ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
саясаттану дәне әлеуметтану пәнінің оқытушысы: Музарапова Набат Беркинбаевна
Түркі және қазақ философиялық ойындағы тарихи тұлғалар дүниетанымын шынайы этнофилософиялық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндіктер кеңінен ашылу үшін оның тарихи-мәдени және рухани бастауларының анықталуы қажет. Олардың ішінде қазақ философиясының көне дәуірден қазіргі дәуірге дейінгі жолын тарихи кезеңдеу алға шығып, этникалық әлемдегі адам мәні мен оның еркіндігі мәселесі, басқа этностың болмысындағы этникалық сана мәртебесі және т.б. мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Қазақ халқының ежелгі түркілік замандардан бері қазіргі уақытқа дейін қалыптасқан философиялық ойының эволюциясы ғылыми жіктемелерден өткізіліп, дәстүрлі тарихи кезеңдеу сипаттары талданып, нақтыланды. Еуропалық мәдениет тұрғысынан жоғарыдан қараушылықтың әлі күнге дейін бар екенін айта кеткен жөн. Ал түркілік мәдениет негізінен көшпенді кейіптегі әлемге деген қатынас болғанмен өзінің сан ғасырлық тарихында көптеген қалаларды, философиялық пайымдауларды қалдырғаны белгілі. Демек, қазіргі кезеңдегі рухани жетістіктеріміздің тарихи тамырлары бар екеніне күмән жоқ. Біздің ойымызша, қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы түркі тайпаларының этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Халықтың мәдени тарихының бір бөлігі ретіндегі дүниетаным мен философия тарихынан хабардар болу оның тарихи өмір сүруі мен дамуы, өзіндік бірегейленуінің қажетті жағдайы болып табылады. Сондықтан да монографияда тарихи кезеңдегі этнофилософияның дамуының қайнар көздері халқымыздың өткен тарихындағы тарихи жәдігерлер мен тарихи сананың өзегін 7 Кіріспе құрайтын негізгі дүниетанымдық пайымдауларды шығармашылықпен жүйелеуде жатқандығы дәйектеледі. Қазақстанның ұлттық өзін-өзі анықтауы жолына түсуіне байланысты қазақ халқының бай мұрасын зерттеу қазіргі рухани қайта өрлеу дәуірінде ерекше мәртебеге ие болады. Әлем мен адамды қабылдаудың тұтастығы, ақыл-ой мен жүректің бірлігі, шындық, мейірімділік пен әділеттіліктің рухани-адамгершіліктік басымдылықтары, төзімділік пен ізгі ниеттіліктің ерекше түрі – Ұлы Даланың барлық осы сабақтарын қазақ философиясы өзіне сіңірді. Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Философия (кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю[1][2][3] ) — жалпы және фундаменталды сауалдардың жауабын табуға бағыталған ғылым саласы. Философия болмыс, метафизика, білім, құндылық, ақыл, сана, зерде және тіл секілді өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталады.[4][5] Мұндай сауалдар көбінесе зерттеуді, шешіуді қажет ететін мәселелер[6][7] ретінде ортаға қойылады. «Философия» сөзі ежелгі грек философтарынан алынған. Антикалық -------------------------ZHARQUN BOLASHAQ---------------------------- 36 дәуірдің атақты филологы және тарихшысы Герман Дильс бұл тұжырымдаманың ең ерте қолданысы бізге жеткен мәтіндерде тарихшылар Геродот пен Фукидидтің σοφός («дана») және σοφιστής («данагөй») зат есімдерімен байланыста кездесетінін көрсетеді.[8] Тек Сократта ғана бұл сөз қазіргіге жақын мағынада ерекше тұжырымдамаға айналады. Бүгінгі таңда рухани-адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі, олардың онтологиялық мәртебесі, ұлттық дүниетаным мен қарым-қатынас негіздерін іздеу мәселелері жанданып, өзекті болып отыр. Бұл тұрғыда тәңірлік рухани ілімге қайта оралу (қазіргі түркілердің, соның ішінде қазақтардың әлемдік көзқарасының бастауы ретінде) бүгінгі идеялық және рухани келісімді, адамдардың бірлігін, адамның табиғатпен, Универсуммен қарым-қатынасындағы үйлесімділікті іздестіруге ықпал ететін іргелі және базалық ұғымдар мен құндылықтарды түсінуге және қайта қарауға мүмкіндік береді. Ежелгі түркілердің (протоқазақтардың) тәңірлік-мифологиялық философиясы қазақтардың руханиадамгершілік мәдениетінің одан әрі дамуы мен адам мен Универсумның мәнін, олардың бірлігін түсінуінде негіз болғанын атап өту қажет. Міне, сондықтан да қазақтардың, олардың ата-бабаларының ертедегі дүниетанымдық жүйелерін еске алып, түсіну және осы дүниетанымдық жүйелердің тарихи сабақтастығының жібін ислам, антикалық және көне түркі ойының үздік жетістіктерін бойына сіңірген әлФараби, Баласағұн, Абай, Шәкәрім сияқты көрнекті түркі-қазақ руханияты өкілдерінің шығармашылығымен біріктіру, өз халқының рухани тәжірибесімен байланысты, атап айтқанда, адам бірлігінің әлеммен, оның ашықтығы мен еркіндігімен байланысын жандандырудың мұрасы болып табылады. Қазақ философиясы әлем мен адам бірлігі мәселесіне түркі ділінің әмбебап негіздерін қабылдай және сақтай отырып, оны жаңа тарихи жағдайларда, ұлттық идеяларын тәуелсіз Қазақстанның – «Мәңгілік ел» негізінде дамыта отырып, жүзеге асырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз