қазақ тілі 5-сынып, 4-тоқсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қазақ тілі 5-сынып, 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі 5-сынып, 4-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІҮ тоқсан

Қазақ тілі 5-сынып.

Сабақ №1 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Орфография, орфоэпия. Сөздерді дұрыс айту мен дұрыс жазудың

нормалары.

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, жаңа ұғымдардан түсінік беру, cөздерді дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормаларымен таныстыру.

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын, тіл мәдениеті туралы түсініктерін дамыту, ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ерекшеліктерін білуі туралы түсініктерін жетілдіру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындату.

Көрнекілік: кесте-сызба, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өтілген тақырыптарды пысықтап еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Орфография - «дұрыс жазу», сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.

Сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек, дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.

Орфоэпия - «дұрыс айтамын», ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы.


338-жаттығу. Сөздерді айтылуы бойынша жазу.

Бозша торғай – бошша торғай, ...


339-жаттығу.Орфографиялық нормасын сақтап жазу.

Жылан гөз – жылан көз, ...



«Орфографиялық лото» ойыны


Ойынның шарты:

Ойынға пайдаланатын сөздер қазақ тілінің бағдарламалық материалдарына сәйкес болу керек.

Жазылуы ерекше есте сақтауды қажет ететін сөздер.

  1. Айтылуы мен жазылуы екі түрлі сөздер.

  2. Тілімізге орыс тілінен немесе басқа тілдерден енген сөздер.



...емент

( с немесе ц)

Кө...жиек

(к немесе г)

Қыры...аяқ

(қ немесе ғ)

т...ылды

(и немесе ый)

Велосипе...

(т немесе д)

се...білік

(н немесе м)

Жүсіп...ек

( п немесе б)

Шта...

(п немесе б)










Сергіту сәті.

Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу.

1-қатар. Б..б..б... Мысалы: Білімді бәрін біледі.

2-қатар. А..а..а...

3-қатар. Ж..ж..ж...


340-жаттығу. 1. Мәтінді түсініп оқу, мәтін бөліктері: авторлық баяндау, хат, балалардың

әңгімесі, авторлық түйіндеу.

2.Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тауып, дұрыс жазып шығу.

3.Көп нұктенің орнына тиісті сөзді, сөз бөлшегін немесе қосымшаны қойып жазу.

4.Өзенге қатысты сипаттама сөздерді табу.

5.Мәтіннің тақырыбы болған сұраққа жауап беруге бола ма? Осы таласта сен

болсаң, не айтар едің?

ІҮ.Сабақты қорыту.

1.Орфография дегеніміз не?

2. Орфоэпия дегеніміз не?


Ү.Үйге тапсырма: 341-жаттығу. Дыбыс үндестігі байқалатын сөздерді теріп жазу.

ҮІ.Бағалау.




Сабақ №2 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениетіне қатысты қолданылатын орындары.Орфографиялық және

орфоэпиялық сөздіктер.

Мақсаты:

1. Білімділік: ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ерекшеліктері, орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктермен таныстыру, сөздіктердің қызметінің маңызды ерекшелігін ұғындыру;

2. Дамытушылық: ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ерекшеліктерін білуі туралы түсініктерін жетілдіру, сөздіктермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: оқушыларға Отанын құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу, жаттығу, грамматикалық талдау.

Көрнекілік: кесте-сызба, орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Сөздерді дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары туралы не білеміз?

2. 341-жаттығу. Дыбыс үндестігі байқалатын сөздерді теріп жазу.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Тіл мәдениеті

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1


Ойды жүйелі жеткізу; Сауатты жазу және сөйлеу; Сөзді орнымен қолдану;

DrawObject4



Сөздердің жазылуы және айтылуы нормасы



Орфоэпия-жеке сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту ережелерінің жиынтығы

Орфография-белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы




























жиынтығы

DrawObject6 DrawObject5





DrawObject8 DrawObject7

Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері

Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздіктері











Тапсырма. Берілген сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылуындағы ерекшеліктерін байқаңдар.


Торы ала ат Торалат

Сарыарқа Сарарқа

Қара күрең Қара гүрең

Ала кет Ала гет

Көк ала Көг ала

Жүз жылқы Жүж жылқы

Сенбі Сембі


342-жаттығу. 1. Түсініп оқып, мәтінге ат қою.

2. Жазылуы мен айтылуында айырмашылық бар сөздерді теріп жазу.

3. Сөздерді топқа бөліп жазу.

Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын








4.Бозторғай туралы білетін әндерін әңгімелеу.

5.Бозторғай сөзіне фонетикалық талдау жасау.


Сергіту сәті.

Жалғыз жол жаңылтпаш

Жаңылтпаштарымнан

жаңылысыңқырағандарың

жаңылысыңқырамағандарыңды

Жаңылыстырмасаңдарсайшы!

(Е.Өтетілеуов)


Сөздіктермен жұмыс.

1.Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылуындағы ерекшеліктерін байқаңдар.

2. Орфографиялық заңдылық бойынша берілген сөздерді орфоэпиялық заңдылық бойынша жазыңдар.

Жүзген, жүзгенмен, жүзімдік, қиян-кескі, кескін-келбет, кетер-кетпес, ұзын, нөсер, нүктелі үтір.


ІҮ.Сабақты қорыту.

1.Орфоэпияны білудің мәні неде?

2.Орфографияның қажеттілігі қандай?


Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: Сөздіктерді пайдаланып, әр сөздіктен 5 мысалдан жазып келу.




Сабақ №3 Күні _______________


Сабақ тақырыбы : Екпін

Сабақ мақсаты :

1.Білімділік: екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу;

2.Дамытушылық : оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

3.Тәрбиелік: берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақ түрі : жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау.

Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1. Сөздіктерді пайдаланып, әр сөздіктен 5 мысалдан жазып келу.

2.Данышпан атаның сұрақтары :

А) Фонетика нені зерттейді?

ә) Орфография мен орфоэпия деген не?

Б) Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата.

В) Үндестік заңы деген не?

Г) Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата.


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Данышпан ата түсіндіреді:Балалар, алдымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын , яғни, « Екпін» сөзінің мағынасын ашып алайық.. Мысалы: Бар екпінімен құлап түсті, екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі. Даусы ерекше шықты. Даусы екпінді шықты. Біз екпін сөзін аз қолданбайды екенбіз. Екпін ... күшті , көтеріңкі , қатты , ерекше.Мысалдарға қарағанда екпін мағына жағынан қандай сөз ?

-Көп мағыналы сөз

-Ал тіл ғылымында қолданылуы қандай сөз болады?

-Тіл ғылымында термин сөз болады.


2. Оқулықпен жұмыс

Ережені түсініп оқу.

-Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.

-Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске.

Ережені жинақтап, тірек- сызба жасайық.

DrawObject9 бір сөздің

DrawObject10 бір буынның

ЕDrawObject12 DrawObject11 кпін бір дыбыстың көтеріңкі, күшті айтылуы

бір тіркестің


Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз


Сөз екпіні

DrawObject13


DrawObject15 DrawObject14 Дыбыс екпіні Екпін Ой екпіні

DrawObject16


Тіркес екпіні


1.Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Мектеп- кеме, білім- теңіз.

Білім-паз- дар-ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.


Орыс тілінде Қазақ тілінде

Замок- құлып Оқу

Замок – қорған Оқушы

Мука- азап Оқушылар

Мука - ұн Оқушыларға


Мектепте үздік оқушыларға «Мақтау қағазы» беріледі. Беріледі сөзіне екпін түспейді. Оны дәлелдеп көрейік.

Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар сияқты екпін түспейтін сөздің соңғы буынында тұратын қосымшалар болады. Олар : жіктік жалғауы, болымсыз етістік жасайтын жұрнақтар :

- ма ,- ме, -ба,- бе,-па,- пе; -тай, -тей, -дай,- дей, - лай, -лей;

343- жаттығу.

Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен?


2. Сөйлем ішінде ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.

Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді.

Атасы ауылға бүгін келді.

Ауылға бүгін атасы келді.

Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында, көбіне баяндауыштың алдында тұрады.


344-жаттығу.

Ой екпінін түсіру мақсатында берілген сөйлемдердің орнын ауыстыру.


3. Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір екпінге ие болады. Екпіннің мұндай түрі тіркес екпіні деп аталады. Мысалы: ата-ана, оқу үшін, қырық шақты, құлақ салды, тез жазды,т.б.

Айтылуда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей, бірігіп айтылады.

345-жаттығу.

Үлгі-сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазу.


Сергіту жаттығуы.

Жоғары қарап Айды көреміз,

Төмен қарап Жерді көреміз.

Оңға қараймыз, солға қараймыз,

Егеменді елді көреміз!


4.Сөйлеушінің көтеріңкі көңіл күйін, абыржыған ішкі сезімін тыңдаушыға жеке бір дыбыс арқылы жеткізетін сәттер болады. Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не сөзып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады.

Мысалы: та-ма-ша-а, жара-а-йсың, тыныш отыр-р-р-р.

346-жаттығу.

Берілген сөздерге екпін қай сөзге түскенін анықтап, қандай көңіл күй білдіретінін анықтау.


Ұмай ана түсіндіреді: Орыс тілі пәні мұғалімі екпін (ударение) туралы айтып өтеді.


ІҮ. Сабақты бекіту.

Данышпан атаның тапсырмасы: Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.


Оқушымын Айтайын Мұздай Айтпа

Баласың Көрелік Оқтай Барма

Адамбыз Айтшы Тастай Сызба


Данышпан атаның тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс

Мұзафар Әлімбаев:

Ұлыстың ұлы күнінде ,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Тапсырма: Өлеңді жатқа жазу. Өлеңдегі сөздерге сөз екпінін қойыңдар.


Ү. Сабақты қорыту.

1. Екпін дегеніміз не?

2. Оның қандай түрлері бар?

3.Сөз екпіні деген не?

4.Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар.


ҮІ.Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: С. Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» үзіндісінен ұнаған екі сөйлемге сөз екпінін түсіріп, жазып келу.



Сабақ №4 Күні _______________

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні.

Мақсаты:

1. Білімділік:

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: оқушыларды Отанын, қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ішінара ізденіс.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу.

Көрнекілік: парақшалар, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Екпін, түрлері.

2.С. Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» үзіндісінен ұнаған екі сөйлемге сөз екпінін түсіріп, жазып келу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын – интонация. Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді.

Ауызекі сөйлеуде сөйлемдегі сөздер бірінен соң бірі шұбыртылып айтыла бермейді. Олардың айтылуда белгілі бір толасы, кідірісі болады.

Кідіріс (пауза) деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады. Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол - әдеби текстің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Кідіріс ұзақ, орташа, қысқа болып бөлінеді. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөз дестелерін (тактілерін, фразаны) бөліп тұрады. Ал орташа толасты – логикалық кідіріс дейді. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, екінші сөзбен айтқанда, бір ойды аяқтап, екінші ойға көшу немесе бүтін мәтіннің бір бөлімінен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді. Кейде жазба тілде текстің мұндай бөліктерін абзацтан бастайды. Алайда сөз түйіні үзілістің ұзақтығында ғана емес, мазмұнына байланысты болады.

Пауза сақтамау, оқып отырған мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінбеуге әкеліп соғады. Мәселен, «ол үй емес» деген сөйлемді паузасыз айтсақ, айтып тұрғаным басқа деген ұғымды білдіреді, яғни ол сөзі сөйлемде үй сөзіне анықтауыш ретінде қолданылады. Ал сол сөйлемде ол сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаным үй емес, қора немесе басқа бірдеме дегенді білдіреді. Мұнда ол бастауыш қызметін атқарады.

Сөздің белгілі бір буынына, сондай-ақ сөз тіркесіне екпін түсіп ерекше айтылатыны тәрізді, сөйлемдегі айтылатын ойдың мәніне қарай бір сөзді айрықша даралап айтамыз. Ол сөз ой екпініне ие болады да, ерекше әуенмен естіледі. Мұндай екпінді логикалық екпін дейді. Қазақ тілінде логикалық екпін көбінесе баяндауышқа жақын тұрады.

Сөйлемнің айтылу сазына қарай, логикалық екпіннің орны өзгеруі ықтимал. Айталық, лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлем басында келіп, оған ерекше назар аударылса, екпін баяндауышқа түседі. Мысалы: Жасасын, Қазақстан Республикасы! Бақытты болыңдар, кішкене достарым!

Логикалық екпіні(ой екпіні) мәтінді мән-мәнерімен, эмоциялық нақышпен оқудың маңызды элементтерінің біріне жатады. Сондықтан логикалық екпінді қою үшін мәтінді жіті қарап, жан-жақты талдап, мазмұнын терең түсіну талап етіледі.

Сөз екпіні түскен сөздер ой екпіні түскен сөздерден көп төмен айтылады. Кейде оларға екпін түсіп тұрғаны сезілмейтін кездер де болады. Бұдан шығатын қорытынды – екпін түскен сөздердің бәрін көтеріңкі дауыспен айта бермеу керек. Тек ой екпіні түскен сөзді ғана даралай айтуға болады.


348-жаттығу.

1.Мәтінді мазмұнына сай дауыс мәнерін сақтап оқу.

2.Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазу.

3.Абайдың бір өлеңін мәнерлеп жатқа айту.


347-жаттығу.

1.Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

2.Мәтіннен ұзақ, орташа, қысқа кідірістерді табыңдар.

3.Әрқайсысың бір сөйлемдегі дыбыс екпіні қай сөздің қандай дыбысына түсірілгенін анықтаңдар.

4.Әр оқушы бір абзацтағы бір тіркес екпініне бағынып тұтас айтылатын сөздер тобын табыңдар.


Сергіту сәті:


Жеті жол жаңылтпаш

Бүлдіршіндерді

Күлдіргендер

Бүлдіргендер екен десек,

Бүлдіргендерді

Бүлдіргендер-

Сөйтіп бәрін күлдіргендер

Бүлдіршіндер екен, білсек.


(Е.Өтетілеуов)

349-жаттығу.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.Мәтінді қандай интонациямен оқуды қолайлы деп таптың? Неге?

3.Қай жерде кідіріс жасадың, қай сөзге логикалық екпінді түсіріп айттың? Неге?


ІҮ. Сабақты қорыту.

1.Интонация.

2.Кідірістің мақсаты.

3.Логикалық екпіннің мәні.


Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 350-жаттығу.



Сабақ №5 Күні _______________

Сабақтың тақырыбы: Интонация және оның элементтері.

Мақсаты:

1. Білімділік: интонация және оның элементтерінен түсінік беру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: оқушыларды Отанын, қазақ халқының шешендік өнерін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ішінара ізденіс.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жаттығулар орындату..

Көрнекілік: сурет, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

350-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу. Интонацияға, екпінге көңіл бөлу.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Интонация мына элементтерден тұрады: сөз әуені, әуезі, тембрі, сөйлеу мәнері.

Сөйлеу қалпының әуені (мелодика) деп дауыс ырғағының не көтеріліп, бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін айтамыз. Дауыстың түрлі биіктігі мен дауыстың жылысуы – сөйлеу әуенін түзеді. Әр тілдің өз табиғатына тән сөйлеу әуені болады. Сөздің негізгі бір сапалық қасиеті – икемділігі, әуезділігі. Ол көркем сөз орындаушыға тән орташа дауыс биіктігінің қаншалықты төмендеуі немесе көтерілуіне байланысты болады.

Сөйлеу қалпының әуені мәтіннің, сөйлемдердің мазмұн-мағынасына қарай бірде жоғарылып, бірде төмендеп, бірде орташа қалыпқа түсіп отырады. Бір сыдырғы төмен әуенмен, керісінше үнемі тек жоғары әуенмен, болмаса ылғи орташа әуенмен оқылатын сөйлемдер болуы мүмкін емес. Сөйлеу әуеніне қарай сөздегі буын құрайтын дауысты дыбыстар көбірек белсенді қызмет атқарады.

Сөйлеудегі дауыстың эмоциялық бояуы белгілі жағдайға байланысты болады. Мысалы: «Алақай! Қар жауды!» - десек, қар түсіп ауаның тазарғанына қуанған көңіл хошын білдіреміз. Ал қар борап, ақ түтек боп, айналада еш нәрсе көрінбесе: «Апырай! Мына бораннан көз сүрінеді, ауылға қалай жетер екенбіз? – деп, қобалжи сөйлейміз.

Сөйтіп, шығарманың мазмұнын мұқият оқып, автордың ой-пікірін, оның творчестволық мақсатын, туындының идеясын әбден түсінгенде ғана дауыс нақышын түсінеміз.

Негізгі дауыс сарыны дегеніміз көркем шығарманың ауызша естілу әуезі. Мұны орындаушы көркем туындының кейбір суреттемелерін, оқиғасын, қаһармандарын тыңдаушыға үн мәнерімен сипаттап жеткізудің фоны ретінде пайдаланады.

Әдеби шығармалар ауызекі оқу барысында, негізгі дауыс сарыны, мақамы шығарманың түрі мен мазмұнына лайықты шығады. Мысалы, оқылатын әдеби шығармалар: күлдіргі әңгіме, лирикалық өлең, сатиралық мысал және басқа түрлері де болып келуі ықтимал. Сондықтан әдеби мәтінді оқитын не әңгімелеп беретін орындаушының дауыс мақамы шығарманың мазмұнына орай түзіліп, не қоңыржай, не салтанатты көтеріңкі, не сатиралық ащы мысқыл, не сайқымазақ күлдіргі, не мұңды болып келе береді.

Сөйлеу нақышы (тембры) айтылу мақсатына қарай көңілді, қапалы, үрейлі т.б. болуы ықтимал. Сөйлеу нақышы – мәнеріне келтіріп сөйлеу мен дауыстап оқып берудің бір құралы. Толқу, мұңаю, қуану, күдіктену сияқты жайттардың бәрі де дауыс құбылысынан сезіледі. Желігу, қамығу т.б. көңіл күйлерінде дауыс кәдуілгі қалпынан ауытқып шығады. Осы ауытқуды, дауыстың эмоциялық бояуын тембр деп атайды. Тебіреніс неғұрлым күшті болса, соғұрлым дауыс ауытқуы да кәдуілгі қалпынан ерекше шықпақ.

Интонация арқылы орындаушы тыңдаушыларға әдеби көркем шығарманың мәнін ашып береді. Кейіпкерлерді, олардың көңіл күйін, мінез-құлқын, іс-әрекетін суреттейді, кейіпкерге деген өз көзқарасын да білдіре кетеді. Айтылу мәнері арқылы орындаушы поэтикалық образдарды да, табиғат көрінісін, оқиға өтіп жатқан жағдайды да өрнектейді.


351-жаттығу.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.Сөйлеудегі интонацияға, оның элементтеріне көңіл бөлу.

3.Өлеңдегі дыбыс үндестігіне назар аудару. Өлеңдегі рөлі.

4.Соңғы екі жолдың қандай мағына беретінін таратып айту.

5.Жиренше шешеннің жауабын көшіріп жазу.


352-жаттығу.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.Екпін түсетін сөздерді анықтау.

3.Мәтіндегі адам есімдерін автор неліктен Абаймен салыстырып отыр?

4.Мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу.

Сергіту сәті:

Анаграмма

Жылқышының қолында-

«Ұ» әрпімен,

Ондық саны тобында-

«Ы» әрпімен.

(Құрық-қырық)


Егер Ж-дан бастасаң,

Бұйрықтың бірімін.

Ж-ны алып тастасаң,

Жануардың бірімін.

(Жат-ат)

Тапсырма.



1. Суретке қарап, түлкінің, қоянның, үйректің мінез-қылығына лайық диалогтар құрап, әңгіме жазыңдар.

2.Мәнерлеп оқыңдар.

3.Сол мінез-қылықтарды қандай сөздер таныта алатынына мән бере отырып, «Сөз – адамның айнасы» деген пікірді таратып айтыңдар.


ІҮ. Сабақты қорыту:

1. Сөз әуені, әуезі, тембрі, сөйлеу мәнері туралы не білдік?


Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 354-жаттығу.




Сабақ №6 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Диктант «Жол»

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың орфография, орфоэпия, интонация тақырыптары бойынша алған білімдерін пысықтау, қорыту.

2. Дамытушылық: бақылау диктанты арқылы оқушыларды дұрыс, таза, сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын молайту;

3.Тәрбиелік: мәтін арқылы оқушыларды өз туған жерінің қадір – қасиетін ұғынып, құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі жазу сабағы

Әдісі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Қосымша әдебиет: М.С. Атабаева «Диктанттар жинағы»Алматы «Білім» баспасы, 2002 ж.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;

-оқушыларға диктант дәптерлері таратылады;


ІІ. Диктант «Жол»

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын меңгерту.

2.Мәтінде қанша абзац бар екендігіне, тыныс белгілеріне тоқталу.

3.Сөздік жұмысы:

Белес-

Қағілез –

Таңсық –

Қау -

4.Қиын сөздерді тақтаға жазу.

5.Мәтінді дәптерлеріне жаздыру.

Жол

Ала жіптей шұбалған жолмен қорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады. Белестен соң белес артта қалып жатыр. Жатаған дөңес, жасыл бел қалды. Көбігін көкке шашқан асау өзен қалды.

Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған қағілез адам – Бөрібай. Қасындағысы – оның кенже ұлы Бекен. Құлағы қалқиған, қалақ бас, сары бала. Биыл төртінші сыныпты бітіріп, жайлаудағы нағашысына келе жатқан беті. Аузы аңқиып, еміне түсіп, жол қызығын баққанына екі сағаттан асқан. Әлі жалығар емес, бәрі таңсық. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай болатын кереге тастардан да, қалың ну, қау жыныстың мүлгіген тыныштығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден гүлге қонып, әудем жерге дейін шығарып салатын сары шымшықтың ықыласынан да әлдебір сыр түйіп, ой аңғарғандай.

(Б.Әдетов, 103 сөз.)


Тапсырма:

1. Жіптей, жолмен сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.

2. Құнтиған, түйіп, өрге, мүлгіген сөздерін айтылуы бойынша жазыңдар.


ІІІ. Сабақты бекіту:

Мәтінді мәнерлеп, баяулатып оқу.

Оқушылардың өз беттерінше тексеріп шығуына мүмкіншілік беру.

Дәптерлерін жинау.


ІV. Үйге тапсырма:

Өткен тақырыптарға шолу жасау:






Сабақ №7 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың орфография, орфоэпия, интонация тақырыптары бойынша алған білімдерін пысықтау.

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекілік: « Тіл ұстарту мәтіндері».

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ.1.Оқушылардың диктант дәптерлері таратылып, жазған жұмыстарына талдау жасалынады.

2. Оқушылар 10-15 минуттың ішінде қатемен жұмыс жасайды,


Қатесі

дұрысы

ереже

тастарданда

тастардан да

да –шылау бөлек жазылады


3.Қате жіберген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлем құрату.

4. Дәптерлер қайтадан жиналып алынады.


ІІІ. Тіл ұстарту сабағы:

Кеспе қағазға жазылған мәтін барлық оқушыларға таратылады.

Мейірім

Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын.

Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.

Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін, кенет Мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеді.

  • Неткен сұлу едің? –деді Күн.

  • Мен бе? – деді Мұз.

Тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты...

( Б.Әділов.)

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

2. «Мейірім» сөзін топтастырыңдар.

3. Мұзға адамдардың мейірімі неліктен жетпеді деп ойлайсыңдар?

4. Күн сияқты мұзды ерітуге қандай сөздерді қолдануға болады? Өз ойыңды дәлелде.

5. Екпін түрлерін атаңдар.

6.Екпін түрлерін пайдалана отырып, мәтінді мәнерлеп қайта оқып шығыңдар.

7.Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар, жазылуына назар аударыңдар.

8. Мейірім сөзіне фонетикалық талдау жаса.


ІV. Үйге тапсырма:

Өздеріне ұнаған мәтіндерден айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерді теріп жазу.

Ү. Бағалау




Сабақ №8 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;

Дамытушылық: алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше сөзжасаманың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру;

Тәрбиелік: оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: түрлендірілген аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі)

Көрнекіліктер: слайд, сызбалар

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: сынып кезекшісімен жұмыс, өтілетін сабақ тақырыбы, мақсат- міндеттерімен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

Слайд №1 «Ой шақыру стратегиясына» ілінген шеңбер


DrawObject18 DrawObject17


Қималар бойынша сұрақтарға жауап береді. Шеңбердегі сұрақтар:

Екпін дегеніміз не?

Екпін нешеге бөлінеді?

Сөз екпіні дегеніміз не?

Ой екпіні дегеніміз не?

Тіркес екпіні дегеніміз не?

Тіл туралы үш мақал


ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгін сабақта біз сөзжасам және оның жасалу жолдарымен танысамыз.

Сөзжасам



Жаңа сөздің жасалуы

DrawObject19 DrawObject20 DrawObject21 DrawObject22 DrawObject23 DrawObject24






Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер






Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер


Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөздер

Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздер

Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөздер

Тұтқа : 1) Есіктің тұтқасы;

2)Өмірдің тұтқасы

Құлақ: 1)Адамның құлағы;

2) Қазанның құлағы

Қара: 1)қара шаш – заттың түсін білдіріп тұр;

2) тақтаға қара- қимыл-әрекетті білдіріп тұр


Түбір+ сөз тудырушы жұрнақтар



DrawObject25 мек

ЖDrawObject26 DrawObject27 үр ме

DrawObject28 ген

іс

Мысалы: Көктөбе

(Көк+ төбе)


Екібастұз

(Екі+бас+тұз)


Қызылорда

(Қызыл+орда)


Итмұрын

(Ит+мұрын)


Көлбақа

(Көл+бақа)

Мысалы:

Ауыл-аймақ,


кәрі-жас,


сөйлей-сөйлей,


ақ-қара,


азды-көпті,


үгіт-насихат,


оқу- әдістемелік

Маңғыстау облысы


Он жеті

Мың тоғыз жүз жиырма бес


Сөз таптары

Қара-торы,

мал шаруашылығы





ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

355-жаттығу.Мына сөздердің қайсысы түбір,қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.

Жер,жер серігі, бұлт, кемпірқосақ, күн, күн сәулесі,аспан, көкжиек,жұмыс,жұмысшы,жұрт, ағайын-жұрт,жер-көк,тау-тас.


Ү. Жаңа сабақты меңгеру. слайд№3

Семантикалық карта №1


Мысалдар

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөздің қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

Бүркітші

+






Бүгін



+




Арам шөп, арам тамақ






+

Үлкен үй





+


Білім


+





Баспасөз



+




Жүзбе-жүз




+



Жер серігі





+



ҮІ Бекіту: Суретпен жұмыс. Слайд №4








Суретші, биші, күйші (жұрнақ арқылы)

Атжарыс (екі сөзді біріктіру арқылы)

Ыдыс-аяқ (Қосарлану арқылы)

Күн сәулесі (тіркесу арқылы)

1) Жаз мезгілінің суреті

2) Жазу жазып отырған баланың суреті (лексикалық жолмен жасалған)


ҮІІ. Бекіту: Қорытынды: слайд №5

Сабағымызда қолданатын келесі әдіс ИНСЕРТ, яғни түртіп алу стратегиясы арқылы бүгінгі сабақта не білдік және бұл сабаққа дейін не білгенмін деген сұрақтарға жауап бере отырып сабағымызды қорытындылаймыз.


Инсерт кестесі


Білетінім

Мен үшін жаңалық

Мені таң қалдырады «?»


 




 


ҮІІІ. Үй тапсырмасы:

1.Өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу;

2.359-шы жаттығу

ІХ. Оқушыларды бағалау.


Сабақ №9 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөздер.

Мақсаты:

1. Білімділік: түбір мен туынды сөздер туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: оқушыларға Отанын, қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу.

Көрнекілік: сызба, семантикалық карта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Сөзжасам дегеніміз не, жаңа сөз тудырудың тәсілдері.

2.359- жаттығу, мәтіннен негізгі түбір сөздерді теріп жазу, аққуға қатысты қандай ырым-жоралғыларды білеміз?


ІІІ. Жаңа сабақ:





Түбір сөз- сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі



Туынды сөз



Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөздің қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

үй, әке, бала,біл

біл+ім, бала+лы

тас+бақа

ағалы-інілі

мәдениет сарайы

пышақтың жүзі, үш жүз



356-жаттығу.

Мәтінді көшіріп, туынды сөздердің астын сызу, мағынасын анықтау.


357-жаттығу.

1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

2.Туынды сөздерді табу.

3.Бір сөйлемді буынға бөліп жазу.

4. «Аңыз» сөзін қалай түсінеміз?



Сергіту сәті:

Ұйқасын тап!

Мына тұрған арғымақ,

Мінем оған...

Тістемейді, теппейді,

Бос қойсам да...


Мына тұрған тайлағым,

Келмейді оны...

Сирақ, мойын көрік деп,

Жүр жирафқа...


Мына тұрған торайым,

Танауына...

Шалшыққа кеп аунайды,

Нас баладан...


Семантикалық карта №1


Мысалдар

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөздңі қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

Түсім


+





Еңбеккүн



+




Қарама-қарсы




+



Суық су, суық хабар





+

Ұшқыш


+





Күн сәулесі




+


Қолбасшы



+




Көзбе-көз



+




Шығармашылық жұмыс.


Берілген сөздердің қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды түбір?

Әңгіме, әңгімені, достық, үнсіз, суретші, мақтаныш, жиын, серуенде, жиын.


ІҮ.Сабақты қорыту.

1. Бүгін қандай сөздерге тоқталдық?

DrawObject29 2. Түбір.

DrawObject30

3DrawObject33 DrawObject32 DrawObject31 . Туынды сөздердің жасалуы



Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 358- жаттығу.





Сабақ №10 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер

Мақсаты:

1. Білімділік: омоним мен көп мағыналы сөздердің сыртқы түрі өзгермей-ақ, жаңа мағынаға ие бола алатындығынан түсінік беру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін, білім-білік дағдыларын дамыту;

3.Тәрбиелік: оқушыларды Отанын, қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу, талдау.

Көрнекілік: кесте-сызба, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

358-жаттығу.

1.Мәтін бойынша әңгіме.

2. Бір сөйлемді түбір мен қосымшасына ажыратып жазу.


ІІІ. Жаңа сабақ.



Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөздер




DrawObject35 DrawObject34


Сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ,

жаңа мағынаға ие болуы



DrawObject36 жасалу жолдары




DrawObject37



омоним

сөздерден





көп мағыналы сөздерден





DrawObject38 ағу -етістік

аDrawObject40 DrawObject39 қ ақ (сын есім) жіп

ақ (айран –сүт)


DrawObject41 адамның беті

бDrawObject42 ет кітаптың беті



362-жаттығу.

Берілген сөздер қанша мағынады жұмсалады?

DrawObject43 жолмен жүру

ЖDrawObject45 DrawObject44 ол теріс жолға түсті

ақ жол тілеу


Сергіту сәті:

Көңілді шумақтар

1-БІР

Же1 екен 1қазан,

Кел, жемді же, 1қазан!

1-ақ сәтте қойды жеп,

Кү1 етті:

«Тойдым»,-деп.

Естіп 1 кез дү1ді,

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді.


363-жаттығу.

Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатындығын түсіндіру.


ІҮ.Сабақтың қорытындысы:

-Бүгін қандай сөздерге тоқталдық?

-Жаңа сөздер қалай жасалады екен?


Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 364-жаттығу.




Сабақ №11 Күні _______________

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: мәтінге сүйене отырып грамматикалық тақырыпты түсіндіру.Сөздердің морфологиялық жолмен жасалуы туралы түсінік беру. Оқулық, сөздік, қосымша материал бойынша сөйлей алу, жұмыс істеу.Тақырып бойынша сұраққа жүйелі жауап беру, әңгімені тиянақты баяндай білуге үйрету.

2.Дамытушылық: оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру. Білік дағдыны, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушының ойлау қабілетін, ой белсенділігін әсемділік, сезімталдыққа баулу.

3.Тәрбиелік: халықтың ауыз әдебиетінен үлгі алып, елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын беру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, танымдық ойындар, өзіндік жұмыс, оқулықпен жұмыс, логикалық сұрақтар қою, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың жабдығы: кесте, үлестірме қағаздар, слайд, интерактив. тақта.

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, ұжымдық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Сөздер лексикалық жолмен қалай жасалады?

2.364- жаттығу. Берілген сөздер бірнеше мағынада болатындай етіп, сөйлем құрау.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөздер

Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғағанда , жаңа мағыналы сөздер жасалады.


1.Мысалы: кес+пе, сүз+бе, көр+ме, қаш+па, өр+мек, ек+ін, жең+іс, өр+ме, ақ+та, біл+ім, қуан+ыш, көк+те, т.б

тық

DrawObject46

DrawObject47 шы

2DrawObject49 DrawObject48 . Бас

та

тау



Жұрнақтар

Мысалдар


-шы/-ші

Жазу+шы

Етік +ші

-лық/лік,

-дық/-дік

-тық/-тік


Бала +лық

Дос +тық

Қала+лық,

ауыл+дық

-лас/-лес

-дас/-дес

-тас/-тес


Жер +лес

Сынып+тас

Жол +дас

Құрбы +лас


1 тапсырма.-шы/-ші жұрнақтарын жалға.

Аң, әдебиет, би, егін, ем, жұмыс, сату, үгіт, өтірік, қобыз, жүргізу.


2 тапсырма. –лық/-лік,-дық/-дік,-тық/-тік жұрнақтарын жалға.

Дос, жазушы, аға, бала, жолдас.


3 тапсырма.-лас/-лес,-дас/-дес,-тас/-тес жұрнақтарымен зат есім жаса.

Қызмет, қалам, ата, жұмыс.

365- жаттығу. Түбір сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасау.

ік

DrawObject50

DrawObject51 ме

МDrawObject53 DrawObject52 ысалы: Көр

гіш

ін

366- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қою.


DrawObject54 ...

DrawObject55 ...

DrawObject58 DrawObject57 DrawObject56 ... хана

...

...

...


Сергіту сәті:

Анаграмма

«С»-мен айтсаң,

Тағам ішем онымен.

«З»-мен айтсаң,

Қағам жерге оны мен.

(Қасық-қазық)


Егер С-дан бастасаң,

Қыз баланың атымын.

С-ны алып тастасаң,

Ағаш кесер затыңмын.

(Сара-ара)


1-қатар. 367- жаттығу. Туынды сөзді табу, жасалу жолын түсіндіру. «Күздеу», «көктеу» деп аталатын қоныстар қандай қажеттіктен туғанын әңгімелеу.

2-қатар.368- жаттығу. Туынды түбірлерді табу, сұрақ қою, синонимдерін атау, Алдар Көсеге жазбаша мінездеме.

3-қатар. 369- жаттығу. Туынды сөздерді тауып, түбірлерін анықта, одан тағы қандай сөздер өрбітуге болады.


373- жаттығу. Туынды сөздерді тауып жазу, олардың жасалу жолын көрсету.


ІҮ.Сабақтың қорытындысы:

-Бүгін қандай сөздерге тоқталдық?

-Жаңа сөздер қалай жасалады екен?

-Қандай жұрнақтарды өттік?


Ү.Бағалау.

ҮІ.Үй тапсырмасы: 372- жаттығу.


Сабақ №12 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер

Мақсаты:

1. Білімділік: бірігу арқылы жасалған туынды сөздердің жасалу жолын оқушыларға игерту;

2. Дамытушылық: оқушының ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын арттыру, өздігінен жұмысқа үйретіп, қатесіз, әдемі, жылдам жазуға дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: оқушыны Отанын құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, ойын.

Көрнекілік: үлестірмелі қағаздар, суреттер, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

«Алма жинау» ойыны.

Сұрақтары:

1.Жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздер «Сөзжасамның» қандай тәсілі арқылы жасалады? (Синтетикалық тәсілі арқылы жасалады.)

2.Жұрнақтар нешеге бөлінеді? (Жұрнақтар екіге бөлінеді: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар.)

3.Жаңа сөз жасауға қандай жұрнақтар қатысады? (Жаңа сөз жасауға сөз тудырушы жұрнақтар қатысады.)

4.Қосымша нешеге бөлінеді? (Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ және жалғау.)

5.Мына сөздердің түбірі мен жұрнағын ажырат: алғыр, қолда, ақта.

372- жаттығу. Туынды сөздерді табу, құс аттарын теріп жазу, құсқа байланысты айтылатын әндерді атау.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақтаға бірнеше мысалдар жазу.

Қызылорда, тұсаукесер, Гүлжан, тасбақа.

Сөздерді оқытып, мағынасын анықтату.

  • Қызылорда – жердің аты.

  • Қандай сөздерден құралған?

  • «Қызыл» және «орда» деген екі сөзден бірігіп, жаңа сөз туды.

  • Сонда бұл сөздер қалай жасалған туынды сөздер?

  • Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер. Екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жаңа лексикалық мағына беретін сөздерді біріккен сөздер дейміз. (Ережені өздері шығарады.)

Біріккен сөз екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіреді. Мысалы: Екібастұз (екі+бас+тұз), тасбақа (тас+бақа).

Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер аналитикалық тәсіл арқылы жасалады.


374-жаттығу.

Берілген сөздер қандай түбірлерден бірігіп жасалған


375-жаттығу.

Біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.


376-жаттығу.

Бірігу тәсілімен жасалған сөздер:

1. Құс атаулары: ....

2.Аң атаулары: ...

3.Өсімдік атаулары: ...

4.Жер атаулары: ...


Топтастыру.

DrawObject59

DrawObject60 DrawObject61



DrawObject62 DrawObject63



Сергіту сәті.

Жаңылтпаш

Ағаны бала ағаламағаны-

Бала ағаны бағаламағаны.

Ағаны бала бағаламағаны –

Әдепті бала бола алмағаны.


Мәтіндерді оқып, біріккен сөздерді теріп жазу.

І қатар. 377-жаттығу.

ІІ қатар. 378-жаттығу.

ІІІ қатар. 379-жаттығу.


Біріккен сөздердің адасқан сыңарын табу.

Халық... той

Боз... ашар

Мерей... шам

Теле... бала

Ақ... аралық

Бағдар... дидар

Тіл... сүйек

ІҮ.Сабақтың қорытындысы:

-Жаңа сөздер қалай жасалады екен?

-Бүгін қандай біріккен сөздерді білдік?


Ү.Үй тапсырмасы: 380-жаттығу. Негізгі түбірден жасалған сөздерді бір бөлек, туынды түбірден жасалған сөздерді бір бөлек жазыңдар.

ҮІ.Бағалау.



Сабақ №13 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Қосарлану арқылы жасалған жаңа сөздер


Мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерге түсінік беру, жасалу жолын ажырата білуді меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы білімін пысықтау.

2. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын арттыру, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, әдемі жазуға, көркемсөзге баулу, сөздік қорын дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, түсіндіру, ойын,

Көрнекілік: ақын –жазушылардың тіл туралы пікірлері, «Тіл» туралы слайдтар, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Сұрақ беру арқылы өткен білімдерін тексеру.

1. Сөзжасам дегеніміз не?

2.Сөздер қандай жолдар арқылы жасалады?

3.Жұрнақ арқылы жасалған сөздерге мысал келтір.

4.Бірігу арқылы жасалған сөздерге мысал келтір.


2.380-жаттығу. Негізгі түбірден жасалған сөздерді бір бөлек, туынды түбірден жасалған сөздерді бір бөлек жазыңдар.


Негізгі түбір

Туынды түбір





ІІІ. Жаңа сабақ.

Қосарлану арқылы жасалған туынды сөздер


DrawObject66 DrawObject65 DrawObject64



Мағыналық жағынан

байланысы бар бір тектес

заттардың атауы






синоним сөздерден





антоним сөздерден

DrawObject69 DrawObject68 DrawObject67

көрпе-жастық



ағайын-туыс



жақсы -жаман





Ережені өздері шығарады.

1.Екі сөз қосарланып бір лексикалық мағына береді.

2. Олар - өзара мәндес және қарама-қарсы мағынадағы сөздер.

3.Қосарлану жолымен жасалған сөздер – қос сөздер.

4.Олар дефис арқылы жазылады.


Оқулықпен жұмыс.

381-жаттығу.

Берілген сөздерден қос сөз жасау.

382-жаттығу.

Лексикалық мағынасы бар қос сөздер

Лексикалық мағынасы жоқ қос сөздер

Азды - көпті



Көре - көре



«Сыңарын тап!» ойыны.

Сәлем- ...

Дәрі-...

Дәм-...

Атақ-...

Әдіс-...

Әдет-...

Кәрі-..

Сәл-..

Әзіл-...

Ән-...

383-жаттығу.

1.Мәтінмен танысу.

2.Балықтар әлемі туралы қандай ертегі, кино, көркем шығармалар білесіңдер?

3.Мәтіннен қосарлану жолымен жасалған сөздерді теріп жазу.


ІҮ.Сабақты қорыту.

-DrawObject70 Жаңа сөздер қалай жасалады екен?

-DrawObject72 DrawObject71 Қосарлану арқылы жасалған туынды сөздердің жасалу жолы


Ү.Үйге тапсырма: 1. 384-жаттығу.

2.Қос сөздер қатысқан мақал-мәтелдер жазу.

ҮІ. Бағалау.



Сабақ №14 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Тіркесу арқылы жасалған жаңа сөздер

Мақсаты:

1. Білімділік: тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер туралы түсінік беру, жасалу жолын ажырата білуді меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы білімін пысықтау;

2. Дамытушылық: оқушының ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын арттыру, өздігінен жұмысқа үйретіп, қатесіз, әдемі, жылдам жазуға дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу.

Көрнекілік: кесте, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. 384-жаттығу.

2.Қос сөздер қатысқан мақал-мәтелдер жазу.


ІІІ. Жаңа сабақ.

DrawObject73 2-3 сөзден тіркеседі

ТDrawObject74 DrawObject76 DrawObject75 іркесу арқылы жасалған жаңа сөздер сөздер бөлек жазылады

бір ғана лексикалық мағына болады

бір екпінмен айтылады

Мысалы: мәдениет сарайы, ала жаздай, қара торы.


385 – жаттығу.

Берілген күрделі сөздер ненің атауы?

Кәрі жілік – сүйек, ...


386 – жаттығу.

Берілген сөздерден күрделі сөз құрау.

Көк ала, ...


389-жаттығу.

1. Мәтінді түсініп оқу.

2.Мәтіннен қандай көне елдік дәстүр танылады?

3.Қарамен жазылған сөздер тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерге жататын, жатпайтынын анықтау.

Сергіту сәті:

Анаграмма

«Ж»-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады.

«Қ»-дан бастасаң,

Құсқа айнала алады.

(Жаз-қаз).


«Қ»-мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н»-мен егер бітірсең,

Балықтың ол бір түрі.

(табақ-табан).


1-қатар. 387- жаттығу. Біріккен сөздерді табу. Жер-су атауларына өсімдіктердің де қатысы болатынына назар аудару.

2-қатар.388- жаттығу. Туынды сөздерді, синонимдерды тауып жазу. Синонимдер қай сөз табынан жасалғанын анықта.

3-қатар. 391- жаттығу.жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздерді табу. Қарамен жазылған сөздер қандай жолмен жасалған.


ІҮ.Сабақты қорыту:

1. Сөзжасам дегеніміз не?

2.Туынды сөздердің жасалу жолдары, мысал келтір.


Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 390- жаттығу. Тұрақты тіркестерді табу, ұлттық ойын атауларының жасалу жолын түсіндіру.




Сабақ №15 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау.

Мақсаты:

1. Білімділік: сөзжасамнан өтілген тақырыптарды пысықтау, оқушылардың теориялық білімдерін жинақтау.

2. Дамытушылық: оқушының ой-өрісін, сауаттылығын, тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды туған жерін құрметтеуге, табиғатты сүюге, сыйластыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өтілген тақырыптарды пысықтау.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу, мақалдарды жалғастыру.

Көрнекілік: карточка, суреттер, Венн диаграммасы сызылған плакат.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

390- жаттығу. Тұрақты тіркестерді табу, ұлттық ойын атауларының жасалу жолын түсіндіру.


ІІІ. Венн диаграммасы. (2 топқа)

1. Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер мен жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөздерді салыстыру.

2.Қосарлану арқылы жасалған туынды сөздер мен тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерді салыстыру.


ІҮ. Жаттығулармен жұмыс.

1.Екі буыны да мағыналы сөз болатын атауларды табу.

Ақ –қу,......

2. Екі сөзден бірігіп жасалған:

Аң атаулары: ...

Құс атаулары: ...

3.Түбірлес сөздер жасап, олардың мағыналық бірлігі мен айырмашылығын айтыңдар. Осылардың ішінде омонимі бар сөздер болса, оларға қосымшалар жалғап, қандай ерекшеліктер байқалғанына назар аударыңдар.


DrawObject77

БDrawObject79 DrawObject78 іл



DrawObject80

ҮDrawObject82 DrawObject81 й




DrawObject83

БDrawObject85 DrawObject84 ас




Сергіту сәті.

Көңілді шумақтар

2-ЕКІ

Баласына ж2ріп,

Ұрсып жатыр К2лік:

-2леніп с2ріп,

Алып қапсың «2лік».

2ншілей «2ңді»

Көрсетпе!-деп ж2ді.

К2рейіп баласы,

2ленбей таласып,

«Жоймасам ба 2мді!»-

деп б2нген с2лді.

4. Семантикалық карта.


Мысалдар

Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз

Екі сөздің қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

Таулы


+





Жұмбақтас



+




Физика-математика




+



Қоңыр жіп, қоңыр дауыс





+

Көрме

+





Темір жол




+


Бурабай



+




Қарағайлы-қайыңды



+




5.Сөздерге фонетикалық талдау жасау: өнегелі, өміршең.

6. Берілген сөздерге қосымша қате жалғанған. Қосымшаларды дұрыстап жалғап, сөйлем құра.


1.баянсымада – баяндамасы

2.ақылпадас –

3.ойдылан –

4.жұмысларшы –

5.әнлікші –


ҮІ.Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Сөзжасам» сөзіне өмірмен байланыстырып анықтама жазу.



Сабақ №16 Күні _______________


Тақырыбы: Диктант «Мейірім»

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың сөзжасамнан алған білімдерін пысықтау, қорыту.

2. Дамытушылық: диктант арқылы оқушыларды дұрыс, таза, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын дамыту.

3.Тәрбиелік: мәтін арқылы оқушыларды мейірімділікке, табиғатты құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: дәстүрлі жазу сабағы.

Қосымша әдебиет: М.С. Атабаева «Диктанттар жинағы»Алматы «Білім» баспасы, 2002 ж.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;

-оқушыларға диктант дәптерлері таратылады;


ІІ. Диктант «Мейірім»

Көктем. Мамыр айы маужырап, қырат пен сай-саланы қыс бойы мекендеген қар еріп, сылдырап жылға-жылғамен ағады. Төңірек тегіс түрленіп, көк шөп қаулап өсуде. Ақ, сары, қызыл гүлдері көздің жауын алған тау бөктері түкті кілемдей құлпыра түскен.

Терең көлдің маңайы жыл құстарының ызу-қиқу шуылына толы.

Бір күні шопан қыстауының қорасына зып беріп ана үйрек ұшып кірді. Мұны Жасұлан байқап қалды да, дереу әжесіне келіп хабарлады.

Әжесі екеуі күні бойы аңдыды: ана үйрек қораға ұя салыпты. Балапан басып алмақшы.

Жайлауға көшетін мезгіл де жетті. Ана үйрек әлі қозғалмастан ұясында жатыр. Әже немересінің меселін қайтармай, құстың амандығын сақтап қалу үшін қыстауда қалып қойды.

(Т.Әбдрайым, 100 сөз)

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын меңгерту.

2.Мәтінде қанша абзац бар екендігіне, ережелерге тоқталу.

3.Сөздік жұмысы:

Көздің жауын алған –

Меселін қайтармай -

4.Қиын сөздерді тақтаға жазу.

5.Мәтінді дәптерлеріне жаздыру.

Тапсырма:

1.Туынды сөздерді топтап, көшіріп жазу.

2. Мейірім сөзіне фонетикалық талдау жасау.


ІІІ. Сабақты бекіту.

Мәтінді мәнерлеп, баяулатып оқу.

Оқушылардың өз беттерінше тексеріп шығуына мүмкіншілік беру.

Дәптерлерін жинау.


ІV. Үйге тапсырма:

Өткен тақырыптарды қайталау.


Сабақ №17 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың туынды сөздердің жасалуы бойынша алған білімдерін пысықтау.

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: мәтін арқылы оқушыларды салт-дәстүрді құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекілік: « Тіл ұстарту мәтіндері».

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ.1.Оқушылардың диктант дәптерлері таратылып, жазған жұмыстарына талдау жасалынады.

2. Оқушылар 10-15 минуттың ішінде қатемен жұмыс жасайды,


Қатесі

Дұрысы

ереже

сауық сайранды

сауық-сайранды

қос сөз дефис арқылы жазылады


3.Қате жіберген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлем құрату.

4. Дәптерлер қайтадан жиналып алынады.


ІІІ. Тіл ұстарту сабағы.

Кеспе қағазға жазылған мәтін барлық оқушыларға таратылады


Ұлттық отбасы тәрбиесі

Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі болады. Сонымен бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әпке, аға, әке, көке деп сыпайы қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тілалғыш, қолғанат болу, ал отбасы мүшелері үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй-ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының өз шама-шарқынша іс атқаруы.

«Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған.

(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері».)


Тапсырмалар:

1.Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.Ата дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Қазақ отбасына ортақ дәстүрлерді атаңдар.

4.Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар, жазылуына назар аударыңдар.

5.Тәрбие сөзіне фонетикалық талдау жаса.

6.Кестені толтырыңдар.


Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер

Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздер

Қосарлану арқылы жасалған туынды сөздер

Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер






ІҮ.Оқушыларды бағалау.

Ү. Үйге тапсырма: сөздердің бірігуі арқылы жасалған неолгизмдерге бірнеше мысал келтіру. Сая-жай, ...


Сабақ №18 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті (ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениеті)

Мақсаты:

1. Білімділік: ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін қамтитын жаттығулар арқылы тіл мәдениетін игерту;

2. Дамытушылық: әдеби тілдің нормасымен сөйлемді дұрыс айту, дұрыс құрау, дұрыс жазу дағдыларын жетілдіру;

3.Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, ой қорыту, пікірталас.

Сабақтың түрі: ішінара ізденіс.

Көрнекілік: сурет, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған неолгизмдерге бірнеше мысал келтіру. Сая-жай, ...


ІІІ. Жаңа сабақ.

Тіл мәдениеті дегеніміз – сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу және жаза білу, сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі. Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді. Мәтінді жүйелі түрде мазмұндай алу да тіл мәдениетіне жатады.

Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі – сөйлеу тілі, екіншісі – жазба тіл. Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір-бірінен үлкен-үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол көбіне диалог түрінде өтеді. Ал жазба тіл – әр түрлі жазба әдебиеттердің тілі. Ол қолма-қол оқуға да, келесі ұрпақтардың оқып үйренуіне де, білуіне де арналатын мұра.


413-жаттығу.

1.Мәтінді түсініп оқыңдар.

2.Ғалымның пікіріне сүйеніп, қазақ тілінің қандай ерекшелігін аңғаруға болады?

3. Емле мен тіл мәдениетінің қандай байланысы бар екенін түйіндеп жазыңдар.


393-жаттығу.

1.Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.

2.Мәтіндегі көріністі диалог арқылы жазып, оған адамның көңіл күйін білдіретін сөздерді пайдалану.


Тапсырма. Суретке қарап таңертеңгі қарбалас іс туралы мәтін құрау.


Сергіту сәті.

«Қалай дер едің?»

1.Тас бауыр (мейірімсіз);

2.Ұйықтамау (түн ұйқысын төрт бөлу);

3.Аз (тауыққа тары шашқандай);

4.Ұялу (бетінен оты шығу);

5.Өкіну(бармағын шайнау);

6.Таңдану (аузының суы құрыды)


397-жаттығу.

1.Мәтінді оқып шығу.

2.Мәтіндегі негізгі ойды анықтау: а)Әңгіме не туралы? ә) Оны айтудағы мақсат не?

3.Автордың халықтық тәлім-тәрбие туралы ойы қандай тәсілмен беріліп тұр?

4.Ата дәстүрді өздерің қалай түсінесіңдер?


ІҮ. Сабақты қорыту.

1.Тіл мәдениетін қалай түсінеміз?

2.Тіл мәдениетінің салалары.

3.Олардың өзіндік ерекшеліктері.


Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 402-жаттығу. Ауызекі сөйлеу тілінің қандай өзіндік артықшылықтары бар деп ойлайсыңдар? Ал кемшілігі неде? Ойларыңды дәлелдеп айтыңдар.



Сабақ №19 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін таныту;

2. Дамытушылық: орфоэпия қағидаларын сақтау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;

3.Тәрбиелік: оқушыларды қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ішінара ізденіс.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу, пікіралмасу.

Көрнекілік: сурет, грам. ойын, Венн диаграммасы, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

402-жаттығу. Ауызекі сөйлеу тілінің қандай өзіндік артықшылықтары бар деп ойлайсыңдар? Ал кемшілігі неде? Ойларыңды дәлелдеп айтыңдар.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөйлеу тілі тікелей бетпе-бет сөйлесу арқылы және сұрақ-жауап, түсіндіру негізінде көрінетіндіктен, сөйлем құрамы да ерекше болады. Онда дауыс ырғағы, ым, ишара, бет, қол қозғалыстары да белгілі мәнде жұмсалады. Күнделікті өмірде көпшіліктің сөйлеуінде тіл мәдениетіне нұсқан келтіретін кемшіліктер кездесіп қалады. Ана тілін шұбарлап, бөгде тілдің сөздерін араластырып сөйлейтіндерді жиі байқаймыз.

Басқа тілдің сөзін араластырып, өз тілінің құтын қашырып сөйлеу мәдениетсіздік.


394-жаттығу. Ауызекі сөйлеу тілінде төмендегі талаптарды сақтау қажет пе? Неге? Әр сөйлем бойынша өз ойларыңды таратып айтып көріңдер.


400-жаттығу. «Жазғы демалыс кездерінде» тақырыбы бойынша алдымен ауызша әңгімелеп, соңынан шығарма жаз. Өз сөзіңе, жолдастарыңның әңгімесіне назар аудара отырып, ауызекі сөйлеу тіліне және жазба тілге қандай ерекшеліктер тән екендігін аңғарыңдар.


Сергіту сәті.


«Бір сөзбен атаңдар» ойыны. Тұрақты тіркестердің қандай мағына беретінін бір сөзбен атау керек.

1.Тайға таңба басқандай (анық);

2.Төбе шашы тік тұрды (қорықты);

3.Ит арқасы қиянда (алыста);

4.Қырық пышақ болу (төбелесу);

5.Қой аузынан шөп алмас (момын);

6.Жұмған аузын ашпау (үндемеу);

7.Тонның ішкі бауындай (тату).


402-жаттығу.

Ата-бабаларымыз жылдың төрт маусымында қоныс ауыстырып отырғаны тарихтан да, көркем әдебиеттен де білесіңдер. Сол білімдеріңді пайдаланып, суретке қарап жайлау туралы ауызша әңгімелеңдер.


ІҮ. Сабақтың қорытындысы:

ауызекі сөйлеу тілі жазба тіл мәдениеті

DrawObject87 DrawObject86







Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 403-жаттығу.



Сабақ №20 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Сөз қолдану мәдениетіне арналған жазба жұмыстары

Мақсаты:

1. Білімділік: жазба тілінің өзіндік ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптармен таныстыру;

2. Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдысын, өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жинақтау.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу, мақалдарды жалғастыру.

Көрнекілік: тақта, бор, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

403-жаттығу. Өлеңдегі ой қандай тәсілмен берілген?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тіл мәдениеті деп сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын (сөз, сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін) дұрыс қолдануды айтамыз және тіл тазалығы, тіл дәлдігі, ойдың анықтығы, мазмұн тереңдігі, ойды дәл жеткізе білу шеберлігі жатады.

Жазба тілде ойды жеткізуге себін тигізетін сөйлеу тіліндегідей қосалқы әдістер болмайтындықтан, сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі әрі түсінікті етіп құрылады.


414-жаттығу.

1.Мәтінді оқып, ғалымның емле не үшін қажет деген ойына назар аударыңдар.

2.Тілдің таза, табиғи қалпын сақтауына қандай жағдай әсер еткен деп көрсетілген, мәтіннен сол сөйлемді тауып оқыңдар.

3.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тауып жазыңдар.


411-жаттығу.

1.Хабарландыруды оқып, күрделі сөздердің емлесін есте сақтаңдар.

2.Мәтін қандай мақсатта жазылды?

3.Мәтін үлгісімен кемінде үш түрлі хабарландыру жазыңдар.


Сергіту жаттығуы.


Жоғары қарап Айды көреміз,

Төмен қарап Жерді көреміз.

Оңға қараймыз, солға қараймыз,

Егеменді елді көреміз!


393-жаттығу.

1.Мәтінді түсініп оқу.

2.Мәтінді оқи отырып, мақал-мәтелдерді сөйлем ішінде қалай қолдануға болатынын үйреніңдер.

3.Мақал мен сөйлеушінің сөзін байланыстырып тұрған амалдарды табу.

4.Өздерің білетін, үлкендерден естіген мақалдарыңды қатыстырып сөйлеп көріңдер.


399-жаттығу. Мәтіндегі ой жазба тілге тән бе, әлде ауызекі сөйлеу тіліне тән бе? Неліктен?


ІҮ. Жинақтау. Біздің өміріміздегі тіл мәдениетінің рөлі.


Ү.Оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 405-жаттығу.


Сабақ №21 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Бірде бөлек,бірде бірге жазылатын сөздермен жаттығулар жұмысы Мақсаты:

1. Білімділік: бірде бөлек,бірде бірге жазылатын сөздермен жаттығулар жұмысын жүргізе отырып,оқушының жазбаша сауаттылығын арттыру.

2. Дамытушылық: ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорын дамыту;

3.Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату,

Көрнекілік: парақшалар, сурет, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

405-жаттығу.

1. Төрт түлік малды төлінен бастап өсу ретімен атау.

2.Төрт түлікке қатысты тыйым сөздер, кәсіби сөздер, диалектілерді атаңдар.


ІІІ. Жаттығулармен жұмыс.

392-жаттығу.

1. Мәтінді оқып, түсініктерін өз сөздерімен айтып шығу.

2.Мәтіндегі тілге қойылатын талаптардың астын сызу.

3. «Тіл пайдалылығы», «сөз түзулігі» деген ұғымдарды кеңейтіп әңгімелеу.


1- тапсырма. Мына сөздердің құрамында қанша түбір бар, бұл сөздер қалай айтылады?


Бірнеше, бірталай, ақбөкен, Ақтас, Алатау, Сарыөзек, Ақтөбе, Ұзынбұлақ, демалыс, бүгін, ешқайда, Ербол, таңғажайып, әуежай, таңертең, көзқарас.


2- тапсырма. Мағынасына қарай екі түбірді біріктіріп, біріккен сөз жасаңдар, мағынасын түсіндіріңдер.


Алпыс, Дүйсен, жұма, жақсы, кәсіп, гүл, бек, болат, ақ, көкше, ала, тай, ер, Сәуле, Қанат, нұр, Дос, есен, мырза, жан, бек, келді, Ғали, бай, қайыр, темір, қара, алма, гүл, көз.


Сергіту сәті. «Сатыға кім тез шығады?» ойыны.

Екі сөзден бірігіп жасалған:

І топ. Хайуанаттар атаулары: ... ІІ топ. Құс атаулары: ... ІІІ топ. Жер-су атаулары: ...

DrawObject88

DrawObject93 DrawObject92 DrawObject91 DrawObject90 DrawObject89

DrawObject95 DrawObject96 DrawObject94

DrawObject97 DrawObject99 DrawObject98

DrawObject100 DrawObject102 DrawObject101

DrawObject103 DrawObject105 DrawObject104

DrawObject110 DrawObject109 DrawObject108 DrawObject107 DrawObject106

DrawObject113 DrawObject112 DrawObject111 Ақбөкен Аққу Ақтау



3- тапсырма. Бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма?


Қыздың аты – (Бота гөз)

(қара кесек) ет

(қара кесек) руы

(той басталды)

(той бастар) айтылды

(кері тартып) әкету

(кер тартпа) әдет

(жиһанды кезіп) шығу

(жиһан кез) адам


Ой қорыту. Бірде бөлек,бірде бірге жазылатын сөздерді қалай ажыратамыз?



410-жаттығу. Суретке қарап, мезгілдің ерекшеліктерін кеңейтіп жазыңдар.





ІҮ.Оқушыларды бағалау.

Ү. Үйге тапсырма: ережелерді пысықтау.





Сабақ №22 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Қайың»

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау, қорыту.

2. Дамытушылық: диктант арқылы оқушыларды дұрыс, таза, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын дамыту.

3.Тәрбиелік: мәтін арқылы оқушыларды табиғатты құрметтеп, қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Қосымша әдебиет: М.С. Атабаева «Диктанттар жинағы», Алматы «Білім» баспасы, 2002 ж.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;

-оқушыларға диктант дәптерлері таратылады;


ІІ. Диктант «Қайың»

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын меңгерту.

2.Мәтінде қанша абзац бар екендігіне, ережелерге тоқталу.

3.Қиын сөздерді тақтаға жазу.

4.Мәтінді дәптерлеріне жаздыру.

Қайың

Қайың туралы ән мен жыр, сурет те көп.

Қайың – сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.

Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ғажап сурет.

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы туады.

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

(«Ол кім? Бұл не?»)

Тапсырма:

1.Туынды сөздерді көшіріп жазу.

2. Сәуірдің, жиһазын сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

3. Көп мағыналы сөздерге мысал келтір.


ІІІ. Сабақты бекіту:

Мәтінді мәнерлеп, баяулатып оқу.

Оқушылардың өз беттерінше тексеріп шығуына мүмкіншілік беру.

Дәптерлерін жинау.


ІV. Үйге тапсырма:

Өткен тақырыптарды қайталау.



Сабақ №23 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың туынды сөздердің жасалуы бойынша алған білімдерін пысықтау.

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: мәтін арқылы оқушыларды салт-дәстүрді құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, талдау.

Көрнекілік: « Тіл ұстарту мәтіндері».

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ.1.Оқушылардың диктант дәптерлері таратылып, жазған жұмыстарына талдау жасалынады.

2. Оқушылар 10 минуттың ішінде қатемен жұмыс жасайды,


Қатесі

Дұрысы

ереже

Қайынның

Қайыңның

ң дыбысы айтылғанда, тіл артқа тартылып, ортасы дөңестенеді.

3.Қате жіберген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлем құрату.

4. Дәптерлер қайтадан жиналып алынады.


ІІІ. Тіл ұстарту сабағы:

Кеспе қағазға жазылған мәтін барлық оқушыларға таратылады

Қарға мен шаян

Қарға шаянды ұстап алды. Шаянды тұмсығымен тістеп алып, көл жағасындағы ағаштың бұтағына келіп қонды.

Шаян қарғадан құтылудың амалын іздейді.

Қу шаян қарғаның ата-анасын мақтай бастайды. Қарға оған “У-гу!” дейді, бірақ аузын ашпайды. Шаян қарғаның туыстарын мақтай бастайды. Қарға оған да “У-гу!” дейді, бірақ аузын ашпайды. Енді шаян қарғаның өзін мақтай бастайды. Қарға қуанғаннан “А-га!” дегенде, аузы ашылып кетеді. Шаян көлге күмп беріп құтылады.

(«Қазақ ертегілері».)


Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

2.Ертегіні өз сөзіңмен әңгімелеп беріңдер.

3. Қарға мен шаянға мінездеме беріңдер.

4.Аллегория дегеніміз не?

5.Адамдардың мінездеріндегі қандай оғаштықтарды тұспалдаған?

6.Құстар мен жәндіктерге қатысты тілімізде қалыптасқан қандай сөз қолданыстары бар? (мақал-мәтел, тұрақты тіркес,..)


ІҮ.Оқушыларды бағалау.

Ү. Үйге тапсырма: лексика тарауын пысықтау.




Сабақ №24 Күні _______________


Сабақтың тақырыбы: Жыл бойы өтілген тілдік тақырыптарға байланысты мәтіндермен жұмыс

Мақсаты:

1. Білімділік: жыл бойы өтілген тілдік тақырыптарға байланысты мәтіндермен жұмыс жүргізу;

2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және өзіндік жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

3.Тәрбиелік: оқушыларды Отанын, қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау.

Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, әңгімелесу, мақалдарды жалғастыру.

Көрнекілік: сурет, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Лексика тарауын пысықтау.


Сергіту сәті. Ойын: «Бір сөзбен айтқанда қалай дейді?»

  • Сөзге шебер адамды?

  • Айтқанға сене салатын адамды?

  • Көрінгенге соқтыға беретін баланы?

  • Тез ұстатпайтын малды?

  • Тез ашуланатын адамды?

  • Жан аямай жұмыс істейтін адамды?

  • Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адамды?

  • Біреуге пәле ойлап жүретін адамды?

  • Керексіз көп сөйлейтін адамды?

  • Бір сыныпта оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда қалай дейді?


ІІІ. Жаттығулармен жұмыс.


395-жаттығу. Мақалдарды топтап жазу.


Ауызекі сөйлеу тіліне жататын мақал-мәтелдер

Жазба тілге қатысты мақал-мәтелдер




396-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы мақал-мәтелдерді қалпына келтіріп жазу.

Мыс: Оқу – (білім бұлағы)


407-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, қарамен жазылған сөздерге лексикалық, фонетикалық және сөзжасам тұрғысынан талдау жасау.


408-жаттығу. Батаны көшіріп жазу. Ұяң дауыссыз дыбыстың астын бір, қатаңның астын екі, үндінің астын үш сызу.


409-жаттығу. 1.Мәтінді рөлге бөліп оқу. 2.Негізгі ойды анықтау.


418-жаттығу. Құстың тіршілігі, ерекшелігі туралы не білесіңдер? Мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді кірістіріп, мәтін құраңдар. (Мәтінді әңгіме, диалог, хабарлама, суреттеме түрінде де құруға болады.)


ІҮ. Сабақты қорыту.

-Міне, балалар, біз осымен 5-сыныпты аяқтадық, осы оқу жылында қазақ тілінің қандай салаларымен таныстық?

Ү.Оқушыларды бағалау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.10.2024
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі