Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі пәніне арналған жазба жұмыстары
4-сынып
2017-2018 оқу жылы
Түсініктеме
Қазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны
үнемі есепке алып отыру – бастауыш мектептегі оқу үрдісінің ең
қажет бөлігі. Сын жұмысы оқушылардың алған білім деңгейін және
білім мен дағдының саналы түрде меңгерілгенін тексеру мақсатында
өткізіледі.
Бағдарлама бойынша берілген маңызды да
негізгі тақырыптарды өткеннен кейін кезекті сын жұмыстары
жүргізіледі.
Сын жұмыстары 1 сыныптан бастап жүргізілгені
жөн. Сөздерге дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, сөз, сөйлемдерді
анықтау шартты белгілер арқылы жүргізіледі. Сөздік диктанты
сабақтың бір бөлігі ретінде үнемі жүргізіледі. Оған 5 – 6 минут
жеткілікті.
Қорытынды сын жұмыстары білім мен дағдының
қалай меңгергенін тексеру тәсілі болып табылады. Оның мақсаты – оқу
жылында немесе тоқсандық жұмыс кезінде мемлекеттік бағдарламаның
талаптарын орындау және нақты қорытындысын тексеру. Қорытынды сын –
әрбір оқушының білімін есепке алуда ерекше мәні бар жұмыс. Ол оқушы
мен мұғалім жұмысының негізгі көрсеткіші болып
табылады.
Диктант (жатжазу) – орфографиялық,
пунктуациялық дағдыны тексеру құралы. Егер мәтінде жазылуы қиын,
әлі меңгерілмеген сөздер кездессе, онда мұғалім диктантты жаздырмас
бұрын оны анықтап айтып, түсіндіріп немесе тақтаға жазып көрсетуі
керек. Әр мәтінде сөз саны көрсетілген, ол бағдарлама бекіткен сөз
мөлшеріне
сәйкестендірілген.
Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест
жұмыстары әр оқушыға жеке – жеке парақшаларға көшірме ретінде
беріледі. Бұл – өздігінен орындайтын жұмыс. Дұрыс жауабын қоршап
қояды. Әр оқушы өз аты – жөнін жазып, мұғалімге
тапсырады.
4- сынып оқушыларына арналған бақылау
диктанттары
Мақсаты:
Дауысты дауыссыз дыбыстар туралы, дауысты
дыбыстардың жуан және жіңішке болуын, Сөйлем түрлерін, тұрлаулы,
тұрлаусыз мүшелерді қайталау. Алған білімдерін зерттеп, зерделеп
жазу.
Бақылау
диктанты.
Батыр
қоян.
Әдетте орқоянды қорқақ дейді. Бұл жолы ол
қорқақтығын
көрсетпеді.
Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы
жылан жақындап
келді.
Көжектер қорыққандарынан бүрісіп қалды.Осы
кезде ана қоян жыланға қарсы шауып,тырнап, тістелей берді.Ол
жыланды орнынан тырп
еткізбеді.
Жылан сәл
қозғалса болды, тарпа бас салады.Тырналап, тістелеп жүріп, ақырында
жыланды өлтіріп тынды. Сөйтіп, көжектерін аман сақтап
қалды.
(55
сөз).
Граматикалық
тапсырма:
1. Бірде
қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындап келді.- деген
сөйлемді сөз таптарына
талдау.
2.Орқоян-
сөзіне фонетикалық талдау
жасау.
Бағалау
нормалары:
''5''
бағасы
–қатесі мүлде
жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа
қойылады;
''4'' бағасы
-
а)1емеле 1
тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері
болса ,бірақ жұмыс таза болу
керек
''3'' бағасы
-
а) 3емеле ,2-3
тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс
белгісі
в)5 емеле ,1
қателері жіберілген жұмысқа
қойылады;
''2'' бағасы
–
6-7 қатеден
асқан жұмысқа қойылады.
4 -сынып оқушыларынан І тоқсанда алынатын
қорытынды
диктант.
Мақсаты:
І тоқсан бойынша өтілген материалдардың
меңгеруін бақылау. Білім, білік дағдыларын тексеру сауаттылықтарын
зерттеу.
Тулақ.
Тулақ – жүні қырқылған, иленбеген табиғи
қалпында кептірілген шикі тері. Оның түгі жоқ тақыр бетін жоғары
қаратып жаяды. Үстіне жүнді жайып
салады. Сабаумен сабап
қопсытады. Тулақ жүннің шаң-тозаңға, шөп-шаламға былғанбай, таза
қопсуын қамтамасыз
етеді.
Тулақ – үйдің
ішінде де қажетке пайдаланатын мүліктің бірі. Тулақты босаға жаққа
төсейді. Оған адамдар отырады. Осы қалпымен төсеніш қызметін де
атқарады. (57 сөз)
Граматикалық
тапсырма:
1.Ең соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне
талдау.
2. Тулақ сөзіне дыбыстық
талдау.
3. Құрмалас сөйлемдерді тауып астын
сызу.
Істейтін көрінеді- істейтін гөрінеді,
Сингапур-Сиңгапур деген
сөздерді
Жазылуы және айтылуы бойынша
жазу.
Бағалау
нормалары:
5 деген баға:
ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс
белгілерінен
бір-бірден қате
жіберсе;
4 деген баға:
емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате
жіберсе;
3 деген баға:
емле мен тыныс белгілерінен 4-5- тен қатесі
болса
немесе 3 емле,
5 тыныс белгі қатесі болса;
2 деген баға;
емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына
6-дан
10-ға
дейін;
Мақсаты: Сөз және оның мағыналары жайлы кең
мағлұмат беру.Сөздерді сөйлем ішінде пайдалана білуге, күрделі
сөздер, біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалғанын,
біріккен түбірлердің дыбыстық құрамы мен айтылуында, соған сәйкес
жазылуын , біріккен сөздерді айыра білуге
үйрету.
Көксерек.
Қараадырдың қарағанды сайы елсіз.Айнала
қабат-қабат шұбар адырлар.
Жақын
төбелердің барлығын аласа боз қараған
тобылғы
басқан.
Сай бойында
мамыр айының салқын лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып
қояды. Маңайдан жуаның, жас
шөптердің
иісі
келеді.
Ұзын кең өлкені
қаптай басқан қарағанның ортасында терең құз жар бар. Соның бас
жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын
елге мәлім ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен
етті. (75 сөз).
Граматикалық
тапсырма:
1. Бірсыңары
күрделі сөзден жасалған сөз тіркестерінің астын
сызу.
2.Мәтіндегі қос
сөздерді теріп жазу, түрін
анықтау.
3.Көксерек
сөзіне дыбыстық талдау

''2'' бағасы –
6-7 қатеден асқан жұмысқа
қойылады;
Мақсаты: Етістік, Етістіктің жіктелуі,
Етістіктің шақтары, Дара сын есім, сан есім, Күрделі сан есім, сын
есім , есімдікжайлы кеңірек мағлұмат беріп меңгері деңгейін бақылап
нәтижесін бағалау.
Қалампыр
гүлі.
Қалампыр гүлі Еуропа елдерінен
таралған.Гүлдің сабақтары ұзын, тікенекті жапрақтары тік немесе
қияқтанып келеді. Жапырақтары жұқа,қою жасыл түс береді.Гүлінің
түсі көгілдір, ашық қызыл, қызғылт күлгін, ақ түсті болады. Гүлдері
жеке немесе шоғырланып келеді. Он бес-жиырма сантиметр биіктікке
өседі. Маусым айынан бастап гүл
жарады. Өзге гүлдерге
қарағанда қалампыр гүлі ұзақ сақталады. (54
сөз).
Граматикалық
тапсырма:
1. Мәтіндегі
дара сын есімдерді бір сызықпен, күрделі
сын
есімдерді екі
сызықпен сыз.
2.Қалампыр

Мақсаты; Зат
есімнің септелуі және тәуелдік жалғауындағы зат есімдердің
септелуі, жіктелуін оқушылардың қалай меңгергенін бақылау,
бағалау
Қолтырауын
Қолтырауынның жалпы дене пішіні кесіртке
тәрізді.Қолтырауын шабуылға түнде шығады.Олар шамасы келетін кез
келген жемтігін жеп қояды. Суда құйрығының көмегімен қозғалады.
Қолтырауын құрлықта баяу қозғалады және ебедейсіз болады.Олар тауық
немесе қаздікіндей оннан жүзге дейінгі жұмыртқасын ұясына салып,
құммен көміп тастайды. Ұрғашысы жауларынан қорғау ұ\үшін қалаудың
маңында қалады. Жұмыртқадан шығар алдында жас қолтырауындар
бақылдаған дыбыс шығарады. Ұрғашы қолтырауын қалауын аршып, олардың
шығуына көмектеседі. Ол кішкентай қолтырауындарды аузына жинап
алып, суға жеткізеді
Граматикалық
тапсырма:
1.Қолтырауын сөзін септеп
жазу.
2.Қарамен
жазылған сөздерді сөз құрамына
талда.

Мақсаты;
Оқушылардың білімдерін және Үстеу, шылау, Одағай сөздердің мағынасы
мен мәнін түсінуін тексеру.жазу машықтарын
бақылау
Қарлығаш.
Қарлығаш-денесі ұзынша, ұзын айыр құйрықты,
ұзын үшкір қанатты, епті қара құс. Қарлығаш тау үңгірлерінде де,
өзендер мен көлдердің жартасты жағаларында да ұя
салады. Қыстақ
қарлығаштарының ұясы қора-қопсы мен үйлерде де бар. Олар ұя салатын
жеріне ауа раайы жылынған кезде ғана ұшып келеді. Қарлығаш балапан
шығару үшін шөп-шаламмен араласқан топырақ немесе балшықтан кесе
тәрізді ұя салады. Кейбіреулері тесігі бар шар тәрізді ұя жасайды.
Ұрғашы қарлығаш ұяда жұмыртқаны жалғыз-ақ басып отырады. Жұмыртқаны
жарып шыққан балапандарын ата-аналары қоректендіреді. (79
сөз).
Граматикалық
тапсырма:
1.Шылауларды
тауып астын сызу.
2.Осы мәтіндегі
сөйлемдердің біреуін одағайға айналдырып
жаз.

Мақсаты; ІІ тоқсан бойынша өтілген Сөз және
оның мағынасы, Сөз таптары Сөз құрамы Зат есімнің септелуін үйрету
тарауларын меңгеру дағдыларын бақылау. Білім, білік дағдыларын
тексерусауаттылықтарын
зерттеу
Гауһар
Гауһар шанасын сүйретіп далаға шықты.Аспан
ап-ашық. Ауада шым- шым аяз бар.Батуға айналған күн
қызыл-жасылданып көрінеді.Гауһардың екі беті қып-қызыл.Жағасы
қырау-қырау.
Қас қарайды.Аспанның тұс-тұсынан жылт-жылт
етіп жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үсті-басының қарын қағып,үйге
кірді.
Әжесі немересінің тап-тастай қол-аяғын
бауырына басып,жып-жылы алақанымен басын сипады.Гауһар әжесіне
шексіз ризав болып, әп-сәтте ұйықтап кетті.(67
сөз).
Граматикалық
тапсырма:
1.Ең соңғы сөйлемді сөз таптарына
талдау.
2.Әже сөзін атау, ілік, барыс септіктеріне
септеп жазу.
3.Мәтіндегі қос сөздерді теріп
жазу
Бағалау
нормалары:
''5''
бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық
каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа
қойылады;
''4'' бағасы
-
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе
б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу
керек
''3'' бағасы
-
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2
тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа
қойылады;
''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа
қойылады;
Мақсаты; Дыбыс, буын үндестіктері, сөз
тіркестерін, жай және құрмалас сөйлемдерді, сөйлемнің дара жән
күрделі мүшелерін
қайтала
Аққу
Аққу-салмағы жетіден он килограмға дейін
кейде он үш килограмм болатын ірі құс. Оның денесі керілген, мойны
өте ұзын. Аяқтары қысқа. Қауырсынның түсі аппақ қардай, тұмсығы мен
үзбесі сары, аяқтары қара. Аққу-жыл құсы. Ерте көктемде ұя салатын
жерлеріне екі-екіден ұшып келеді. Шөп-шаламнан үйілген науа сияқты
ұясы көбінесе құрлықта, кейде таяз суда қамыс, құрақ арасына
орналасады.Ұяға ақ немесе сарылау төрт,алты жұмыртқа салады. Ұрғашы
аққу жұмыртқа басады, ал еркек аққу оны жанкештілікпен қорғайды.
Балапандар қоректерін өз беттерінше
табады.
( 81
сөз).
Граматикалық
тапсырма:
1.Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне
талдау.
2.Бірінші екінші сөйлемді сөз таптарына
талдау жасау
Бағалау
нормалары;

Мақсаты; Оқушылардың жыл бойғы игерген
білім-білік дағдыларын қайталап тиянақтау, нәтижесін
бағалау.
Ақ
аю.
Ақ аю- жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң.
Арктиканың қожайыны. Ол жақсы жүзеді, сүңгиді, жартаста, мұзды
жарларда ептілікпен жүреді. Оның қалың жүні мен терісінің астындағы
қалың майы суықтан жақсы
қорғайды
Ақ аю итбалық, бұғы және кеміргіштермен
қоректенеді.Балықтарды аулайды. Итбалықты ұзақ жатып қарауылдайды.
Оны аяғымен қатты ұрып құлатады да, мұзға сүйреп
шығарады.
Қыста қонжықтары пайда болады. Олар көктемге
дейін анасының сүтін еміп, ұйықтап жатады. Ал көктемде аюлар тамақ
іздеп, шетсіз-шексіз мұз даланы кезуге шығады. (75
сөз).
Граматикалық
тапсырма:
1Соңғы сөйлемді сөз таптарына
талдау.
2.Аю сөзін септеп
жазу.
3.Қонжық сөзіне дыбыстық талдау
жасау

Жылдық бақылау
үзігі

Қарсақ.
Қарсақ күшігінің қорқақ келетінін бұрын кім
білген. Хайуанаттар паркінде мұнан өткен қорқақ болмас. Осы үшін
оны қорқақ деп атап кеткен. Бір күні ойламаған жерден қарсақтың
күшігі жоқ болып кетті. Міне, қызық! Сонда қайда кетпек? Күтуші
тордың түкпір - түкпірін қарады. Жоқ. Күтушінің ойына жоғарыдағы
сәкі түсті. Пәлі, кішкентай қарсақ сонда шығып кетіпті. Міне, осы
оқиғадан кейін кішкентай қарсақ сол орынды мекен ететін болды.
Ойпырмай, тіпті адамның көзінше тамаққа жоламайды. Сірә, түнде
жейтін болуы керек. (72
сөз).
Грамматикалық
тапсырма:
1. Мәтіннен одағайларды теріп
жаз..
2. Хайуанаттар сөзін сөз құрамына
талда.
3. Күтуші сөзін
септеу.
4. Қарсақ сөзіне дыбыстық талдау
жаса.
Бағалау
нормалары;
''5''
бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық
каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа
қойылады;
''4'' бағасы
-
а)1емле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б)
1емле 2 тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
.
''3'' бағасы
-
а) 3 емле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емле ,2
тыныс белгісі
в) 5 емле ,1 қателері жіберілген жұмысқа

Диктант жұмысы.
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен білім,білік дағдыларының меңгеруінің бағыттық нәтижесін зерттеу.
Жауын.
Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді.Жарты аспанды бүркеп қалды.Күн күркіреді.Құйын соғып өтті.Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран-асыр үйіліп кетті.
Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді.Найзағай жарқылдап,күн күркіреді.Жауын ағыл-тегіл құйын кетті.
Ормандағы бүрі қалың,бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат.Шыршаның панасы жанға жайлы,құп-құрғақ.
Грамматикалық тапсырмалар:
1.Сөз құрамына қарай талдау:
Өзеннің, бұтақтардан, жапырақтар.
2.Фонетикалық талдау: жауын.
3.Сөйлем мүшелеріне қарай талдау:
Жауын ағыл-тегіл құйып кетті.
Бағалау критериясы:
Сауат ашу: Грамматикалық тапсырма:
«5»-1 жеңіл қатеге. 1-деңгей «3»
«4»-2ор.2пунк.немесе 1-2деңгей «4»
1орфог.3пункт. 1-3деңгей «5»
«3»-3-4орфог.4пункт.
«2»-5-8орфог.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Жат жазу.

Ақбөкендер.
Қысқы жайылымнан мың шақырым Сарыарқаға ақбөкендердің бір шағын тобы келіпті.
Ақбөкендер шағын-шағын үйірмен таңертең және кешке жайылады.Ал күн қызған кезде көбінесе жатады.Ақбөкендер бір орында қимылсыз ұзақ жатпайды.Олар орындарынан көтеріліп,он-он бес минут тұрады да,қайтадан жату үшін жаңа орынға ауысады.Осылайша олар өздерін ыстықтан қорғайды.
Ақбөкендер сексеуіл мен бұталы құмға қарай беттесе,жақында боран болады екен.
Бораннан бір күн бұрын ақбөкендер паналайтын жер іздейді.Олар ауа райының бұзылатынын алдын ала сезеді.
Грамматикалық тапсырмалар:
І-деңгей.
1.Мәтіннің қай түрі.
2. 2-ші сөйлемдегі зат есім қай септікте тұр ?
3.Қарсы мәндес сөздерді тап.
ІІ-деңгей.
4.Мәтінге жоспар құр.
ІІІ-деңгей.
5.Қос сөздерді теріп жаз.
Бағалау критериясы:
Сауат ашу: Грамматикалық тапсырма:
«5»-1 жеңіл қатеге. 1-деңгей «3»
«4»-2ор.2пунк.немесе 1-2деңгей «4»
1орфог.3пункт. 1-3деңгей «5»
«3»-3-4орфог.4пункт.
«2»-5-8орфог.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Жат жазу.
Мақсаты: зат есім,оның септелуі бойынша игерген білімдерін тексеру.
-сауаттылыққа төсілдіру.
-қайырымдылыққ тәрбиелеу.
Бөдене.
Қыс суық.Ініміз екеуіміз жол жағалап келеміз.Кенет шиқ-шиқ еткен дыбыс естілді.Біз дыбыс шыққан жерге жақындадықБұл қанатымен қар сабалаған бөдене екен.Мен оны аяп кеттім.Қойныма тығып,үйге әкелдім.Оң қанаты сыныпты.Оны таңып қойдық.Бөдене күннен-күнге оңала бастады.
Көктемге дейін үйде асырадық.Терезеден сыртқа қыт-қыттап қарай береді.Күн әбден жылынған соң,оны ұшырып жібердік.Бөдене қуанып,бізге алғыс айтып бара жатқандай болды.
Ініміз екуіміз қол бұлғадық.
Грамматикалық тапсырма:
І-деңгей.
1.Қос сөздерді теріп жаз.
2.Атау септігіндегі сөздердің астын сыз.
ІІ-деңгей.
3. «Бөдене» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
4.Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
ІІІ-деңгей.
5.Мәтін түрін анықта.
6.Мәтінге жоспар құр.
Бағалау критериясы:
Сауат ашу: Грамматикалық тапсырма:
«5»-1 жеңіл қатеге. 1-деңгей «3»
«4»-2ор.2пунк.немесе 1-2деңгей «4»
1орфог.3пункт. 1-3деңгей «5»
«3»-3-4орфог.4пункт.
«2»-5-8орфог.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Жат жазу.
Мақсаты: сөз таптары бойынша меңгеруге тиісті білім,білік,іскерлік дағдыларының нәтижесін тексеру;
-сауатты жазуға баулу;
-табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қаңтар айы.
Қаңтар айында көптеген аң ұзақ ұйқыға беріледі.Ағаштың қуысына кіріп,алып жарғанат та ұйықтайды.Сарышұнақ,атжалман,суыр,қосаяқ сияқтылар өздерінің інін паналайды.Қар үстінде көзге түсе қоймайтын ақ тышқандар жорғалайды.Оларды аңдып жүрген сасықкүзен жем етеді.Балықтар да бұл кезде ұйықтап тұрады.Көксер-
ке балық ұйықтаған күйінде судың ішінде тұрады.Құстар күздігүні жылы жаққа ұшып кеткендіктен,аз болады.Олар қар қалыңдаған кезде жемді ауыл маңынан іздейді.
Ал кейбір аңдар,мысалы,борсық,қоңыр аю,қыстың жылы кезеңдерінде анда-санда ұйқыдан тұрады. (78 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
І-деңгей.
1.Мәтінге тақырып қой.
2. «Жарғанат» сөзінде үгдестіктің қай қай түрі бар ?
ІІ-деңгей.
3. 3-сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
4.Мәтіндегі негізгі ойды анықта,оны жаз.
ІІІ-деңгей.
5.Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз.
6. «Қалың» деген сөзді тіркестіре отырып,синонимдік қатар құра.
Бағалау критериясы:
Сауат ашу: Грамматикалық тапсырма:
«5»-1 жеңіл қатеге. 1-деңгей «3»
«4»-2ор.2пунк.немесе 1-2деңгей «4»
1орфог.3пункт. 1-3деңгей «5»
«3»-3-4орфог.4пункт.
«2»-5-8орфог.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту.
-мейірімділікке тәрбиелеу.
Аналық жүрек.
Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.
Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай,еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек,мамықтай,
жатсынбай,еміренген.
Мазмұндама жоспары:
1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.
2.Үйге алып келуі.
3. «Мамықтың» бауырына салуы.
4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: -жоспар бойынша мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру,мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.
Бұлақ басындағы оқиға.
Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам,сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.
Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ,бір лақ бақпаққа батып,тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:қой тоғытуға,көк майса,батпаққа батып,
талпынып жатыр,ұйықтан шығарып алдық.
Мазмұндама жоспары:
1.Жайлауға бару.
2.Қой тоғыту.
3.Ешкінің бақылдаған дауысы.
4.Бақпаққа батқан ешкі.
5.Лақты ұйықтан шығару.
6.Қатты қуану.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты:мәтінді рет-ретімен баяндап жазуға машықтандыру;
-сөздік қорын дамыту;
-батылдыққа тәрбиелеу.
Қорқақтық жараспайды.
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып,күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып,майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп,абыржи бастады.Ретін тауып ойыннан шыққысы келді.Сөйткенше болмай,аспан жарқ-жарқ ете түсті.Асанның зәресі ұшты,балалар ойынды тоқтатып,қақпаның жанында үйіріліп тұрды.Асанды найзағайдан қорықпауға,жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды.Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.Қанша қорықса да,шыдауға бекінді.Біраздан кейін жаңбыр басылды.Ойын қайта жалғасты.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: майда жауын,дегбірсізденіп,абыржи,
Үйіріліп тұрды,өткінші жауын,сабырға шақырды.
Мазмұндама жоспары:
1.Асанның қорқақ атану себебі.
2.Жауын басталғандағы Асанның дегбірсізденуі.
3.Асанның жарқылдаған найзағайдан қорқуы.
4.Ойынды тоқтатуы.
5.Асанның шыдамдылығы.
6.Жаңбыр басылып,ойынның жалғасуы.
Қазақ тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: сөздерді дұрыс қолдана отырып мәтін мазмұнын дұрыс баяндап жазуға төсілдіру;
-сөз тіркестерін қолдану дағдыларын тексеру;
-жауапкершілікке тәрбиелеу.
Аю мен бөрене.
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып,аузынан сілекей шұбырып,оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап,басы айналды.
Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып,ағаштан ұшырып түсірді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тамсанып,сілекейі шұбырып.
Мазмұндама жоспары:
1.Аюдың бал арасына кездесуі.
2.Балға ұмтылған аю.
3.Аюға кедергі жасаған бөрене.
4.Аюдың ажалы.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты:жоспар бойынша мәтін мазмұнын,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;
-сөздік қорын дамыту;
- мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.
Жолда.
Бұзауымды өріске айдап тастап,үйге қайтып келе жаттым.Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп,тұра ұмтылдым.Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам,
жапырақтың арасында бұғып,көзі жылт-жылт етіп бүрісіп жатыр.Бұл-менен жасырынған түрі,Шыбын-жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп,ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды кейін тартып алдым да,бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам,тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып,әрі қарай жорғалап барады екен.
Түсіндірілетін сөзер мен сөз тіркестері: жолдың жиегі,жан сауғалап,шыбын-жанын,мүшкіл халі,таптап.
Мазмұндама жоспары:
1.Өріске бұзау айлап баруы.
2.Қайтып келе жатып,тышқанның баласын көруі.
3.Оның жан сауғалауы.
4.Тышқанның аянышты халі.
5.Таптап тастамақ болған аяғын қайтып алуы.
6.Тышқанның жөніне кетуі.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру.
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.
Емші құмырсқалар.
Күн ыстық,көптен жаңбыр жаумай тұр.орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен,себет ала шыққанмын.Аралап келемін,ештеңе кезіге қоймады.Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді.Соған таяндым.Мұндай жерден ылғи да бір құбылыс-
тар ұшыратуға болады,үстінен тұстім.Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр.Бұл не ? Әлде жараланып,илеуге жығылған соң,құмырсқалар талап жатыр ма ? Байқаймын,олай емес.Қарға біресе бір жамбасына,біресе екінші жамбасына аунап түседі де,күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды.Құмырсқа жабыла таласа да,соған шыдап баққан тәрізді.
Қара қарға онымен қоймай,құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып,қанатының астына тығады.Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да,бір бұтаққа барып қонды.Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да,қауыр-
сындарын тарақтап болып ұшып кетті.
Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады.Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да,қан сорғыш насекомдарды жойып жібереді.
Құмырсқа – құстардың нағыз емшісі.Бұл да табиғат қажеті.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: алаңқай,құмырсқа илеуі,қан сорғыш насекомдар.
Мазмұндама жоспары:
1.Күн қандай ?
2.Қарға қайда аунап жатыр ?
3.Қарға құмырсқа илеуін не үшін пайдаланады ?
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: мәтін мазмұнында сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру;
-сауатты жазуға төсілдіру;
-ұқыптылыққа,еңбекті бағалауға тәрбиелеу.
Ақ тоқаш.
Түс кезі.Екі дос мектептен қайтты.Қызу әңгімелесіп,тым көңілді келеді.Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш.Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп,
қаужалап қояды.Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап,сөмкесіне салып қойды.Ал Болат өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кескен шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді.Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп,
қуалай жөнелді.Нанды домалатып біраз жерге апарып тастады.Қажыкен досын қуып жетіп,оған ұрысты.Ағыл-тегіл байлық,мыңдаған адамдардың еңбегі,маңдай тері соны бағалай біліп,нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді.Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып,артта ілбіп келе жатты.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қаужалап,шұжығымен,қуалай жөнелді.
Мазмұндама жоспары:
1.Көңілді екі дос.
2.Ақ тоқаш пен шұжық.
3.Жол жиегінде «доп» болған нан.
4.Қажыкеннің ақылы.
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: жоспар бойынша мәтін мазмұныны,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;
-сөздік қорын дамыту;
-қызығушылығын арттыру.
Алтын адам.
Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап,көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.
Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары,ыдыстар,
әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп,немен шұғылданғандарын анықтап отыр.Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді.Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі қойылған.
Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың,құстардың,ағаштардың,
таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейленген.
Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да,күні бүгінге дейін жақсы сақталған.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: археология мұражайы,экспонаттар,тайпа-лар жас ханзада-сақ жауынгері,әдіптелген,дулығасы,
кіреуке сауытын,көне зергер,Есік қорғаны.
Мазмұндама жоспары:
1.Балаларға қандай экскурсия ұнады ?
2.Мұржайдағы экспонаттар нені білдіреді ?
3.Қазақстан археологиясы нені анықтады ?
4.Балалар қай экспонаттың жанында ұзақ тұрды ?
5.Онда кімнің киімі қойылған ?
Ана тілі. 4 сынып.
Мазмұндама.
Мақсаты: жоспар бойынша мәтінді ретімен жазуға төсілдіру;
-сауатты жазуға үйрету;сөздік қорын дамыту;
-білім-білік дағдыны қалыптастыру.
Алматы апорты.
Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол от-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен.Ол Оралда апорт алмасын өсірген.Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып,баптап-күтіп ала келеді.Алматы жеріне отырғызады.
Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып,жеміс береді.Бір ғажабы,жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі.Сөйтіп,ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып,көбейтілді.Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: Орал уезінен,Редько деген орыс,
апорт,сорт.
Мазмұндама жоспары:
1.Алматыға кім көшіп келді ?
2.Ол құмыраға отырғызып не әкелді ?
3.Жаңа қоныста ағаш қандай жеміс берді ?
4.Басқа жерде апорттың бұл түрі өсе ме ?
5.Сендер Алматы апортын жеп көрдіңдер ме ?
Мазмұндама.
Мақсаты; мәтінді түсінігі бойынша жазуға дағдыландыру;
-сауатты,көркем жазуға үйрету;
-еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түнгі шайқас.
Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан.
Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып,
Жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.
Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу,ал Қасен-
нің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек ?Қасен не де болса бар қаруымен,бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу,жапалақтап,үйірілі жылқы,түнгі тебінге,арлан бөрі,қалпақтай ұшты.
Мазмұндама жоспары:
1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.
2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі.
3.Қасқырды айламен атуы.
4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.
5.Қасеннің сыйлық алуы.
Мазмұндама.
Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-дүниетанымын қалыптастыру.
Еділбай қойы.
Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады.Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады.
Қойларының денесі кішкентай,жүні аз,еті татымсыздау екен.Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық,үлкен құйрықты қойлар кездеседі.Тегі,
басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек.Еділбай бұл қойларды жеке бағады.
Қойлар тез көбейе бастайды.Кейіннен бүкіл Қазақстанға тарайды.
Оны халық «Еділбай қойы» деп атап кетеді.Қазақы тұқымды Еділбай қойы шөлейт далаларда қыс бойы қар астындағы шөпті теуіп жейді.Бұларға шөпті көп жинаудың қажеті жоқ.Құйрығының өзі он-он бес килограмм тартады.Саулықтары көбінесе егіз қозы табады.Мал шаруашылығы үшін Еділбай қойының маңызы зор.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: бетпақ дала,татымсыздау,сегіз пұттық,
қазақы тұқымды,шөлейт,саулықтары,егіз қозы.
Мазмұндама жоспары:
1.Еділбай деген қойшы қай теңіздің жағасында тұрған ?
2.Ол бала күнінде күнде не істеген ?
3.Қойлары қандай болған ?
4.Өз қойларына қандай қойлар қосылып кетеді ?
5.Еділбай қойларды қалай бағады ?
6.Кейіннен қой тұқымы қайда тарайды ?
7.Оны қалай деп атап кетеді ?
8.Саулықтары қанша қозы табады ?
9.Еділбай қойының мал шаруашылығы үшін маңызы қандай ?
27
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі пәніне арналған жазба жұмыстары 4-сынып

шағым қалдыра аласыз