Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағындада тиімді әдіс– тәсілдерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. Ол оқушылардың өз мүмкіндіктерін тексеруге, қабілетін тануға итермелейді. Әр оқушының алдына оның әрі қарай жеке тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Нашар үлгіретіндер қатарына жататын оқушыларға өз күші мен қабілетін тексеруге көмектеседі. Модульдік оқыту, сонымен қатар, топпен оқыту жұмысы, оқушылардың қарым-қатынасын және бірін-бірі оқытуды, «әлді әлсізді оқытады» тұжырымы бойынша жүргізіледі. Мен өз сабақтарымда М. Жанпейісованың «Модульді оқыту технологиясын» қолданып жүрмін. Күнтізбелік жоспарда жасалған және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік технологиясы» өте тиімді. Оқыту технологиясының бұл нұсқаның ерекшелігі білімді меңгеру емес, оқушының өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығы жадының алуан түрлі (есту, көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, өзін-өзі өзектендіруге, шығармашылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағындада тиімді әдіс– тәсілдерді қолдану


Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Қазақ тілін меңгеру барысында ұлттық дүниетанымды кеңейтіп, халықтың аса құнды байлықтарын танып-білу арқылы танымдық құзыреттілікті қалытастыру іске асырылады.

Сабақ барысында қазақ халқының асыл қазынасы болып саналатын ауыз әдебиеті жанырларының түрлерін, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, әдет-ғұрып,ұлағатты нақыл сөздерді тағы басқа тағылымдарды үйрету арқылы оқушылардың танымы кеңейтіледі. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тіл үйренуге ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін іске асыруға бағытталады.

Таным- адамдардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздікте “таным – білімге қол жеткізу, тиісті білімді алу”, “тану – заттардың пайда болуын, маңызын білдіреді” деп көрсетілген.

Таным – адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі. Тіл үйрету барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту – сол халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен тікелей байланысты. Таным – ақиқатқа жету, бұрын таныс емес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу, оны іздеу. Соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.

1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.

2. Үйрету. Білгенін оқушы практикада қолдана отырып, ережеге байланысты тапсырманы қиналмай орындауы керек.

3. Тәрбиелеу. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4. Дамыту оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру.

Ғылымға қызықтыру. Оқушыға беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, оқушылардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, оқушының тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орнын ерекше түсініп, сабақ үрдісінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдаланамын: мәтін бойынша сөздік қорды байыту,әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау.

Әр сабақтарында жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.

Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты–білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ ,орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуга тиіс».

Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. Ол оқушылардың өз мүмкіндіктерін тексеруге, қабілетін тануға итермелейді. Әр оқушының алдына оның әрі қарай жеке тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Нашар үлгіретіндер қатарына жататын оқушыларға өз күші мен қабілетін тексеруге көмектеседі. Модульдік оқыту, сонымен қатар, топпен оқыту жұмысы, оқушылардың қарым-қатынасын және бірін-бірі оқытуды, «әлді әлсізді оқытады» тұжырымы бойынша жүргізіледі. Мен өз сабақтарымда М. Жанпейісованың «Модульді оқыту технологиясын» қолданып жүрмін.

Күнтізбелік жоспарда жасалған және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік технологиясы» өте тиімді. Оқыту технологиясының бұл нұсқаның ерекшелігі  білімді меңгеру емес, оқушының өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығы жадының алуан түрлі (есту, көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, өзін-өзі өзектендіруге, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға, сөздік қорын (ауызша, жазбаша) дамытуға бағытталады.

  Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі.

 Оқу модулі қайта жаңартушы оқу циклі ретінде үш құрлымды бөліктен тұрады.

1.Кіріспе бөлім. (Модуль тақырыпқа енгізу).

2.Сөйлесу бөлімі. (Оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру).

3.Қорытынды бөлім.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінетін сағат санына байланысты

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тіл үйретуде ұтымды әдістердің бірі –деңгейлік әдіспен тапсырма беру.

Қазақ тілі сабағында өз тәжірибемнен байқағандай модульдік оқытудын мүмкіндіктері мен ерекшеліктері мынандай:

  • мүмкіндігіне қарай оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;

  • басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсінікпен қарауға;

  • өз ойын топ алдында ашық айта білу, қорғай білуге;

  • оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйретеді;

  • сабақтың мазмұны мен сапасы артады;

  • оқушы өз қызметіне талдау, қорытынды, өзіне-өзі баға береді, жаңалыққа ұмтылады;

Модульдік технология оқушылардың даму, тану қабілеттерін жетілдіруге жақсы әсер етеді.

Мен «Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту» мәселесі бойынша жұмыс істеймін.

Біріншіден,ауызекі сөйлеу тілін білген адам оны өзінің деңгейінде арнайы әдебиеттерді оқуға хабар алмасуға және кез келген жағдайда пайдалана алады.

Өз іс-тәжірибемде оқушының ауызекі сөйлеу тіліне үйрету барысында өтілген материалды бекіту, белгілі бір тақырыпқа сөйлеу дәрежесін көтеру үшін пысықтау, сөйлеу, тілдік жаттыгуларды пайдаланамын.Сабақтың алғашқы бөлімінде қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді, сөйлемдерді бірге айтқызып, жеке-жек

Екіншіден, белгілі бір халықтың яғни мәдени, рухани байлыгының ерешеліктерімен тереңірек танысады.

Өзімнің мәселем бойынша қазіргі кезде оқытудың жаңа технологияларының кейбір элементтерін қолданамын. Ол модульдік технология элементтері және сатылай кешенді талдау технологиясының кейбір талдау түрлері. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттін қарқындығы мен белсенділігін арттырады,жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.

Балаларды сөйлеуге, сөйлесу арқылы оқуға, тыңдауға үйретуге болады.

Олар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан сөзді жекелей үйретуге болмайды. Тілді үйрену үшін тыным таппай еңбек ету керек.

Тілді білу - өмірді білу деген сөз. Оқушыларға мемлекеттік тілдің қыр – сырын білгізу дегеннің ұғымы да өте кең, ол әр алуан әдістер мен тәсілдерді пайдаланған сайын қалыптасады. Тілді жетілдіру үшін оны күнделікті өмірде жиі қолдану керек. Балаларды оқуға баулитын үш күш бар: қызығу, мақсат, тіл алу. Тіл алу – итермелейді, мақсат көздейді, қызығуға ұмтылдырады.

Қанша дегенмен жас өспірімнің миының жұмыс істеу қабілеті шектеулі, сонымен қатар ол ойнау қажет, теледидар көру, әдеби кітаптар оқу, сабақтан тыс жұмыстармен айналысуы қажет.Осы мәселелерді ескере отырып, өзімнің жұмыс жүйемнің мақсатында балалардың оқуын, тәрбиесін және дамуын ескере отырып, өздігінен білім алуын және шығармашылығын қалыптастыруды қадағалаймын. Алған білімдерін практикалық жүзінде қолдануға үйретемін.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда оқыту әдіс-тәсілдерінің атқаратын қызметі өте зор. Әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, тиімді пайдаланғанда ғана, мақсатқа жете аламыз. Сабақтарымда мен мынадай әдіс- тәсілдерді пайдаланамын: көрнекілік әдісі, әңгімелесу әдісі, рөлдік ойын әдісі, баяндау әдісі, проблемалық әдісі, жаттықтыру әдісі. Сабақтық бірінші бөлімінде қазақ тілінде тән дыбыстары бар сөздерді, сөйлемдерді бірге оқып, жеке – жеке оқытып, фонетикалық жаттығулар өткіземін. Дыбыс таза болу үшін орыс тілінде сөйлейтін басқа ұлт балаларымен жеке-жеке жұмыс жүргіземін. Ал, тілдік жаттығулар сөйлеу дағдысын қалыптастыратынында күмән жоқ. Мысалы : 7 сыныпта , жыл мезгілдері модулі бойынша, қыс туралы әңгімелейміз. Оқушыларға: қыста не болады ?, деген сұрақ қойып әңгіме құрастырамыз. Содан кейін «қыс» сөзінде қандай әріп қазақ тіліне тән,деп анықтаймыз. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау, бекіту, дұрыс айту,сауатты жазу мақсатында фонетикалық жаттығу жұмысын жүргіземін.


1) Фонетикалық жұмыс: берілген әріптермен -

а) -Ашық буын құра (қа, қо, құ, қы)

-Тұйық буын құра (ақ, оқ, ұқ, ық)

ә) Қ әрпі сөздің басында, ортасында, соңында кездесетін 3-4 сөз құра (қазақ, қалақ, қабақ, қырық, тақта, қоян)

Фонетикалық жаттығуды әр түрлі өткіземін: жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.Жұмбақты бірнеше рет қайталап, шешуін тауып, оған фонетикалық талдау жасау.Тағы бір түрі тақтаға бейнеленген жеке сөздерді, сөз тіркестерін оқып аудару.

Әр сабақта оқушыларды ізденіске баулу - оқытушының басты мақсаты. Тіл уйрету, тіл дамыту үрдісіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдердің бірі – ойындарды пайдалану. Қызықты ойындар белгілі мақсатта оқушылардың тілді меңгеру ынтызарлығын оятып, ілгері жетелейді.

Әр ойынның өз реті, жөні бар.Сондықтан әрбір сабақ процессінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақ мазмұнында, тіпті сабақ

пысықтау, қорытындылау кезінде де ойын элементінің мәні зор. Себебі бала ойнап отырып бірнеше сөзді өзінің сөздік қорына жинап отырады


«Адасқан әріптер» ойыны.

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Қ,у,о,ы,ш-оқушы

Т,п,і,к,а-.......................

