ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тақырып бойынша 27 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдаса, ҚР 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген. Ендеше, Елбасының «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген сөзі әрбір адамды ойландыруы тиіс. Өйткені мұғалім еңбегінің нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.

Елбасы Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болмақ. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге әбден болады. Білім – қоғамды әлеуметтік мәдени-ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, жоғары құндылық.

Мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу – білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.

Егеменді еліміздің білім беру ісінде түбегейлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Оны жүзеге асыратын-мұғалім. "Мектептің жаны- мұғалім",- деп А.Байтұрсынов айтқандай жан - жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру заман талабына сай рухы өр, діні таза азамат тәрбиелеу ұстаздан үнемі ,тымбай ізденуді талап етеді.

Білім мен тәрбие егіз ұғым. Білім - парасаттылыққа, тәрбие-адамгершілікке уағыздайды. "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы" деген ұлы ғұлама әл-Фарабидің даналық сөзінің мағынасы терең.

Білім мекемесі қашанда оқу - тәрбие ордасы болған. Орта мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік өмірлік мәні бар. Дегенмен, орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алар орны, оның маңызын ешқандай өлшеммен өлшеуге болмайды.

Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз саплы білім, саналы тәрбие беруді ұлттық тәрбиеден қарастыруды тиімді деп есептеуіміз қажет. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европа мен американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Ұлттық тәрбиеде, әсіресе, ана тілі байлығының алар орыны ерекше екені белгілі.Осыны ескере келе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында тек қана теориялық білім беріп қана қоймай, ұлттық үрдісімізден хабар бере отырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете назар аударуға тырысу керек.

Бүгінгі күні барша қазақ тілі мен қазақ әдебиеті ұстаздар қауымының алдында тұрған басты міндет білім мен тәрбие берудегі озық ұстанымдардың ұлттық тәрбие құндылықтарымен байланыстыра отырып, әр оқушының қабілетін, талантын ашу, өзіндік ұлттық тәрбиесі мен санасын қалыптастыру.

Себебі Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан ұлттық тәрбие негізінде оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру басты міндет болып табылады.

Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой - пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын - жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану.

Оқушылардың ішкі дүниесін, оның рухани – адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттер, құлықтылық үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. Ұлттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.

Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мектеп, жоғарғы оқу орындарының тәрбие жұмыстарының негіздеріне кірді. Тәрбиелік жұмыстар коммунистік идеологияға негізделіп, оқу-тәрбие жұмыстары негізінен орыс тілінде жүргізілуіне байланысты қазақ тілі біртіндеп өмірден шеттеле бастады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда. Егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық тәрбиесі айқын көрінуге тиіс.

Ұлттық қасиеттерімізді ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілік пен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан оқушылар ұлттық тәрбие құндылықтарымен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық тәрбие беруіміз керек. Ұлттық тәрбие құндылықтар құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тағы басқалар.

Әлемдегi барша халықтың өкiлдерi - өз бойындағы барлық асыл қасиеттері мен құндылықтарын өскелең ұрпағының санасына сіңіруді ғұмыр бойына мақсат етіп келеді. Классикалық жазба әдебиет пен халықтық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тартымды кейіпкерлердің бойындағы ізгілік, махаббат, бақыт, өмір мен бостандық үшін күрес, әділдікті, шыншылдықты, адалдықты жақтау, елін, жерін сүю, еркіндік пен адам құқын қоғау, біріншіден әр ұлттың бойындағы бар асыл қасиет болып саналса; екіншіден ол барлық ұлттарға, бүкіл өркениетті адам баласына тән гуманистік қасиет.

Елбасы атап өткендей әлемнің дамыған 50 мемлекеттерінің алғы көшінен көрінуге бағытталған ұлы мұратының бірі – сапалы білім мен саналы тәрбиені бойына жиған дарынды тұлғаның қалыптасуы екені анық. Өскелең ұрпақтың өзінің туған Отанына деген шынайы сезімі, ұлттық мақтанышы, азаматтық жауапкершілігінің оянуы – ұлттық тәрбие арқылы жүзеге асары һақ.



.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.04.2025
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі