жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сұрақты дұрыс қоюдың маңыздылығы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сұрақты дұрыс қоюдың маңыздылығы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы – оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізіп, ой және сөз мәдениетін дамытатын, өзіндік менін, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын, дүниетанымын, ойлау кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік беретін пән. Сол себепті күнделікті сабақты жоспарлауда сабақ мақсатының сыныптағы барлық оқушыны қамтып, белгілі бір нәтижеге жететіндей болуын қадағалау маңызды. Осы орайда деңгейлік бағдарламалар бойынша білім жетілдіріп келгеннен кейінгі іс-тәжірибемдегі жеті модульді бір-бірімен ықпалдастырып, оқушының қалай оқу керектігін өздері түсіне білуіне назар аударатын болдым.
Бағдарламаның негізгі идеясы мен күтілетін нәтижесі оқушылар қалай оқу керек екенін өз беттерімен үйренуі, нәтижесінде өздерін еркін ұстайтын, ұстанымдары қалыптасқан, өз-өзіне сенімді, өз ойларын дәлелдей алатын, жаңа сандық технологияны жете меңгерген оқушы мектеп қабырғасында қалануы тиіс екенін ұқтырады. Ал осы бейнеті зейнеті мол істің басы қасында нұсқаушы, бағыттаушы тұлға ол – мұғалім. Жеті модульді бір-бірімен тиімді байланыстыру арқылы, мәселен, диалогтік оқыту мен сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балаларды оқыту модульдерін пайдаланып айтарлықтай жоғары көрсеткіш көрсетуге болады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, оқушылар арасында білімге деген бәсекелестікті арттырады. Ал жұмыстың барлығы бір сыныптың ішіндегі оқушылардың ойлау қабылдау деңгейінің әртүрлілігіне қарай ұйымдастырылса, оқудың мазмұнды, білімнің нәтижелі болары сөзсіз.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болап табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. (Мұғалімге арналған оқулық, ІІІ(базалық) деңгей, 41 бет) Сұрақты жолдаудың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты техникасын өткен сабақ пен жаңа материалды байланыстыру, жаңа сабаққа назар аудару мақсатында қолданылады. Мысалы, 5-сыныптың қазақ тілі пәнінде «Дауысты дыбыстар» тақырыбын бастау үшін оқушыларға жуан, жіңішке сұрақтардан тұратын түрткі сұрақтарын қоямын. «Дауыс пен дыбыс деген сөздер бір-біріне синонимдес сөздер ме?» осы жерде оқушылар бұрынғы білімдерін жаңғыртып, пікірлерін дәлелді жеткізуге тырысады. Осыдан кейін сынақтан өткізу сұрағы беріледі. «Дыбыстың жасалуы үшін қандай сөйлеу мүшелері қатысады?» деген сұраққа тез және әртүрлі жауап беруі мүмкін. «Неліктен дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді?» деген қайта бағыттау сұрақтарын жолдап, оқушылардың пікірлерін жинақтауға, жаңа тақырыпқа ойысуға ұмтылдырдым. Сұрақ пен жауап алмасу арқылы оқушы өзінің білімін жүйелеуге, жаңа ақпаратты бұрынғымен салыстырып талдауға, өз ойларын қоырытып, жинақтауға, пікірлерін бағалауға жетелейді. Сұрақтың өзі дұрыс деп тапқан жауабын сыныптастарымен бөлісіп, жаңа материалды меңгереді.
Сұрақ қоюдың осы үш түрлі техникасында жоғары дәрежелі сұрақтардың жиі болуы – нәтижелі білімнің көрінісі іспетті. Сыныптағы оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылатын Мерсер ұсынған 3 түрлі әңгімені әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгімені сұрақ қоюмен байланыстыра отырып, сабақтың негізгі бөлімінде жаңа материалды меңгерту үшін қолдану өте тиімді. Мысалы, 5-сыныптың Діни әңгімелер тарауындағы «Сымайыл» әңгімесінің мазмұнымен таныс болғаннан соң «Ибраһимнің әйелі Сараның өтінішін Алланың әміріндей орындауын қалай түсіндіруге болады? Ибраһимнің іс-әрекеті дұрыс па?» деген сұрақтарға Жаннұр есімді оқушы: «Ибраһим Сараның өтінішін оны қатты жақсы көргендіктен орындайды деп ойлаймын. Себебі ол оның құдай қосқан жары» десе, Айнұр есімді оқушы: «Ибраһимнің Ажар мен туған ұлына жасағаны дұрыс емес. Бұл жерде Сара да кінәлі. Егер жарын қызғанатын болса Ажарға қоспауы керек еді» деген пікір айтты. Ал Қуаныш есімді оқушы келесідей ой білдірді: «Мен ешкімді де кінәлауға болмайды. Ибраһимді түсінуге болады. Себебі бір перзентке зар болып Сараның айтқанына келісті. Ол оның бірнеше жыл бойы тұрып келген зайыбы болғандықтан оның айтқанын орындап, баласы мен Ажарды иен далаға апарып тастады. Лақтырып кеткен жоқ, пайғамбар ретінде мұндай азапқа төзу керектігін түсініп, бір Аллаға сеніп, жалбарынып Ажар мен ұлының амандығын тіледі. Ол бір Аллаға сенді» Осылайша сұраққа жауап іздеді, бір-бірінің пікірін мұқият тыңдады, әңгіме-дебат орнады. Әркім өз пікірінде қалды, бәсекелестік орнаған ортада ойын шынайы жеткізуге тырысты. Бұл мұғалімге жаңа материалды меңгерткені үшін, ал оқушыға сыныптастарымен ой бөлісіп, пікірлерін дәлелдеп, өзіндік көзқарас қалыптастырғаны үшін тиімді болды.
Сондай-ақ сұрақ қоюдың әртүрлі әдістері «Қораптағы сұрақтар», «Серпілген сауал», «3 қадамдық сұрақ», «Стикердегі диалог», «Сұрақ беру эссесі», «10 сұрақ» сабақ кезеңдерінің әрқайсысында сәтті қолдануға болады. Ол балалардың пәнге деген қызығушылығын, сыни ойлауын, сөйлеу мәдениеті мен дұрыс ойлау, сыныптастарының пікірін тыңдап, сыйлай білу қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақтың өн бойында Блум таксономиясын пайдалану тақырыпты терең меңгеруге ұтымды болатыны хақ. Мұнда да сұрақты дұрыс беру аса маңызды.5-сыныптың «Әдеби ертегілер» тарауындағы Ақселеу Сейдімбектің «Әйел Ана» әңгімесі бойынша блум өлшемдеріне негізделген сұрақтар төмендегіше берілді.
|
Блум таксономиясы |
Ақселеу Сейдімбек «Әйел ана» әңгімесі |
|
Білу |
Әдеби ертегі дегеніміз не? |
|
Түсіну |
«Күншуақ» елін қалай елестетесің? |
|
Қолдану |
Ертегі мазмұны бойынша қандай жоспар құрар едің? |
|
Талдау |
Қоршауда қалған халық неліктен ақ шашты ананы тыңдады? |
|
Жинақтау |
Іргелі руларға, мөлдір суларға ең әсем қалаларға әйел есімін берудің мәнісі неде? |
|
Бағалау |
Қиын шақта елін дұшпаннан азат еткен Әйел Ана қандай құрметке лайық? |
Топтық жұмыстарда белсенділігі
аз көрінетін оқушылардың пікірлерін осындай бағалау парақтары
арқылы көруге болады.(1-сурет) 
Осы блум таксономиясына негізделген қазақ тілі пәнінен «Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар» тақырыбы бойынша өткізілген сабақта мынадай сұрақтарды пайдаландым.
|
Блум таксономиясы |
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар |
|
Білу |
Үндестік заңа дегеніміз не? |
|
Түсіну |
Үндестік заңының бөлінуін қалай түсіндіре аласың? |
|
Қолдану |
Буын үндестігі мен дыбыс үндестігін қалай ажыратуға болады? |
|
Талдау |
Буын үндестігі бойынша қосымшалар жалғанғанда сөздер қандай өзгеріске ұшырайды? |
|
Жинақтау |
Қазақ тіліндегі сөздердің барлығында үндестік заңы сақталады ма? |
Осы сұрақтарға жауапты жеке жұмыс және жұптық оқыту тәсілдерімен жұмыс жасай отырып іздейді, оқудың нәтижелілігін бағалау парақтары арқылы көруге болады. (2 сурет)
2-(2
сурет)
Жоғары дәрежелі сұрақтар оқушыны шығармашылыққа бейімдеп, тіл мәдениетін, сөздік қорын байытатыны анық. 7-сыныптағы С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін оқығанда Аянның аянышты тағдырын айта келе, «Жазушы неліктен барлық қиындықты Аянның басына үйіп-төгіп қойған? Әңгімені басқаша қалай аяқтауға болады?» деген сауал сабақтың қорытынды бөлімінде берілді. Оқушылар бірі эссе жазса, бірі төрт тармақтан тұратын өлең шығарды, бірі ойын ауызша айтуға тырысты.
5-сыныптағы Н.Сералиннің «Ақсау» әңгімесі дәл менің сыныбымдағы оқушылардың оң жамбасына келген тақырып болды. Себебі менің сыныбымдағы оқушылардың барлығы дерлік ата-әжесінің сүйікті немерелеріне айналған оқушылар. Әңгіменің мазмұнын меңгерген, сабақтың қорытынды бөлімінде ыстық орындық әдісі арқылы «Осы әңгімеге ұқсас қандай әңгіме жазуға болады?» деген сұрақ шеңберінде 5-6 минут ішінде оқушылар керемет әңгімелер құрастырып айтты. (3-сурет)
3-сурет
Сұрақ беріп, оған жауап алу және сол жауапты оқушының ойында дұрыс пікір қалыптастыратындай етіп алу барша мұғалім қауымының міндеті деуге болады. Сұрақты дұрыс құрастыруды ерте жастан бастасақ, деңгейі жоғары нәтижеге жетеміз, соның нәтижесінде оқушылармыздың санасы, өресі биік, сөздік қоры мол, тіл және сөз мәдениеті дамыған, сауатты, еркін ойлы азамат болып қалыптасатыны сөзсіз.
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңақазан ауылы
М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Мулдашева Гүлфат Бақтығалиқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІІ(базалық) деңгей бойынша сертификатталған ІІ санат мұғалімі, мектеп тренері
Байланыс үшін ұялы: 87055452502
Үй телефоны: 8 711 41 25 126
Жұмыс телефоны: 8 711 41 25 341
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген