Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі. 4 сынып. Дара және күрделі сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Дара және күрделі сан есім туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Мәтіндерге тілдік талдау барысында сан есімнің дара және күрделі болып бөлінетінін түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Дара және күрделі сан есім»

( 4 сынып)

















Теміртау – 2018 жылы









Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: «Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 06.03.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні:  Исаева Алтынай Саматовна

Сынып: 4 «Ә»

Қатысқандар саны: 28

Қатыспағандар саны: 27

Сабақ тақырыбы

Дара және күрделі сан есім

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Дара және күрделі сан есім туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Мәтіндерге тілдік талдау барысында сан есімнің дара және күрделі болып бөлінетінін түсінеді.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар: дара және күрделі сан есім туралы жалпы түсініктері қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтінге талдау барысында сан есімнін дара және күрделі болып бөлінетінін біледі және оларды сөйлем ішінен тауып, теріп жаза алады.

Кейбір оқушылар: дара және күрделі сан есім қатысатын өлең жолдарын құрай алады.

Алдыңғы оқу

Балалар, біз өткен сабақта қарсы мәндес сын есім туралы өтсек, бүгінгі сабағымызда  дара және күрделі сан есім туралы білетін боламыз

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен амандасу, кезекшілікті анықтау, келмеген оқушыларды белгілеу 

(1 минут)

Ә) Топқа бөлу.

Топтық жұмысты үйлестіру. Топ көшбасшысын сайлайды, бағалау парағы және табыс критериімен танысады (3 минут)    

І  топ - «7»

ІІ топ -«4»

ІІІ топ - «12»

ІV топ - «2017»

«Ерекше сандар». Әр топтың атына көңіл аударайық.

І  топ -  7 күн, 7 ата, 7 керемет

ІІ топ - 4 түлік, 4 құбыла, 4 мезгіл

ІІІ топ - 12 ай

ІV топ -  EXPO -2017. Астана қаласында ұйымдастырылды. Халықаралық көрме

Б) Алтын ережені еске түсіру (3 минут)

В) Өткен сабақты қайталау.

«Ыстық орындық» әдісін қолданып, өткен тақырыпты қайталау.

ІІ. Мақсат қою кезеңі (3 минут)

Ребус шешу (сабақтың тақырыбы ребустың шешуіне байланысты)

 

 

 

 

Бағалау парағы және табыс критериі

 

 

 

 










Алтын ереже

 

 



 

 

Ребус

Ортасы

27 минут

 ІІІ. Жаңа сабақ. Күн ретімен сабақ тақырыбын жазу. Дәптермен жұмыс

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Дара және күрделі сан есім». Сабағымыздың мақсаты: дара және күрделі сан есімді пысықтау, электронды оқу құралын қолдана білуге үйрету. Енді кезекті оқулықтағы жаттығуды орындайық.

  • Оқулықпен жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс)

13-жаттығу. Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетіп, сөз тіркестерді көшіріп жазу.

Он алты жасынан –ақ, бір мың алты жүз отыз жеті метрден, жетпіс километр, он сегіз түрі

Ережемен жұмыс

Сан есім дара және күрделі болады. Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: бір, екі, үш, мың, миллион. Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: отыз сегіз, бес жүз елу бес

Сергіту сәті: «Бір онға , бір солға»

  • интербелсенді тақтамен жұмыс

«Гүлге көбелекті қондыр» ойыны. Сан есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек топтастыр. бұлардың бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін айт.

Жасыл, дәмді, кең, биік, көңілді.

Екі, үшінші, жүз жеті, жеті, сексен алты.

- практикалық жұмыс

«Қазақ тілі» электронды-әдістемелік оқу құралы бойынша тапсырмалар орындалады.

1.Сандарды сөзбен жаз: 640, 100, 6, 1864

2. Сен білесің бе? Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді тауып, сан есімдердің дара және күрделі екенін айт.

Адамның көзі он миллион түсті айыра алады. Адам күніне жиырма үш мың рет тыныс алады. Өмір бойы адам терісі мың рет ауысады.

3. Жаңылтпашты оқы. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара және күрделі екенін ажырат. Жаңылтпаштың астындағы сұраққа жауап бер.

Жүз қырық үш қызғыш құс құсқа,

Жүз қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады? (Екі жүз сексен алты)

4. Төменде берілген жылдар бізге қандай оқиғамен танымал? Дәлелде: 1992 жылы, 2008 жылы, 2017 жылы.

- топтық жұмыс

Өрнектерді оқы, олардың мәндерін тауып, сөйлем түрінде жаз.

І  топ -  Берілген санды сөзбен жазу. Сөйлем құрастырады.

ІІ топ -берілген санды сөзбен жазу. Мақал құрастыру.

ІІІ топ - берілген санды сөзбен жазу. Көңілді шумақтар

ІV топ - берілген санды сөзбен жазу. Санмен өрнектелген мақалды оқы.

Kahoot ойыны арқылы шағын тест бойынша оқушылардың білімдері тексеріледі.











Дәптермен жұмыс

 

 

Интербелсенді тақтамен жұмыс

 

 

Ережемен жұмыс

 

 

 





Интербелсенді тақтамен жұмыс

Жұптық жұмыс

 



 



 «Қазақ тілі» электронды-әдістемелік оқу құралы

 












Топтық жұмыс

 Постер қоргау

 











Kahoot.com ойыны

Аяқталуы

3 минут

Кері байланыс. Рефлекcия

Бағалау.

Үйге тапсырма: 17-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз. Олардың дара және күрделі сан екенін айт.


Смайлик


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.02.2019
1697
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12