І,і,б,л,м-........................

М,м,ғ,ұ,а,л,і-.................

«Шашылған дыбыстар» ойыны.

Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай,күн,үй,т.б.

«Қалалар» ойыны.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З


«Жалғасын тап» ойын

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы бітеді

Ә) Жақсы болсаң, жүректе

Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан

В) Жері байдың ел

Г) Ақыл дос, ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп

Д) Мал баққанға сол тоқ

Е) Адам деген- елі бай

«Сын есімдер ұясы» ойыны.

Мақсаты: Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай топтап жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Оқушыларды топқа бөліп орындарында отырып жұмыс істетуге болады.

Тақтаға сын есімдер тізбегі жазылады. Әр топқа кесте таратылады.

Заттын түсін білдіретін сын есімдер

Заттың көлемін сын есімдер

Заттың сапасын білдіретін сын есімдер

Заттың дәмін білдіретін сын есімдер

Заттың пішінін білдіретін сын есімдер







Тақтаға мынадай сын есімдер тізбегін жазуға болады: ақ , қысқа, таза, дәмді, тәтті, шұбар, өткір, үшкір, жуан, дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа, т.б.

Оқушының міндеті сын есімнің тізбегін кестеге сәйкес орналастыру.

«Кім көп біледі?» ойыны.

Мақсаты: Сөздердің мағынасын ажырату.

Ойын шарты: Берілген сөздердің мағынасын ажырату.

Мысалы:

DrawObject2 DrawObject1 Сайман

Ара Сабақ

DrawObject4 DrawObject3 Жәндік ..............

DrawObject5 DrawObject6 .............. ..............

АDrawObject7 DrawObject8 лма Қал

.............. ..............


DrawObject9 DrawObject10 .............. ..............

ҚDrawObject11 DrawObject12 ыс Жаз

.............. ..............

«Бәйге» ойыны.

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.

Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Қосымша дегеніміз не?

5. Жұрнақ дегеніміз не?

6. Жалғау дегеніміз не?

7. Түбірлес сөз дегеніміз не?

8. Туынды сөз дегеніміз не?

9. Көптік жалғауларын тап?


«Тапқыш» ойыны.

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.

Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А

Зат есім : қонақ, ...

Етістік: оқыды, ...

Сан есім: он,...

Сын есім: көк,....

«Қ» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағыттау.

Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазу.

Қ

а

з

а

Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

Қ




Қ

«Күрделі сөздер» ойыны.

Мақсаты: Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы, күрделі сөз жасау.

Бел құлақ

Қырық аяқ

Саңырау қазық

Кемпір қазық

Темір қосақ

Тас бақа

«Қызық сөздер» ойыны.

Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.

Қолқанат Ішік

Тымақ Қыран

Нағашы Шұлық Қысым Есек

Түс Балта Ұршық

мысалы: Ішік – кіші

«Бақытты сәт» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: викторина түрінде өткізу, болады. Жарыса отырып, сауалдарға дұрыс, әрі шапшаң жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген балаға фишка беріледі. Фишканы көп жинаған бала ойын жеңімпазы аталады.

  1. Сөйлеудің түрлерін ата?

  2. Қай ай үйдегі тұрмыстық заты білдіреді?

  3. Волганның ортасында не бар?

  4. Дауысты және дауыссыз дыбысқа жататын әріп ата?

  5. Дастарханның сәні не?

  6. Құрғақ тасты қайдан таба алмаймыз?

  7. Пілдің баласы неге ұқсас?

  8. 16 желтоқсан қандай мереке?

  9. Тұрлаулы мүшелерді ата?

10. Күләш Байсейітова кім?

11.Анамның анасы кім болады маған?

12.Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата?

13.Абай Құнанбаевтің туған жерін ата?

14.Ұшпайтын құстарды ата?


«Сандар әлемі» ойыны.

Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын кеңейту.

Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.

Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, тағы басқа.

Қорытындылай келе,оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің басты мақсаттарының бірі - оқушының оқу, таным белсенділігін арттыру, оқушыны пәнге қызықтыру, ынталандыру. Осы мақсаттарға жету үшін сабақта интерактивті әдістерді жиі қолдануға тырысамын.
Ойын элементтері белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруде деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетектейді.
Ойын элементтердің мәні-ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабы. Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойлау қабілеттерін дамытады.


Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Сабақта орынды қолданылатын ойын элементтері оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шындауға өз септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса,мұғалімнің технологиясы нәтижелі болды. Қазақ тілі сабақтарында көздейтін мақсат оқушыларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақ үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйретеді. Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін пайдаланған үлгерімі төмен оқушылардың өздері де оның элементі араласқан сабаққа зор ынтасымен, жігерімен араласатыны байқалады.

Сөзімнің соңын қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық ой – түйінімен аяқтағым келеді: «естіген нәрсені ұмытпасқа үш түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көнілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден – сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11