Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Cабақ барысында ойын элементтерін қолдана отырып қызықты етіп өткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнін оқытуда ойын элементтерін пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру.

Аширбаева М.Т

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Теміртау қаласы «№23 мектеп-лицейі



Ойын – балалар өмірінде ең зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызы болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады.

А.С.Макаренко

Ойын бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайдың бағытты түрдегі іскерлігін көрсететін,білім алушының өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс –әрекет.Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория болып саналады. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі іс-әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделеді. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау болып табылады.Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы болып табылады. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы алатын болсақ, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. 
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салар болсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған.
Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар. Олар:
• ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;
• ойын ережелері оқушыардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс;
• ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;
• ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: «Бәйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не,қайда, қашан?». . «Сөздік» ойыны.«Фишка» ойыны.«Мына үйде кім тұрады?» ойыны. «Ойыншықтар» ойыны Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Әр ойынның мақсаты мен міндеттері бар: Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы:«Кім тез?» ойынын жүргіземін. Тақтада он екі суретті көрсеттім. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтты. Интерактивті тақтадағы суреттерді (лақ, аңшы, кітап, сүт, алма, бота, ай, қыз, алмұрт, дәптер, қалам,тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлады. Лақ, аңшы, кітап, сүт, т.б. сөздерден дыбыс құрамын, сүт, т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтты. «Сөздік» ойыны Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады.Ойынның тәртібі: Мұғалім жүргізуші болады. Ойын жарыс түрінде жүргізіледі.Ойынның міндеті: Мұғалім өткен тақырыптар бойынша сөзді орыс тілінде айтады, ал оқушылар бұл сөзді қазақ тіліне аударады. Ойын жеке жұмыс түрінде өтіледі. Ойын басталмас бұрын оқушылардың міндеттерін түсіндіреді. Кім бірінші қол көтерсе, сол жауап береді. Мәселен, «Спортзалда» тақырыбын өткен кезде ойнатсаңыз: урок физкультуры, игра, мяч, играем, скакалка, прыгаю, старт, финиш, площадка, ворота, интересно. т.с.с.Ойынның мақсаты: өтілген тақырыпқа қатысты сөздерді еске сақтау қабілеттерін дамыту. «Фишка» ойыныБұл ойынды кез келген тақырыпты өткенде ойнатуға болады. Мәселен, «Дүкен», «Асхана», «Жануарлар әлемі», т.б. тақырыптарын өткен кезде.Ойынның тәртібі: Мұғалім сабаққа өткен тақырып бойынша суреттерді алдын ала дайындайды. Ойын жеке жұмыс түрінде өтіледі. Ойын басталмас бұрын оқушылардың міндеттерін түсіндіреді. Кім бірінші қол көтерсе, сол фишканы алады.Ойынның міндеті: Ойын барысында мұғалім суретті көрсетіп тұрады, яғни ол заттың атауын оқушы айтуы тиіс. Мәселен, «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбы бойынша суреттер: нан, ірімшік, ет, май, айран, сүт, тұз, қант, т.б. Қай оқушы бірінші болып қолың көтерсе, әрі дұрыс жауап берсе, сол оқушы фишканы қанжығасына байлайды. Қолың көтермей жауап берсе, ол оқушыға фишка берілмейді.Ойынның мақсаты: Әр заттың дұрыс атауын дұрыс айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа үйрету. Еске сақтау қабілетін арттыру. «Мына үйде кім тұрады?» ойыны Бұл ойынды «Менің отбасым» тақырыбын өткенде ойнатуға болады.Ойынның тәртібі: Мұғалім баспалдақ бойынша берілген суреттер мен сандарды алдын ала дайындайды. Ойын жұптық жұмыс түрінде өтіледі. Ойын басталмас бұрын оқушылардың міндеттерін түсіндіреді.

Ойынның міндеті: Балаларға өзінің отбасында тұратын адамдарды ататып, санату. Сол сөздерді қатыстырып үйде кім тұратынын айтқызу.Ойынның мақсаты: Балаларға отбасы мүшелерін жеке – жеке таныта келе, ең соңындажалпы атауын бір сөзбен атату.«Ойыншықтар» ойыны Бұл ойынды «Ойыншықтар» тақырыбын өткенде ойнатуға болады.Ойынның тәртібі: Ойын жұптық немесе шағын топтық түрінде де өткізуге болады.

Ойын міндеті: Берілген суреттер арқылы мұғалім балаларды ойыншық атауларымен таныстырады. Мұғалім ойыншықтарды атайды, ал балалар

оның нөмірін атайды. Керісінше, мұғалім нөмірін атайды, ал балалар

ойыншықтын атын атайды.Ойынның мақсаты: Ойыншық атауларын

үйрету, сандарды қайталау.

Қорыта келе, оқушының құзырлылығы ойын технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1. 
2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі 
3. «Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру».
4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
6. Қазақстан Республикасының Білім Заңы 
7. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.10.2020
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12