Тақырып бойынша 11 материал табылды

қазақ тілі 2-сынып "Лепті сөйлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың өз ойын еркін айтуға ,сөйлеуге , сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.Топта ынтымақтаса отырып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты:қазақ тілі 2-сынып

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Канапина К.Ж

Сабақтың атауы

Лепті сөйлем

Жалпы мақсаты

Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушылардың өз ойын еркін айтуға ,сөйлеуге , сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.Топта ынтымақтаса отырып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығады,
лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтайды.
Өз бетімен жұмыс жасай білуге және өзін бағалай білуге үйренеді.
Т
анымдық іс – әрекеттер арқылы , ой – өрісі, тілі дамиды.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ - жауап, семантикалық карта, көрнекі.

Негізгі дерек көздері

Интерактивті тақта, тірек - сызба, кестелер, электронды оқулық, үлестірме,кесте ,смайликтер

Психологиялық ахуал

Қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін.

Санау арқылы 3 топқа бөліну.


Оқушылар шеңберде жиналып, хормен қимылын көрсету арқылы айтады.


Санау арқылы

3 топқа бөлінеді.

Алдыңғы оқу









Қызығушылықты ояту






1-тапсырма











Өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру
Тапсырма: Сөйлем туралы не білеміз? Белгіленген уақыт ішінде сұрақтар беру.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

3.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отыру.
Ура, сырғанақ тебеміз!

Лепті сөйлем туралы түсінік беру.

Электронды оқулық.

Слайд.185-жаттығу .Тірек сызбамен жұмыс

Өлеңді тыңдап, балақайдың жауабына назар аудар. Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап.

- Бүлдірген тереміз, балақай.

- Алақай!

- Ат жарыс көреміз, балақай.

- Алақай!

- Айға ұшып барамыз, балақай.

- Алақай!

- Кел, ағаш жарамыз, балақай.

- Әй, ата ай!
Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.
1. Әр сөйлем қалай оқылды?
2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?

Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.






Мағынаны тану

2-тапсырма









3-тапсырма





4-тапсырма


Дәптермен жұмыс. Жұппен жұмыс.

186-жаттығу Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.

Сыныпта өнерлі оқушылар көп.

Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?

Біздің сыныпта өнерлі оқушылар өте көп!

Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.

Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?

Мектеп ауласына қандай әдемі гүлдер егілген!

Топпен жұмыс. 187-жаттығу.

І - топ: Алақай

ІІ - топ: Ура

ІІІ - топ: Жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрап жазу.


Электронды оқулық

188- жаттығу.Сөйлемдерді қатыстырып, айырмашылығын дәлелде.

Сергіту сәті

Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду

Ой толғаныс

5-тапсырма






6-тапсырма

Ойын «Сәйкестендір»

Хабарлы сөйлем Ақ батамды бердім!

Сауысқан шықылықтайды.

Сұраулы сөйлем Баланы уата ма?

Ірімшік сүттен жасалады.

Лепті сөйлем Күннің суығын – ай!

Жұлдыз жымыңдайды.

Қорытынды: СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА

Сөйлемдер

Лепті

Сұраулы

Хабарлы

Самал қайда барасың?




Өркеннің өссің қарағым!




Қыс келді.




Ауа райы қандай тамаша!




Келесі тапсырма

184-жаттығу. Әріптерді сызық бойымен оң жаққа өткізіп жаз. Шыққан сөзді қатыстырып әңгіме құра.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Сабақтың барысында үлестірілген «өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар жалпы ұпай санын шығарады. Ұпай саны арқылы әр оқушының бағасы шығады.

Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалап шығу.

25-30 ұпай – «5»

15-24 ұпай – «4»

5-14 ұпай – «3»

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқушыларды бағалау.

Сабақтың барысында үлестірілген «өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар жалпы ұпай санын шығарады. Ұпай саны арқылы әр оқушының бағасы шығады.

Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалап шығу.

25-30 ұпай – «5»

15-24 ұпай – «4»

5-14 ұпай – «3»

Бағалау парағының үлгісі:

Оқушының аты-жөні

Тапсырмалар

Ұпай саны

Бағасы

1 үй тапсырмасы

2

3

4

5

6










«5» – қатесіз орындалған жұмыс

«4» – 1-2 қате

«3» – 3 қате

«2» – 4 және одан да көп қате

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12