Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жуманазарова Перуза Сагиевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Авторлық бағдарлама негізінде жазылған
Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ғылыми жоба жұмысын жазуға баулу
Қазіргі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесі күн сайын жаңарып, заман талабына сай бағыт алып келеді. Осы өзгерістердің аясында оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру – аса маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе, қазақ тілі пәні арқылы ғылыми жоба жазуға баулу – бүгінгі таңда өте өзекті. Ең алдымен, ғылыми жобалар арқылы оқушылардың танымдық қабілеті дамиды.Олар өз бетінше ақпарат іздеп, оны сұрыптап, талдау жасай білуге үйренеді. Қазақ тілінің терең мағынасы мен бай мұрасын зерттеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа, рухани байлыққа жетелейді.Мысалы, сөз төркіні мен олардың мағынасын зерттеу, талдау оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ғылыми негізде ой түюге үйретеді. Сонымен қатар, ғылыми жобалар – функционалдық сауаттылықтың көрсеткіші. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, оны саралап, өз ойын дәлелдей білу қабілетін қалыптастырады. Бұл - болашақта мамандық таңдауда, жоғары оқу орындарына түсуге дайындықта үлкен артықшылық болады. Бүгінде түрлі деңгейдегі ғылыми байқаулар, олимпиадалар мен конференциялар оқушылардың дарынын танытуға мүмкіндік беріп отыр. Қазақ тілі пәнінен ғылыми жоба жазуға қатысу – оқушының шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытудың тиімді құралы. Қазақ тілі бойынша ғылыми жоба жазуға баулу – тек тілге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды терең түсінуге, тұлғалық дамуға бағытталған маңызды қадам. Сондықтан бұл бағыт қазіргі таңда өте өзекті, әрі қажетті деп сенімді түрде айта аламыз.
Ұстаз қоғам қажеттілігіне қарай жұмыс жасайды. Бүгінгі таңдағы ол қажеттілік – балаларымызды ғылымғы бағыттау. Білім саласы мен мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дара тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау. Сондықтан, оқушының шығармашылығын дамытуда ұстаздарға жүктелер міндет те жоғары.
Әр ұстаздың алдындағы ізгі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық бағытқа жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі – ізденімпаздықтан туады. Негізгі мақсаты – баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Менің негізгі мақсатым қазақ тілі сабағында білім алушыларды шығармашылыққа баулу яғни ғылымға бағыттау. Бұл жерде ойлау басты рөл атқарады, ойлау – оқу мен жазуды дамытудың бағдарламасы. Бағдарламада оқушы мұғаліммен, оқушылармен еркін сөйлесуге, пікір алмасуға, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, өз бетінше шешім қабылдауға және қиындықты жеңе білуге дағдыланады.
Негізгі бағыты: Білім беру жүйесінде зерттеушілік қабілеттерді дамыту, нақтырақ айтқанда қазақ тілі арқылы ғылыми-ізденушілік дағдыларды қалыптастыру.
Өзектілігі: Қазіргі білім беру мазмұны оқушыны тек білім алушы ретінде емес, өз бетімен ой қорыта алатын, зерттеу жүргізетін, сыни пікір білдіре алатын тұлға ретінде дамытуға бағытталып отыр. Қазақ тілі пәні – тек тіл үйрету құралы ғана емес, ұлттық құндылықтар мен рухани дүниені танытатын маңызды сала. Бұл пәннің аясында оқушыларды ғылыми жоба жазуға баулу – олардың зерттеушілік қабілетін дамытып, шығармашылық және танымдық деңгейін арттырады. Сонымен қатар, қазақ тілі саласында ғылыми жоба жазу арқылы ұлттық сана-сезім, мәдениетке деген құрмет, тарихи таным тереңдейді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл бағыттың өзектілігі жоғары.
Жаңалығы:Қазақ тілі пәнін ғылыми зерттеу нысанына айналдыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; Оқушыларды әдеби мұраларды ғылыми тұрғыдан зерделеуге бағыттау; Жас зерттеушінің шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытудың жаңа форматын ұсыну; Оқушы еңбегінің нәтижесін ғылыми конференциялар, жобалар, байқаулар арқылы бағалау.
Педагогикалық мақсаттылығы:Оқушының танымдық қызығушылығын ояту; Ғылыми тілде ой қорыту мен тұжырым жасауға баулу; Жазылым, оқылым, сөйлеу дағдыларын кешенді дамыту; Пәндік білімді практикалық тұрғыдан қолдануға үйрету.
Мақсаты:Оқушыларды қазақ тілі пәні негізінде ғылыми жоба жазуға баулу арқылы зерттеушілік, шығармашылық, сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:Ғылыми жобаның құрылымын, жазылу талаптарын меңгерту; Тақырып таңдау, зерттеу мәселесін анықтау дағдыларын қалыптастыру; Дереккөздермен жұмыс істеуге үйрету (әдеби, тарихи, тілдік материалдар негізінде); Жобаны безендіру, қорғау мәдениетін қалыптастыру; Қазақ тілін зерттеу арқылы ұлттық болмысқа қызығушылықты арттыру.
Ерекшелігі:Тек пәндік білім берумен шектелмей, оқушыны жас зерттеуші ретінде қалыптастыруға бағытталған; Интербелсенді әдістер мен жобалау технологиясын тиімді қолдануға мүмкіндік береді; Жеке, жұптық және топтық жұмыстарда ынтымақтастық орта қалыптасады; Ұлттық әдеби мұра мен тілді заманауи көзқараспен зерделеуге жағдай жасайды.
Күтілетін нәтижелер:Оқушы ғылыми жобаның құрылымы мен мазмұнын меңгереді; Зерттеу сұрағын қою, мақсат пен міндетті ажырату қабілеті қалыптасады; Қазақ тілі мен әдебиеті материалдарын ғылыми тұрғыдан талдай алады; Ғылыми жұмыс жүргізуге қызығушылық артады; Конференцияларға, байқауларға белсенді қатысады.
Нәтижелерді тексеру әдістері:Ауызша және жазбаша кері байланыс (рефлексия, күнделік, пікір); Ғылыми жоба қорғау сәтіндегі бағалау парақтары; Портфолио жинақтау арқылы жеке прогресті қадағалау; Диагностикалық тапсырмалар, бақылау сұрақтары; Сауалнама мен тест нәтижелері, оқу мотивациясына қатысты көрсеткіштер.
Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:
-
Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
-
Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
-
Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
-
Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
-
Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
-
Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау;
Оқушының бойынан анықтау керек іс-әрекеттер:
-баланың негізгі қасиеттері.
-ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы.
-ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап, салыстыра білу.
-барлық күш-қуатты сарқа жұмсап, тынымсыз еңбек ету.
Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетелеуде,түрлі лингвистикалық жаттығулардың рөлі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып, қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет. Әдіс-тәсіл дұрыс таңдалып өткізілген әрбір сабақ оқушының қиялын, ойын дамытып, оларды дұрыс сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы оқушылардың қабілетіне түрткі болып жұмыс жасау, оны жан-жақты тану, шығармашылық деңгейін бақылап отыру мұғалім үшін қажет.Әрбір оқушының ерекшелігіне, қабілетіне қарай әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздену қызметімен ұштастыру. Осы шараларды орындай отырып, жұмысты әр баланы зерттеуден бастадым.Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып, алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен,кітапхана, қоршаған ортасы, сабақ үдерісі арқылы тіл дамыту. Оқушылармен жұмыс жүргізілген соң ата-аналарымен пікірлестім. Оларды алға қойған жұмыс жоспарыммен таныстырып, көмек беруге шақырдым. Баланы ата-анадан артық ешкім білмейді ғой.Сол себепті олардың пікірлерін тыңдап, бала туралы ата-аналардан мәлімет алдым. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, баланың отбасындағы орны, бейімділігін анықтадым.
Екінші жұмыс түрін кітапханамен байланысты нығайтудан бастадым.Оқушыларды кітапханаға келген кітаптармен таныстыра отырып, кітаптар тізімі жасалады. Келесі жұмыс достарымен, айналасындағы адамдармен сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Амандаса білу, қонақ қарсы алу, телефонға жауап беру, жөн сұраған адаммен тілдесе білу, тәрбие жұмысы үдерісінде осындай бағыттармен жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім.
Еліміз өркениетке ұмтылып отырған кезде ойыма еріксіз мына сөздер оралады. «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды ойлай білуге үйрету» - дейді ұлы ғұлама Эдисон. Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса, ойлауға үйрете отырып, бала тілін дамытуға жол саламыз. Қазіргі сабақтарда оқушыларды оқуға, жазуға ғана емес, ойлауға үйретеміз. «Әдебиет – асыл ойдың сабағы. Бала әр сабаққа ойланып келіп, сабақтан ойланып кетуі керек.Ойсыз өткен сабақ – бос, өнімсіз сабақ»,-дейді ғалым, ұлағатты ұстаз Қанипа Омарғалиқызы. «Әдебиет – сөз сабағы., көбінде сөздік әдістер арқылы білім берілетін пән. Ал айтылған сөздің бәрі есте қала ма, жоқ па, ол - әрине, зерттеуді қажет ететін мәселе. Ал бұл модель – мұғалімнің оқытуда конструкциялық жобалау технологиясына арқа сүйенетінін көрсетеді. Өйткені оның өнімді нәтиже берері сөзсіз...»- деп Қанипа Омарғалиқызы КТЖ-на «конструкциялық жобалау технологиясына!анықтама берген.
Қорытындылай келе күтілетін нәтижелер: Оқушы ғылыми жобаның құрылымы мен мазмұнын меңгереді. Зерттеу сұрағын қою, мақсат пен міндетті ажырату қабілеті қалыптасады. Қазақ тілінің материалдарын ғылыми тұрғыдан талдай алады. Ғылыми жұмыс жүргізуге қызығушылығы артады. Конферецияларға,байқауларға белсенді қатысады.
Қазіргідей ақпараттар тасқыны заманында, күн сайын өзгерістер болып жатқан қоғамда жастарымызды өмірге бейімдеу аса маңызды міндет. Олар өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық құрметті әріптестер!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ғылыми жоба жазуға баулу" (5-сыныптарға арналған)

шағым қалдыра аласыз