Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда интербелсенді әдістерін қолдану" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін мұғалімге пайдасы тиеді деп ойлаймын. Өйткені қазіргі кезде әрбір мұғалім сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдану керек. Әсіресе, орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Бүгінгі біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтырылған және ақпараттық технологиялардың тегеурінін атауға болады. Бұл ерекшелік тұрақты кәсіптердің өз қасиеттерін жоғалтып, өзгерістерге ұшырап, уақытша сипаттарды иеленуге әкелуде. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. «Өмір бойы үйрену» идеясының қазіргі білім жүйесінің негізгі тұжырымдамалардың біріне айналып кетуінің себебі осындай жәйттермен байланысты. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» («life Iong Iearning») ұстанымына өзгеруінде болып отыр.

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» дейді..

«Өмір бойы үйрену» тұжырымдамасының негізгі қағидалары нәтижеге және оқушыға бағытталады. Өмір бойы оқып-үйрену дегеніміз тұлғаның әлеуметтік, азаматтық тұрғыдан жарқын болашаққа жету мақсатында өзінің білім, білік, машық, дағды, құзыреттіліктерін үнемі жетілдіруі.

Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:

  • үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;

  • оқу/оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану;

  • оқу/оқытуды бағалау.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелер мынандай:

«Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады » және «Тек әрекеттесу арқылы үйренуге/үйретуге болады». Білім беру философиясы мен когнивтік психология адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, практикалық әрекеттер(бірінші кезекте бірлескен ұжымдық әрекеттер) арқылы үйренетіндігін , оған өзі жасағаны қызық екендігін дәлелдеді. Сол себепті қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни мектепте оқу процесінің негізін интербелсенді (интерактивті) әдістемелер құрауы керек: әрбір мұғалім әр сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет. Мұндай интербелсенді әдістер мен тәсілдер, әсіресе, орыс сыныптағы қазақ тілін оқытуда өте тиімді деп есептеймін.

Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде оқушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген « интерактив » сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында , ал «act»- «әрекет жасау» дегенді бәлдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынас та болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сонымен «интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізін «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі» форматтарына жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер ») құрайды.

Интербелсенді оқу/ оқытуда басты назар «үдеріске», «процеске», яғни үйренудің өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне » аударады. Мұндағы мақсат- оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігінен білім игеруінде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарда шәкірттер «таза парақ » күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша қз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады, пікірталас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді. Осыдан оқушы өмірде өзіне қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігінен дамыта түседі

Интербелсенді оқу/оқыту барысында оқушылар әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше оқушының жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады.

Интербелсенді оқу/оқыту мынадай жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

-бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен),

-жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,

-рөлдік және іскерлік ойындар,

-пікірталастар,

-ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, дәріс, Интернет, мұражай, т.б)

-жағдаяттар арқылы үйрену, кейс-стади,

-тұсаукесерлер,

-компьютерлік оқу бағдарламалары,

-тренингтер,

-интервью,

-саулнама жүргізіп, оны талқылау және талдау,

кез келген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау.

Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызы зор. Топтық жұмыс өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық оқушылардың жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста оқушылар өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, әр пікірді ескеру, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау) іс жүзінде қолданады, өздері «ойнап шығады».

Бірлесе үйренуде әрбір оқушы танымның ( оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге қандай бірлескен үйрену арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдылық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің (ең тиімдісі әр топ құрамында 4-5 оқушы болғанда) барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген (интербелсенді ) әрекеттерді атқарады (тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмлеге келу, бірлесе шешім қабылдау). Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.Топтық жұмыс оқушыларға ұжымдықсезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. Оқушылар өмірде «Мен» (эгоистік ұстаным) қағидасынан гөрі «Біз » тұжырымының (ұжымдық, қоғамдық ұстаным) анағұрлым пайдалы екендігін аңғарады.

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы мұғалім мынадай мақсаттарға жетеді:

-үйрену процесіне оқушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады;

-оқушылар туындаған сенімсіздік пен қобалжудан арылады;

-әр оқушыға өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға (көрсете білуге) жағдай жасалады;

-оқушылар арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;

-оқушылар топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады.

Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақтарда төмендегі кезеңдер бойынша жүргізіледі.

1. Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.

2. Мақсат қою. Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді.

3. Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, нені түсінбегенін анықтауға болады. Бұл кезеңді «Миға шабуыл» әдісімен бастауға болады. «Бұл сөз қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты? ».

4. Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.

5. Жаңа ақпаратты игеру. Оқушылар игерген ақпарат кезеңде тың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындыларын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады.

6. Рефлексия. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді.Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады: -Не білдің?- Не үйрендің? -Не ұнады?- Бұл білімді қайда пайдаланасың? –Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады? т б. Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта айтылған ақпараттың маңыздысын табуға, алған білімдерін қайда, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.

7. Бағалау. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Өзін-өзі бағалау.Жұптық бағалау. Берілген критерийлар арқылы бағалау.

8. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалдарды шығармашылықпен қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беру: шағын эссе жазу т.б.

Сонымен бірлескен жұмысты еңбек пен танымның ең тиімді және өнімді әрекеті деп ұйғаруға әбден болады. Бұл ұстаным құрастырылған (конструктивтік) білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Интербелсенді оқыту әдістерін сабақта пайдалану бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсатына айналуы тиіс деп ойлаймын. Себебі елімізге заман талабына сай «сыни ойлау», «белсенді», «шұғыл шешім қабылдау» , «қазақстандық патриотизм», «бәсекеге қабілетті», «ынтымақтастық», «шығармашылық», « өмір бойы білім алу» сияқты жеке қасиеттердің дамуы білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады..



Әдебиеттер.

1. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс-тәсілдері.

2. А.Әлімов Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Алматы. 2015

3. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. — М., 1994.-С.54. 

4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. 2015 ж.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2896
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12