Қазақ тілі БЖБ дәптері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі БЖБ дәптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі БЖБ дәптері
Материалдың қысқаша нұсқасы



1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері



Тыңдалым

Айтылым



Оқу мақсаты


3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны


бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму

желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте

толтыру/ мазмұндау

3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және

сөйлеу барысында қолдану

3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)



Бағалау критерийі



Білім алушы


Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтайды және

қолданады


Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді


Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану


Орындау уақыты


20 минут



1-тапсырма

Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында.




Қасқыр – күшті, жыртқыш аң. Оның аяқтары ұзын. Түсі сұр, қара болады.

Денесі итке ұқсайды. Ол иісті жақсы сезеді.

Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді . Қасқырдың баласын «бөлтірік» деп атайды. Қасқыр – дала санитары, өйткені олар ауру және әлсіз жануарлармен қоректенеді.


  • Қасқырды неліктен «дала санитары» деп атайды?

А) Өйткені олардың тұмсығы иісті жақсы сезеді.

В) Өйткені олардың тырнақтары өткір болады.

С) Өйткені олар ауру жануарлармен қоректенеді.

    1. Өйткені олар он бес-он алты жыл өмір сүреді.


  • Кестедегі сұрақтарға жауап бер. Кестеге тірек сөздерді жаз.


Қасқыр қандай

Қасқырдың

Қасқыр қай

Қасқырдың

аң?

сыртқы сипаты

жануарға

баласын қалай


қандай?

ұқсайды?

атайды?






2-тапсырма

Қасқыр туралы әңгімеле. Кестедегі сөздерді қолдан.




3 -тапсырма


Мәтін бойынша бір сұрақ құрастыр.


1._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Сұрақға жауап жаз.

1._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


















































«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері



Оқылым

Жазылым



Оқу мақсаты


3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата,

мақал-мәтелдер) ажырату,баяндау/ сипаттау мәтіндерін


анықтау

3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан

құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/ септік/

жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде

қолдану

3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі

сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас

сөйлем құру



Бағалау критерийі



Білім алушы


Мәтіннің түрін ажыратады

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды


Көптік жалғаулы сөздерді анықтайды


Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі



Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты


20 минут



1-тапсырма

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.



Кәрі әже

Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз болмайды. Оған мектеп оқушылары келіп тұрады. Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды. Ұлдар дүкеннен азық -түлік әкеледі. Әжей балаларға қызық әңгімелер айтады. Олар қызыға тыңдайды.




  • Мәтінге сәйкес сөйлемдерді белгіле ().


Әжейге мектеп оқушылары келеді.



Әжей балаларға тамақ дайындайды.



Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды.




  • Әжей неге үйінде жалғыз болмайды? Белгіле ()



Мектеп оқушылары Балалары бар. Қонақтар келеді.

келеді.







  • Мәтіннің түрін анықта.



сипаттау мәтіні әңгімелеу мәтіні пайымдау мәтіні




Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? Жаз.

______________________________________________________________


2-тапсырма

Мәтіннен көптік мағынада тұрған 2 сөз тауып жаз. Бір сөзбен сөйлем құрастырып жаз.


______________________________________________________________

______________________________________________________________

































«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тапсырма

Тыңдалым


  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.




Жаралы құс

Ажар жаралы құсты көріп, үйге алып келді . Жарасына йод жағып, байлап қойды. Құсты қорапқа салды. Алдына жем, су қойды. Бірнеше күннен кейін құс үйдің ішінде ұша бастады. Ажар құсты далаға алып шықты. Құс ұшып кетті. Ажар оған ұзақ қарап тұрды. Ол қуанды.




  • Мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін көрсет (1,2,3,4,5).




























Сұрақтарға жауап бер. Кестеге тиісті сөздерді жаз.


Ажар үйге қандай құсты

Ажар құсты қалай күтті?

Ажар неге қуанды?

алып келді?










[4]








Айтылым


  1. Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт. Тірек сөздерді пайдалан.


Тірек сөздер: жараланған құс, йод жақты, байлады, ұша бастады, жем, су, жазылды, алысқа ұшып кетті, қуанды

Жоспар:


  1. Жаралы құс

  2. Ажардың қамқорлығы

  3. Қуаныш


    • Ажар қандай қыз деп ойлайсың? Неліктен?




[4]






Оқылым


  1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.


Бір күні Сәлім аулада Әлім деген досымен ойнап жүрген . Үйге қарай қолында таяғы бар ақ сақалды, қарт кісі келе жатты. Сәлім жүгіріп барып сәлем берді. Қарт:


Көп жаса, балам! Атаң сені өнегелі іске үйреткен екен,- деп риза болып қалды. Ол Сәлімнің құрдасы Әлімді көріп:

Балам, сен неге қарт адамға сәлем бермейсің? – деп сұрады.

Ата, мен сізді танымаймын ғой, – деп жауап берді Әлім.

Үлкендерге танымасаң да Сәлім сияқты сәлем беріп, ілтипат көрсетуің керек, – деді қарт.

Әлім ұялып, төмен қарады.



            1. Мәтіннің кейіпкерлерін жаз. ___

            2. _________________________________________


            1. Әлім неліктен төмен қарады? ____


            1. _______________________________________


            1. Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады немесе ұнамады? Неліктен?

____________________________________________________________________


      1. Мәтінге ат қой. _________________________________________________________


    1. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле ().



Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені Сіз деген әдеп, біз деген көмек


[5]


  • Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ().



мақал-мәтел бата әңгіме тұрмыс-салт жырлары




  • Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын сөзді анықта.



әдептілік

қамқорлық

адалдық

мейірімділік





[2]




2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері



Тыңдалым

Айтылым



Оқу мақсаты


3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер

мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі


сөйлемдердің мазмұнын түсіну

3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)



Бағалау критерийі



Білім алушы


Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын

ажыратады


Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді


Ойлау дағдыларының деңгейі



Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты


20 минут



1-тапсырма

Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.


Бірде белгілі ғұлама Альберт Эйнштейн «Қолыңызды бір минут ыстық оттың


үстінде ұстап тұрсаңыз, бұл минут сізге бір сағаттай болып көрінеді, ал сүйікті ісіңізбен айналысуға өткізген бір сағатыңыз бір минуттай болып өте шығады» деген екен.


Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – ол алтын уақытымыз . Ол ешқашан қайта айналып келмейді. Сондықтан да адамдар өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет. Уақытты босқа өткізбеу үшін күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Осы қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілетіңді, күшіңді толық жұмсай аласың.




Мәтіндегі «алтын уақыт» деген сөз тіркесі қандай мағынада қолданылып тұр?

А) уақыттың құны

В) уақыттың қадірі

C)уақыттың пайдасы D) уақыттың бөлшегі


  • Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле ().


Ә рбір минутыңды үнемедеп, дағдылан.



О л ешқашан қайта айналып келмейді.



О л өзінің уақыт кестесін жасады.




  • Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.

    1. Өмірдегі ең қымбат нәрсе ? ____


______

    1. Уақытты босқа өткізбеу үшін не істеу керек? __________

2-тапсырма

Уақыт кестесін құрудың қандай пайдасы бар? Тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеле.


Тірек сөздер:


Күн тәртібін сақтау, бос уақыт, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты дұрыс бөлу, жұмыс пен демалысты реттеу, уақытты босқа өткізбеу.



[10]




«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері



Оқылым

Жазылым



Оқу мақсаты


3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін

нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?)

құрастыру және оған жауап беру

3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-


қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің

мағынасын ажырату, ауызша және жазбаша тілде

қолдану

3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі

сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас

сөйлем құру



Бағалау критерийі



Білім алушы


Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап

береді


Заттың сынын білдіретін сөздерді орынды қолданады Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану


Орындау уақыты


20 минут




1-тапсырма


Мәтіндерді оқы. Мәтіндер қай стильде жазылған? Сәйкестендір.



«Хан Шатыр » - Астанадағы сауда, ойын-сауық орталықтарының бірі. Ол 2010 жылы ашылды. Бұл әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып саналады. Оның ішінде сауда орындары мен ойын - сауық кешендері, мейрамханалар бар. Жобаның авторы - Норман Фостер.







Жазда біз Астанаға саяхатқа бардық. Қалада әдемі ғимарттар көп екен. Маған «Хан Шатыр» орталығы ұнады. Ол үлкен киіз үйге ұқсайды. Ішінде көптеген ойын алаңдары, кинотеатрлар бар. Біз жасанды жағажайда демалдық. Кино көрдік. Саяхат көңілді болды.






көркем мәтін ғылыми - танымдық мәтін



Мәтіндерді салыстыр. Олардың қандай ұқсастығы бар?






_________________

  • Қандай? қай? қашан? қайда? сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.




2-тапсырма

Суретке қара. Бөлмені 4-5 сөйлеммен сипаттап жаз.























_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым


  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.




Астанада «Думан» ойын - сауық орталығы бар. Ол 2003 жылы ашылды. Бұл - Қазақстандағы жалғыз мұхитарал. Оған жыл сайын Қызыл теңізден 120 тонна тұз әкеледі. Мұхитарал - үлкен және әдемі кешен. «Думанда» 3 үлкен көрме және 31 аквариум бар.


Бүгін жексенбі. Біз отбасымызбен «Думанға» бардық. Кассадан билет алып, ішіне кірдік. Онда акулалар, неше түрлі балықтар, тасбақалар мен сегізаяқтар бар екен. Біз оларды көріп, тамашаладық.





  • Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.



үш үлкен __________________________



«Думанда» отыз бір __________________________ бар.


неше түрлі _______________________



Керекті сөздер: аквариум, көрме, жануарлар


  • «Думанға» жыл сайын қанша тонна тұз әкелінеді? Белгіле ().


31 120 3

[6]

Айтылым


Жұптық жұмыс



  1. «Еліміздің ғимараттары» тақырыбында диалог құрастыр. Сипаттау сөздерін қолдан.






[5]


Оқылым Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.




Құмырсқа мен қоңыз бір сыныпта оқып жүрді. Құмырсқа жақсы оқиды. Ал қоңыздың күнделігі нашар бағаға тола берді. Бір күні ол құмырсқадан:


  • Сенің жақсы оқуыңның сыры неде? – деп сұрады.


  • Оның сыры уақыт кестесінде, - деді құмырсқа.


  • Уақыт кестесі деген не? – деп таң қалды қоңыз.


  • Ол уақытты дұрыс бөлу, тиімді пайдалану, - деді құмырсқа.


Қоңыз өзінің уақыт кестесін жасады. Бірақ оның көп бөлігін ойынға арнады.




  • Құмырсқа неліктен жақсы оқыды?_______________________________________


  • Әр кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты бір сұрақ құрастырып жаз.













  1. Өзің құрастырған сұрақтың біреуіне жауап жаз.___________________________

____________________________________________________________________

[5]

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі