Володьяа Алтангул.,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№19 жалпы білім беретін мектеп
Қарағынды қаласы, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЙ ОТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы оқушылардың ұлттық құндылықтарды бойына терең сіңіруіне мүмкіндік береді. Себебі, ұлттық құндылықтар оқушылардың бойындағы еліне, жеріне және тіліне деген махаббатын оятады және адамгершілікке тәрбиелейді. Сондықтан, сабақ беру барысында оқушыларды осы тақырыпқа қызықтыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Алдымен, рухани құндылықтарымызға нақты анықтама беріп, мағынасын ашып алу қажет.
Ұлттық құндылықтар – әр ұлттың болмысында ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан рухани қағидаттар. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері қазақ ұлтының асыл байлығы. Сол рухани құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық бейнемізді сақтап, жоғарғы мақсаттарымызға жетіп отырмыз. Сондықтан да өткеннен бүгінгі күнге құндылықтарымыз қалай жетті, болашақ ұрпаққа жеткізе аламыз ба? – деп алаңдауымыз керек.
Ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелеу оқушылардың бойында келесі қасиеттерді дамытады:
сүйіспеншілік, жауапкершілік, отаншылдық,
мейірімділік, жанашырлық, жомарттық,
еңбекқорлық, Отанға, халыққа қызмет етуге дайындық, ерік-жігер, саналылық,
ар-намыс, зұлымдық пен жақсылықты ажырату, табандылық, азаматтық ұстаным, кемелдену, ауызбірлік.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары әрдайым рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын пәндер болып табылады. «Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» ұғымының астарында толыққанды тұлғаның қалыптасуы, оны қоғамға үйлесімді бейімдеу жатады. Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік құндылықтарға бағыттап оқытуда келесі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: сахналық қойылым; жағдаяттық әңгімелер; танымдық викториналар; сюжеттік-рөлдік ойындар, драматизация ойындары; тақырыптық әңгімелер, диалог негізінде пайымдаулар.
Оқушылар топ-топқа бөлініп, сахналық қойылымдар ұйымдастырса болады. Біріншіден, бұл олардың арасындағы ұйымшылдық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді дамытады. Екіншіден, қойылым арқылы адамгершіліктің бірнеше қағидаттарын олар өздері көрсетсе, олар сол қағидаттарды бойына сіңіріп, түсінігі арта түседі. Оқушылардың меірімділік, жанашырлық, еңбекқорлық және жомарттылық құндылықтарына сай жағдаяттық әңгімелерді ойдан шығарып, сынып алаңында пайымдап бере алатындығы олардың рухани қағидаттарды жақсы түсінетінін көрсетеді.
Қазақ әдебиеті Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Асқар Сүлейменов секілді жазушылардың еңбектеріне толы. Әр әңгімені оқу барысында рухани құндылықтарға қатысты ой түйіндеуге болады. Сол шығармалардың негізінде оқушылар бір-біріне танымдық сұрақтар қойып, оған жауап берсе оұушылар сол ұғымдардың мән-мағынасына жете алады.
Сюжеттік-рөлдік ойындар сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра түсіп, олардың талқылауда белсенді қатысуына көмектеседі. Жоғарыда айтылған кейбір әңгімелердің көріністерін оқушылар сахнада ойнай алса, олардың әңгімедегі адамдардың ағы мен қарасын ажыратуға бейімдейді. Зұлымдық пен жақсылықты ажырата білуге тәрбиелеу оқушыларды өмірге үйретіп, рухани адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақ беру барысында оқушылардың сыни ойлау және ойлап табу қабілеттерінің дамуы өте маңызды. Түрлі әңгімелерді өздері құрастыра отырып, оқушылар ауызбірлік секілді құндылықтарды бойына сіңіреді. Себебі, бірнеше адамдың бір сюжетті қолға алып, соңына дейін әңгіме құрастыруы олардың бір топта жұмыс жасай білуге, бір-біріне құлақ асуға үйретеді.
Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, өзіндік ерекшелігі. Тұлғаны ұлттық құндылықтар негізінде адамгершілікке бағыттап оқытудағы негізгі мақсат – адалдық пен әділетсіздікті, жамандық пен жақсылықты, шындық пен жалғанды ажыратуға көмектесу, өмірге бейімдеу, елінің болашағын ойлайтын азамат тәрбиелеу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз