Қазақ тілі 3-сынып Зат есімнің тәуелденуі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі 3-сынып Зат есімнің тәуелденуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Күні:27.01.23

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Ажданова А.Ш.

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Зат есімнің тәуелденуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

Сабақ мақсаттары

Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу.


Бағалау критерийлері

Сөздерді сөз құрамына талдайды.

Сөздерді жекеше түрде тәуелдеп жазады

Сөздерді көпше түрде тәуелдеп жазады

Сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазады

Сөздердегі тәуелдік жалғаулы зат есімдерді табады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, еңбек, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (Ереже құрастыру)

Сөз таптары: жұптық жұмыс.

  • Зат есім дегеніміз не?

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Етістік дегеніміз не?

  • Сан есім дегеніміз не?

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Өлеңді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

40-жаттығу. Өлеңді түсініп оқиды. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді. Өлеңнің соңғы шумағын көшіріп жазады.Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Тәуелдеулі сөзді тауып, үш жақта жекеше, көпше түрде жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Жақ

Жекеше

Көпше

І жақ

әкем, анам

әкелеріміз, аналарымыз

ІІ жақ

әкең, анаң

әкеңіз, анаңыз

Әкелерің, аналарың

әкелеріңіз, аналарыңыз

ІІ жақ

әкесі , анасы

әкелері, аналары


Дискриптор:

  1. Өлеңнен тәуелдеулі сөзді табады.

  2. Сол сөзді үш жақта жіктеп, жекеше түрде жазады

  3. Сол сөзді үш жақта жіктеп, көпше түрде жазады.


Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.










Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толық

тыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

41-жаттығу. Сөзжұмбақты шешу. Тәуелдеулі зат есімді тауып , соңғы дыбыстың өзгеру себебін түсіндіру.Сөзжұмбақтың шешуіндегі сөзді тәуелдеп айтады.


Жақ

Жекеше

Көпше

І жақ

добырам

домбырамыз

ІІ жақ

домбыраң

добыраңыз

домбыраларыңыз

домбыраларыңыз

ІІ жақ

домбырасы

домбырасы


Дискриптор:

  1. Өлеңнен тәуелдеулі сөзді табады.

  2. Сол сөзді үш жақта жіктеп, жекеше түрде жазады

  3. Сол сөзді үш жақта жіктеп, көпше түрде жазады.


42-жаттығу

Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық»


Кисе көйлек үстіңде

Тоқу менен табылған.

Сауысқанның тамағы,

Шоқу менен табылған.


Жақ

Жекеше

Көпше

І жақ

үстімде

үстімізде

ІІ жақ

үстіңде

үстіңізде

ІІ жақ

үстінде

үстеріңізде

Дискриптор:

  1. Өлеңнен тәуелдеулі сөзді табады.

  2. Сол сөзді үш жақта жіктеп, жекеше түрде жазады

  3. Сол сөзді үш жақта көпше түрде жазады.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.










Белсенді оқу тапсырмалары.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Берілген тақырыптардың біреуімен хабарлама жазу білімін бағалау.

Үйге тапсырма 43-жаттығу.

Рефлексия

«Білім сандығы» кері байланыс.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2023
362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі