Қазақ тілі 3 сынып Наурыз көже мазмұндама жазу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі 3 сынып Наурыз көже мазмұндама жазу

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық


8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті

Сабақ тақырыбы: №4-сабақ. Наурыз көже мазмұндама жазу.

Сабақ мақсаты:

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

Бағалау критерийлері

- мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

- аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазады;

- өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысады.

Құндылықтар Ұлттық салт-дәстүрлерімізді құрметтеу, жалғастыруды дәріптеу.

Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану

Ресурстар: суреттер, үлестірмелер.


Қауіпсіздік және денсаулық сақтау Топтық жұмыс ережесі, сергіту сәті


Сабаққа қатысты ескертпелер

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар Наурыз мекересінде айтылатын баталарды еске түсіреді. Сынып алдында таныстырады. Егер оқушылардың бата-тілектер айту мүмкіндігі шектеулі болса, алдын ала үлестірме қағаздар дайындаңыз. Наурыз бата тілек тердің құрамындағы сөздерді түсіріп, қалдырыңыз, оқушылар өздері толықтырып, айтуын талап етіңіз.

Наурыз бата тілектері

Ұлыс ... болсын,

Ақ ... болсын,

Қайда барса, ... болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ... болсын!

Ұлыс ... берсін,

Бәле-жала ... енсін!

Жауабы:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Саралау. Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында құрамында түсіп қалған сөздер кездесетін бата жолдарын ұсыну. Оқушылар бата жолдарын мағынасына қарай толықтыырп, есте сақтайды.

Қораң ... толсын,

Үйің ... толсын.

Оқу, ... үйреніп,

Жас балалар ... болсын!

Жауабы:

Қораң малға толсын,

Үйің жанға толсын.

Оқу, білім үйреніп,

Жас балалар адам болсын!


3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

(Ұ) Ұсынылған жағдаятқа өз ойын жүйелі білдіру, дұрыс баға беру.

Жағдаят:

Наурыз мерекесі күні мұғалім оқушылардан бір-біріне тілек айтуларын сұрады. Айгүл қасындағы Сәнияға «Наурыз мерекесі құтты болсын! Өркенің өссін!» деп, әжесінен естіген тілек сөздерін айтты. Қалай ойлайсың, Айгүлдің айтқан тілек сөздері өз жасына лайық па? Сен қалай құттықтар едің?

Мұғалім оқушылардың тілек сөздерді дұрыс қолдануына, өзара қателерін тауып түзетулеріне мүмкіндік береді.

«Бір сөзбен жеткіз!» жаттығуы арқылы оқушылардың дұрыс интонация таңдауға дағдыландырылады.

Дескриптор

- жағдаятқа сай лексиканы қолданады;

- сұхбаттасының жасын ескереді.


3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау (Ө, Ұ) «Наурыз көже» тақырыбы және берілген бейнесуреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау. Болжаулары сынып ішінде жарияланады.

https://www.google.com/search?q=поздравляю+вас+с+наурыз&rlz=1C1GCEU_ruKZ822KZ822&source=lnms&tbm=isch&sa=X&

Дескриптор

- сурет негізінде болжам жасай алады;

- жасаған болжамын суреттегі деталдар арқылы негіздей алады.


3.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу; (Ұ,Т,Ө) «Наурыз көже» тақырыбындағы бейнематериалдың 0:56 -1: 40 уақыт аралығындағы үзіндісі көрсетіледі.


«Наурыз көже» тақырыбымен берілген бейнематериалдағы тірек сөздерді және ұсынылған жоспарды пайдалана отырып ауызша әңгіме құрау. «Білім аукционы» ойыны арқылы әр оқушы 1 тірек сөзбен сөйлем құрастырады. Сөйлемдерді өзара мағыналық байланыстыру тәжірибелік жұмысы жүргізіледі.

- Наурыз көженің негізгі құрамы неден тұрады?

- Наурыз көже пісірудің қандай мағынасы бар?

- Неліктен наурыз көже дәмді болады деп ойлайсың?

Бейнесуреттердегі тірек сөздер: құрт, күріш, бидай, тұз, айран, сүр ет, тары.

Жоспар:

  1. Көптен күткен наурыз мерекесі.

  2. Наурыз көженің дайындалуы.

  3. Дәмді наурыз көже.

Жоспардағы әр бөлікке сәйкес мазмұнын ашатын сөйлемдер құрастыру, сөйлемдердің мағыналық байланысы қадағалау.

Өзіндік жұмыс. Жоспар бойынша мазмұндама жазу.

(Ұ,Қ) Жұмыстар көрмесін әзірлеу. «Галерея» әдісі. Оқушылар көрмені аралап, өз ұсыныстарын білдіреді. Сынып оқушыларының жұмыс қарқыны баяу болса, жазба жұмыстарын топ алдында таныстыра алады. Өзара мәтіндерін жетілдіруге ұсыныс айту.

Қателерді анықтау.

Қатемен жұмыс. Анықталған қате түрлеріне орай қатемен жұмыс ұйымдастыру.


ІІІ Рефлексия

(Ө; Қ) Өзін өзі бағалау кестесі

Бағалау критерийлері

Өз бағам

Мұғалім бағасы

- мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;



- аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазады;



- өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысады



Оқушының бағалауы мен педагогтің бағалауы сәйкес келді ме? Неліктен?

Оқушылармен қандай оқу мақсаттарын әлі де пысықтау керек?

Үй тапсырмасы:

Наурыз мерекесі туралы қызықты деректер жинақтау.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар), 2018 ж.

  2. «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ. Қазақ тілі. Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.

  3. «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2025
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі