Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілі пәні»: 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тест жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік құрал білім алушылардың алған білімін қорытындылау және пысықтау мақсатында білім деңгейін тексеруге арналған тест және тапсырмалар жинағынан тұрады. Әдістемелік құрал жас мамандарға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«КЕЛІСІЛДІ»

Әдістемелік кеңес отырысында

Хаттама №_______

Колледж директорының оқу-әдістемелік,

ғылыми істер жөніндегі орынбасары

______________ Г.Е.Қаршығина

____________________ 20___ж.






«Қазақ тілі пәні»: 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тест жинағы-Ақтөбе, 2023ж. 41-бет


Автор-құрастырушы: Д.А.Куанышбаев, Н.Е.Иргизбаева - қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары

(Т.А.Ә.,лауазымы,ғылыми дәрежесі)










«Жалпы білім беру, әлеуметтік пәндер» ЦӘК

Отырысында қаралды және мақұлданды

Хаттама №______

«___»________20__ж.

______________________________





Бұл әдістемелік құрал білім алушылардың алған білімін қорытындылау және пысықтау мақсатында білім деңгейін тексеруге арналған тест және тапсырмалар жинағынан тұрады.

Әдістемелік құрал жас мамандарға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.


Shape1

АЛҒЫ СӨЗ


Қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік құрал (тест және тапсырмалар жинағы) 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша құрастырылған. Ұсынылып отырған жинақ «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №661 бұйрығына сәйкес әзірленген үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының негізінде талаптарына сәйкес жасалған.

«Қазақ тілі» пәні бойынша әдістемелік құралы – қазақ тілді емес оқу орындарында қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне асыратын; білім алушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; білім алушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.

Әдістемелік құралдың мақсаты – білім алушылардың өздігінен білім алуына, көмектесу, олардың ізденуіне, шығармашылық қабілеттеріне бағыт беру, түрлері мен әдістерін меңгеруге жәрдем ету болып табылады.

Білім алушылардың алған білімін қорытындылау және пысықтау мақсатында білім деңгейін тексеруге арналған тест тапсырмаларының маңызы зор. Тест тапсырмаларына жауап бере отырып, өз білімдерін тексеруге мүмкіндік алады.

Тест тапсырмалары 230 сұрақтан тұрады, 5 жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды ұсынады. Жауаптың дұрыстығын тексеру үшін кітапша соңында дұрыс жауаптар берілген.

Бұл әдістемелік құрал жас мұғалімдерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

















СЫНАҚ СҰРАҚТАРЫ:


1.Фонетика саласы

2.Дауысты дыбыстар

3.Дауыссыз дыбыстар

4.Үндестік заңы

5. Буын үндестігі

6.Дыбыс үндестігі

7. Ілгерінді ықпал

8. Ықпалдың түрлері

9.Орфография дегеніміз не?

10.Буын,оның түрлері

11.Тасымал дегеніміз не?

12.Сөздіктер дегеніміз не?

13.Сөздіктердің түрлері

14. Сөздіктердің зерттелу тарихы.

15.Сөз мағынасы дегеніміз не?

16.Сөздің тура мағынасы деген не?

17.Ауыспалы мағынасы деген не?

18. Мақал дегеніміз не?

19. Мақалдың қандай тақырыптары бар?

20.Лексика дегеніміз не?

21.Қандай сөздерді кірме сөздер дейміз?

22.Көнерген сөздер

23.Жаңа сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

24.Лексикология дегеніміз не?

25.Термин сөздер дегеніміз не?

26.Диалект сөздер дегеніміз не?

27.Кәсіби сөздер дегеніміз не?

28.Кәсіби сөздердің түрлері

29.Омоним сөздер

30.Синоним сөздер

31.Антоним сөздер

32.Тұрақты тіркестер

33.Тұрақты тіркестердің ерекшеліктері

34.Сөз құрамы дегеніміз не?

35.Қосымша дегеніміз не?

36.Жұрнақ дегеніміз не?

37.Жалғау дегеніміз не?

38.Жұрнақ пен жалғаудық ұқсастықтары мен айырмашылықтары

39.Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

40.Көптік жалғаулары.

41.Септік жалғауының қандай ерекшелігі бар?

42.Тәуелдік жалғаулары.

43.Жіктік жалғаулары.

44.Жұрнақтың түрлері

45.Сөз тудырушы жұрнақтар

46.Сөз түрлендіруші жұрнақтар

47.Модификациялық жұрнақ дегеніміз не?

48.Қос сөздер, оның түрлері

49.Тіркескен сөздер

50.Қысқарған сөздер

51.Біріккен сөздер, жасалу жолдары.

52.Зат есім, оның түрлері

53.Сын есім, оның түрлері

54.Сан есім, оның түрлері

55.Негізгі сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

56.Көмекші сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

57.Сілтеу есімдіктері

58.Өздік есімдіктері

59.Септеулік шылаулар дегеніміз не?

60.Сын есімнің шырайлары

61.Сын есім шырайларының қандай түрлері бар?

62.Салыстырмалы шырай дегеніміз не? 

63.Есімдік дегеніміз не?

64.Есімдіктердің ерешелігін айтыңыздар.

65. Мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

66.Жіктеу есімдіктерін атаңыздар.

67.Сұрау есімдіктері

68.Етістік дегеніміз не?

69.Дара етістік дегеніміз не?

70.Сабақты етістік дегеніміз не?

71.Салт етістік дегеніміз не?

72.Шылау, оның түрлері

73.Демеулік шылаулар дегеніміз не?

74.Жалғаулық шылаулар дегеніміз не?

75.Септеулік шылаулар дегеніміз не?

76.Құрмалас сөйлем, оның белгілері

77.Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

78.Салалас құрмалас сөйлем

79.Сабақтас құрмалас сөйлем

80.Аралас құрмалас сөйлем








ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1.Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

А) Б, В, Г, Ж

В) Б, Г, К, Қ

С) Ғ, Қ, Ң, Һ

Д) Р, С, Ж, З

Е) К, Қ, З,Т

2. Сан есімді тіркесті табыңыз.

А) Қызық кітап

В) Жақсы оқушы

С) Он екі студент

Д) Үлкен үй

Е) Ашық есік

3. Қатаңнан басталып, қатаңнан аяқталған сөзді табыңыз.

А) Арман

В) Қайрат

С) Жел

Д) Гүл

Е) Жаз

4. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Ақылмен

В) Айгүлді

С) Әжеме

Д) Ауылдан

Е) Үйге

5. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойыңыз.

Мен...ң ...н...м биыл университетке барады.

А) Ы

В) О

С) Е

Д) І

Е) А

6. Тұйық етістікті табыңыз.

А) Барды

В) Келген

С) Айтады

Д) Оқу

Е) Жүр

7. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Үлкенге

В) Кітабым

С) Үйлер

Д) Өзіміз

Е) Күзде

8. Жаз айларын көрсетіңіз.

А) Желтоқсан, қаңтар, ақпан

В) Маусым, шілде, тамыз

С) Наурыз, сәуір, мамыр

Д) Қыркүйек, қазан, қараша

Е) Тамыз, қыркүйек, қазан

9. Жіктеу есімдіктерін көрсетіңіз.

А) Өз, өзіме

В) Бұл, осы

С) Мен, сен

Д) Кім, не

Е) Әркім, әрқашан

10. Болымсыз етістіктерді табыңыз.

А) Барар, жүрер

В) Күт, шық

С) Айтпа, жазба

Д) Күледі, сөйлейді

Е) Оқыған, білген

11. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Ауылға

В) Ауылды

С) Ауылда

Д) Ауылмен

Е) Ауылдан

12. Етістіктің өткен шақ түрін табыңыз.

А) Көмектесті

В) Көмектесер

С) Көмектеседі

Д) Көмектеспекші

Е) Көмектес

13. Реттік сан есімді табыңыз.

А) Бесеу

В) Екі

С) Төртінші

Д) Он-ондап

Е) Үштен бір

14. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Мен студентпін

В) Әжемнің әңгімесі

С) Он бес үй

Д) Келген балалар

Е) Озат оқушы

15. Құрамында сын есім бар сөйлемді табыңыз.

А) Ол жұмыстан келді

В) Бұл- біздің үй

С) Кітапты кітапханадан алдым

Д) Маржан қызыл көйлек киді

Е) Әкем ауылда тұрады

16. Өздік етісті табыңыз

А) Асқар жуынды

В) Үй жиналды

С) Мұрат Айгүлді шақыртты

Д) Қонақтар ұзақ әңгімелесті

Е) Сен ертең кел

17. Қоштасу ұғымы қай қатарда дұрыс көрсетілген?

А) Аман-есенсіз бе?

В) Қош келдіңіз!

С) Қайырлы күн!

Д) Сау болыңыз!

Е) Сәлеметсіз бе?

18. Етістікті табыңыз.

А) Адам

В) Әрқашан

С) Барады

Д) Екі

Е) Қызыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2023
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12