жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша тапсырмаларды саралап оқыту әдістері
Ауданбаева Қамар Тумашовна
«Бейнеу лицейі» КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ САРАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бүгінгі күннің талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда, әр оқушының қабілетін танып, дамытып, шыңдауда жаңаша үрдіске көшу – ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет.
Парасаты мен ізгілігі жарасқан ұстаздың беделі әрдайым биікте. Ал сол парасат пен ізгілікті, даналық пен біліктілікті шәкір бойына үйлесілімділікпен қалыптастыру – педагогтың асқан шеберлігі.
«Бүгінгі күні білім беру ісінде қандай ұстанымдарды басшылыққа алуымыз керек?» деген сұрақтардың төңірегінде білім берудің ұстанымдары да өзгерді.
Мектептегі білім мазмұнын заман талабына сай жаңарту – саралап оқытуды дамыту арқылы білім беруде оқушылардың қызығушылығын оятып, қабілеті мен икемін дамытып, шығармашылық шыңға жетелейтін табысты жол.
Саралап оқыту дегеніміз – оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы. Өзімнің отыз жылдық ұстаздық қызметімде оқушылардың өз ана тілі мен төл әдебиетін шексіз сүйіп, қадірлей білуі, ұлттық құндылықтарын бағамдау үшін әр шәкіртімнің бойындағы өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды саралап, қарапайымнан біртіндеп күрделі тапсырмаларға айналдырамын. Сабақ барысында бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып, әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып дайындаймын.
Білім беру мазмұнын жаңартуда өзімнің іс-тәжірибиемде қолданып жүрген саралаудың төмендегі түрлеріне тоқталғым келеді:
1.Диалог незінде саралау
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында білім алушы үшін маңызды ресурс – адами ресурс. Сондықтан диалог негізінде саралау мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты дамытады. Сыныптағы қабілеті төмен оқушының өзі ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, ал деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Осы орайда білікті мұғалім әр оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай тиімді кері байланыс ұсынады. Қазақ тілі сабақтарында тыңдалым және айтылым дағдыларында үнемі диалогтік саралау жүзеге асады. 7-сыныптағы «Достық – асыл қасиет» бөліміндегі тыңдалым тапсырмасында мәтінді мәнерлеп оқуын зеректікпен тыңдап, интонация, кідіріс, логикалық екпін түсетін тұстарды ажырата білуді меңгереді. Бұл тапсырманы сыныптағы барлық оқушылар орындай алса, айтылым дағдысындағы мәтіннен нақты дерек пен авторлық көзқарасты ажырату – сыныптағы белсенді оқушылардың үлесінде.
«Стоп-кадр» тәсілі. Видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадр көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, келесі оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.
2. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (Топтық жұмыс)
Оқушыларды ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту – саралаудың тиімді тәсілі. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің сыныптасынан көмек алуға мүмкіндік алса, ал қабілетті оқушылар өз ойымен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына өз үлесін қосады. Қазақ әдебиеті сабағында оқушыларды шығармашылық ізденіске баулуда драмалық шығармалардың рөлі зор. Оқушылар қабілетіне қарай рөлдерді бөліп алып, берілген үзінділер бойынша қойылымды ұйымдастырады. Топ ішінде дайындалып, әр кейіпкердің рөлін сомдауда оқушылар жоғары белсенділік көрсетеді және топта қалыс қалатын оқушы болмайды.
«Сұхбат алу» әдісі. Оқыған шығармаларымен танысып, оқушыларды бір-бірімен топтастырып, өзара пікірлерің талқылағаннан кейін кейіпкердің бойындағы адами қасиеттері туралы бір-біріне сұрақ қою арқылы жүзеге асады.
3. Тапсырма бойынша саралау (Деңгейлік тапсырмалар)
Саралаудың бұл түрі мұғалім тарапынан мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Аталған саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізетін топтық жұмыс барысында қолданғын дұрыс. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін қарапайымнан күрделіге қарай мынадай тапсырмаларды ұсынамын:
Қазақ тілі пәні бойынша:
А-деңгейіндегі тапсырмалар:
Мәтінді түсініп, сұрақтарға жауап беру.
В-деңгейіндегі тапсырмалар:
Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін тауып, сөйлем құрау
С-деңгейіндегі тапсырмалар:
Берілген тақырып бойынша тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, мәтін құрау.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша:
А-деңгейіндегі тапсырмалар:
-
Мәтінмен танысу
-
Кейіпкерлерді табу
-
Осы шығармаға ұқсас шығармаларды еске түсіру
В-деңгейіндегі тапсырма:
Шығарма сюжеті композициясының өрбу кезеңдеріне сәйкес кейіпкерлер диалогын құрастыру.
С-деңгейіндегі тапсырма:
Ұсынылған тақырыптарға эссе жазу, шығарма бойынша сурет жазу, өлең
шығару.
Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау оқу тапсырмасының мазмұны бойынша: шығармашылық деңгейі бойынша, қиындық деңгейі бойынша, көлемі бойынша, әрекетті ұйымдастыру бойынша:
Мұғалім тапсырманы бәріне
бірдей таныстырады, ал орындалу кезеңі төмендегідей болуы
мүмкін:
1 топ-мұғаліммен бірге;
2 топ- алдымен мұғаліммен, содан кейін өз бетінше;
3 топ- өз бетінше
Тапсырмалардың нұсқалары қиындық деңгейі, шығармашылық деңгейімен және көлемімен ерекшеленеді.
1-нұсқа- негізгі тапсырма;
2-нұсқа-көлемі үлкендеу тапсырма;
3-нұсқа-шығармашылық тапсырма. Саралауды қамтамасыз ететін
тапсырмаларды құрастырудың төмендегідей түрлерін қолдану
ұсынылады:
Таңдау түрінде орындалатын тапсырмалар: сондай-ақ оқушының таңдауы бойынша тапсырма жағымды оқу ынтасының қалыптасуына әсер ететінін естен шығармауымыз керек.
Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Нәтиже дегеніміз – сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім мазмұнды меңгерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ойлағандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды.
4. Мақсат бойынша саралау
Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады. Бұл саралаудың түрі сыныптағы оқушылардың деңгейін анықтауға, дарынды оқушыларды анықтауға зор мүмкіндік туғызады. Бұл саралаудың түрін өз тәжірбиемде жүйелі жүргізіп келемін. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында Блум таксономиясы бойынша қарапайымнан күрделіге қарай алты сатыдан тұратын әдістерді тұрақты қолданамын. Сол арқылы сыныптағы дарынды да талантты оқушы анықталады. Қазіргі таңда оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру үшін «Квест», «Кахут» сияқты ойындар арқылы ойлау қабілетінің жүйріктігін, тапқырлығын дамыта отыра, оқушылардың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ескереміз.
«Төрт сөйлем» әдісі – мақсатты саралауға арналған тиімді әдіс:
Пікір. Шығарма бойынша
пікірлеріңізді бір сөйлеммен білідіріңіз
Дәлел. Пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз
Мысал. Пікірлеріңізіді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды
шығарыңыз
Саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағытталған әрекет. Олай болса өз бетімен білім алуға құштар, дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік беретін саралап оқытуды өз іс-тәжірибемізде жүйелі қолдануға ізденейік!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген