенің әкесі

ә) ұлдың баласы

б) ұлдың әкесі

в) ананың әкесі


5. «Бесікке салу» деген не?

а) ұлттық ойын

ә) салт - дәстүр

б) тұрақты тіркес

в)баланың 1 жасы


6. Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам... деген әнді қай тойда айтады?

а) шілдеханада

ә) сәбидің тұсауын кескенде

б) сәбиді бесікке салғанда

в)мектепке баруы


7. Мақалды жалғастыр. Он үште ... .

а) отау иесі

ә) сыншы

б) патша жасы

в)ер жігіт

8. Әже - ...

а) әкенің әкесі

ә) ұлдың баласы

б) әкенің шешесі

в)ағамның тәтесі


9.Сыбаға дегеніміз не? Қандай дәстүр?

а)Шаңырақ құрған жастарға арналған ас.

ә)Құдаларға арналаған ас.

б)Құрметті қонаққа арнап сақтаған кәделі ет мүшелері.

в)Үйдің үлкеніне арнап жасалатын ас.


10. «Нәресте» сөзінің синонимі.

а)жаңа туған бала

ә)оқушы

б)қырқынан шыққан бала

в)түсауы кесілген бала


11. Бәсіре дәстүрі нені білдіреді?

а)балаға тай мінгізу

ә)қалың мал беру

б) сүйінші

в)сүндетке отырғызу


12. Неше күн өткенде сәбидің қарын шашын, тырнағын алып, суға шомылдырады?

а)30 күн

ә)10 күн

б)40 күн

в)20 күн


13. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ?

а)7

ә)9

б)11

в)5


14. Тоқым қағар қандай дәстүр?

а)баланың бірінші рет мектепке баруы

ә)баланың бірінші рет алыс жолға кетуі

б)баланың бірінші рет атқа мінуі

в)баланы сүндетке отырғызу


15. «Тон жамылу» тұрақты тіркесінің мағынасын аш.

а) қорқу
ә) тонның астына тығылу
б) бір нәрсені құпия жасау

в)атқа отырғызу


16. Алаша деген не?

а) төсеніш
ә) текемет
б) кілем

в)көрпе


17. «Бөркін аспанға лақтыру» тұрақты тіркесінің мағынасын аш.

а) ашулану
ә) қатты қуану
б) біреуге белгі беру

в) cәлем беру


18. Киіз үй неше түрге бөлінеді?

а) 3
ә) 4
б) 5

в) 6


19. Әйелдердің киімін тап.

а) Малақай
ә) Тымақ
б) Жаулық

в)Шапан


20. Әшекей бұйымдар жасайтын адамды көрсет.

а) зергер
ә) аңшы
б) жиһаз жасайтын шебер

в)әшекейші


21. Ұлттық киімдер неше түрге бөлінеді?

а)4

ә)5

б)2

в)3


22. Жеті қазына ұғымына нелерді жатқызамыз?

a)жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік

ә) жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы,қазалы мысық, асыл домбыра, тойымды ас, берен мылтық

б) қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік, қыран бүркіт, құмай тазы,қазалы мысық, асыл домбыра,

в) майланғыш ау, өткір кездік, қыран бүркіт, құмай тазы,қазалы мысық, асыл домбыра, жүйрік ат, қыран бүркіт.


23. Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?

а)Қыдыр Ата

ә)Қорқыт Ата

б)Қызыр Ата

в)Қазанғап


24. Әйелдердің бас киімі?

a)кимешек

ә)бөрік

б)сәукеле

в)тақия


25. Жеті ырыс дегеніміз не?

а) ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит, мылтық, домбыра

ә) адамның ақылы, денсаулық, бала, көңіл, жер, ит, мылтық

б )адамның ақылы, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит

в) көңіл, жер, ит, мылтық, домбыра, адамның ақылы, денсаулық


26. Дәулеткерей қазақтың қандай музыкалық аспабын қолданды?

а)домбыра

ә) қобыз

б)саз сырнай

в)дабыл

27. Әйелдер қой жүнінен не жасады?

а)тоң

ә)түбіт

б)көрпе

в)текемет


28. Мақалды аяқта «Жеті атасын білмеген —

а)отбасының білімсіздігі

ә)ақылдың таяздығы

б)берекесіздіктің белгісі

в)жетімдіктің салдары


29. Шаңырақты тіреп тұратын таяқтар қалай аталады?

а)отау

ә)қорғаныш

б)кереге

в)уық


30. Киіз үйдің құрылысын ата.

а)шаңырақ, текемет, уық

ә)кереге, көрпе, уық

б)уық, шағырақ, төсеніш

в)шаңырақ, кереге, уық





жауаптар:

  1. б

  2. ә

  3. а

  4. а

  5. ә

  6. ә

  7. а

  8. б

  9. б

  10. а

  11. а

  12. б

  13. а

  14. ә

  15. б

  16. а

  17. ә

  18. б

  19. б

  20. а

  21. ә

  22. а

  23. б

  24. б

  25. б

  26. а

  27. ә

  28. в

  29. в

  30. в

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
158 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
22878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі