Материалдар / қазақ тілі орыс сыныптары: САБАҚ ЖОСПАРЫ "АЗИАДА 2011"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қазақ тілі орыс сыныптары: САБАҚ ЖОСПАРЫ "АЗИАДА 2011"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚСТАНДА БІРІНШІ РЕТ ӨТКЕН АЗИАДА ОЙЫНДАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ БЕРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫ РУХТЫ КӨТЕРУГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілін орыс сыныптарында өткізу тәжірибемнен

7-сынып, тақырыбы: «Азиада -2011» 4-сабақ



Кушерханова Жанна Нурмагамбетовна

Мәдениеттің ұлттық сипаты мен ұстаздық бағдарында әлемдік дүниетаным, рухани – этикалық ұстаным, қазақи дәстүрлі көзқарастар әрқилы тоғысады. Осы үш бастау да Абай даналығында өз арнасын және өрнегін тапқан. Абай адамның өзіне жол табуды, ел бірлігін бекемдеуді мақсат тұтады. Сол үшін ол ортақ мәселеге араласты, ортақ мүмкіндікті қарастырды, ортақ міндетке үйретті. Абай мұғалімдікті ресми кәсіпке айналдырмады, бірақ ұстаздық еңбегін білімге, өнерге, өмір сүруге үйретуге, адами құндылықтарды ұмытпауға, ол істерін іс – әрекетте көрсетіп, шамасынша адам тұлғасын ой – сана ізгілігне бағыттауға жұмсайды. Абай

7- қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем – жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құрамы. Біреуі білсем демелік» деп тән мен жан азығының ара – қатынасын ашып көрсеткен демек, жан азығы – рухани қазынамыздың жиынтығы, атап айтқанда имандылық тәрбиесін беруге қажетті құндылығымыз, байлығымыз болып табылады.

Ақын Абай «адам бол», «ел бол» деген ұғымды ұлттық рух деңгейіне көтеруге шеберлігі мен шешендігін жұмылдырады. Мына дамыған заманымызда айналысар істер, бастаулар көп, болашақта туатын жоспарлы бағытта істелетін істерде халқымыз Абай айтқандай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және сүй, хақ жолы деп әділетті.» деген жолдарын үлгі ете отыра елінің экономикасына, әлеуметтік дамуына үлес қосатын, беделін марқайтатын жас тұлға керек екенін түсіне сол үшін еңбек етіміз қажет.

Тәуелсіздік туын болашақ ұрпақтың ұлттық рухани саналы дамыған, дүниетанымы артқан тұлғалар қалыптастырып ұшыруды көздейміз. Бүгінгі болашаққа материалдық байлықты көздейтін емес, парасатқа ие, кісілікке қызмет ететі, халыққа пайдасын тигізсе, отбасынан бастап Отанын сүйе алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Осындай мақсат алдыма қоя отырып

7 сыныпта «Азиада-2011» тақырыбын өткенде еліміздің елдігін танытқан, мақтанышына айналған, спорт әлемінде өзіндік ролі бар Азия елдері арасында өткен қысқы ойындар туралы айта келе оқушыларды елінің мақтанышы болуға тәрбиелеу деп есептедім. Енді сол сабағымды үлгі ретінде ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Азиада -2011, сан есімдерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сан есімді мәтін бойынша қайталап, оқушыларды алған білім дағдысын тапсырмаларды орындау арқылы пысықтау.

Дамытушылық: Мәтін бойынша жұмыстарды үш деңгейлі тапсырмаларды орындауға үйрету.

Тәрбиелік: Ұжымдық жұмыс арқылы оқушылардың бойына өз еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық рухын қалыптастыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сындарлы оқыту.

Қолданылатын көрнекілік: интертақта, суреттер, флип чарт.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру а) Сыныпты спорт түрлері арқылы топқа бөлу.

ә) Топ басшысын сайлау, топ ережесін қайталау.

б) Топ басшылары дұрыс жауап берген оқушыларға бағалау парағына белгі қойып отырады. Сабақ соңында бағаланады.

ІІ. Ой қозғау

Мұғалім: Мына эмблема сіздерге таныс па? Ол туралы не білесіздер?

(Оқушылар өз ойларын топта пікірлесіп, дұрыс жауабын береді)

Мұғалім: «Қысқы спорт түрлері» қандай түрлерін білесіздер?







(Әр топ оқушылары бір-бірден картаны өздері білетін қысқы спорт түрлерімен толықтырады)

ІІІ. Мағынаны ашу.

а) Мәтінді оқу. Топ оқушылары мәтінді оқиды.

Мәтін: Азиада-2011

2011жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері Астана мен Алматы қалаларында өткен 7-ші Қысқы Азиада ойындарын өткізуге Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея сынды Азия елдерінен кейін Қазақстан ғана ие болды. Отызға жуық ел бас қосты. 7-ші Қысқы Азия ойындарында алғаш рет Алау эстафетасы ұйымдастырылып, Олимпиада бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалды. Тағы бір ерекшелігі – 7-ші Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты. Ашылу салтанатына арналған бағдарламаға қазақстандық тарихшылар, музыканттар, әдебиетшілер мен мәдениеттанушылар, кәсіби әртістер қатысты. Астана мен Алматы қалаларында алауы тұтанған 7-ші Қысқы Азия ойындарының бірінші күні-ақ қазақстандықтарға зор қуаныш пен шаттық сыйлады.

Қазақстан құрамасы қоржынына 32 алтын, 21 күміс және17 қола медаль салып, бүкіл әлемге Отанымызды танытты.

ә) Мәтінді дауыстап оқыту. Әр топтан кезекпен кезек мәтінді оқып шығады.(оқушылардың ауызша оқуына мән беру үшін)

2. Сөздікпен жұмыс. Сөздік дәптерге мына сөздер жазылады: ұйымдастырылды-организован, ашылу салтанаты-торжественное открытие, мәдениеттанушылар-культуроведы, зор қуаныш-много радости, шаттық-восторженность, Қазақстан құрамасы-сборная Казахстана

Интертақтада жазылған осы сөздердің мағынасын әр топ оқушылары түсіндіріп береді.

3. Деңгейлік тапсырма. (оқушылардың жекелеме орындалатын жұмысы)

ІІІ деңгей

1. 7-ші Қысқы Азиада ойындары қай жылы, қай кезде өткізілді№

2. Қысқы Азиада ойындарындаалғаш рет не ұйымдастырылды?

ІІ деңгей

1. Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазып, ішінен реттік сан есімдерді белгілеп сұрақ қой.

2. Қазақстан құрама командасы қанша алтын, күміс, қола медаль аоды?

І деңгей

Мәтіннен тіркесті сөздерді теріп жазыпоның қай сөз табына қатысты екенін анықта.

Тапсырма орындалып болған соң жұппен оқушылар дәптерлерін өзара ауыстырып интертақтада жазылған дұрыс жауаппен бірін-бірі тексереді. Топ басшысы тексерілген тапсырмаларға ұпай қояды.

4.Берілген диалогқа сұрақ қою арқылы толықтырып жазу.

Мысалы:

-.......

-Азиада медалі Алматыда жасалды.

-...

-Қысқы Азиада ойындарындаспорттың 11 түрі болды.

Топ оқушылары көп нүктенің орнына сұрақ жазып дұрыстығын интертақта арқылы тексереді.

І Ойды қорыту.

Мұғалім: Бүгінгі мәтінмен жұмыс барысында біз өз елімізде өткен қысқы Азия ойындары туралы мағмұмат алдық. Енді сабағымыздың басында толтырған «Қысқы спорт ойындары» картасын Азиадада болған қысқы спорт түрлерімен толықтырайық.















Мұғалім: Қандай спорт түрлерін тағы да біледі екенбіз. Осы Азиада ойындары біздің елімізді бүкіл дүние жүзіне тағы да жоғары дәрежеде танытты. Сіздер де өз елдеріңізді болашақта мақтанышы болып, үлкен жетістіктеріңмен танытасыздар деген сенімдемін. Енді топ басшыларының бағалауымен танысып, қорытындылайық.

(топ басшыларының бағалау парағы талқыланып оқушыларға баға қойылады)

Үйге тапсырма: 5 тапсырма, мәтінді оқып, сан есімдерді қайталау.

Бүгінгі өркениетті заманда нағыз ұстаздың бейнесі ерекше, белсенділігі еңселі, беделі ескерулі болса жаңару жолындағы жетістіктер нәтижелі болмақ. Ұстаз ұлағаттылығымен ұлықты, ұтымды ықпалды. Ол қандай қабілет – қасиеттен құралады? Иә, ұстаздық қасиеттері: кемеліне жеткен кісінің асыл мінезі, адамның бойындағы ұлағатты, үлгілі қасиеттердің қуатты қамқоршысы, ортақ істегі ортақ ұстаным, адамдар қарым – қатынасын қызықты ететін бапкердің құралы, ұстаз бойында әлеуметтік, мәдени психологиялық шаралардың сабақтастығы, педагогикалық тәжірибенің діңгегі және өнерліге серік, өсиетке беріктік. Осы қасиеттерді игерген ұстаздың кәсіби біліктілігі үлгісі артып, тәрбиедегі тұлғалықтың тартымды тірлігі түйіседі. Иә, тереңіне қарап айтатын болсақ ұстаз – өз ары мен халқының қызметшісі, адамдыққа үйретуші, жетер мұрат пен мүмкіндікті теңестіре білетін тынымсыз ететін тиянақты тұлға.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!