жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілді жарнамалардың қазіогі күйі қандай
№9 орта мектеп-гимназиясы
«Қазақ тіліне аударылған жарнаманың күйі қандай?»
Қатысушы: Сабит Майя, 5-сынып
Ғылыми жетекшілер: Шарапатова А.М.
Наурзалина А.С.
Ақтөбе қаласы, 2021 жыл
Қазақ тіліне аударылған жарнаманың күйі қандай?
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І тарау. Отандық арналардағы жарнамалық роликтер және олардың адам санасына әсері
ІІ тарау. Қала көшелері мен газет жарнамаларындағы тілдік стильдік қателері
ІІІ тарау. Қазақша жарнамалардарғы кемшіліктермен күресудегі «Тіл сақшысы» (Алматы) бағдармасының рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі. «Біз тыныс алатын ауа - азоттан, отттегіден және жарнамадан тұрады» (Л. Барден).
Американдық ғалымдар жүргізген статистикалық мәліметтерге сүйенсек адамзат күніне 1450-ге жуық жарнамалық хабарландырудың әсеріне түседі екен. Жарнама бұқараның «психосанасы» үшін, олардың жүйелік құндылықтарына әсер етуде шексіз күшке ие. Мәселен, АҚШ-та осыдан бірнеше жыл бұрын марихуанаға қарсы әлеуметтік жарнамаға 939 млн.$ жұмсалған. Алайда, әлеуметтік жарнама өз мақсатына жетпеген, керісінше марихуана пайдаланушылары көбейе түскен, яғни жарнаманың әдемілігі, жаңашылдығы соншалықты жасөспірімдердің қызығушылығы артқан. Нашақорлар саны 80%-ға дейін өскен. Жарнаманың құдіретін осыдан көруімізге болады.
Біз күнделікті көріп жүрген жарнамалық хабарландырулардың санамызға қалай әсер ететіндігі жөнінде ойлана бермейміз. Алайда оның адамға әсері нашаның әсерінен кем емес. Жарнаманың екі мақсаты бар. Бірі - тура, екіншісі – жанама. Тура жарнаманың мақсаты – тұтынушыға ұсынылған тауарды қалайда сатып алуына әсер ету. Жанама жарнаманың мақсаты – адамның қажеттілігіне сай мінез-құлқын қалыптастыру. Қазіргі экономикалық нарықта (рынок) үздіксіз Тұтынушылар ауадай қажет. «Үздіксіз Тұтынушының» керемет әрекеті нашақордың әрекетіндей болып саналады. Нашақор белгілі бір өнімге адалдық танытады (тауар маркасына адал), оны қолданғанннан ләззат алады (тауарды қолданғаннан қуану), ол өнімді идеал ретінде таниды (тауардың «имиджін» қалыптастырады), одан жедел әсерді күтеді (тауардың артықшылығы), тауардың өтімділігіне әсер етеді (тауар көлемінің артуына әсер етеді), пайдалану салдарын түсіндіреді (өзіне тигізетін кері әсеріне қарамастан, қолдану себебін дәлелдейді). Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы, «қазақ тілді жарнамалардағы кемшіліктер мен қателіктер» атты тақырыпты жан-жақты ашу үшін, біз бірінші кезекте шетелдік ғалымдардың еңбектеріне жүгінеміз. Себебі жарнама түсінігі біздің елімізге шет мемлекеттерден келген. Дейян А. (Реклама. – Сирин. 1993.), Тихонов А. (Реклама? Нет ничего проще. – Феникс. 2004.), Селиверстов. С. (Социальная реклама. Искусство воздействия словом. – Бахрах-М. 2006.) сынды ғалымдардың еңбектері диплом жазушымен оқылды. Отандық ақпарат көздері болып барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарнама туралы материалдар және «Рух пен тіл» қоғамдық ұйымының мәліметтері, сондай-ақ «Алматы» арнасында болып жатқан «Тіл сақшысы» бағдарламасының бейне материалдары пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты – Қазақ тілді жарнамалардағы кемшіліктер мен қателіктерді табу, көрсету, зерттеу, анықтау, талдау, тұжырымдау. Осы мақсаттағы негізгі нысан мыналар:
Жарнаманың шығу тарихы;
Қазақстандағы жарнаманың қалыптасуы мен дамуы;
Телеарнадағы бейнероликтердің стильдік тілдік қателері және адам санасына әсері;
Қала көшелеріндегі жарнамалардың қателері мен кемшіліктері;
«Тіл сақшысы» бағдарламасының тигізген пайдасы;
Қазақстандағы жарнаманың қазіргі жағдайы.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста Қазақстандағы жарнаманың қалыптасуы мен дамуы анықталады. Олардың тарихи маңызы, қоғамдық рөлі айқындалады. Сонымен қатар, жарнама туралы заң, этикалық ережелер сөз болады. Қазақ тілді жарнаманы жақсарту мәселелері мен оны шешу туралы ұсыныстар, пікірлер айтылады.
Зерттеу тәсілдері. Шетелдік және отандық жарнама саласы ғалымдарының тұжырымдамаларын негізге ала отырып, кешенді талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тілді жарнаманың кемшілігі мен қателеріне байланысы. Жарнаманың санаға әсері және оны бір қоғамды қалыптастырудағы рөлі жөнінде. Сонымен бірге қазақ тілді жарнаманың неліктен ақсап тұрғандығын нақты дәлелдеу және сол мәселелерді шешу жолдары.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Бітіру жұмысын жазу барысында қазақ және шетел журналистерінің ғылыми зерттеу еңбектері пайдаланылды. Сонымен бірге БАҚ жарияланған материалдар, жарнама туралы жазылған ғылыми еңбектер қолданылды.
Ғылыми жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымша және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам өнім өндіре бастағаннан бастап айырбас бастауға тура келген. Айырбасты жүзеге асыру, демек базарға бару. Базарға бару, демек тұтынушы шақыру. Осыдан жарнама пайда болды. Қазiргi жарнаманың тарихын керiсiнше есептейдi. Бiрiншi жарнамалар Лондон сақталған мысыр папирусында жазылған. Қытайда холардың ғасырында баспа жарнамасы бар болғандығы қазіргі таңда дәлелденді. Сонымен бiрге жарнамаға месопотамияның саудагерлерiнiң белгiсi де жатады. Ертеректе жарнамалық хабарландыруларды саудагерлік бекітулерге, тастар және қала қабырғаларына ілінген парақшаларға жазған. 18 ғасырдың екiншi жартысында германияда баспа машинасы ойлап табылған соң қағазға жазылған жарнамалар пайда болды. Ал, алғаш жарнама агенттіктері Англияда 1812 жылы дүниеге келген болатын.
Сан ғасырлық тарихы бар жарнама көптеген кезеңдер мен асулардан өтіп қазіргі қалпына түсті. Қарапайым ақпарат таратудан басталған жарнама, бүгінде адам санасына әсер ететін құрал ретінде дамып келеді. Жарнама адам өміріне бірте-бірте еніп, оны басқару қабілетіне де ие болды. Мен бұл жұмысты алудағы басты мақсатым жарнаманың адам санасына қаншалықты әсер ететіндігін, ал ол жарнама қате жазылса бұл біздің тілімізді ғана емес, ұлттық болмысымызды да құртатындығын көрсету болатын. Мен дипломдық жұмысымда жарнаманың пайда болунан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі жүріп өткен жолы туралы толық қамтып жаздым. Сонымен қатар көптеген мәселелер талқыланып, оның шешу жолдары да ұсынылды.
Зерттеу жұмысымда келесі мақсаттар мен міндеттер өз шешімін табу керек болатын:
Жарнаманың шығу тарихы;
Қазақстандағы жарнаманың қалыптасуы мен дамуы;
Телеарнадағы бейнероликтердің стильдік тілдік қателері және адам санасына әсері;
Қала көшелеріндегі жарнамалардың қателері мен кемшіліктері;
«Тіл сақшысы» бағдарламасының тигізген пайдасы;
Қазақстандағы жарнаманың қазіргі жағдайы.
Зерттеу жұмысымды сараптай келе, мен аталған мақсаттарыма жеттім деген ойдамын.
«Қазақ тілді жарнамалардың кемшліктері мен қателіктері» тақырыбымды жазғанда мен тек жарнамалардың кем тұстарын көрсеткен болатынмын. Алайда, қазіргі таңда жарнаманың барлығы қате, қоғамға келтіретін пайда жоқ десек жалған болар еді. Себебі телеарналарымызда шұбалаң жарнамалармен қатар, ұлттық мүддені көздеген жарнамаларда жетерлік. Мәселен, «Kcell» және «Актив» байланыстарының, сондай-ақ кейбір банктердің түсірген жарнамалары бұқараның көкейінде нақ қазақилығымен есте қалуда.
Өзімізге жүктелген осы тақырпты зертеудің соңғы нүктесін қоя отырып, мындай ұсыныс пікірлер айтуды жөн деп санадық.
Бүгiнгi күнде жарнаманың көбi орысшадан қазақшаға аударылатындықтан тiл тазалығын сақтау мақсатында осы заңға бiр бап енгiзiлсе немесе жарнама толықтай қазақ тiлiнде жазылып, сонан соң басқа тiлге аударылса;
Көрші Қытай еліндегідей жарнама уақытына шектеу қойылуын талап ету;
Сондай-ақ эфирде берілетін жарнаманың пайызын азайту;
Сауатсыз жарнамаланған тауарлар немесе қызметтерге айыппұлдың құнын көбейту;
«Тіл сақшысы» секілді бағдарламалардың санын арттыру.



шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген