15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қазақ тілі апталығына арналған сайыс
Мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті апталығында ұйымдастырылған сайыс
Білгірлер бәйгесі
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндеоі бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушыларды зеректікке, жылдамдыққа, ой-өрістерін дамытуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиет апталығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Білгірлер бәйгесіне» хош келдіңіздер! Ойынды бастамас бұрын ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
Қатысушылар :
1-топ: «Сәйгүлік»
Әділ, Аружан, Алпамыс, Венера, Анелия
2-топ: «Тұлпар»
Аян, Арина, елжан, Альбина, Мария
Ойын ережесі :
Алдымен ойын ережесімен жалпылама таныстырып өтейін.
Ойын төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: «Ханталапай»
Екінші кезең: «Шабандоз»
Үшінші кезең: «Қамшыбасар»
Төртінші кезең: «Сынсонар»
Екі топ ортаға келген соң «Ханталапай» кезеңі басталады.
«Ханталапай» кезеңінің ойналу шарты:
Екі топқа ортақ 6 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан
беріледі. Сұрақтар қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен аралас болады.
Әр сұраққа ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Дайын топ қызыл түсті
жалаушаны көтеруіне болады. Ұпай сандарын арнайы тақтаға
көмекші мұғалім жазып отырады.
Ханталапай кезеңінің сұрақтары:
Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің неше түрі бар? Атап беріңдер.
(Бес түрі бар. Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)
«Сонда баланың аты сақаның жанына жата қалды...» Бұл қазақтың қай ертегісінен үзінді?
(«Алтын сақа» ертегісінен үзінді)
Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? Атап беріңдер.
(Төрт түрі бар. Көптік, жіктік, тәуелдік, септік.)
Қазақ халқының жеті ішекті шертпелі музыкалық аспабы қалай аталады?
(Жетіген)
«Көксерек» шығармасының авторы кім?
(Мұхтар Әуезов)
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Қара сөздері» неше бөлімнен тұрады? (Қырық бес бөлімнен тұрады)
Екі топтың ұпай сандары айтылады
«Шабандоз» кезеңінің ойналу шарты:
Екі топ мүшелері кезекпен бір-біріне жұмбақ жасырады. Жұмбақтың
дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріліп отырады.
Шабандоз кезеңінің жұмбақтары:
1-топтың жұмбақтары:
Қызылы тұр дейді,
Сарысы күт дейді,
Жасылы жүр дейді.
Ол не?
Сырт-сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа бар. Ол не?
Қыста үйге кірмейді,
Көктем шықса жүрмейді.
Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау.
2-топтың жұмбақтары:
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Аяғыма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар
Көреді бәрін өзгенің,
Тек көрмейді өздерін.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
Жауаптары:
Бағдаршам
Сағат
Жыл мен ай
Шана
Шырша
Шаңғы
Тасбақа
Көз
Аяз
Жұмыртқа
«Қамшыбасар» кезеңінің ойналу шарты:
Топтардың әр мүшесі оқылған сөздерді 10 секунд ішінде аудармасын
айтып үлгерулері керек. Әр қатысушыға 2 сөз оқылады. Дұрыс
аудармаға 5 ұпайдан беріледі.
«Қамшыбасар» кезеңінің сөздік тапсырмалары:
Елтаңба- Аялдама-
Денсаулық- Достық-
Табиғат- Әнұран-
Сіңілі- Отбасы-
Тас- Дәстүр-
Саяхат- Мұра-
Үлгі- Бұлақ-
Қылқалам- Шәкірт-
Шың- Ғимарат-
Шырын- Көмектесу-
Дамыған елдер- Әлеуметтік жағдай-
Саябақ-
Мұражай-
«Сынсонар» кезеңінің ойналу шарты:
Екі опқа да кеспе әріптер беріледі. Әріптерден сөздер құрап, сөздерден
белгілі мақал- мәтелді құрап шығулары керек.
Дұрыс құралған мақал-мәтелге 10 ұпайдан беріледі.
1-топтың құрайтын мақалы: Мектеп-кеме, білім-теңіз.
2-топтың құрайтын мақал: Көз-қорқақ, қол-батыр.
Сайыс жеңімпаздарын анықтағанша, көрермендермен жаңылтпаш
жарысы ұйымдастырылады. Жаңылтпашты анық, жылдам, мәнерлеп
оқыған бала жеңімпаз болады.
Жаңылтпаштар
1.Шыжып жатты шұжық,
Шұжық ақты шыжып.
2.Шорағай шоршып кетті
Шорабай шошып кетті
3.Шілтөбені шіл айналды,
Шіл шыр айналды.
4.Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды қуантады
5.Шеше, шеше,
Неше кесе,
Сынды кеше
6.Ықылық тиді, ықылық
Түйілдім қатты тұтығып,
Сытылып шықтым құтылып.
Сонымен сайысымызды қортындылай келе, жеңімпаздарды
анықтадық. «Сәйгүлік» тобының ұпай сандары- 85 , «Тұлпар»
тобының ұпай сандары- 65 . Сонымен жеңімпаз топ « Сәйгүлік»
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! (Марапатталады)
Осымен ойынымыз аяқталды, ойынға қатысып, тыңдағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында
5-9 сыныптар арасында ұйымдастырылған сайыс:
Білгірлер бәйгесі
Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Таматаева Асель Шаймардановна
Риддер қаласы
2017-2018 оқу жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген