"Ана тілім – менің тілім"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана тілім – менің тілім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мемлекеттік тіл- тәуелсіз елдің негізгі рәміз дерінің бірі. Тіл адамдардың қарым – қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі менің ана тілім!

Бұл өмірде бір күн қонақ боламыз
Мүмкін елу мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тілім менің – таусылмайтын байлығым. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, ана тілім

мен сөйлеп, құрметтеп келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл – ата-бабамыздан бізге қалған аманаты. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз.

«Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, осы тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Мемлекеттік тіл- тәуелсіз елдің негізгі рәміз

дерінің бірі. Тіл адамдардың қарым – қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Тіл- халықтың өмірдегі ең маңызды рөлдердің бірін ойнайды. Әр халық әр түрлі тілде сөйлейді, сол себепті тіл ол халықтың ойлау және сөйлеу түрін басқа тілдерден ажыратады. Қазақ тілі - ең бір әдемі де көркем тіл. Олтүріктобына жататын бай тіл. Ол жан-жақты қалыптасқан, тарих соқпағынанөткен кереметтіл– Ана тілі. Ана тілі – қазақ халқының байлығы. Оның өткені мен осы бүгінгісі және келешегі. Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал, тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес.

Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз, әлемді танимыз.
Тіл халықтың жаны, сәні, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан Республикасының негізгі халықтың тілі болып табылатын мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз.Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас.  Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз. Б. Момышұлының « Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Тіл 
Ұлы, құдіретті; 
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды; 
Біздің болашағымыз – ана тілінде! 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі