ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖІНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Ертіс ауданының білім беру бөлімі
«Абай жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
оқу сауаттылығын арттыруға арналған
жұмыс дәптері
(5-7 сынып оқыту қазақ тілінде емес)
Құрастырған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бахриденова Айнагуль канашевна
Голубовка ауылы 2025 ж
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
оқу сауаттылығын арттыруға арналған
жұмыс дәптері
Түсінік хат
Қазіргі қарқынды дамыған заманда «сауаттылық» ұғымының аясы кеңейіп келеді. Қарапайым сауаттылық ұғымына жататын адам баласының оқи, жаза және есептей білу дағдыларымен қатар, «функционалды сауаттылық» ұғымы белсенді қолданыла бастады. «Оқу сауаттылығы» адам баласының қоғам өміріне араласу үшін жазба мәтіндерді түсініп және оған рефлексия жасай білуін, оның мазмұнын өз мақсаттарына пайдалана алуын, білімі мен мүмкіндіктерін дамытуын білдіреді [3].
Оқу орыс тілінде жүретін
мектеп оқушыларына арналған жұмыс дәптері қазақ тілі мен әдебиеті пәні
бойынша оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда оқыту үдерісінде
қолданылатын тиімді тапсырмалар түрі көрсетілген.
Қазақ тілі сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту жұмыстары әр сабақ
сайын қарастырылуы зор нәтиже береді. Оқушылар күнделікті
шығармашылықпен айналысып, өзіндік пайымдауға
дағдыланады.
Қазақ тілі пәні бойынша ұсынылып отырған бұл тапсырмалар жинағы қазақ тілінен емтихан тапсырғанда, әсіресе тыңдалым мен оқылым бөлігіне арналған көмекші құрал қызметінде пайдалануға болады.
Мақсаты: оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу.
Міндеттері:
-
мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;
-
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;
ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау. Оқу бағдарламасына сай қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқылым материалы ретінде баспа өнімдерімен қатар (оқулық, газет-журнал, т. б. материалдар) электронды нұсқадағы мәтіндерді қолдану, олармен жұмыс жүргізу ұсынылады. Себебі ақпараттық құралдардың кеңінен қолданыла бастауына байланысты оқушылардың АКТ дағдыларын тиімді пайдаланып, цифрлық мәтіндермен де жұмыс жүргізе білуі аса маңызды
Бұл тапсырмалар оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған және берілген тапсырмалар оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, қорытынды аттестацияларға дайындауға көмектеседі. Сонымен қатар берілген мәтіндер ұлттық құндылықтармен таныстырып қана қоймаймай оны құрметтеуге негізделген. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне, ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.
Денсаулық туралы
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең
бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.
«Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. Денсаулықты сақтап, оны
үнемі нығайтып отыру керек, - дейді ғалымдар мен биологтар.
Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.
Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға
жолатпау – адамдардың өз қолында. Денсаулықтың нашарлауына көңіл-
күйдің де әсері зор.
Денсаулықты қалай сақтау
керек? Аурудың алдын алу шараларына не жатады? Осы сұрақтарға жауап
беру – валеологияның міндеті. Валеология – денсаулық және салауатты
өмір сүру салты туралы
ғылым.(84с)
1. Мәтінге сәйкес келетін тақырыпты таңдаңыз
|
Мәтін |
дұрыс |
бұрыс |
|
Денсаулық – баға жетпес байлық |
|
|
|
Сауауатты өмір салты |
|
|
|
Денсаулықты үнемі нығайтып отыру керек емес |
|
|
|
Денсаулық – адам өміріндегі баға жететін бағалы дүние |
|
|
.
Мәтіндегі негізгі ойды ашатын мақал-мәтелді таңда
-
Ер қанаты- ат.
-
Денсаулық – зор байлық
-
Көз қорқақ, қол батыр.
-
Күш – білімде.
-
Еңбек етсең емерсің.
2-мәтін
Дәулеттің отбасы жазда
Бурабайдағы демалыс үйлерінің бірінде демалды. Олар тоқтаған
демалыс үйі «Алтын орман» деп аталады. Жаздыгүні орман іші керемет
әрі тыныш. Олардың отбасы орман аралап, көлде шомылғанды
ұнатады.
Таңертең күн салқын
болды. Олар орман аралады. Саңырауқұлақ теру үшін себеттерін ала
шықты. Орман ішінде саңырауқұлақтар мен гүлдер өте қалың өсіпті.
Көп ұзамай олардың себеті саңырауқұлаққа толды. Орманда қарағайлар
мен шыршалар көп өседі. Әртүрлі құстардың үні де естіледі. Түстен
кейін күн өте ыстық болды. Олар көлге шомылуға барды. Көлдің суы
жылы әрі таза. Жағажайда демалушы халық көп.
Бурабайдың ауасы да, суы да тамаша! (92
сөз)
-
Мәтіннің тақырыбын анықта
______________________________________________________________________
Сәйкестендіру
Орманда аралады.
Таңертең қарағайлар мен шыршалар көп өседі
Құстардың «Алтын орман»
Демалыс үй үні естіледі.
Олар орман күн ыстық болады
-
Мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтелдер
-
Денсаулық- зор байлық
-
Ел боламын десең бесігіңді түзе
-
Жігітке жеті өнер де аз болады.
-
Ырыс алды – ынтымак.
-
Ел іші алтын бесік.
Қолқанат
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін
тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен
бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй
шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік
алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып
кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі
кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады,
шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің
күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай
жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз
есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп
жатып:
- Қолқанатым менің! -
дейді.
1. Сәкеннің мінезіне
лайық сөздерді табыңыз.
A. суық, өткір, қатал, сараң
B.тапқыр, ақылды, пысық, елгезек
C. бауырмал, қамқоршы, мейірімді, ұқыпты
D. іскер, жауапты, адал, еңбекқор
E. қатал, сараң, қамқоршы,
мейірімді,
2. Мәтінге сәйкес мақалды
белгілеңіз.
A. Жаман туыстан жақсы таныс артық.
B. Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
C.Өле жегенше, ағайынмен бөле же.
D.Үйің жаман болса, күйің жаман.
Е. Отансыз адам –ормансыз
бұлбұл
мәтін
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті.
Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.
Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа
ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта
келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет
келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемейді,
табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме
жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
1. Мәтінге қандай ат
лайықты?_______________________________________________________________________________________________________________________________________
Қожаның мінезіне лайық сөздердің астын сызыңыз.
өсекші, өтірікші, қатал, сараң, тапқыр, ақылды, қу, әділ, білімді, жуас, тұйық, қыңыр
іскер, пысық, алаяқ, арам, қу, әділ, алаяқ, арам
3. Мәтінге сәйкес мақалды
белгілеңіз.
A. Үйінде қартың болса — асыл қазынаң
B. Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы
C.Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
D.Үйің жаман болса, күйің жаман
E. Сенің үйің- менің үйім
5. Мәтінде қандай қазақ
ұлттық киімі туралы не айтылған? Өз сөзімен
жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ақселеу
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі
– Ақселеу де, екіншісі – Абыз.
Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе
сырқаты (астма) болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара
төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп
қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді. Ақселеу жерден бір шыбық
алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым
болды.
Ә) Абыз Ақселеудің жанына
келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,-
деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып,
мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,-
деді Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін
тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
1. Мәтінге сәйкес ойды
белгілеңіз.
|
Сөйлем |
+,- |
|
Нағыз дос басыңа қауіп түскенде білінеді. |
|
|
Достар әрқашан бірге жүреді. |
|
|
Аңқау бала ештеңе істемей тұрып қалады. |
|
|
Батыл бала қорқып қашпайды. |
|
Ақселеудің мінезіне лайық
сөздерді табыңыз
жұмсақ, аңқау, ашық ауыз, жуас, мейірімді, батыл, бауырмал, азамат,
тұйық, қыңыр, сараң, қорқақ, пысық, сөзшең, арам, қу, cараң,
жомарт, шешен
Мәтіндегі антонимдерді
табыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтіннің
тақырыбы?
A. батылдық
B.қулық
C.достық
D.туған жер
E.жаз
Домбыра
Домбыра - қазақ халқының өте
ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық
музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ»
деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен
2,5 ғасыр бұрын табылған
таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт
қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп
ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір,
он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен
келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып
келеді. Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ
даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр
түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра
көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында
кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт
пернелі болып келеді. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес,
батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын
орындауға болады.
1. Мәтінге сәйкес емес ақпартты көрсетіңіз.
-
Домбыра байырғы пішінінен әлі өзгермеген
-
Домбырада перне саны әр түрлі болады.
-
Домбырада тек күйлерді орындауға болады.
-
Домбыраны бүтін ағаштан жасайды.
-
Үш ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап
2. Мәтіннің көздеген мақсатын анықтаңыз.
-
Ұлттық аспап түрлерін таныстыру
-
Ұлттық аспапты насихаттау
-
Ұлттық аспаптың ерекшелігін айту
-
Ұлттық аспаптың тарихын айту
-
Танымал туындыларын орындау
3. Домбыраның үні дұрыс берілген жолдары
-
Аспап үні салқын, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
-
Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымсыз әрі жұмсақ болып келеді.
-
Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі қатты болып келеді.
-
Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
-
Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі қатал болып келеді.
4. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз
-
Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра
-
Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
-
Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра
-
«Кішкене садақ».
-
Аспап әр түрлі болады
5.Домбыраның ең алғаш суреті қай жерден табылған?
-
19 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген
-
Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған
таста қашалған суреті -
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған
таста қашалған суреті -
Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 3,5 ғасыр бұрын табылған
таста қашалған суреті -
Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 1,5 ғасыр бұрын табылған
таста қашалған суреті
Қазан айы
Қазан айының соңғы күндері. Құстар топ-топ болып тізбектеліп, жылы жаққа қайтып жатқан-ды. Мен ұлым Қазтайды ертіп, Егіндібұлақ көлінің жағасына келіп, табиғаттың күзгі көрінісін тамашалап тұрғанмын. Аспанда жападан-жалғыз ұшып бара жатқан қоңыр қазға көзім түсті. Ол ауық-ауық аянышты дыбыс шығарып барады.
- Әке, мынау құс не деп барады? Неге жалғыз қалған? – деп сұрады Қазтай.
- Бұл – қоңыр қаз. Жылы жаққа қайтқан өзінің тобынан қалып қойғанға ұқсайды. Енді не істерін білмей жетімсіреп, басына қауіп төнген түрі бар сияқты.
- Әке, ол басқа құстардың тобына неге қосылмайды?
- Қосылуы қосылар еді-ау, бөтен құстар өзінің тобына ала ма?
Осы сәтте тыраулаған тырналар сән түзеп, жылы жаққа кетіп бара жатты. Қоңыр қаз соңдарынан ілесе беріп еді, бір-екі тырна бөлініп шығып, қазды қуып тастады.
Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай аққулар тобы өте берді. Қоңыр қаз: «Түбі бір туысың емеспін бе, мені де қосып алыңдар», - дегендей қаңқ-қаңқ етіп, оларға жанаса беріп еді, бір-екі аққу бөлініп шығып, қазды қуып жіберді.
- Әке, мына аққулар да жалғыз қазды тобына қоспады ғой, - деп Қазтай құсты аяп кетті.(173 сөз)
1.Мәтіндегі жыл мезгілін анықтаңыз.
А. Жазғы кезде
В. Қыста көлде
С. Күзгі көрініс
D. Көктемгі құстар әрекеті
Е. Алтын
күзде
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз
Осы сәтте ...... сән түзеп, жылы жаққа кетіп бара жатты.
А. Қоңыр қаз
В. Құстардың тобы
С. Тыраулаған тырналар
D. Аққулар тобы
Е. Бөтен
құстар
3.Мәтіндегі баланың атын табыңыз
А. Егіндібұлақ
В. Қазтай
С. Еркебұлан
D. Қаратай
Е. Нартай
4. Мәтінге сәйкес нұсқаны
анықтаңыз
А.Құстар топ- топ болып жылы жақтан келіп жатқан-ды.
В. Әкесі Қазтаймен түнгі аспанды тамашалап тұрған.
С. Басына қауіп төнген түрі бар сияқты
D. Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай шағалалар тобы өте берді.
Е. Аққулар да жалғыз қазды
тобына қосып алды.
5. Мәтінге сәйкес тақырыпты
таңдаңыз
А. Аспандағы құстар тізбегі
В. Жалғыздың үні шықпас
С. Аңға шыққан отбасы
D. Басқа құстардың тобына қосылу
Е. Ержүрек қаз
Шаңырақ құру
Жалпы, шаңырақ құру – күллі адамзаттық дәстүр екені түсінікті.
Бірақ жер бетінде қанша халық болса, бұл дәстүрдің сипаттары да
соншама сан алуан. Өйткені әр халық өзінің шаңырақ көтеру қуанышын
өз тұрмыс-салттарына лайықтап, өздерінше қызықтауға тырысады. Осы
үрдісті қазақ халқы да ғасырлар бойы өзгеге ұқсатпай, өздерінше
дамытқаны анық. Олай болса, қазақтың шаңырақ көтеру сәтіндегі
өзіндік ерекшеліктері бар.
Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, жаңадан көтерілер шаңырақтың
мақсаты мен мәні ең әуелі тегіне орай үндестіріліп, ата-ананың
ризашылықтарына негізделіп шешілетін. Мұнда негізгі қағида ретінде,
тектілік пен адамгершілік парыздары бағдарға алынатын. Сондықтан
бұл дәстүрді қазақ халқы сонау ерте ғасырлардан бері қарай жеті
атаға дейін қыз алыспау салтымен орайластыра білгені
белгілі.
«Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын
білгендер, бүгінгінің нарқын ұғады»,-деген болатын Ғабит Мүсірепов
атамыз. Халқымызда бұрыннан бар, әдет-ғұрып, дәстүрге мүмкіндігінше
қанық болғанымыз жөн.
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі бір ғана бала тәрбиесіне
байланысты кәде-жоралғы бойынша даналық кітабын жасаса, кейінгі
ұрпаққа асыл қазына ретінде тарту етуге тұрарлықтай кітап шығар
еді. Мәселен, өмірге ұрпақ жалғасы нәресте келгендегі ел қуанышының
жарқын көрінісі – сүйінші, көрімдік сұрау, байғазы беру өте жарамды
дәстүр емес пе? Сол перзентке арналған шілдехана, балаға ат қою,
бесікке салу, бесік жыры, бесік тойы, нәрестені қырқынан шығару,
тіл ашар, тұсау кесер, атқа мінгізу, сүндет тойы – осының барлығы
халқымыздың тот баспайтын асыл қазынасы.
1. Мәтінге сәйкес
мақал-мәтел.
A. Кемедегінің жаны
бір.
B. Кең болсаң, кем болмайсың.
C. Ырыс алды - ынтымақ.
D. Отбасы- ар-намыс, қуаныш пен бақыт, тілек пен үміт
ұясы.
Е. Ар- ұят анадан, ақыл-ой данадан.
2. Сөйлемді
жалғастырыңыз.
Әр халық шаңырақ құру салтын ... .
A. Жағдайына қарай лайықтайды
B. Даму жағдайымен байланыстырады
C. Әдет -ғұрпына қарай ыңғайлайды
D. Жалпыңа ортақ салты бойынша
қызықтайды
Е. Тот баспайтын асыл
қазынасы.
3. Мәтінде қандай салт- дәстүр туралы
айтылған?
А. Атқа мінгізу
В. Шаңырақ көтеру
С. Тұсау кесу
D. Тілашар
Е.Қырқынан шығару
Ғабит Мүсіреповтың
сөзі.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5.
Қазақтың шаңырақ құрудағы
негізгі салты – ... _______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Халқымызда бұрыннан бар, әдет-ғұрып, дәстүрге
________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұлдар
Ата- бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш,
малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп
тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі
адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан
бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң
аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі
тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне
баулыған. Әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның
алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Ежелден мал бағып, айға қарап, жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсімдіктің түр-түсін ажырата білуге, қараңғы түнде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке – отбасының басшысы, оның мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез- құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі – ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы.
Отбасының әкелері мен аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген.
-
Қазақ халқының ұлды тәрбиелеудегі ерекшелігі
-
Күйші, әнші болуға
-
Тек қана мал шаруашылығына көңіл бөлуге
-
Бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен
-
Қажетті бұйымдарды ғана жасауға
-
Отбасының тірегі ғана болуға
-
Қандай тақырып сәйкес келеді?
-
Ана көрген тон пішер
-
Ата көрген оқ жонар
-
Ата мен әке
-
Шеберлікке баулыған
-
Өнерлерін тарату
3.Сөйлемді аяқтаңыз.
Отбасының әкелері мен аталары .... тәрбиелеуге көңіл бөлген
-
Оларды өзіндей мерген
-
Мүшелерінің тірегі
-
Тәрбиелеуді мақсат еткен
-
Отбасының басшысы
-
Отбасындағы ұл
4.Ұл тәрбиесіндегі кімнің орны ерекше
-
Әке – шешесінің
-
Анасының
-
Өзінің
-
Әке мен атасының
-
Апасының
5.Аспандағы жұлдызға қарап, нені табуға болады
-
Өзгелермен қарым – қатынас жасауға
-
Ұлгі – өнеге алуға
-
Мал жаюға
-
Қоныс-суды дәл табуға
-
Азамат болуға
мәтін
Қайырымды әпке
Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Мамасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге ескертті. Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне сұй құйды. Қатқыл тартқан гүл түптерін босатты.
Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады. Су бетіндегі қалытқы тұңғиыққа тастай батып кеткенде, қармағына іліккені жайын балық болатын. Ал табан балықтар қалытқыны тартқылап, Дәуреннің епшілдігін сынағандай болды. Дәурен бос келген жоқ. Әсіресе, биылғы жылы қолының ебі бар екендігін достары да байқап, өзара әңгіме арасында мақтайтындарын айтсаңшы! Дәурен бұған мәз.
Балық аулаймын деп күннің түс ауып кеткенін Дәурен кеш байқады. Мамасының сөзі есіне түсті:
–Ау, достарым, мен үйге қайттым. Мамам «малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.
Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.
– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.
– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.
– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.
– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп.
Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.
Жұмыстан оралған мамасы Гүлнәр мен Дәуреннің үйді ұқыпты ұстағанына, малдарды тоқ тұтқанына, әрі тазаланған балыққа көңілі жадырады. Дереу кешкі тамаққа әзірленді. Енді бір сәтте Дәуреннің қайырымды әпкесі темір табаға май құйып, балықтарды қуырып жатты. (250 сөз)
-
Мәтінге сәйкес келген мақал-мәтелдер
-
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
-
Бала ата-анасының қамқоршысы
-
Жігітке жеті өнер де аз
-
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл
-
Денсаулық-зор байлық
2.Дәуреннің әрекеті
-
Екі сиырдың алдына шөп салды.
-
Балық аулады
-
Еденді таза шүберекпен сүртті
-
Гүл түптерін босатты.
Е. Үй гүлдеріне сұй құйды
-
Мәтіндегі тірек сөздер
-
Жұмыс, балық, әпке
-
Балық, шелек, қол
-
Тамақ, сиыр, қора
-
Әпке, үй, түс
-
Мал, кеш, балық
-
Мәтіндегі кездескен кейіпкерлер
-
Гүлнәр, Айгүл
-
Қарлығаш, Айгерім
-
Гүлнәр, Дәурен
-
Дәурен, Алтынай
-
Айгүл, Қарлығаш
-
Жұмыстан оралған мамасысының неге көңілі жадырады?
-
Құдықтан су әкелгендеріне, үйді ұқыпты ұстағандарына
-
Көйлектерді жуғандарына, малдарды тоқ тұтқанына
-
Көмек көрсеткендеріне, әрі тазаланған балыққа
-
Үйді ұқыпты ұстағанына, малдарды тоқ тұтқанына, әрі тазаланған балыққа
-
Құдықтан су әкелгендеріне, көйлектерді жуғандарына
мәтін
Жолдыаяқ – ақылды ит
Жолдыаяқ екеуіміз бұта-жыңғылдардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым. Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім. Бір қызығы, Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, бұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді, өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай-ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдарлай алғанын білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істейін» дегендей, мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр-шыр етіп, қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады. Мен оны қатты аяп кеттім.
– Жолдыаяқ, болды енді, тиіспе!- деп дауыстадым итіме. Сол-ақ екен, Жолдыаяқ оны әурелеуін қойды. Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне-өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бір бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісінен асып, көзден ғайып болды.
Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті.
1 Өз итің туралы сөйлем құрастырыңыз_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
14-мәтін
Торғай мен адам
Өткен заманда бір саясатшы тор құрып қойса, торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп былай депті:
– Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсалықпен өлемін. Мені еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, – депті.
– Кәне, ақылыңды айт, – депті адам.
– Жарайды, бір ауызын қолында, бір ауызын жерге түскен соң айтайын. Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда, өкпем қысылып ештеңе айта алмаймын, – депті торғай.Аңшы босатыпты. Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші-көзбен көрмей сенбе! – депті. Торғай анадай жерге қонып отырып: – сен ештеңені білмедің, менің бөтекемде жұдырықтай гауһар бар еді, – дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты. Торғай әр жерге ұшып қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң, адамға былай дейді: «Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтекеме ондай зат қалай сыяды? Бұл бір. Екінші – мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе» – деп ұшып кетті.
1.Мәтінде қандай нақыл сөз айтылған?
-
Қапасқа салсаң құсалықпен өлемін
-
Өткен іске өкінбе, көзбен көрмей сенбе!
-
Менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді.
-
Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің.
-
Торғай әр жерге ұшып қонып ұстатпайды.
2.Адамның торғай айтқан нақыл сөзді ұқпағанын қайдан білуге болады?
-
Адам торғайды жіберіп қойды.
-
Адам торғайды қуа жөнелді
-
Адам торғайдың сөзіне сеніп қалды.
-
Торғайдың сөзіне алданып қалды.
-
Адам торғайды қамап қойды
3.Берілген мәтіннің жанры қандай?
-
Ертегі
-
Аңыз
-
Мысал Г.
-
Мақал
-
Әңгіме
4.Мына пікірлердің қайсысы мәтін оқиғасының қорытындысына сәйкес келеді?
-
Торғай өз ақылының арқасында ажалдан құтылды.
-
Адам ақымақ болған соң торғайды қуды.
-
Торғай адамды ақылды еткісі келді.
-
Өткен іске өкінбеу керек.
-
Торғайды жібермеу керек.
5.Мәтінге сәйкес келетін тақырыбы
-
Ақымақ адам
-
Ақылды торғай
-
Аңшы
-
Жұдырықтай гауһар
-
Ақымақ торғай
Сәлем – сөздің анасы
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті.
Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады.
Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. Алыс пен жақынды танытатын, жақсыдан үлгі алдырып, көңіліндегі ой-түрткі сезімдерден арылтатын сәлем емес пе?!
Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.
Cәлемдесу дегеніміз шынына келгенде, достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір күн немесе әңгіме сәлемдесуден басталады. Қалай амандасу керек? Сәлемдескенде сөзді анық, айқын айту керек. Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Амандасатын адамыңның көзіне қарау керек. Жас адамдар жасы үлкен, құрметті адамдарға амандасқанда иіледі. Сыпайы, достық пейілді сәлемдесуге нақ солай жауап қайырады. Әрине, таныс емес адамға қарағанда, жақын танысымен немесе досымен жақын, неғұрлым ақжарқын және жылы амандасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді.
Мәтіннен алған әсеріңізді 6-7 сөйлеммен білдіріп, өз ойыңызды жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сыйлық сыйлау
Әлемде сыйлық алғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады.Алайда әрбір сыйлық алған сайын бір міндет туындайтын сияқты болғандықтан, сыйлық сыйлау әлдеқайда қызығырақ. Сыйлық әрқашанда қуаныш әкеледі.Ол әрқашанда құрмет пен сыйласымдық белгісі.Оның таңдалуы әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты.
Сыйлық таңдау кезіндегі көңіл аударарлық жай болып оның бағасы саналады. Қымбат сыйлықпен адамды ыңғайсыз жағдайға қойып қалу мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.Соған байланысты кейбір елдерде сыйлықтын бағасы белгілі бір сомадан аспауы керек.Бұл әсіресе АҚШ-та маңызды рөл атқарады.Тіпті Л.Джонсон президенті билігі кезінде "Қызметкердің этикалық кодексі" қабылданды. Кодекс регламенті бойынша қызметшіге сыйлаған сыйлықтың бағасы отандастар үшін 20 доллардан, ал шетелдіктер үшін 225 доллардан аспауы керек.Сол сияқты декларациялар басқа да бірқатар елдерде қабылданды.
Сыйлықты адамның талғамына, қызықтыратын заттарына, өмір салтына және де хоббиына байланысты таңдау керек.Сонымен қатар ол оқиғаға, адамның жынысына және қарым қатынасыңызға да байланысты.Сыйлық сыйлау алдында оны алдын ала ойластырып алғаны жөн.Асығыста таңдалған сыйлық-сыйлық емес.Ал үйдегі керегі жоқ затты сыйлаған мүлдем этикет нормалары қатарынан тыс жайт.
Сыйлық сыйлау процеесіне де көңіл аударған жөн.Оны құр тез бере салу этикет нормаларына жатпайды.Оны әдемі және де сыпайы түрде сыйлау қажет.Сыйлық сыйлаудың алтын ережесіне сәйкес сыйлаған адамға сыйлықты таңдаған өте ауыр болғаны және бағасының қымбаттығы жөнінде айтуға мүлдем дұрыс емес.
1.Мәтінге жоспар құрыңыз
Кіріспе бөлім___________________________________
Негізгі бөлім____________________________________
Қорытынды бөлім________________________________
2.Сыйлық сыйлау туралы өз пікіріңізді 5-6 сөйлеммен беріңіз
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мектеп өмірі
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді, шын мәнінде, жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебіммен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарым үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтсе де, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!
Мәтінді түсініп оқы. Осы мәтінге сүйене отырып, өзіңнің сезімің туралы жазыңыз.________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала» (әңгіме)
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: − Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне: − Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,- деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: − Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. 1-тапсырма Әңгіме мазмұны үшін маңызы қандай?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Берілген тұжырымға қатысты өз көзқарасыңды білдіріп, ойыңды дамытып жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Пайдалынған әдебиеттер
-
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жылғы 25 маусым.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2015ж.
-
Г.Х. Сейсекенова,. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал», 2010 ж.
-
«Қазақ тілі дидактикалық материалдар». Алматы, Атамұра, 2012 ж.
-
Қ.Сайлаубаева, «Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал», 2012 ж.
-
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметі отырысында сөйлеген сөзі. Астана. 2012 жылғы 11 қыркүйек.
-
Ергешбаева. Ш.Н. «Мүдде мен мақсат – жарқын болашақтың кепілі». // Өрлеу – Шымкент №1 (7) 02.2014ж.
-
. Кәрімқызы Ж«Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар», Алматы, 2013 ж.
-
Диханбаева Ж.«Сын тұрғысынан ойлау мен дамыта оқыту», «Дауыс және көрініс» №3, 2011 ж.
-
РІSА халықаралық зерттеуі, әдістемелік құрал. Астана: ҰББСБО, 2013.
-
Сурдуковская С. В. бейіндік мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру білім беру сапасын арттыру шарты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқу сауаттылығын арттыруға арналған жұмыс дәптері

шағым қалдыра аласыз