Тақырып бойынша 27 материал табылды

Қазақ тілі мен әдібиетін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
материалым қазақ тілі мұғалімдеріне көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

«Приишимка негізгі мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Дауленбаева Ризагул Абаевна


ЭССЕ

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру


«Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз».

ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев


Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – бұл Отаннан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді нышан және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс»,- деген болатын. Демек, тілді сапалы деңгейде үйрену барша Қазақстан азаматтарынан талап етіледі. ҚР-ның Тіл туралы Заңының 4-бабында былай делінген: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР-ның әрбір азаматының парызы».

Қазақ тілі мен әдебиетінің жаңа оқу бағдарламалары дүниежүзілік және отандық тәжірибенің үздік, инновациялық түрлеріне сүйене отырып әзірленді. Жаңа оқу бағдарламаларын іске қосу барысында тілі қазақша дамыған оқушының моделі қалыптасады. Оқушының осы моделі Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге асырылуының бір жолы болып табылады. Өйткені «Мәңгілік Елдің» мәңгілік тілі – қазақ тілінің дамуы мектепте оқыту жүйесімен тікелей және маңызды байланыста болады.

 Білім беру деңгейлері арасындағы мазмұнның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында бүкіл білім беру траекториясы бойы жинақталатын өтпелі негізгі құзыреттер айқындалады. Бұл құзыреттер білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының құндылығы мен мазмұндылығын, білім беру саласындағы басқа да негіздемелік құжаттарды айқындау үшін негіз болады.

  Негізгі құзыреттілік ретінде үш тілде білім алушылардың коммуникативтік дағдылары дамиды. Мектептерде педагог кадрлардың дайындығына қарай және оқушылар мен ата-аналардың қалауын ескере отырып, жекелеген пәндерді үш тілде оқытуға біртіндеп көшу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік тілді басым дамыту білім беруді әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту есебінен күшейтілетін болады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осы бағытты негізге ала отырып мен «қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру» мәселесімен жұмыс атқарып келемін.

Қазақ тілін оқыту үдерісінде бұған дейін қазақ тілін тек пән ретінде оқыту ғана мақсат болып келсе, ендігі ретте оқушының қазақша білу,сөйлеу, жазу, түсіну құзіреттілігін қалыптастыру - басты мақсатқа айналды.

Оқушыларымның қазақ тілін толық игеруі үшін коммуникативтік бағыттағы жаттығулардың міндетті түрде динамикалық режимде болуын қамтамасыз етемін. Ауызша сөйлеу формасы сөйлеуді есту арқылы түсіну болып табылады, яғни түсініп-тыңдау және сол сөйлеуге дұрыс реакция/жауап беру. Ал жазбаша сөйлеу графикалық сөйлеуді көздейді, яғни берілген мәтінді түсіну, графикалық берілген ақпаратты пайдалана отырып, өз ойын жазбаша түрде жеткізу дегенді білдіреді.

  Оқушының тілді жетік білуі, орташа білуі, нашар білуі көптеген факторлармен байланысты. Коммуникативтік құзірет - үйренген тіл құралдарын тілдік қарым-қатынаста таңдап пайдалана білуге деген қабілеттілік, тақырыпқа сәйкес коммуникативтік жағдаятты бағалау, жағдаятқа тез арада кері байланыс/реакция жасап, екінші тілде жауап беру. Тілді оқытудың мақсаты – коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру. Бұл терминді алғаш рет этнолингвист Делл Хаймс (Hymes) енгізген болатын. Оның теориясы бойынша КҚ сөйлеушінің нақты бір сөйлеу қауымдастығында өзін өзгелердің түсінгендігін сезінуі деген.

Өз тәжірибемде қазақ тілін коммуникативтік жаттығулар арқылы оқыту барысында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту әдістемесіндегі тиімді әдістерім мыналар:

  • Пікірталас/дискуссия

  • Сұхбат/диалог

  • Қар жентегі/снежный ком

Пікірталас – сын тұрғысынан ойлау мен коммуникативтік қабілетті дамытуға бағыттылған әдіс. Оқушылардың талқыланатын тақырыпқа немесе проблемаға деген қарама қайшы пікірлері мен көзқарастарын көрсетуге негізделген. Бұл әдісті мен жоғары сыныпта жиі қолданамын.

Қар жентегі – бұл тұлға аралық қарым қатынасқа үйретуге және коммуникативтік қабілет пен білікті дамытуға бағытталған оқыту әдісі.

Мысалы: диалогтің түрлері мен коммуникативтік міндеттері және оған сәйкес сөйлеу қызметтерін жіктеу негізінде оқушылар бірнеше жаттығу түрлерін орындайды.

Сонымен қатар дәстүрлі әдістер жүйесін де жиі қолданамын. Олар – грамматикалық талдаулар, модельдеу, логикалық ойлауға арналған жаттығулар орындау, мәтінмен жұмыс істеу әдістері т.б.

Соның бірі өз сабақтарымда қолданатын маңызыдылығына қарай бөлу әдістемелік тәсілін пайдаланатын коммуникативтік ойын түрі. Оның мақсаты нақты бір заттарды немесе құбылыстарды олардың маңызыдылығына қарай орналастыру. Ойын барысында түрлі пікірталастар болады. Оқушылар өздерінің таңдауларының дұрыстығын дәлелдейді. Бұл ойынды жеке, жұппен, топпен өткіземін. Мысалы: «Менің сүйікті ісім»

Оқушылар көрсетілген критерийлерге сәйкес іс-әрекеттерді маңызыдылығына қарай бөліп көрсетеді, өз топтарында талқылайды. Мысалы, үй жинау адамның денесін шынықтырса, оның жанына 1 санын қояды. Сөйтіп, маңызыдылығына қарай сандармен белгілеп отырып, кестені толтырады. Сонан соң жұбымен талұылап, топтық талқылауға шығады, әр топ сүйікті істерінің маңызыдылығын дәлелдеп, оны орындауға арналған кеңестер мен ұсыныстар дайындайды.

Бұл әдісті таңдаған себебім, оқушылар тарапынан шынайы қызығушылық пайда болады, тақырыпты жақсы түсінеді, сөйлеу біліктерін қалыптастырады, ақпарат алмасады.

Меніңше, топтық жұмысты үлкен көлемді лексикалық және грамматикалық тақырыптар бойынша білімдерін бекіту, жалпылау үшін қорытынды сабақтарда қолданғаны дұрыс. Қорытынды сабақта тақырып бойынша топ ішінде оқушылардың пікірлерін айтқызып, дәлелдеме жасатқызып, тақырып аясындағы проблемаларды талқылауға, жалпы лексика-грамматикалық білімдерін жүйелеуге және практикада, яғни шын өмірде қолдану жолдарын анықтау үшін жағдай жасауға болады деп ойламын.

Менің ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын мәтіндерді тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру әдістері де көп көмегін тигізеді.

Сонымен бірге мектептегі интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін де өз сабағымда жиі пайдаланамын, мысалы: шымылдық, сәйкестендіру, телеграфтық таспа, сиқырлы сандық, үлкейткіш, т.б.

А.Байтұрсынов өзінің «Қай әдіс жақсы?» мақаласында: «Әдіс- керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай»,-дейді. Соныдықтан өз тәжірибемде ең алдымен оқушыларды қызықтыру үшін білімді қажеттілікке сай, түсінікті формада айтып жеткізуге, ең басты мәселеге тоқтала білуге, мысалдар келтіре отырып айтып беруге тырысамын. Үнемі шығармашылық ізденісте болып, педагогикалық іс тәжірибемді заман талабына сай жетілдіріп отырудамын, оқытудың бірнеше әдістерін салыстырып, жаңа технологияларын таңдап, сұрыптап қолданудамын.

Осы тиімді әдістерді қолдануымның арқасында оқушыларымның оқу үлгерімдері көтеріліп, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтары артып, олардың жақсы оқуларына, оқу материалын жақсы ұғып алуына ықпал жасауда.

Қорыта келгенде, қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістіктен орын алуы үшін әрбір оқушының қазақша коммуникативтік құзіретін қалыптастыру ісі аса маңызды деп есептеймін. Сонымен бірге, оқушының заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, қазақ тілінде өз бетімен білім іздену дағдысын қалыптастыру да назардан тыс қалмауы керек. Интернет технологияны енгізудің соңғы 5-7 жылда барлық білім алушылар да, білім берушілер де анық түсінді деп айтуға болады. Интернеттен тікелей алынатын мәліметтер қазақ тілін түрлі бағытта, түрлі салаға үйрету үшін мол әрі құнды мәліметтер бере алады, соның негізінде заманға сай оқу материалдарын жүйелеуге бастау көзі ретінде сенімді тірек болады.

Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. Осыған байланысты менің міндетім – мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.

Менің ойымша, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту біздің қолымызда деп білемін.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ 2011 жылы әзірленген «ҚР мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту туралы Ережеде» Электрондық оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы былай деп көрсетілген: «Мектептік ұйымдардағы электрондық оқытудың басты мақсаты: ашық ақпараттық білімдік кеңістік негізіндегі қағида «бүкіл ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс делінген.

Қазақстан Республикасында үш тілді білім беру жүйесі арқылы әрбір қазақстандық оқушыны болашаққа діңгегі мықты, тамыры тереңге жататын Бәйтерек сынды алып тұлға етіп қалыптастырудың жаңа жолы қаланып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. ҚР-ның Тіл туралы Заңы

  3. ҚР-ның «Мәңгілік Ел» идеясы

  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылым. Алматы: «Ана тілі», 1992, 368-370 б.

  5. Құрман Н.Ж., Есенова Г.С. Өзгетілді мектепте қазақ тілін оқытуда коммуникативтік жаттығуларды қолдану әдістемесі. Монография. -Ақтөбе, 2010. – 160 б.

  6. Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру: Әдістемелік құрал -Астана, 2018.-48 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12