Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілі мен әдебиетіндегі оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылықты тиімді қолдану жолдары» авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Бұл авторлық бағдарлама 9-сынып оқушыларына арналған және қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынады. Бағдарламаны әзірлеуге жаңартылған білім беру мазмұнының талаптары мен заман сұраныстары негіз болды. Жаңартылған бағдарлама оқушыларды өмірлік дағдылармен қамтамасыз ету, олардың алған білімін күнделікті өмірде қолдану қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқу үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын, және ақпаратты талдай білу қабілеттерін жетілдіру – басты назарда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮСІНІК ХАТ


Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Бұл авторлық бағдарлама 9-сынып оқушыларына арналған және қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынады. Бағдарламаны әзірлеуге жаңартылған білім беру мазмұнының талаптары мен заман сұраныстары негіз болды. Жаңартылған бағдарлама оқушыларды өмірлік дағдылармен қамтамасыз ету, олардың алған білімін күнделікті өмірде қолдану қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқу үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын, және ақпаратты талдай білу қабілеттерін жетілдіру – басты назарда. Бұл бағдарлама қазақ әдебиеті мәтіндерінен функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, бағдарлама тілдік нормаларды меңгерту мен көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді. Функционалдық сауаттылықты тиімді қолдану оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне және заманауи қоғамда өз орнын табуына көмектеседі. Бұл бағдарлама жаңартылған білім беру жүйесінің мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес келіп, мектеп мұғалімдері мен оқушыларға әдістемелік қолдау көрсетуді көздейді. Бағдарлама мазмұны оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың білім алуға деген ынтасын оятуға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген әдістерді қолдану арқылы оқушылар бойындағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.

  2. Байқампаздық және ынтымақтастық қабілеттерін қалыптастыру;

  3. Тапсырмалар арқылы оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру.

  4. Көркем шығармаларды талдау арқылы тілдік және әдеби нормаларды меңгерту.

  5. Сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.

  6. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім сапасын арттыру.

  7. Ақпаратты сараптау және оны тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру.

  8. Оқушылардың өзін-өзі дамыту және білімін өмірде қолдану мүмкіндіктерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығы дамыған.

  2. Байқампаздық және ынтымақтастық қабілеттерін қалыптасқан.

  3. Тапсырмалар арқылы оқушылардың өмірлік дағдылары қалыптасқан.

  4. Көркем шығармаларды талдау арқылы тілдік және әдеби нормаларды меңгерген.

  5. Сыни және шығармашылық ойлау дағдылары дамыған.

  6. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім сапасы артқан.

  7. Ақпаратты сараптау және оны тиімді пайдалану дағдылары жетілген.

  8. Оқушылардың өзін-өзі дамыту және білімін өмірде қолдану мүмкіндіктері кеңейген.

Бағдарламаның өзектілігі: Жаңартылған білім беру мазмұны тек пәндік білімді меңгерумен шектелмей, оқушылардың алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдану, сыни ойлау және ақпараттық сауаттылық сияқты қабілеттерін дамыту қажеттілігін алға тартады. Осы тұрғыда қазақ тілі мен әдебиеті пәндері тілдік құзыреттілікті жетілдірумен қатар, ұлттық құндылықтарды бойға сіңірудің негізгі құралы болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама оқушыларды қазіргі ақпараттық қоғамға бейімдеуді көздейді. Бұл олардың жеке тұлғалық дамуы мен болашақта түрлі өмірлік жағдайларда табысты әрекет етуіне мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу – оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау, оны талдау, негізгі ойды түсіну, әрі өз пікірін еркін жеткізу қабілеттерін дамытудың заманауи шешімі. Сонымен қатар, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету қажеттілігі бұл бағдарламаның сұранысын арттырады. Жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес жасалған бұл бағдарлама білім сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі:

1. Жаңашыл әдістер:

- Educaplay.com (қызықты жаттығулар)

- Qazmath (кездейсоқ топқа бөліну)

- Word Wall (викториналық ойындар)

- LeanrningApps (дидактикалық ойындар)

- Youtube (тақырыпқа қатысты бейнероликтер)

2. Мәтінмен жұмыс әдістері:

- FILA әдісі

- Венн диаграммасы

- Кестемен жұмыс

- DEAL әдісі

- ДЖИГСО әдісі

3. Топтық жұмыс әдістері:

- Дебат

- Сахналық қойылымдар

- Кластер жасау

- Сұхбат әдісі

- Постер қорғау

Авторлық бағдарлама жаңалығы:

- Сыни ойлауды шыңдау

- Тілдік құзыреттілікті дамыту

- Интерактивті оқыту формалары

- Шығармашылық жұмыстарға басымдық

- Заманауи педагогикалық технологиялар

Бағдарламаның ғылымилығы: Бұл бағдарлама ғылыми негізделген педагогикалық және әдістемелік қағидаттарға сүйеніп әзірленген. Оның мазмұны функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған зерттеулер мен білім беру саласындағы жаңартылған білім беру концепциясына сәйкес келеді. Бағдарламада тіл білімінің теориялық негіздері, әдебиеттанудың әдіснамалық принциптері қолданылған. Бағдарлама оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру үшін тілді функционалдық тұрғыдан меңгертуді көздейтін лингводидактикалық теорияларға негізделген. Әдеби шығармаларды талдау арқылы оқушылардың эстетикалық және мәдени құндылықтарды игеруін қамтамасыз ететін әдебиеттанулық зерттеулердің нәтижелері де бағдарламаға ендірілген. Бағдарламаның ғылымилығы оқушылардың білімін жүйелеп, оны практикалық қолдануға бейімдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ педагогикалық үдерістің тиімділігін арттырады.

Бағдарлама бағыттылығы: Бағдарлама функционалдық сауаттылықты дамытуға ерекше назар аударады. Оқушылардың оқу, жазу, тыңдау және мәтінді түсіну дағдыларын жетілдіру арқылы олардың тілдік құзыреттілігін арттыру көзделеді. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларын оқыту арқылы ұлттық болмыс пен мәдениетке деген құрмет қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Шығармаларды сыни және аналитикалық тұрғыда талдау арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Оқушыларды ақпаратты талдауға, салыстыруға және өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету олардың танымдық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Бұл бағыт олардың болашақта өмірлік жағдаяттарды шешу қабілеттерін арттыруға негіз болады. Осылайша, бағдарлама заманауи қоғамның сұраныстарына сай, білімді әрі белсенді тұлғаларды тәрбиелеуді көздейді.

Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы:

Бағдарламаның әдіснамалық негізі теория мен практиканың үйлесімділігіне, оқыту мақсаттары, мазмұны және әдістерінің өзара сәйкестігіне негізделген. Тіл мен әдебиетті оқытуда пәнаралық байланыс сақталып, оқушылардың жас ерекшеліктері мен танымдық қажеттіліктері ескерілген. Оқыту процесінде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар мен әдістемелік тәсілдер ғылыми негізде құрылған. Бағдарлама тәжірибеге бағыттылығы мен оқушыға бағдарлану принциптері арқылы ерекшеленеді.

Әр нәтиженің, ғылыми ұстанымның, бағдарламаның мен тұжырымдарының дұрыстығы мен сенімділік деңгейі: Бағдарламаның нәтижелері, ғылыми ұстанымдары мен тұжырымдары жаңартылған білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес және заманауи зерттеулермен дәлелденген. Әдістемелік тәсілдер мен мазмұнның сенімділігі тәжірибеде тиімділігін көрсетті. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, білім сапасын арттыруға бағытталған.

Авторлық бағдарламаның уақыт көлемі: 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Авторлық бағдарлама арналады: 9-сынып оқушыларын оқытуға

















































ТҰРАҚТЫЛАУ (МАЗМҰНДЫҚ) БӨЛІМ


Тақырыбы

Сағат саны

1

Қазақ тілі арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

1 сағат

2

Функционалдық сауаттылық және лексика

1 сағат

3

Функционалдық сауаттылық және стилистика

1 сағат

4

Ауызекі сөйлеу стилі арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

1 сағат

5

Ғылыми стиль арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

1 сағат

6

Публицистикалық стиль арқылы функционладық сауапттылықты қалыптастыру жолдары

1 сағат

7

Көркем әдебиет стилі арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

1 сағат

8

Ресми іскерлік стиль арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

1 сағат

9

Сөйлем және фукционалдық сауаттылық

1 сағат

10

Жай сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орны

1 сағат

11

Құрмалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орны

1 сағат

12

Салалас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

1 сағат

13

Ыңғайлас салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

14

Себеп – салдар салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

15

Қарсылықты салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

16

Түсіндірмелі салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

17

Талғаулы салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

18

Кезектес салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

19

Сабақтас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

1 сағат

20

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

21

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

22

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

23

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

24

Қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

25

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

1 сағат

26

Аралас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

1 сағат

27

Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер

1 сағат

28

Сабақтас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер

1 сағат

29

Аралас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер

1 сағат

30

Орфография және функционалдық сауаттылық

1 сағат

31

Орфоэпия және функционалдық сауаттылық

1 сағат

32

Функционалдық сауаттылық және грамматика

1 сағат

33

Функционалдық сауаттылық және морфология

1 сағат

34

Функционалдық сауаттылықтың жазба жұмыстарындағы орны

1 сағат























НОРМАТИВТІ БӨЛІМ

КҮНТІЗБЕЛІК - ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР



Р/c

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны


Нәтиже

Білім өнімі

Барлығы

Теория

Практика

Функционалдық сауаттылық және қазақ тілі

Қазақ тілі арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру


Қазақ тіл біліміндегі функционалдық сауаттылықтың орнын айқындау. Оқушылар бойындағы сауаттылықты тапсырмалар арқылы қалыптастыру.

1

1


Қазақ тіл біліміндегі функционалдық сауаттылықтың орнын айқындайды. Оқушылар бойындағы сауаттылықты тапсырмалар арқылы қалыптастырады.

Функционалдық сауаттылық және лексика


Лексика саласымен танысу. Функционалдық сауаттылықты лексикалық бағыттар арқылы қалыптастыру.


1

1


Лексика саласымен танысады. Функционалдық сауаттылықты лексикалық бағыттар арқылы қалыптастырады.


Функционалдық сауаттылық және стилистика

Стилистиканың салаларымен танысу. Тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1

1


Стилистиканың салаларымен танысады. Тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Стилистика және функционалдық сауаттылық

Ауызекі сөйлеу стилі арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Ауызекі сөйлеу стилі туралы ақпарат беру. Ауызекі сөйлеу стиліне қатысты тапсырмалар орындау.

1

1


Ауызекі сөйлеу стилі туралы ақпарат береді. Ауызекі сөйлеу стиліне қатысты тапсырмалар орындайды.

Ғылыми стиль арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Ғылыми стилдің маңызын түсіндіру. Тапсырмалар орындау арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту.

1


1

Ғылыми стилдің маңызын түсіндіреді. Тапсырмалар орындау арқылы функционалдық сауаттылықты дамытады.

Публицистикалық стиль арқылы функционладық сауапттылықты қалыптастыру жолдары


Публицистикалық стиль туралы түсінік беру. Тапсырмалар арқылы публицистикалық стиль мен функционалдық стилдің байланысын анықтау.

1


1

Публицистикалық стиль туралы түсінік береді. Тапсырмалар арқылы публицистикалық стиль мен функционалдық стилдің байланысын анықтайды.

Көркем әдебиет стилі арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Көркем әдебит стилінің маңызын түсіну. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы көркем әдебиет стилінің орнын негіздеу.

1


1

Көркем әдебит стилінің маңызын түсінеді. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы көркем әдебиет стилінің орнын негіздейді.

Ресми іскерлік стиль арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Іскерлік құжаттар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Іскерлік құжаттардағы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Синтаксис және функционалдық сауаттылық

Сөйлем және фукционалдық сауаттылық

Сөйлемнің қызметін анықтау. Сөйлем құрастыру арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1

1


Сөйлемнің қызметін анықтайды. Сөйлем құрастыру арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Жай сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орны

Жай сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау.

1


1

Жай сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды.

Құрмалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орны

Құрмалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау.

1


1

Құрмалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды.

Салалас құрмалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Салалас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Салалас құрмалас сөйлем туралы мәлімет беру. Сөйлемдер құрастыру арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

1

1


Салалас құрмалас сөйлем туралы мәлімет береді. Сөйлемдер құрастыру арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Ыңғайлас салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Ыңғайлас салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдеу.

1


1

Ыңғайлас салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдейді.

Себеп – салдар салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Себеп – салдар салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдеу.

1


1

Себеп – салдар салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдейді.

Қарсылықты салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Қарсылықты салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдеу.

1


1

Қарсылықты салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдейді.

Түсіндірмелі салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Түсіндірмелі салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдеу.

1


1

Түсіндірмелі салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдейді.

Талғаулы салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Талғаулы салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдеу.

1


1

Талғаулы салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдейді.

Кезектес салалас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Кезектес салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдеу.

1


1

Кезектес салалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды. Тапсырмалар арқылы таза жазуға икемдейді.

Сабақтас құрмалас сөйлем және фукционалдық сауаттылық

Сабақтас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Сабақтас құрмалас сөйлем туралы мәлімет беру. Сабақтас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1

1


Сабақтас құрмалас сөйлем туралы мәлімет алады. Сабақтас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Шартты бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Шартты бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Мезгіл бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Мезгіл бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Себеп бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Себеп бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Қимыл – сын бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Қимыл – сын бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем және функционалдық сауаттылық

Мақсат бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Мақсат бағыныңқылы сабақтасқа байланысты тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Тыныс белгілер. Функционалдық сауаттылық

Аралас құрмалас сөйлем арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары

Аралас құрмалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындау. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындау.

1

1


Аралас құрмалас сөйлемнің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы орнын айқындайды. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындайды.

Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер

Салалас құрмалас сөйлем туралы ақпарат беру. Салалас құрмалас сөйлемде қойылатын тыныс белгілердің ережесімен таныстыру.

1


1

Салалас құрмалас сөйлем туралы ақпарат алады. Салалас құрмалас сөйлемде қойылатын тыныс белгілердің ережесімен танысады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер

Сабақтас құрмалас сөйлем туралы ақпарат беру. Сабақтас құрмалас сөйлемде қойылатын тыныс белгілердің ережесімен таныстыру.

1


1

Сабақтас құрмалас сөйлем туралы ақпарат алады. Сабақтас құрмалас сөйлемде қойылатын тыныс белгілердің ережесімен танысады.

Аралас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер

Аралас құрмалас сөйлем туралы ақпарат беру. Аралас құрмалас сөйлемде қойылатын тыныс белгілердің ережесімен таныстыру.

1

1


Аралас құрмалас сөйлем туралы ақпарат алады. Аралас құрмалас сөйлемде қойылатын тыныс белгілердің ережесімен танысады.

Функционалдық сауаттылық және тіл білімі салалары

Орфография және функционалдық сауаттылық

Орфографияны оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1


1

Орфографияны оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Орфоэпия және функционалдық сауаттылық

Орфоэпияны оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

1

1


Орфоэпияны оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.

Функционалдық сауаттылық және грамматика

Грамматиканы оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Арнайы тапсырмалар орындау.

1


1

Грамматиканы оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады. Арнайы тапсырмалар орындайды.

Функционалдық сауаттылық және морфология

Морфологияны оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Арнайы тапсырмалар орындау

1


1

Морфологияны оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады. Арнайы тапсырмалар орындайды.

Функционалдық сауаттылықтың жазба жұмыстарындағы орны

Жазба жұмыстары арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Білімдерін түйіндеу.

1

1


Жазба жұмыстары арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырады. Білімдерін түйіндейді.















































АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

Авторлық бағдарлама оқытудың интерактивті әдістері мен заманауи технологияларды тиімді пайдалануға негізделген. Бағдарламада Educaplay, Qazmath, Wordwall, LearningApps, YouTube сияқты білім беру платформалары қолданылды. Бұл ресурстар оқушылардың оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттырып, күрделі тақырыптарды жеңіл әрі тартымды меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық платформалар оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және оқу материалдарын саралауға көмектеседі. Оқыту әдістері ретінде FILA, DEAL, ДЖИГСО, Венн диаграммасы, Квест әдісі, мәтін талдау, Бинго ойыны, эссе жазу сияқты белсенді әдістер кеңінен қолданылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытумен қатар, олардың аналитикалық ойлау және мәтінмен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Топтық жұмыстарда коммуникативтік дағдыларын және бірлескен жұмыс істеу дағдыларын нығайту үшін постер жасау, кластер құру, рөлдік ойындар, дебат және пікірталас сияқты әдістер қолданылады. Бағдарламада кері байланысқа ерекше мән берілген. Сабақ соңында «Ұстазға хат», «Гамбургер», «СМС», «Роботтар», «Ақылды үкі» әдістері арқылы оқушылардың сабақ туралы пікірлерін білу және олардың жетістіктерін бағалау жүзеге асырылады. Сабақтың практикалық бағытын күшейту мақсатында шығармашылық тапсырмалар енгізілді. Бағдарлама мазмұнында визуалдық және ақпараттық материалдардың кең қолданылуы оқушылардың материалды қабылдау тиімділігін арттырады. Әсіресе, көркем мәтіндерді талдау, дидактикалық ойындар және интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы дамытылады. Бағдарлама заманауи білім беру талаптарына сәйкес құрастырылған және оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.



ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ



«9-10» - оқушы сұрақ - жауаптарға еркін жауап беріп, тапсырмаларды еркін орындай алса, жаңа тақырыпты еркін түсініп, жұмысты мұқият орындаса қойылады.

«7-8» - оқушы тапсырмаларды орындау барысында қате жібергенде, тақырыпты талдауда сәл қателіктер болғанда қойылады.

«5-6» - эссе жазғанда , тапсырмаларды талдауда белсенділік танытпай, жазылым тапсырмаларында қателері болса қойылады.

«3-4» - талдауда белсенділік танытпай, қосымша тапсырмаларды орындауда жіберілген қателері көп болса, тақырыптан ауытқушылық орын алғанда қойылады.

«1-2» - тапсырма талаптарын мүлдем орындамаса, қателіктер шамадан тыс болғанда қойылады.





ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

  1. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫН АНЫҚТАУ

Сабақтың мақсаты нақты, айқын және оқушыларға түсінікті болуы тиіс. Мақсат оқушылардың пәндік білімін жетілдірумен қатар, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруды көздеуі керек. Сабақ басында оқушыларға сабақтың нәтижесінде қандай білім, білік және дағды қалыптасатынын түсіндіру қажет.

  1. ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДІ МЕҢГЕРТУ

Теориялық білім оқушылардың негізгі ұғымдарды, ережелер мен заңдылықтарды түсінуін қамтамасыз етеді. Сабақта тақырыптың теориялық бөлімі жүйелі түрде құрылып, мысалдар арқылы түсіндірілуі маңызды. Бұл кезеңде оқушылардың теорияны тәжірибемен байланыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

  1. ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТ

Тәжірибелік тапсырмалар оқушылардың алған білімдерін қолдана отырып, дағдыларын жетілдіруге бағытталады. Сабақ барысында оқушыларды өмірлік жағдаяттарды шешуге, нақты мысалдар мен жобалар орындауға ынталандыру керек. Практикалық бағыт олардың білімінің тиімділігін арттырып, шынайы өмірде қолдануға көмектеседі.

  1. КӨРНЕКІЛІК ПЕН РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Көрнекі материалдар мен ресурстар оқушылардың ақпаратты қабылдауын жеңілдетіп, қызығушылығын арттырады. Сабақта интерактивті тақта, визуалды сызбалар, графикалар мен бейнематериалдарды тиімді пайдалану ұсынылады. Бұл тәсіл оқу материалдарын түсінуді жеңілдетіп, есте сақтау процесін жақсартады.

  1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУ

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, олардың өзіндік көзқарастарын білдіруіне мүмкіндік береді. Олардың шығармашылық әлеуетін ашып, жеке тұлғалық дамуына ықпал ету үшін сабақта эссе жазу, жобалау, көркем жұмыстар орындау сияқты тапсырмалар енгізу ұсынылады.

  1. КОММУНИКАТИВТІК БАЙЛАНЫС

Сабақ барысында оқушылардың қоғаммен байланысын нығайту үшін пікірталас, дебат, сұхбат сияқты әдістерді қолдану қажет. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуі, қоғамдық мәселелерді талқылауы және шешім қабылдауы коммуникативтік дағдыларын дамытады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Мұғалімдер үшін:

1. Алиева, Г. "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", 2018 ж., 192 бет.

2. Бекболатова, Л. "Шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту", 2019 ж., 210 бет.

3. Мұратов, Е. "Интерактивті оқыту әдістері", 2017 ж., 176 бет.

4. Сейтқазин, Р. "Тілдік ойындар жинағы", 2020 ж., 150 бет.

5. Қарағұсова, А. "Мәдениеттераралық білім беру", 2021 ж., 134 бет.

6. Даулетова, С. "Балалармен тиімді қарым-қатынас", 2016 ж., 198 бет.

Оқушылар үшін:

1. Айтбаева, К. "Қызықты қазақ тілі", 2022 ж., 96 бет.

2. Нұрмағамбетов, Т. "Менің алғашқы қазақ тілі кітабым", 2020 ж., 128 бет.

3. Баймұхамедова, А. "Балаларға арналған қазақ тілінің грамматикасы", 2018 ж., 136 бет.

Ата – аналар үшін:

1. Кенжеғалиева, Д. "Тілдік дамуға арналған ойындар", 2020 ж., 140 бет.

2. Қасымова, Б. "Балаңыздың сөйлеу дағдыларын жетілдіру", 2021 ж., 122 бет.

3. Төлеубаева, Г. "Бала тәрбиесіндегі мәдениеттер аралық әсер", 2018 ж., 132 бет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
844
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12