Материалдар / Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналаған тест жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналаған тест жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен жаңа сабақты бекітуге арналған тест жинағы 5-сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
10364
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Мариногорка ауылы











Қазақ тілі пәнінен

жаңа сабақты бекітуге

арналған тест жинағы

5-сыныпқа арналған



























ТЕСТ ЖИНАҒЫ

(5-сынып)

Мариногорка — 2016ж.

Кайынбаева А.А.

Тираж 2 дана 17 бет.


Жинақтап- терген:

Мариногорка орта мектебінің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кайынбаева Альмира Адылкановна


Пікір жазған:

Көкжота орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Мухамбетова Гульмира Ратаевна























Лексика саласы бойынша тақырыптық тест тапсырмалары

1 Сөз мағынасы.

1.Сөздердің мағынасын зерттейтін тіл білімі саласын тап

А. морфология

В. синтаксис

С.лексика

Д.фонетика

2.Сөздің негізгі мағынасын қалай атайды

А. тура

В. ауыспалы

С.көп мағыналы

Д. синоним

3. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсет

Қыр келбеті құлпырып, Дәулеттенді сар дала.

А. қыр

В. келбеті

С.құлпырып

Д.дәулеттенді

4. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз

Қуат шақшасын алды да, насыбайын атты.

А. Қуат

В. алды

С.насыбайын

Д.атты

5. «Өс» сөзінің тура мағына беріп тұрған орнын тап

А. халық саны өсуде

В. сен өсіріп сөйлеме

С. алма ағашы өсті

Д. бұл ойды мен өсірген емеспін

6. Бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуын қалай атайды?

А. тура

В. ауыспалы

С.көп мағыналы

Д.синоним

7. Көп мағыналы сөздер тобын көрсет

А. Бас,бел,қанат

В. той,баспа,болыс

С.бел ,той, кез Д.ешқайсысы

8. Сөздің ауыспалы мағынасын тап

А. Өңі қуарып, әлсіреп қалыпты.

В. Өкпесі өшіп,әлсіреген балапан ұша алмайды.

С.Мылтық даусы әлсіреп естілді.

Д.Қазақ тілі әлсіреуге тиіс емес.

9. Тура мағыналы сөзді тап

А. матаның көзі бар

В. бұлақтың өзі

С. көз көрім жер

Д. көз – мүше


2 Антоним. Омоним. Синоним.

1.Дыбысталуы бірдей,мағынасы басқа сөздер қалай аталады?

А. синоним

В. омоним

С.антоним

Д.полисемия

2.Берілген сөйлемдегі омоним болатын сөзді тап. Сен Оспанға хатты тапсыр.

А. сен

В. Оспанға

С.ертең

Д хатты

3. «Иманы ұшу» тіркесінің синонимін тап

А. шаттану

В. қорқу

С.қобалжу

Д.өкіну

4. Дыбысталуы басқа,мағынасы жақын сөздер қалай аталады?

А.омоним

В.синоним

С.антоним

Д.фонетика

5.Мағыналары қарама-қарсы сөздерді не дейді?

А.омоним

В.синоним

С.антоним

Д.фонетика

6.Антонимдік қатарды белгіле

А.тәтті, дәмді

В.сылбыр, тез

С.күту, тосу

Д.әдемі, сүйкімді

7. «Зиялы»сөзінің антонимін тап

А.көреген

В.көзі ашық

С. надан

Д.елгезек

8. Омоним қатысқан сөйлемді тап

А. Сүтсіз сиыр сүзеген

В.Азғын бұзау-жүдеу бұзау.

С.Мал баққанға бітеді.

Д.Атты адам,аңды атты.

9.Синонимдік қатарды тап

А.Сұлу,керек,ақ

В.ер,шырайлы

С.шыдам, сабыр,төзім

Д. бақ,айла,жер

10. Омоним бола алатын сөзді тап.

А.қағаз

В.бет

С.оқулық

Д.кітап


3 Көнерген сөздер

1.Көнерген сөз нешеге бөлінеді

А. 2

В.1

С.3.

Д. 4

2.Көнерген сөздің түрін тап

А.архаизм

В.суфизм

С.антоним

Д.фонетика


3.Архаизм,историзм лексиканың қай тармағына жатады?

А.қанатты сөздер

В.диалектика

С. қолдану аясы шектеулі сөздер

Д.топанимика

4.Сөйлемнен көнерген сөзді тап. Туған айдай нұрланып,дулыға кидім- өкінбен.

А. туған айдай

В.нұрланып

С. дулыға

Д. кидім өкінбен

5. Историзм сөзді тап

А.мешіт

В.имам

С.қылует

Д. жамағат

6. Нөкер,би,болыс,барымта сөздері қай қатарға жатады?

А.омоним

В. историзм

С.антоним

Д. Архаизм

7.Қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз

дегеніміз не?

А.омоним

В. көнерген

С.антоним

Д. табу

8.Көнерген сөзді тап

А.дуанбасы,қаған

В. әнші, сазгер

С.ғарышкер

Д. егемендік

9.Көнерген сөз қай салаға жатады?

А.омоним

В. фонетика

С. лексика

Д. синтаксис

10. Архаизм сөзді тап

А.тасаттық В. жағалау

С.антоним Д.жалған


4. Диалект сөз. Термин сөз.

1.Белгілі бір аймақта қолданылатын сқздерді не дейміз?

А.омоним

В. диалект

С.антоним

Д. архаизм

2.Диалектіні тап

А.садақ

В.сым

С.бөтелке

Д. қалам

3.Диалекті, термин сөздер қазақ тіл білімінің қай саласына жатады?

А.омоним

В. фонетика

С. лексика

Д. синтаксис

4.Термин сөзді тап

А.ақыл,ауа

В. морфема, синус

С. кел,жүз

Д. қыс,жаз

5.Тіл біліміне байланысты терминді тап

А.жұрнақ, тырнақша

В.арал,теңіз

С.құрлық,жаз

Д.шаш,бала

6.Ғылым мен техниканың белгілі бір саласына байланысты қолданылатын сөздерді қалай атаймыз?

А.омоним

В. Фонетика

С. лексика

Д. термин


7.Терминге тән белгі

А.көнерген сөз

В. жаңа сөз

С. ғылым мен техникаға байланысты

Д. ескі сөз

8. «Азанда» диалектісінің әдеби тілдегі баламасын тап

А.күз

В.түс

С.таңертең

Д. кеш

9. Термин сөз қай салаға жатады?

А.омоним

В. фонетика

С. лексика

Д. синтаксис

10 Көктем келіп, табиғат ұяна бастады.диалекті сөзді тап

А. көктем келіп В. табиғат.

С. ұяна. Д. бастады.


5 Табу. Эвфемизм мен дисфемизм.

  1. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым

салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады?

А. антоним

В. табу

С. лексика

Д. кірме

2. Қазақ халқы «Табу» сөзді не үшін қолданған?

А. астарлап сөйлеу

В. дөрекі сөйлеу

С.көркем сөйлеу

Д. тура сөйлеу.

3. М. Әуезовты атасы Әуез қалай атады?

А.Қоңырқозым

В.Ботам

С.Қарағым

Д.Ұлым.



4. «Ұлыма» сөзінің баламасын тап.

А.қасқыр

В.ит

С. түлкі

Д. қоян

5. Абайды жеңгелері қалай атады?

А. Телқоңыр

В. Телқара

С. Аяулым

Д. Еркем

6. «Табу» қай тілден енген сөз?

А.индонезия

В. грек

С. орыс.

Д. латын

7. Қай сөз грек тілінде «сыпайы сөйлеймін» деген мағына береді?

А. эвфемизм

В. дисфемизм

С.табу.

Д.антоним

8. Дөрек сөйлеу қалай аталады?

А. эвфемизм

В. дисфемизм

С.табу.

Д.антоним

9. Эвфемизмге жататын сөзді тап.

А.қасқыр

В. бақиға аттану

С. ұлыма

Д. жын

10. Мылжың, боқмұрын сөздері қандай сөздер

А. эвфемизм В. дисфемиз

С.табу. Д.антоним





Лексика саласы бойынша тестік сауалдар

І нұсқа

1. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) ащы, тұщы  В) кітап, оқулық 
D) ағайын, туыс  Е) жақсы, дұрыс  С) береке, бірлік

2. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) жылы жүрек  D) жылы лебіз
В) жылы жүз  Е) жылы су  С) жылы сөз

3. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) аласа, ұзақ  В) биік, зəулім  С) əдемі, жақын
D) жақсы, жаман  Е) құрметті, күшті

4. «Атақты» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) даңқты  В) баяу  С) ақылды  D) білімді  Е) қызық

5. «Мейрам» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) демалыс  В) дана  С) күн  D) мереке  Е) жаз

6. «Қуаныш» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) мереке  В) қайғы  С) шаттық  D) ұят  Е) қуат

7. «Дұшпан» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.
А) кəрі, қария  В) қауіп, қатер  С) аман, сау
D) қас, жау Е) дауыл, боран

8. «Дос» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) қос В) дұшпан  С) ағайын  D) бауыр  Е) құда

9. «Көп» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) жоқ  В) мол  С) аз  D) бар  Е) кел

10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) мөлдір су  В) терең сай  С) өткір көз 

D) алтын  уақыт  Е) өткір тіл

11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) өткір, қымбат, бағалы  В) қарт, кедей, жас  С) биік, аласа, жақын
D) алыс, шалғай, жырақ  Е) шаттық, қуаныш, өкініш

12. «Жылдам» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) жай  В) тез  С) жақсы  D) алыс  Е) үлкен

13. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) дəрі, дəріхана, аурухана  В) ауыл, дала, аймақ  

С) үй, мектеп, баспана D) жас, құрдас, көрші

Е) ауру, сырқат, кесел

14. «Алғашқы» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) бастапқы  В) алдыңғы  С) соңғы  D) бірінші  Е) ортаншы

15. «Ену» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) айту  В) бару  С) салу  D)
сөйлеу  Е) шығу.
 

2-нұсқа
1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) сабырлы, төзімді, шыдамды  В) жаяу, жүгіру, жүру
С) күлу, жымию, жылау         D) ата, əке, туыс   Е) ер, батыр, жау

2. Тура мағыналы сөзді табыңыз. 
А) күміс көмей                       В) күміс алқа                С) күміс күлкі
D) күміс той                Е) күміс су

3. Антоним сөздерді көрсетіңіз. 
А) бейне, сурет           В) мұғалім, оқытушы          С) жас, кəрі
D) əдемі, сұлу              Е) той, думан

4. Синоним болмайтын сөздерді көрсетіңіз. 
А) күш, қуат                В) қас, жау                С) ұстаз, шəкірт
Д) еріту, балқыту        Е) құрбы, құрдас

5. Тура мағыналы тіркесті табыңыз.
А) ашық қол    В) ашық мінез           С) биік арман
D) құрғақ сөз   Е) құрғақ тас

6. «Үлгі» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз
А) амандасу, есендесу           В) өнеге, ғибрат       С) мысал, есеп
D) қайнар, бұлақ                    Е) сұрау, білу

7. Тура мағыналы тіркесті табыңыз.
А) күміс күлкі                         В) биік тау                 С) жібек мінез
D) көңілді жаз                         Е) қаралы хабар

8. Антоним сөздерді көрсетіңіз. 
А) қорқақ, батыр        В) көру, есту             С) ана, нағашы
D) сау, саламат                       Е) айту, жеткізу

9. «Биік» сөзінің антонимін көрсетіңіз. 
А) ұзын                        В) аласа                     С) алыс
D) ілгері                       Е) жоғары

10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) жылау, еңіреу        В) басталу, аяқталу              С) келді, кірді
D) күлді, жымиды      Е) ақыру, айқайлау

11. Мақалды толықтырыңыз. Отан .... отқа түс.
А) туралы                    В) бірге                      С)   үшін
D) да                             Е) мың

12. Мақалды толықтырыңыз. Оқу ....... құдық қазғандай.
А) күрекпен                В) инемен                  С) қолмен
D) қайшымен              Е) кетпенмен

13. Мақалды аяқтаңыз. Мектеп кеме, білім – .... .......
А) теңіз                        В) мұхит                    С) көл
D) өзен                                     Е) бұлақ

14.  «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
А) ұшу                         В) ұйықтау                С) ойнау
D) өкіну                       Е) қуану
15. Мақалды аяқтаңыз.
Бірінші байлық – .... .... ....
А) ақша                        В) денсаулық            С) адамдық

D) тазалық                   Е) білім
 

3-нұсқа
1. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін
табыңыз.
А) момын     В) ақылды         С) тентек D) жуас            Е) баяу
2. Мақалдың жалғасын табыңыз.
Басқа пəле .... .... ...... 
А) тілден                      В) көзден                   С) ауыздан
D) қолдан                    Е) аяқтан
3. Мақал-мəтелден антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
А) Сыйлап берсе, сусын іш.             В) Берген жомарт емес, алған жомарт.
С) Көппен көрген – ұлы той.                       D) Жері байдың елі бай.
Е) Қолы ашықтың жолы ашық.
4. Мақалды көрсетіңіз.
А) Асанның ішек-сілесі қатты.         В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 
С) Ой түбіне жетпеу.                         D) Тамырына балта шабу. 
Е) Ол сөз өнері туралы көп біледі.
5. Мақалды толықтырыңыз.
Қызым, саған айтам, .... , сен тыңда
А) балам                      В) анам                      С) келінім
D) айналайын             Е) ұлым
6. Мақалдың тақырыбын көрсетіңіз.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса кішіден сұра.
А) ынтымақ, бірлік туралы               В) достық туралы    
С) еңбек пен кəсіп туралы                D) батырлық, ерлік  туралы
Е) өнеге-білім туралы
7. Мақалды толықтырыңыз.

....ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
А) үш                В) екі                                    С) тоқсан
D) бір                Е) барлық

8. Мақалды толықтырыңыз. Отан оттан да .... . 
А) ыстық                     В) қымбат                  С) жылы
D) жақсы                     Е) артық
9. Мақалды аяқтаңыз.
Батыр туса – ел ....
А) дəстүрі                    В) жақсылығы          С) ырысы
D) қуанышы                Е) байлығы
10. Мақалды толықтырыңыз.
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты .... бұзар. 
А) дүние          В) көңіл         С) сөз             D) су              Е) ақша
11. Мақалды толықтырыңыз.
Бірлік бар жерде .... бар. 
А) өмір                         В) ырыс         С) жақсылық                       

D) тыныс       Е) тірлік
12. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) ырыс алды – ынтымақ  В) бойшаң қыз  С) түйме тағу   
D) ат ізін салмау                Е) туған жер
13. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
А) Мен жалғыз жатып қалдым.  В) Бала тəтті ұйқыда жатыр. 
С) Қалың ел ұйқыда жатыр. D) Ана түн ұйқысын төрт бөлді. 
Е) Ұйқың келсе, қара жер болар мамық.
14. «Тез» деген сөзді тұрақты сөз тіркес түрінде қалай айтады?  
А) ит өлген жер          В) дегбір таппау       С) ауызға іліну
D) қас пен көздің арасында   Е) еті тірі
15. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
А) он шақты сынып   В) көзді ашып-жұмғанша    С) Алматының жері
D) орманды өлке        Е) кең алқап.
 

4-нұсқа
1. Мақалды толықтырыңыз.
Тіл .... жарады
А) сөз    В) білім         С) отын         D) ақыл         Е) тас

2. Мақалдың тақырыбын көрсетіңіз.
Білімді ө
лмес, қағазда аты қалар.
Ұста өлмес, істеген заты қалар. 
А) өнер-білім   В) денсаулық            С) адамгершілік
D) ерлік            Е) достық

3. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз. 
А) дауыссыз дыбыс    В) күн көзі     С) айызы қану
D) нашар кісі               Е) күллі ғалым

4. Мақалдың тақырыбын көрсетіңіз.
«Ұлық болсаң, кішік бол». 
А) ерлік            В) ынтымақ-бірлік    С) тіл            
D) үлгі-өнеге, тəлім-тəрбие               Е) өнер-білім

5. Мақалды толықтырыңыз.
Өнер алды – .... тіл. 
А) көл   В) шешен       С) қызыл        D) ақ   Е) жасыл

6. Антонимді тап. 
А) жақсы, жаман        В) таза емес   С) əдемі, сұлу
D) қысқы, келте          Е) ұзын, ұзақ

7. Синоним сөздерді анықта:
А) ел, халық    В) кітап, дəптер        С) биік, аласа
D) кең, тар       Е) əңгіме, өлең

8. Лексика нені зерттейді?  
А) сөздік қорын          В) сөз тіркесін           С) дыбыстарды
D) түбірді         Е) сөз құрамын

9. Көп мағынасы бар сөзді белгіле:
А) түс   В) ауа            С) ағаш          D) қоңырау   Е) тақта

10. Синонимдік қатарды тап.
А) ұл, қыз, аға В) қарт, кəрі, қария С) көк, қызыл, ақ

D) ана, ата, тəте Е) ұят, ой, ақыл

11.Фразеологизмді тап. 
А) киелі шаңырақ       В) түркі тілдес мекені          С) белгілі күйші
D) қоңырау кестесі     Е) қас пен көздің арасында

12. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?  
А) кішкентай   В) кедей         С) қорықтар D) бір үлтты Е) тəуелсіз
13. Қазақстанның табиғаты қандай?
А) тамаша        В) қызық        С) жаман       D) мықты       Е) сары

14. Отан туралы мақалды тап. 
А) Денсаулық – зор байлық. В) Бір тал кессең, он тал ек.
С) Ел іші – өнер кеніші.         D) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. 
Е) Отан  үшін отқа түс.

15. «Асар» сөзінің синонимін тап. 
А) қуаныш       В) шаттық      С) көмек        D) сабақ        Е) салық
 

5-нұсқа
1. Туыстық атауды тап. 
А) балта           В) қайың        С) нағашы    

D) уық            Е) арыстан

2. Мемлекеттік рəмізді көрсет. 
А) ту     В) халық        С) тарих         D) отан          Е) қала


3. Қазақтың ұлттық ойынын ата. 
А) футбол        В) теннис       С) дойбы      

D) шахмат      Е) ақсүйек

4. «Родная земля» қазақ тілінде. 
А) менің мектебім      В) сенің ауылың       С) оның қаласы
D) сіздің үйіңіз            Е) туған өлке
 
5. Омоним бола алмайтын сөзді тап. 
А) шығыс         В) кіріс           С) сасу           D) тете           Е) алыс

6. Синоним сөздерді көрсет. 
А) жеңіл, таяз В) мықты, берік        С) қағаз, ағаш                     

D) ақ, қара Е) кесек, ұсақ
7. Антонимдік жұпты тап. 
А) құрбы-құрдас         В) жоғары-төмен      С) сəлем-сауқат
D) ауру-сырқау           Е) тап-таза

8. Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі?
A) күн   B) жұлдыз     C) су   D) аспан         E) жер

9. Жаз айларын көрсет.
A) қазан, қараша, желтоқсан             B) маусым, шілде, тамыз
C) қаңтар, ақпан, желтоқсан             D) наурыз, шілде, мамыр
E) наурыз, сəуір, мамыр

10. Наурыздың қандай мейрам екенін көрсет.
A) жастар мейрамы    B) ардагерлер мейрамы       C) еңбек мейрамы
D) жаңа жыл мейрамы           E) адамзат мейрамы

11. Сөйлемді толықтыр.
Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера жəне балет театры ... атында.
A) Шəкен Айманов    B) Күлəш Байсейітова        

C) Əміре Қашаубаев D) Абай         E) Қалибек Қуанышбаев

12. Əлия Молдағұлованың кім болғанын көрсет.
A) мерген          B) əнші          C) күйші        D) ақын          E) биші

13. Тұрақты сөз тіркесін тап.
А) сыбырлап сөйлеу В) əдепті оқушы       С) тіс жармау
Д) өмір сүру                Е) меншік үй

14. «Биік, аласа» қандай сөздер:
А) бір мағыналы сөз   В) антоним    С) синоним  
Д) тұрақты тіркес       Е) омоним

15. Еркін сөзтіркесін тап. 
А) тісі батпау              В) тіс қаққан             С) тісін қайрау         
Д) тісін тазалау           Е) тісі тісіне тимеу.






МАЗМҰНЫ



1.Лексика саласы бойынша тақырыптық тест тапсырмалары.


1 Сөз мағынасы 2-3 бет

2 Антоним. Омоним. Синоним. 3-4 бет

3 Көнерген сөздер 4-5 бет

4. Диалект сөз. Термин сөз. 6-7 бет

5 Табу. Эвфемизм мен дисфемизм. 7-8 бет

2. Лексика саласы бойынша нұсқалық тесттік сауалдар.


І нұсқа 9-10 бет

ІІ нұсқа 10-11 бет

ІІІ нұсқа 12-13 бет

ІV нұсқа 13-15 бет

V нұсқа 15-16 бет































17


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!