жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№20 орта мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа баулу
Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушыларды шығармашылыққа баулу.
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың ойын,көзқарасын еркін айта білуге, шығармашылық ізденіске, жүйелеп жазуға, пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімін көтеру.
СТО жобасының стратегияларының сабақ үдерісінде қолдану арқылы шығармашылық деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
СТО жобасын оқып үйрену;
Сабақтың әр кезеңіне стратегияларды топтастыру, жүйелеу;
Оқу үрдісінде қолдану
Сын тұрғысында ойлайтын тұлғаны қалыптастыру;
Ынтымақтастықпен жұмыс жасайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын бүгінгі заманға сай азамат тәрбиелеу.
Бүгінгі таңдағы білім саласы мен мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс- әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау. Сондықтан, оқушының шығармашылығын дамытуда ұстаздарға жүктелер міндет те жоғары.
Әр ұстаздың алдындағы ізгі мұраты- өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық бағытқа жетелеу. Шығармашылық дегеніміз өзі ізденімпаздықтан туады. Негізгі мақсаты- баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу.
Бірнеше жылдық жұмысым кезінде алдымнан неше түрлі оқушылар өтті. Адам баласының бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты шәкірттерім де бір- біріне ұқсамайтын, бір- бірін қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар еді. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да, ең тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да, қанша сүйресең де алдыға баспайтын жалқауы да болды. Бірақ барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуға тырыстым. Мұғалімдерімен пікірлестім. Олар балаларда нақты білім барын, бірақ өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтарын айтты. Содан бастап тіл дамыту
жұмысына көңіл бөле бастадым. Осы жерде маған көмекке сын тұрғысынан ойлау (СТО) жобасы келді.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақ үрдісінде үйрету.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсінемін. Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс- тәсілдері білім алушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де,терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушы сын тұрғысынан ойлайтын білім алушымен салыстырғанда нәтижесі көрінеді.
Сын тұрғысынан ойлау- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушы мұғаліммен, топтағы оқушылармен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір- бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
оқушыларға ойланып- толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау;
оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
Ал, оқушылардан осыған байланысты:
сенімділікпен жұмыс жасау;
бар ынтасымен оқуға берілу;
пікірлерді тыңдау,құрметтеу;
өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйретеді.
Осы шараларды орындай отырып, жұмысты әр баланы зерттеуден бастадым. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата- анамен, кітапхана, қоршаған ортасы, сабақ үдерісі арқылы тіл дамыту.
Оқушылармен жұмыс жүргізілген соң ата- аналармен пікірлестім. Оларды алға қойған жұмыс жоспарыммен таныстырып, көмек беруге шақырдым. Баланы ата- анадан артық ешкім білмейді ғой. Сол себепті олардың пікірлерін тыңдап, бала туралы ата- аналардан мәлімет алдым. Отбасы мүшелерінің қарым- қатынасы, баланың отбасындағы орны, бейімділігін анықтадым.
Екінші жұмыс түрін кітапханамен байланысты нығайтудан бастадым. Оқушыларды кітапханаға келген жаңа кітаптармен таныстыра отырып, кітаптар тізімі жасалады. Келесі жұмыс достарымен, айналасындағы адамдармен сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Амандаса білу, қонақ қарсы алу, телефонға жауап беру, жөн сұраған адаммен тілдесе білу, тәрбие жұмысы үдірісінде осындай бағыттармен жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім.
Еліміз өркениеттілікке ұмтылып отырған кезде ойыма еріксіз мына сөздер оралады.
«Өркениеттіліктің басты міндеті- адамды ойлай білуге үйрету»
(Эдисон)
Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып, бала тілін дамытуға жол саламыз. Қазір Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында, оқушыларды оқуға, жазуға ғана емес, ойлауға үйретеміз.
Оқушылар ойлауға үйренуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе,РАФТ, INSERT, болжау, қолжазба күнделігі, еркін жазу, кубик, дөңгелек үстел, қолжазба, дәлелді эссе сияқты стратегиялардың берері көп.
Мысалы , 5- сынып оқушысы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы бойынша «Жамбыл атаға хат»
«Құрметті Жамбыл ата! Денсаулығыңыз жақсы ма? Мен сіздің шығармашылығыңызды сүйіп оқимын, сіздің домбыраңыздың әсем үні құлағымда жарқын естіледі. Сіздің әдеби мұраларыңыз ұрпақты Отанын сүюге, мәдениеттілікке тәрбиелейді.Сіздей данасы бар қазақ елі бақытты». Сізге алғысым шексіз!
Осы аталған стратегиялардың бірнешеуіне тоқталып өтсем, INSERT.
Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
«V» - «білемін»;
«-»- «білмеймін»;
«+» «мен үшін жаңа ақпарат»;
«?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына басылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бұл әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден- бір кепілі.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың ой толғаныс кезеңіне пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырған жаға ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу мақсатындағы іс- әрекеттердің бірі- шәкірттерге берілетін шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсырмаларды орындау кезіңде оқушы өзі іздене отырып, танымдық білімін молайтып, ойлау жүйесін қалыптастыруға дағдыланады.
Мектеп қабырғасында шығармашылық жұмыстармен жаттыққан оқушы жоғарғы сыныптарда кең көлемді шығарма жазуға қалыптасып қалады. Тіл мәдениеті мен шешендік сөздерге қатысты берілген шығармашылық жұмыстарды қиындықсыз орындауға қол жеткізеді.
Әдебиет сабақтарында көркем шығарма кейіпкерін талдай отырып, оның ішкі жан дүниесіне үңіле қарап, сезімін жете түсіну және алған әсерін сөзбен жеткізе білу де шығармашылықты қажет етеді. Кейбір оқушылар мұндай сәтте қатты тебіреніп, өлең жазуға талпынады.
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасын оқығаннан кейін берілген: «Қарттың бар арманы- туған жерге жету. Жасы ұлғайған шағында арманын орындауды мақсат еткен оның ішкі арпалысын қалай жеткізер едің? Қарт болып ой толға» деген тапсырмаға орындалған оқушының жұмысы:
«Туған жердей жер болмас»дейді емес пе қазағым,
Бөлісемін туған жерін көрмегеннің азабын.
Туған жерсіз өткізген өмірге өкінішпен қарадым,
Бір өзіңді сағынып, аңсап саған барамын.
Баланың қиялын дамытып,ойын ілгері жетелеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың рөлі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып, қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақта әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ұсыныс- пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға,өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс- тәсіл дұрыс таңдалып өткізілген әрбір сабақ оқушының қиялын, ойын дамытып, оларды дұрыс сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы оқушылардың қабілетіне түрткі болып жұмыс жасау, оны жан- жақты тану, шығармашылық деңгейін бақылап отыру мұғалім үшін қажет.
Сабақ құрылымы 3 кезеңнен құрылады:
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Оған оқушыларды топқа бөлу, оның түрлі іс- әрекеттерін өткізу. Психологиялық дайындық. Бір- біріне сәттілік тілеу, немесе әр оқушы өзіне мақсат, міндет қояды.
Мен істеймін (тырысу)
Мен үшін керек (талаптану,жақсы жауап беру)
Мен істей аламын (сенімділікпен тапсырмаларды қарау, жақсы орындау)
Мұғалім белгілерді плакатқа жазады, ал оқушылар бұл белгілердің қандай затқа тән екенін айтады. Бұны «Атаулар көмегімен болжау жасау» стратегиясы дейді.
Плакаттағы бөлімге берілген бейнелер арқылы мәтін, әңгіме құрастырады. Оны «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы дейді.
Екінші кезең- мағынаны ажырату сатысы. Ой қозғау.Эссе жазу.
Тақырып бойынша оқушылар тез ойларына келгенін жазады, топ ішінде оқиды, топ алдында іштерінен біреуі шығып оқиды. Әр топтан шыққан білім алушы орындыққа отырып, жазғандарын оқиды. Тақырыптағы кезеңді, ойды бейнелейді. Оны тақтаға іліп, оқушы өз суреттерін әңгімелейді. Бұл «Галереяны аралау» стратегиясы.
Үшінші кезең – ой толғаныс. Әртүрлі әдіс-тәсілдердің көмегінде шешімі табылған мәселені жалпылау, алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады. Т- кестені толтыру. Жақсы- жаман, жағымды- жағымсыз. Топтастыру стратегиясы.
«Кубизм» стратегиясы
Суретте
Қолдан
Зерттеу
Салыстыру
Жақта
Қарсылас
«Шығу парағы» стратегиясы
1.Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2.Қандай сұрақ бар?
3.Пікіріңіз...
«Ой толғау» стратегиясы (мозговой)
«5 жолды өлең»
Мысалы, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау барысында әр оқушы өз ойын айтуға мүмкіндік алады.
Топтық жұмыс:
а) оқушылар поэманы оқып , мазмұнымен танысады.
ә) поэманың басты мақсатын ашады.
Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, бір- бірін толықтыру:
- поэманың кейіпкерлерін атау;
- неліктен Баян інісі Ноянды өлтірді?
Талдау жұмыстарын ең алдымен оқушыларға поэмадағы басты оқиғаларды тапқызып, әрқайсысына тақырып бойынша сұрақ қойғызу арқылы бастаған тиімді. Оқушылардың өз бетімен ізденуін, белсенді түрде жұмыс істеуін көздеп, «осы оқиғадағы кейіпкерлер қандай іс- әрекет жасады» деген сұрақ беріледі. Бұл сұраққа жауапты балалар өз бетінше жеткізуге талаптанады және жұмыстарының нәтижесін дәптерлеріне жазып отырады.
Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жұмыс
а) поэмада кейіпкерлердің мінездерін айқын суреттейтін көрініс көрсетіледі;
ә) сабақ барысында оқушылар өз таңдаулары бойынша «Поэмадағы ең бақытсыз жан» деген тақырыпта «5 минуттық эссе» жазып, екі топқа бөліп, әр топ мүшесі өзі таңдап алған кейіпкердің өзгешелігін айтады.
Балалар поэманың негізгі тақырыптарын айтады:
Отанын, елін, жерін сүюге, адамгершілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке, басқа да өнегелі істерге үйрету.
Осы тақырыптарға сәйкес мақал- мәтелдер айтылады.
Ең соңында поэма мазмұны бойынша суреттер салынады.
Сабақты қорытындылау. Сауалдарға жауап айтқызу:
1) Баян мен Ноянның жағдайына тап болсаңдар, сенлер не істер едіңдер?
2)М.Жұмабаев поэмасынан өздеріңе қандай тәләі- тәрбие алдыңдар?
Үйге: Поэма бойынша шығарма жазу немесе табиғатты суреттейтін жолдарын тауып, поэмаға қандай қатысы бар екенін анықтау.
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір- бірінің ой- пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Оқушылар берілген кесте бойынша зерттеу жұмысын екі болып (тапсырманы жеке, топтық, ұжымдық түрде орындауға да болады) жүргізеді:
Тарихшылар тобы |
Әдебиетшілер тобы |
Оқушылар ХХ ғасырдың бас кезі туралы тарихи зерттеулерден, тарихшы ғалымдардың еңбектерінен деректер жинайды, оларды жүйелеу, саралау арқылы ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздік үшін күресінің тарихи маңызы мен ақын шығармаларының сол кезең үшін маңызын айқындайды. |
Оқушылар Алаш қаламгерлерінің әдеби мұралары туралы әдебиет тарихы туралы еңбектерден, әдебиетші, сыншы ғалымдардың зерттеулерінен нақты дәйектер жинап, ақын шығармаларының қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызын, Алаш қозғалысымен, оның мақсатымен үндестігін анықтайды, ақын шығармаларының маңызын ашады. |
Орындалған жұмыс жинақталып, нәтижесінде зерттеу жұмысының мәліметтер кестесі жасалады.
Кіріспе |
Қамар мен Ахмет бейнесі |
Оқиғаның басталуы |
Ахметтің Қамарға ғашық болуы. Қамар Жорға Нұрымды атастыру |
Оқиғаның байланысуы |
Олардың қарсылығы, қалтан қажы мен Оспан бидің әрекеттері |
Шиеленісуі |
Қамардың бай туысқандарының ырқымен Нұрымға ұзатылуы |
Шарықтау шегі |
Сырқатқа шалдыққан Қамарға молданың ем- дом қолдануы |
Шешімі |
Ахметтің кегі, жастардың ажалы |
Автор (өмірі туралы мәліметтер) |
Әдеби мұра (шығармалары туралы мәліметтер) |
Мәшhүр Жүсіп Көпеев (1858-1931) Мәшhүр Жүсіп Көпеев 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында, әл- ауқатты отбасында туылған. Жастайынан ескіше хат таныған. Баянауылда Шорманның Мұсасы салдырған медреседе білім алады. 1907 жылы Қазан қаласындағы Хұсайыновтар баспасында үш кітабы («Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі») жарық көрді. Мәшhүр Жүсіп ХІХ ғасыр аяғында екі дүркін Бұқара, Ташкент, Түркістанға сапар шегіп,Шығыс мәдениетін оқып үйренді.Үшінші рет 1907 жылы барған. 1925 жылы атақты балуан Қажымұқанды кездестіріп дос болған. Мәшhүр Жүсіп ғылым- білімге өте құрметпен қарап, халқын оқуға- өнерге үндеуін бір сәт те тоқтатқан емес. Ол үнемі ізденіп оқуы арқасында бүкіл Орта Азиядағы араб, парсы тіліне жетік білімдарлардың бірі болған. Мәшhүр Жүсіп ел тарихын, этногафиясын, әдет- ғұрпын білдіретін ұшан-теңіз материалдар жинаған . Ақын 1931 жылы қайтыс болды.
|
Шығармашылығы Мәшhүр Жүсіп Көпеев- қазақтың көрнекті ақыны. Мәшhүр Жүсіп Көпеев – тарихшы, шежіреші,этнограф, фольклоршы. Ол араб, парсы,шағатай тілдерін жетік меңгеріп, үнемі өз бетінше оқу іздену арқылы заманындағы білімділер қатарында болады. Ол көп уақыт бала оқытумен айналысады. Сонымен қатар жиі-жиі ел аралап, оңтүстік,батыс,орталық, солтүстік өлкелерде болып, ел тарихын,әдебиет үлгілерін, этнографиялық материалдар жинайды. Бұқар жырау мұрасының басқа ақын- жазушылардың шығармаларына қарағанда,бізге ең мол болып жетуі- оның жырларын Мәшhүр Жүсіптің жинап,жазып қалдыруының арқасында болды. Мәшhүр Жүсіптің жинағандарының ішінде ішінде Бөлтірік шешен (Шу,Талас аралығында өмір кешкен белгілі шешен,ақын), Қажымұқан балуан,т.б. туралы құнды деректер бар. Ол 1889-1904 жылдар аралығында «Дала уалаяты» газетінде оннан астам проблемалық материалдар, «Айқап» журналының 1912 жылғы екі санында көлемді мақалажариялайды. Ақынның ірі дастаны- «Гүлшат пен Шернияз». Дастанда «шын сөз, әділ іс, жарық ниет» әрқашан төзім мен пікір тұжырымдалған. |
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын талдау
1 |
Білу |
«Бақытсыз Жамал» романын мазмұндау, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу. Романның тақырыбы- әйел теңсіздігі. Шыңарманың идеясы- жас ұрпақты осындай бақытсыздыққа ұшырытып отырған феодальдық ғұрыпты сынап, қоғамдық теңсіздікті айыптауға құрылады. |
||||||
2 |
Түсіну |
Түсініктеме күнделігін толтыру
|
||||||
3 |
Қолдану |
Қолдану дағдысы бойынша оқушы топ- топқа бөлініп, бірлесіп жұмыс жасайды 1-топ: басқа тілден енген сөздерді табу 2- топ: салт- дәстүрлерді талдау 3-топ: мақал-мәтелдердің мағынасын ашу 4- топ: тұрақты сөз тіркестерін табу |
||||||
4 |
Талдау |
Сәйкестендіру тестімен жұмыс. Композициялық құрылысына талдау жасау
|
||||||
5 |
Жинақтау |
|
||||||
6 |
Бағалау |
«Кім кінәлі?» (ойтолғау, пікірталас) |
М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалдың бақытсыз болу себептері
Жамалға тілектестер |
Қалай? |
Анасы Шолпан |
Күйеуінің ісіне наразы «Екі жастың қосылуына тілектес». Өзі де әйел теңсіздігінің құрбаны. |
Ғашығы Ғали |
Жамалға ғашық болды. Жуандардан қорықпай Жамалды алып қашады. |
Саудагер Фатихулла |
Екі жасты паналады. Крестянский начальниктен Жамалға қағаз алып береді. Арба- сайма, елу теңге беріп, қаладан шығарып салады. |
Ғалидың нағашысы Бабас |
Екеуіне қамқор болады. Ғалидың ауырғанына , өлгеніне қайғырып, Жамал үшін қиналады. |
Нұрмаш,Жүніс |
Ғали мен Жамалға жанашыр достар. Дау кезіңде де сыр ашқан жоқ. |
«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша Сұлтанмахмұттың бейнесін ашу
С
-
Сұлтанмахмұт
Ұ- ұлағатты
Л- лайықты
Т- талғампаз
А- арлы
Н- намысты
М- мақсатшыл
А- айбынды
Х- халықшыл
М- мейрімді
Ұ- ұлы
Т- талант
Сұлтанмахмұт- ұлағатты,лайықты,талғампаз,
арлы,намысты, мақсатшыл, айбынды,халықшыл,
ұлы, талант
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары-Алматы,2000жыл, 5-44 бет.
Аймағамбетова К.А. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың теориялық негіздері- Алматы, Балауса баспасы, 2003 жыл. 111-118 бет.
Бітібаева К.Ә. Оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмысына баулу жолдары
Қылышбаева К.Ә. Әдебиет пәнін тірек- сызбалар арқылы оқыту. (оқу-әдістемелік құрал) Астана- 2012 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген