400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар, біз өткен сабақта аталған фигуралардың неше бұышы бар екенін қандай заттарға ұқсас екендігін табыңдар. Үшбұрыш- үйдің төбесіне, шатырына
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

(аптасына 2 сағаттан 68 сағат)

7-сынып


Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры

Жалпы мақсат:

Көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі-эпостық поэмаға жататын лиро-эпостық жырлар жайында теориялық түсінік беру. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын түсініп оқу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Көшпелі қазақ елінің салт-санасын, кәсібін аңғарады.

Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты әрқайсысының басында болған күйініш-сүйініштерін пайымдайды, мінез ерекшеліктерін байқайды,ой-өрісі,дүниетанымы кеңейеді.

Топта бірлесіп жұмыс істеуге, қажетті іс-әрекетте оқушының өз бетінше белсене орындауына мүмкіншілік беріледі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 «Түртіп алу» стратегиясына байланысты, сызба кесте, ватман, мәтін.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау стратегиясы»

1. Батырлар жыры туралы білетіндерін естеріне түсіріп, жырдың халықтығын, жырдың басты кейіпкері ел қорғаушы батырдың күш-құдіреті, патриотизімі, отанды сүюі, еңбекшілдігі, зор адамгершіліктің иесі болатындығы жайлы, өзіне тән шарттылығын оқушылардың өздеріне дәлелдету.

2. Кіріспе сөз (мұғалімнің). Көркем әдебиеттің негізгі жанры жайында, түрлері жайында айта келіп, авторы белгісіз халықтық мұра болатындығын, олардың туу негізінде шындық болмыс жатса да, шығарушылардың ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял араласып отыратындығын және халықтың ауызша шығармашылығының негізінде туған зор оқиғаны жыр еткендігін, жыр өлеңмен жазылған ірі шығармалардан эпостық жырлар туатындығын баяндай, отырып, осы эпостық жырлардың бір түрі- лиро-эпостық жырлардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру, теориялық анықтама беру.

3. Дәптермен жұмыс.

Теориялық түсініктерді әдебиет дәптеріне жаздыру.

4. Оқулықпен жұмыс. Жырды оқыту.

Мәнерлеп түсініп оқу.

5. Сөздік жұмыс

Қосымша ақпарат

Қ озы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).

ІІІ. Жаңа тақырып

Жыр мәтінін құр оқумен шектелмей жырдағы білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып, ұжымдасып мұғалім көмегінсіз өздері дербес атқарады. Құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірлерін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге жағдай жасайды.

а) Жеке жұмыс I.W.S.E.R.T-стр. ұсынамын, өйткені бұл ұтымды құрал, өздері оқыған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық жасайды.

ә) Жұппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша кесте жасалынады және сол кестеге жырды қаншалықты түсінгендерін әр түрлі белгілермен белгілейді. Топтың тақырып туралы ой қозғауы

V – Олардың білетіндері.

+ — Олардың үйренгендері.

= — Менің ойлағаныма кері, келісе алмаймын.

? – Мені жұмбақтандырады.

Сабақты, үйренгендерін бекіту.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Ғашықтық жырдың, батырлық жырдан айырмашылығы сүйіспеншілік, достықтың ең басты мәселесі деген бір пікірге келу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Топпен жұмыс: Лиро - эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
Лиро - эпостық жырлар
↓
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Айман - Шолпан
Сұлушаш
Қыз жібек
Ләйлі - Мәжнүн
Құсырау - Шырын
Қалқаман - Мамыр

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Лиро-эпостық жырлар туралы оқып келу және жырдан үзінді жаттау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры

Жалпы мақсат:

Оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;

Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталатынын түсінідіру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Мазмұндау жоспары

Сәйкестендіру тесті

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Көктем гүлдері» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

1. Қозы Көрпеш –Баян сұлу жыры қандай жырға жатады?

2. Лиро-эпос жырларының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?

3. Жырда ауыз әдебиетінің  үлгілерінен қандай түрлері кездеседі?

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.

Жыр көп вариантты болып келеді.


Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.


Зерттеушілердің аты-жөні

Жылы

Еңбектері

Тұжырымдама

С.Сейфуллин

1932

«Қазақ әдебиеті»

Радлов варианты бойынша тоқталады.

С.Мұқанов

1935

«батырлар жыры» туралы еңбегінде

Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.

Қ.Жұмалиев

1944

«Қазақ әдебиеті»

Халық жыры

Ә.Марғұлан

М.Ақынжанов

1958

«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында

Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады.


Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.

Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.

Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.

Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.

Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Жырдағы кездесетін жер-су атаулары-Балталы, Бағаналы, Шідерлі, Аягөз, Қызылбелбеу,Абыралы, Жалаулы

1.Жырдағы көтерілген мәселелер

2Қозы өліміне  себепкер болған кім?

3.Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры саған ұнады ма?

4.Қай кейіпкер қандай қылығымен ұнады?

Жырдың тарихымыздың қай дәуірде пайда болғандығы жөнінде ғалымдар әр түрлі пікір айтады.Бір тобы Жошы дәуіріне тіресе ,енді бір тобы Ноғайлы дәуіріне телиді және бір тобы қазақ хандығымен байланыстырады.Қалай десекте , қазақ елі2002жылы фолъклорлық мұраның 1500жылдық тарихын атап өтті.Зерттеуші ғалымдар  жырды Шекспирдің «Ромео-Джулъетта»трагедиясымен бара-бар деп таныған.Ал Потанин «Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма.»деп бағалаған.Ғұлама ғалым Ә.Марғұлан «Бұл жыр-мәңгілік жыр»депті.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу  жыры-қазақ ауыз әдебиетінің құнды інжу-маржаны» Шағын шығарма жазу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Жырдағы кейіпкерлер


Жалпы мақсат:

Жы рдағы көтерілген проблемаларды аша отырып,кейіпкерлерге талдау жасау;

логикалық ойлау қабілеттерін пробемаларды ашу барысында,кейіпкерлер әлеміне талдау барысында,оқушыларды пікір алмасуға,ойларын аша білуге,соны дәлелдей білуге үйрету,

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Жырдағы кейіпкерлердің негізгі бейнесін анықтайды

Сабақта қолданылатын материалдар:

Суреттер, үлестірмелі таратпалар

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Сұрыптап талдау жұмыс.

Сынып 4 топқа бөлінеді де,тапсырмаларын алады.

Shape2 Shape1 А тобы Ә тобы

Өкіл




Shape3 Shape4

Б тобы В тобы

А тобы-Жырдағы көтерілген мәселелер.

Ә тобы – Қозы өліміне себепкер болған кім?

Б тобы-Баянның соңғы әрекеті туралы не айтар едің?

В тобы –Жырдағы Қарабайлар мен Қодарлар бейнесі,қазіргі кезеңде кездесе ме?

(Сұрыптап талдау,проблемалық сұрақтар,проблемалық шешуді ұйымдастыру барысында талдау жасау)

Ойынның шарттары. Тапсырмаларды орындау үшін уақыт беріледі. Әр топ өкілімен бірге проблемалық сұрақ- тапсырмаларды шеше отырып талдау жасайды да, өкіл өз тобының шешімін қорғайды. Басқа топтан сұрақтар болған кезде өкіл шеше алмаса «тайм-аут» алып, өз тобымен ақылдасып барып жұмыс істейді,жауап береді. (Өз тобының мүшелерінің жауабын естіп білгендіктен бағалау соларға жүктеледі).


IV.Шығармашылық жұмыс


ОShape5

Баян сұлу

қушылар сұрақтарға жауапShape6 береді

V.Қорытындылау

Әр топ өкілі өзінің топ мүшелерінің білімін бағалайды,өкілдерді топ бағалайды,өз пікірлерін айтады.


Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Махаббат-дүние көркі». Әр топ өзіне ұнаған эпизод бойынша сахналық көрініс қоюға дайындалады.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Билер сөзі-нақылдың көзі

Жалпы мақсат:

Оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

Мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б


Сабақта қолданылатын материалдар:

Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттерін үйрену

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында өткізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз. (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер.

Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

Төле би кім?

Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?

1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,

Қыз өссе өріс.

2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.

Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.

Әйтеке би жайлы не білесіңдер?

Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.

2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе

Осылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді. Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық. Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.)

-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:

1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»

Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.


Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен - билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие - өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер – ғасырдан - ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
Шешендік сөздер - қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді дидактикалық жанр. Шешендік сөздер мазмұнына қарай 3 - ке бөлінеді: Шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
Шешендік арнауға қоғам мен заман өміріне байланысты өлеңдер, бата, тілек жатады.
Шешендік толғау - қоғамды суреттейтін өлеңдер.
Шешендік даудың түрлері: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы, құл дауы.

IV.Шығармашылық жұмыс

Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынының атын оқисыңдар.

Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі

Ерте гүлдейтін гүл

Ел ордасы

Алғаш мектеп ашқан адам







А








Б






А









Й




Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны

«Жақсы сөз жан семіртер» ...

«Досы көппен сыйлас» ...

«Отпен ойнама» ....

«Ер туған жеріне...» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)

V.Қорытындылау

Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере білуге даярлау.

Shape7

VI. Үйге тапсырмасын беру

Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.



Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

















Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Д.Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың?» толғауы

Жалпы мақсат:

Д.Бабатайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;

Мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;

Ақын шығармаларын оқи отырып, Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін толықтыру. Оқушылардың осы сабаққа дейінгі білетін ақпараттарын еске түсіру, жаңа тақырыппен ұштастыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Маркерлер, ақ қағаздар, оқулық.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Көңілді күн» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

а) Оқушыларды топқа бөлу. (ІІІ топ)

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

ІІ Ой шақыру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы - Д. Бабатайұлының «Аягөз қайда барасың?» өлеңі. «Аягөз» сөзін айтқанда ойларыңа не келеді? Әр топтан бір спикер сөйлейді.
ІІІ «Білемін, білгім келеді, үйрендім» деген үш бағанды толтыру.
(Жаңа сабақ)
1. Оқушылар дәптерлерін үшке бөледі де, әрбір оқушы ақын туралы білетінін «білемін» деген бағанға толтырады.
2. Жұпта, шағын топта бөліседі, құнды идеялармен толықтырады.
3. Жалпы топтың кестесіне толтырады, спикер шығып сөйлейді, мұғалім жазады.
4. «Не білгім келеді?» Жеке, жұп, топ сұрақтары нәтижесінде кестеге түседі. (мұғалім тақырыпты жазып тұрады).
5. Оқулықтан ақын шығармалары туралы мағлұматтар оқылады. (мұғалім оқыңдар деген нұсқау береді).
6. «Үйрендім» бағанын толтырады, өздері үшін жаңа ақпарат болса өздіктерінен түсіндіреді.
7. Жұпта, шағын топта пікір алмасу, спикер дайындау, не үйренгендіктерін шағын ортада талқылау. Спикер сөйлейді, мұғалім толтырады. Сұрақтарды талдау, ашық қалған сұрақтар бойынша үйге тапсырма беру, қосымша іздену, энциклопедия, «білемін» деген бағанға толтыру. (Құнды идеяларды толықтыру.)

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

Дулат Бабатайұлының өмірі жөнінде деректер өте аз. Туған,өлген жылы да әр түрлі аталып келеді. Ақын жырларының дені ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты туған деуге болады.

Дулаттың өзіне ғана тән ерекшелігі-поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып,оны ел басшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етуі. Екіншіден, патша өкіметінің отаршылдық езгісін қоса сынау дәрежесіне дейін көтере алды.

Өлеңнің мазмұндық желісіне арқау болған мәселе-патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты екенін түсіндіре отырып «Аягөз қайда барасың?» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.


IV.Шығармашылық жұмыс

ІV Оқып пікір талдау стратегиясы.
«Аягөз қайда барасың?» өлеңін әр оқушы оқып шығады. (өздігінен)
Оқығанда мына үш сұраққа мән бере отырып, жұпта, шағын топта 3 сұрақ бойынша талқылау.
1. Сіз не байқадыңыз? (Аягөз өзені қайдан бастау алып, қалай қарай ағады? Ақын оны қалай суреттейді?)
2. Қандай ой туғызды? «Аягөз сенің бойыңда, Несібе, ырыс, тегіс қой» деген жолдардың мәнін қалай түсіндіңдер?
3. Сізге қандай әсер етті? «Аягөз кімнің жері еді?» деген өкінішін қалай түсінесіңдер? Ақын кімдерді ұялтпақ болады?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

1-топ

Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?

2-топ

Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?

3-топ

Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Аягөз кімнің жері еді?» деген тақырыпта эссе жазып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Махамбет. «Тарланым» өлеңі

Жалпы мақсат:

М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;

Мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;

Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

М. Өтемісұлы шығармаларының ерекшелігін түсіндіру, ақын өмір сүрген дәуірдегі түрлі қайшылықтардың ақын шығармашылығына әсері туралы мағлұмат беру, Исатай портретінің шебер жасалуын, теңеу ерекшелігін білдіру, өлеңді мәнерлеп оқыту, өлеңді талдай білуге үйрету, тақырыбын ашу, өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді табу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Электронды оқулық, слайдтар

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Көңілді күн» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінен сұрақтар қою «Мен саған, сен маған» әдісі.
2. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңін жатқа оқу.
Әр топтан 3 оқушы шығып «Мені жалғастыр» әдісімен жаттау айту
1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінің тақырыбы қандай?
2. Өлеңге арқау болған не жағдай?
3. «Аягөз кімнің жері еді?»деген өкінішін қалай түсінесіңдер?
4. Өлеңнің түйіні қандай?

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Ой қозғау үшін оқушыларға қойылатын сұрақ:
М. Өтемісұлы кім?
Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?
Дауылпаз ақынның 200 жылдығы қай жылы Юнеско көлемінде аталып өтті?
«Тарланым» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
Білемін Білгім келеді Үйрендім
1804 жылы Орал облысы, Нарындағы Бекетай құмында туған. Махамбет беріш руынан. Арабша, орысша хат таныған. Оның 70 шақты өлеңі және бірнеше күйлері бар. Батырдың сүйегі Алматы, Гурьев, Мәскеуді 17 жыл шарлап, 1983жылы 15 мамыр күні туған жері Қараойға жерленді. Батырға 12 қабырғалы, ішінде11 шумақты өлеңі жазылған мазар салды. Исатай туралы толық мәлімет алу. Тарланым сөзінің мағынасын ашу. Өлеңді жазудағы мақсатын түсіну
Олай болса, туып - өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М. Өтемісұлы батырдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Тарланым» атты өлеңіне кеңінен тоқталамыз.
Оқушыларға бұрыннан таныс «Соғыс»өлеңін естеріне түсіру. Махамбет өмір сүрген дәуірдегі соғыс картинасын жасау.(Өлеңнің қанды соғысқа арналғанын, Исатайдың ерлік бейнесін еске түсіреді)
- М. Өтемісұлының өлеңдерінде даналық сөздер көптеп кездеседі. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы ерлік, батырлықты жырлайды. Сондай - ақ, 1836 - 1839жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне қатысты. Оларды уақытына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады. Өлеңдері азаматтық, ел мен жер, азаматтық парызды, рух қайсарлығын жырлайды. Оның көптеген өлеңдері көтеріліс басшысы Исатайға арналды. Махамбеттің «Тарланым», «Мінкен ер», «Исатай сөзі», «Ей, Махамбет жолдасым!», «Исатай деген ағам бар», «Есіл ер»,«Тайманның ұлы - Исатай!», «Исатай сөзі»т. б өлеңдері бар. Махамбет осынша көп өлеңдерін арнаған Исатай кім? (Исатай туралы мәліметтермен таныстыру) Осылайша аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, қаза тапқаннан кейін аза тұтып, аруағына сыйынып өткен адамы – Исатай. Исатай қазасы Махамбетті қатты қайғыртты, күңіренте егілтті.
- Исатай батырдың киген киімдеріне, ұстаған қару - жарағына назар аударайық.(дулыға, сауыт киген, қалқан, садақ, жебе, адырна сөздерінің ерекшелігін ай айтады) «Тарланым» өлеңін үнтаспадан тыңдатамын (оқушылардан алған әсерін сұрау) «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқыту.
- Өлеңдегі сөз қолданыстарынан ақынның күйзелісте екенін сеземіз.
Өлеңді терең талдау мақсатында оқушыларға өлеңнің өн бойында бір өкініш, қимастық бар екендігін ескерте отырып, дауылпаз ақынның бұл өлеңінің қандай өзгешелігі бар екендігі сұралады.(жоқтау сарынында жазылғандығы айтылады. Қазақ әдебиеті тарихында жоқтау жырлары ерекше орын алатыны сөз болады)
Сөздікпен жұмыс
Кермиық, кербез - паң, сұлу
Тарлан - 1) биікті мекендейтін еркін құс; 2) тұлпар.
Керіскедей - дардай, алпамсадай.
Керіске – көбіне ашық жерде өмір сүреді, жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын, денесі аса үлкен бауырымен жорғалаушы.(слайд)
Фәни - өмір
Жебе - садақ оғы
Сусар - аң
Адырна - садақ жебесін тіреп ататын тарамысы
Шандоз - асыл, ардақты
Академик. З. Қабдолов пікірімен түйіндеу.
(«…Махамбеттің есімі — өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап - таза қорғасыннан құйылған ап - ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең - жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.»)
Өлеңді мазмұнын ашу үшін талдауға қойылатын сұрақтар:
- Исатайдың батырға тән бейнесін, ақылдылығын қандай жолдардан көреміз?(кермиығым, кербезім, тебіренбес ауыр мінезім)
- Ал ерлік ісін қандай жолдардан көруге болады?(садағына сары жебе салдырған…, көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан)
- Табиғат халқына тіреу болуға жаратқан сегіз қырлы, бір сырлы туысы бөлек тұлға екенін қандай жолдардан білуге болады?
- Сыртқы тұрпатының көз сүрінетіндей келісті де айбындылығын қалай суреттейді?
- Исатайдың батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыстарға ұқсастықтары бар ма?
- Енді ақынның арманын, өкінішін қай жолдардан байқауға болады?(таудан мұнартып ұшқан тарланым, саған да менің арманым, Арыстан еді – ау Исатай!…)
- Өлеңнің батыр қайтыс болғаннан кейін шығарылғанын қалай білуге болады?(өткен шақта айтылған сөйлемге қараймыз. «Арыстан еді – ау Исатай!…»
- Елі үшін қан майданға тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған.

IV.Шығармашылық жұмыс

1 - топтың тапсырмасы
Электронды оқулықтан «Тарланым»өлеңін ашып көрсетіп, өлең құрылысына талдау.
2 - топтың тапсырмасы
Ақын өлеңіндегі метафора, эпитет, теңеулерді теріп, олардың бейнелік мәнін түсіндіріңдер.
Көркем тіл Мысалдар
Метафора Таудан мұнартып ұшқан тарланым, Арыстаным, көп болды - ау,
Саған менің арманым!
Тарланым, арыстаным, мүйіздім т. б..
Эпитет Ащы дауыстым, терең ақылдым, ауыр мінездім, сұр жебе
Теңеу
Аллитерация
Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым! т. б.
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Қырмызыдай ажарлым!
3 - топтың тапсырмасы
Махамбет пен Исатайға мінездеме жазу. Венн диаграммасы
Алуан сөз образдарын сәйкестендіре отырып, Исатай бейнесін сомда.
Нұр сипатты, келбетті, көркем сымбатты — кермиығым, кербезім,
қырмызыдай ажарлым
Жауының құтын қашыратын қаһарлы – құландай ащы дауысты
Зор тұлғалы айбарлы — құлжадай айбар мүйізді
Отырған жері сәнді - думанды, сері — Хиуадай базарлым
Сабырлы, ойлы, парасатты жан - теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім
Исатайдың ерлігі — Арыстан еді - ау Исатай…
-«Тарланым»өлеңінде Исатайдың «жұртына құрбан болсам» деген мақсатының ірі де ізгілігім ғажап тартымды суреттелген. Махамбет - күйші. Оның бізге жеткен 7 күйі болды. Атап айтсақ, «Шілтерлі терезе»,«Исатайдың Ақтабаны - ай»,«Жайық асу»,« Қиыл қырғыны»,«Жұмыр қылыш», «Қайран, Нарын!». «Өкініш»күйі Махамбеттің бұл күйлерінің барлығы көтерілісті немесе көтеріліс жеңіліс тауып, Исатай қайтыс болып, Махамбет өз елінен безіп, қудалауға түсіп жүрген кезінде шығарылған екен.«Өкініш»күйін таспадан тыңдайық.

V.Қорытындылау

 Picture 1 Міне, біз «Тарланым» өлеңін талдап шықтық. Сонымен Махамбет Өтемісұлы кім?
Топтастыру стратегиясы
1804 - 1846 ж
Исатай - Махамбет көтерілісі тарихта айтулы оқиғалар қатарына кіреді. Көтеріліс жеңіліс тапқанымен, халыққа қысым көрсеткен хан - сұлтандар тағында тұра алмады. Халқы үшін құрбан болған ұлдардың бүгінгі ұрпағы Қазақстанның тәуелсіздігіне куә болып отыр.
Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық. Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Олай болатыны, оның батырлығы бір жекпе - жектегі қайратты емес, жалпы адам бойындағы қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр – толғауы бір кезеңнің баяны емес, күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ,керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын.«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Тарланым»өлеңін жаттау.
«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ойтолғау жазу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »











Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы. «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Жалпы мақсат:

А.Құнанбайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:


Сабақта қолданылатын материалдар:

Сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б


Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Нұрлы күнде» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Абайдың өмірін және шығармаларын тірек сызбалар арқылы түсіндіремін.


Shape8 Shape10 Shape11

Абай шығармаларыыыыыыыыы

өлеңдері поэмалары күйлері



Shape12

Shape13


аудармалары әндері қара сөздері

ІІІ. Жаңа тақырып

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Сөздікпен жұмыс: қансонар-жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі

Ғанибет-қызық,тамаша

Томаға-бүркіттің екі көзін жауып тұруүшін кигізетін бас киімі

Қырымнан-алыстан

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

«Кансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне байланысты видеоролик көрсетемін.

-Оқушылар бұл бейнероликтен не байқадындар?

- Қазақтын кандай салт-дәстүрін аңғардыңдар?


Оқушылар видеороликті көреді,ойланады.

Сұрақтарға жауап береді

- Саятшылыктың бір көрінісін.

- Бүркітпен аң аулау т.б -Абай Құнанбаев «Кансонарда бүркітші шығады аңға»

V.Қорытындылау

1 топқа - Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын топтастыру.

ІІ топқа - «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициялық жоспарын құрастыру

ІІІ топқа – Бүркіттің қасиеттерін топтастыру.

Постер құрастыруға нұсқау беремін.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Үзінді жаттау, сурет салу, мәнерлеп оқу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »













Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы

«Қараңғы түнде тау қалғып»

Жалпы мақсат:

А.Құнанбайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Композитор туралы толық мағлұмат беру, шығармаларын тыңдап, үйрету арқылы оқушылардың бойына табиғат әсемдігін, сұлулығын сезінуге үйрету.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Өлең мазмұнына байланысты суреттер,үлестірмелі парақшалар,стикерлер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Біздің Абай» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

І. Ұйымдастыру: Музыкамен класқа кіру. «Қараторғай»Ақан сері әні
- Саламатсыздар ма, балалар!
- Саламатсыз ба, апай!
- Бүгінгі сабақтағы көңіл - күйлерің қандай?
- Жақсы.
- Бүгін бізде ерекше күн. Сіздерге бүгін қонақтар келді. Сабаққа жақсы атсалысып отырамыз. Бәріміз бір - бірімізге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, сабақты бастаймыз.
- Кезекші кім? Класта кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?

Класты үш топқа бөлдік. «Сегіз сері»тобы, «Ақан сері»тобы, «Біржан сал»тобы.
«Сегіз сері»тобының басшысы - Қуаныш.
«Ақан сері»тобының басшысы - Айдын.
«Біржан сал»тобының басшысы - Дастан.

- Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал кімдер?
- Әнші, ақын, композиторлар.
- Ендеше осы сөздерге байланысты сөзжұмбақтар шешеміз.
І - топ. «Сегіз сері»тобы - «Әнші»сөзжұмбағын шешеді. Әнші деп кімді айтады? Әнші - Жазған әнді орындаушы.
1. Ақылың болса - тыңда.
2. Музыка зерттеушісі А. Эйхгорн 1880 жылы қазақтар арасынан бұл аспапты көрген.
3. Тілшікті аспап.
4. Сарамен айтысқан ақын.

ІІ - топ. «Ақан сері»тобы - «Ақын» сөзжұмбағын шешеді. Ақын - деп кімді айтады? Ақын - әннің сөзін, мәтінін жазады.
1. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдейтін сілкімелі аспап.
2. Күй атасы.
3. «Гәкку»әнінің авторы.
4. Жеті ішекті аспап.

ІІІ - топ. «Біржан сал»тобы - «Композитор»сөзжұмбағын шешеді. Композитор кім? Композитор - әннің әуенін шығарады.
1. Күй тартатын кім?
2. Қорқыттың ойлап тапқан аспабы.
3. Қағып шертіп ойнайтын аспап.
4. Біржан қандай ақын.
5. Біржанның ақындық өнерін кім жалғастырды?
6. Бақташылардың сүйікті аспабы.
7. Құрманғазы шәкірті.
8. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты бұл аспап не деп аталды?
9. Сегіз серінің әні.
10. Саздан жасалатын аспап.

ІІ. Үй тапсырмасы. Әр топ берілген өз әнші - композиторлары туралы қысқаша айту.
І - топ. Сегіз сері Бахрамұлы
ІІ - топ. Ақан сері Қорамсаұлы
ІІІ - топ. Біржан сал Қожағұлұлы

Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау мақсатында «Ойлан, тап?» деп аталатын сұрақ - жауап сайысын бастаймыз.
Сендерге ұяшықтар берілген, сол ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береміз.
Сол жақтағы 10 ұяшығы - Дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
Сол жақтағы 20 ұяшығы - XIX ғасырдың ІІ - жартысындағы ән өнеріне үлес қосқан әнші - композиторлар.
Сол жақтағы 30 ұяшығы - Музыка тыңдау. Бұл кімнің әні? Әннің аты не деп аталады?

Ортадағы 10 ұяшығы - Дәстүрлі халық әндерінің нотаға түсіп жүйеленуіне үлес қосқан музыка зерттеушілері.

Ортадағы 20 ұяшығы - Әнші - композиторлардың әндерін ұрпақтан - ұрпаққа жалғастырып, бүгінгі күнге жеткізген әншілер.
Ортадағы 30 ұяшығы - Музыка тыңдау. Бұл кімнің әні? Әннің аты не деп аталады?

Оң жақтағы 10 ұяшығы - Дәстүрлі әншілік өнер айтылу ерекшелігіне байланысты қандай мектептерге бөлінді?
Оң жақтағы 20 ұяшығы - Біржан сал өз әндерінде қандай мәселелерді қозғады?
Оң жақтағы 30 ұяшығы - Музыка тыңдау. Бұл кімнің әні? Әннің аты не деп аталады?
Жауаптары:
1. Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін ән айту өнері дейміз.
2. Ақан сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Сегіз сері, Абай, Үкілі Ыбырай.
3. Сегіз серінің әні «Ақбақай»
4. А. Жұбанов, А. Затаевич, Т. Бекхожина.
5. К. Байсейітова, Қ. Жандарбеков, К. Әзірбаев, Ғ. Құрманғалиев.
6. Ақан серінің әні «Балқадиша»
7. Жетісу өңіріндегі, Шығыс өңіріндегі, Батыс Солтүстік өңіріндегі әншілік мектептер
8. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік сезімдерін лирикалық әсем сазға бөлейді.
9. Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»
Дауысқа жаттығу.
Үйге берілген әнді 1шумақ қайырмасымен орындау.
Дәптермен жұмыс.

ІІІ. Жаңа тақырып

Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып»
Оқулықпен жұмыс.
Сұрақ - жауап. Абай кім? Абай Құнанбаев туралы не білеміз.
"Абай" топтастыру
ББҮ кестесін толтырады.
- Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
Ақынның балалық шағы
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.

Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым - қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.

Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын - ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл - қалжыңга шебер, жөн - жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседеараб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.
Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең - дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш - жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864 — 1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың редакциясымен басылып шықты

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.[12]
Абай Құнанбаев - 1845 - 1904жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақ халқының ұлы ақыны. Ол - өз өмір сүрген кездегі адамдардың надандығы мен қараңғылығына қатты қынжылып, халқының көзі ашылып, алдыңғы қатарлы мәдениетті елдер қатарына қосылуын армандаған ақын. Оның шығармалары терең ойға, философиялық толғаныстарға толы. Абай адамдардың бойында кездесетін жағымсыз қылықтар мен жаман мінездерді қатты сынайды, өсек, өтірік айту, мақтаншақ, даңғой болу, еріншектік, тойымсыздық - осының бәрі азаматтыққа, елдікке залалын тигізетін зиянды қасиеттер екенін айтады. Әрқашан халық қамын жеп, оған жанашыр бола білген ұлы ақын еңбек пен өнер - білімді, татулықты, бірлікті уағыздайды. Абай махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін де кеңінен жырлаған. Әрі ән шығарушы композитор болған. Абай әндерінің ішінде сазды, созылмалы, шырқай айтылатындары да, келте қайырылатындары да, жылдам айтылатындары да кездеседі. Мысалы: «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң»т. б.
Абай аудармаларында орыс ақындарының шығармалары ақын шығарған әуенмен астасып, ерекше бір көркем бейнеленіп, ұлттық нақышқа ие болды. Орыс композиторы Антон Рубенштейн ақын Михаил Лермонтовтың сөзіне «Горные вершины»шығармасын жазды. М. Лермонтов кезінде бұл өлеңді ұлы неміс ақыны Гетеден орыс тіліне аударған. Бұл өлеңнің сөзі мен әуенінің Абай жүрегін билегені сонша, өзінің «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін шығарған.
IV. Музыка тыңдау. «Горные вершины»А. Рубенштейн - орыс тілінде және Абайдың әні «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдап, ұқсастығы мен ерекшелігін анықтау.
Ұлы Абайдың кәрі Шыңғыстауы өткен жылы тағы бір оқиға куә болды. Ұлы неміс Гете, Өрен орыс Лермонтов.... Дана қазақ Абай. Бұлар бірін бірі әсте көрмеген, бірі бірімен әсте кездеспеген жандар. Көзінің тірісінде кездесе алмаған өнердің осы үш алыбы бір мың тоғыз жүз сексен төртінші жылы Қарауылда бас қосты.
Мәрмәр тақта - ескерткіш. Онда Абай, Лермонтов, Гете бейнелері жарқырайды. Әр бейненің астында қазақша, орысша, немісше қашалған сегіз жол өлең — Лермонтов аударған, Лермонтовтан Абай аударған Вольфганг Гетенің белгілі өлеңі: «Қараңғы түнде тау қалғып». Үш елдің үш ұлы перзентін бір өлең табыстырған.
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым - жырт дел - сал ғып
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол дағы,
Сыбдырламас жапырақ
Тыншығарсың сен дағы
Сабыр етсең азырақ.
Аударып қана қоймай, әдейі арнап ән шығарған Абайдың сыйқырлы сезімге толы, лиризмге тұнып тұрған осы бір сегіз жолын қай қазақ білмейді?! Қай қазақ әндетпейді?!
Адам тағдыры секілді өлең тағдыры да қызық. Бұл өлеңді Лермонтов немісшеден былай аударған:
Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихне долины
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы.
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
Қарауылда арнап ескерткіш - тақта орнатылған Гете өлеңінің тарихы міне осындай.
- музыканы тыңдағанда қандай әсер алдың?
- Көз алдыңа не елестеттің?
Дауысқа жаттығу.
V. Ән үйрету. «Қараңғы түнде тау қалғып»әні.
- ән сөзін анық айту.
- дыбыстарды жоғары алу.
Екі шығарманың ұқсастықтары, айырмашылықтары
Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да жақсы білген. Орыс және Еуропа музыкасы жөніндегі түсінігінің кеңеюіне сол кезде Петербургте оқып жатқан Әбдірахман (Әбіш) деген баласының ықпалы да болды.

IV.Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық тапсырма:
«Егер мен Абай сияқты ақын болсам......»өлең жолдарын жазар едім?
Барлығы бірігіп «Желсіз түнде жарық - ай»әнін орындайды.



- Бүгінгі сабақтан алған әсерім....... эссе жазу. Нені үйрендім?
ББҮ кестесін жалғастыру
Абай әні: «Желсіз түнде жарық - ай» хормен орындау.

V.Қорытындылау

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Қараңғы түнде тау қалғып»әнін жаттау, Абай туралы ізденіп келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңдері

Жалпы мақсат:

Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану;

Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін жинақтау, жетістіктерін ескеріп, біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында формативті бағалауды пайдалану

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Оқушылар өлеңмен толық танысады, мән-мағынасын ұғынады.Әннің құдіреті туралы біледі

Сабақта қолданылатын материалдар:

Акт,топпен жұмыс

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша топқа бөлінеді.

Өлеңді жатқа сұрау.

Өлеңді өлең құрылысына талдау.

Ән дегеніміз не?

Қандай ән білеміз?

Абайдың әндері туралы не білеміз?

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. 19 ғ.-дың 90-жылдардың аяғында жазған «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге арнаған.Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы

Өлең аттары

Эстетикалық көзқарас

Өлең – сөздің патшасы

Өлеңге анықтама беру, ақын мақсаты, тыңдаушыға, ақынға қояр талабы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Өлеңді жастарға үлгі беру мақсатында жазу;

жастарға қояр талабы; өнерді қор етпеу

туралы пікірі

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Адам өміріндегі әннің орны, әнге,әншіге,тыңдаушыға қояр талабы. Ақын мақсаты

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән, тәтті күйдің адам өміріндегі орны. Ақынның махаббаты. Ақын және өнер

Адамның кейбір кездері

Сөздің, өлеңнің туу сипаттары. Ақын және

халық мұңы, зары. Ақын және замана.

Ақынға қояр талабы



IV.Шығармашылық жұмыс

— Ақынның айтайын деген ойы қандай?

— Адам,қоғам,әдебиет, өнер проблемасын қалай көтерді? (әдебиет пен өнердің қоғам,адам тіршілігіндегі ролі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырды)

3.Мына салыстырмалы бағандарды пайдалана отырып, өлеңдедегі ақынның эстетикалық көзқарасын, көркемдік тәсілін талда.

Өлеңі

Әнге қояр талабы

Тыңдаушы және әнші

Поэтикалық ерекшелігі

Ақынның жетістігі, табысы

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

«Әннің де естісі бар» «көбінесе ән басы келеді ащы»

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай тұнық»

Ұйықтап жатқан ойды ән оятар

Әннің адам өміріндегі маңызын ашып береді.Әншіге, әнге эстетикалық талап қоя біледі.



V.Қорытындылау

«Мен қазақтың қарапайым әнімін» тақырыбына әр оқушы сол рольге еніп, өз ойын жазады. Ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Өткен тақырып бойынша түсінгендерін жіпке тізіп айтып шығады.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

1. Өз қалаулары бойынша өнерге, әнге байланысты өлең жаттап келу. (Абай шығармашылығынан)

2. Шығарма «Абай — сазгер», «Абай – тұңғыш өнер, әдебиет сыншысы»

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс,

Басқа біреу қол ұшын келіп маған бере ме?-деп Т.Молдағалиев жырлағандай, Абай-дара,дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.









Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Жиырма тоғызыншы қарасөзі.

Жалпы мақсат:

А.Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Абай Құнанбайұлының  қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту

Сабақта қолданылатын материалдар:

Сызбалары, кестелері,   дидактикалық материалдар 

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Абайдың қара сөздері» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  «Қаранғы түнде тау қалғып» жаттау.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?

2.Ақынды  «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?

3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

Талдау,жинақтау,қорыту


Қызығушылықты ояту

Нені білеміз?

Өткен сабақта Абайдың өмірі, ақындығына, оның шығармаларына тоқталған болатынбыз. Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұралады.

Сабақ барысы туралы түсінік беру.

 Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек,

 Еңбекті сат,ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,

ІІІ. Жаңа тақырып

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.

Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.

Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.

Мақал-мәтелдер

Абайдың сыны

Өз пікірің




Топпен жұмыс: «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.

IV.Шығармашылық жұмыс

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.

1.     Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған.

2.     Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар.

    Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз  — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

Жиырма тоғызыншы қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлыболсаң, арлыболма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.

«Қалауын тапса, қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті,  алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-анашамасыкелсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелікжиса да, артымдабалаларымақалсындейді. Олата-ананымалғасатқансоң, құдайға дұшпандық іс емеспе? Осындай білместікпененайтылғансөздеріне бек сақ болу керек.

V.Қорытындылау

Асыл сөздің жалғасын тап.

 

Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)

Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)
Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)

Сатылай кешенді талдау.  Абайдың  « Жиырма тоғызыншы » қара сөзі

Тәрбиелік түйіні: Кез – келген  нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.     Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?

2.     Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?

3.     Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?

 

Бекіту.

Халық  арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1.  Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

2.  Жаман дос - көлеңке,

3.  Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

    Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
4. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.
5. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
   Аздырар адам баласын
6. Баяғы жартас - бір жартас
7. Толғауы тоқсан қызыл тіл
   Сөйлеймін десең өзің біл
8. Ойын – арзан, күлкі қымбат
Қорытынды:

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

 Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

VI. Үйге тапсырмасын беру

Абайдың 29 - қара сөзін жаттап, жан - жақты талдау;
Өз пікірлерін жазбаша талдау.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »











Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

А.Байтұрсынұлы. «Ақын ініме»

Жалпы мақсат:

Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен таныстыра отыра, өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

А Байтұрсынұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу

Сабақта қолданылатын материалдар:

Ақынның өмір жолы,шығармашылығына құрылған презентация, ақынның кітабы

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Күн нұры» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен қысқаша таныстыру.Ақын туралы видеоролик көрсету. «Ақын ініме» атты өлеңін оқып, талдау,түсіндіру.

Хронолиялық кесте

Болған уақыт

Басты оқиғалар

1873 ж 28 қаңтар

Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген

1886-1891 жылдары

Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды

1907 жылы

Ақтөбе, Қостанай, Қарақаралыда екі сыныптық училищеде бала оқытады

1920 жыл

Насихат жұмысы жүргізгені үшін Семей абақтысыны 8 ай бойы қамалады

1926-1928 жылдары

«Қырық мысал» және «Маса» өлеңдер жинағы шығады

1921 жыл

Қазақстан кеңестерінің І съезінде Қазақстан Үкіметіне мүше болып сайланады

1937 жыл 8 қазан

Халық ағарту комисиараты жанындағы ғылыми әдеби коммиссиның төрағалығына тағайындалады.

Қара тізімге ілініп тұтқынға алынады

Азапты қуғын-сүргіннен оралады

Қайта ұсталып 8 желтоқсанда ату жазасына ілінеді

Өлең қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері ақын,жазушы,жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына арналған.

Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.

Ақын ініме

Аз сөзге құлағың сал, ақын iнiм!

Ой, пiкiр, рухымыз жақын, iнiм.

Ағалық правосын қолыма алып,

Келемiн айтайын деп ақыл, iнiм.

Өзiмдi ағаңмын деп үлкейтемiн,

Онымды көремiсiң мақұл, iнiм?

Адасқан ағаңыздың жерi болса,

Тiлеймiн ете гөр деп ғафу, iнiм.

Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,

Күресте кiм кетпейдi қапыл, iнiм.

Ат қойған аз-көбiне қарамастан,

Ақылға бiздер жарлы пақыр iнiм,

Доңыздай талғамай жеп семiргендер

Саналып ақылдыға жатыр iнiм.

Сүйiктi миллатыңа болам десең,

Нашардың көбiрек же хақын, iнiм.

Сыйласың десең жұртың қадiр тұтып,

Айғырсып, момындарға ақыр iнiм.

Бiлiмдi ел iшiнде болам десең,

Шешенсiп жоқты сөйлеп лапыр, iнiм.

Қолыңнан мұның бiрi келмес болса,

Кiсiмсiп ең болмаса қақыр, iнiм.

Сөзiңдi тыңдатайын десең жұртқа,

Ет асып табақ-табақ, шақыр, iнiм.

Аузымен орақ орып бәрiн де iстер,

Қымызды шара-шара сапыр iнiм.

Ет пенен қымыз берiп сөйлеп көрсең,

Айтқаның жұртқа балдай татыр iнiм.

Ақылың Аплатондай болса-дағы,

Етi мен қымызы жоқ — тақыр, iнiм.

Сұрақ-жауап

Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?

Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы,міндеті қандай болу керек екенін Ахан қалай аңғартуға тырысады?

Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

2.Сөздікпен жұмыс

Ғапу (ету) – кешірім ет

Ғапыл (қалды) – қапы қалды, қапыда қалды, аңдамай қалды.

Пақыр – халі мүшкіл, байғұс, сорлы.

Милләтіңе – арабша ұлт деген мағынада. Тарихи сөз

Хақын – ақы, еңбек

Лапыр — лап – бұрынғы уақытта тізгін босап, аттан, тұра шап, деген мағынада айтылған жарлық сөз.

Лепір – бөсу, есу.

Қақыр – тамақты қырнай жөткірініп, қақырық шығару.

Рух – 1.Күш-қуат, батылдық

IV.Шығармашылық жұмыс

Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

1.Авторы – А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист,аудармашығмысалшы,саясаткер.

3.Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.

А-зы-рақ құ-ла-ғың сал, а-қын і-нім, 11 буын, 3 бунақ, а

О-йы-мыз, ру-хы-мыз жа-қын і-нім. 10 буын, 3 бунақ, а

А-ға-лық пра-во-сын қо-лы-ма а-лып,11 буын, 3 бунақ, ә

Ке-ле-мін ай-та-йын деп а-қыл, і-нім! 11 буын, 3 бунақ, а

1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы

Ө-зiм-дi а-ғаң-мын деп үл-кей-те-мiн, 11 буын 3 бунақ,а

О-ным-ды кө-ре-мi-сiң ма-құл, i-нiм? 11 буын,3 бунақ б

А-дас-қан а-ға-ңыз-дың же-рi бол-са, 11 буын, 3 бунақ в

Тi-лей-мiн е-те гөр деп ға-фу, i-нiм. 11 буын,3 бунақ а

1 шумақты, 4 тармақты,11 буынды,3 бунақты кезекті ұйқас

Жай жат-саң жа-ңыл-май-сың, а-дас-пай-сың, 11 буынды, 3 бунақ а

Кү-рес-те кiм кет-пей-дi қа-пыл, i-нiм. 11 буынды,3 бунақ б

Ат қой-ған аз-кө-бi-не қа-ра-мас-тан, 11 буынды, 3 бунақ а

А-қыл-ға бiз-дер жар-лы па-қыр i-нiм, 11 буынды,3 бунақ б

1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, шалыс ұйқасы

До-ңыз-дай тал-ға-май жеп се-мiр-ген-дер 11 буын,3 бунақ а

Са-на-лып а-қыл-ды-ға жа-тыр i-нiм. 11 буын.3 бунақ б

Сү-йiк-тi мил-ла-ты-ңа бо-лам де-сең, 11 буын,3 бунақ в

На-шар-дың кө-бi-рек же ха-қын, i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б

1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, кезекті ұйқасы

Сый-ла-сын де-сен жұр-тың қа-дiр тұ-тып, 11 буын,3 бунақ а

Ай-ғыр-сып, мо-мын-дар-ға а-қыр i-нiм. 11 буын,3 бунақ б

Бi-лiм-дi ел i-шiн-де бо-лам де-сең, 11 буын,3 бунақ в

Ше-шен-сiп жоқ-ты сөй-леп ла-пыр, i-нiм. 11буын,3 бунақ а

1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, кезекті ұйқасы

Қо-лың-нан мұ-ның бi-рi кел-мес бол-са, 11 буын,3 бунақ а

Кi-сiм-сiп ең бол-ма-са қа-қыр, i-нiм. 11 буын,3 бунақ б

Сө-зiң-дi тың-да-та-йын де-сең жұрт-қа, 11 буын,3 бунақ а

Ет а-сып та-бақ-та-бақ, ша-қыр, i-нiм. 11 буын,3 бунақ б

1 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, шалыс ұйқасы

Ау-зы-мен о-рақ о-рып бә-рiн де iс-тер, 12 буын, 3 бунақ а

Қы-мыз-ды ша-ра-ша-ра са-пыр i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б

Ет пе-нен қы-мыз бе-рiп сөй-леп көр-сең, 11 буын,3 бунақ в

Айт-қа-ның жұрт-қа бал-дай та-тыр i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б

А-қы-лың Ап-ла-тон-дай бол-са-да-ғы, 11 буын,3 бунақ г

Е-тi мен қы-мы-зы жоқ – та-қыр, i-нiм. 11 буын, 3 бунақ б

1 шумақты, 6 тармақты, 11-12 буынды, 3 бунақты, ұйқасы

Шумақ-аяқталған синтаксистік біртұтас ой. 8 шумақты

Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

Бунақ- белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

Буын саны- дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.

Ұйқас түрі- қара өлең ұйқасы,кезектес ұйқас,шалыс ұйқас . Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп,оған ерекше саз,әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.

Әдеби-теориялық ұғымдар.

Теңеу: доңыздай, балдай,Аплатондай

Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

түсті (алтын күз);

әдемілікті (алтын қасықтай);

құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);

атақ-дәрежені (алтын жаға);

қазына-байлықты (алтын сандық);

жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

V.Қорытындылау

1.Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?

2. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Өлеңді жаттау. «Ел келешегі жастардың қолында» деген тақырыпта ой толғау жазып келу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »















Сыныбы

Сыныбы: 7-сынып              Қазақ әдебиеті      

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»  өлеңі                                                      

Мақсаты

Оқушылар «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгереді, мән — мағынасын ашады. Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой — өрісін дамытады, өз ойын еркін айтуға дағдыланады. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиеленеді.Өзін-өзі бағалау түсініктері кеңейеді.

Күтілетін нәтиже

Оқып-үйренуде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып жеткені көрінеді. Ойын еркін жеткізе алатын болады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқу елсенділіктері артады.Дарынды балалар анықталады.  Өзін-өзі бағалай отырып, сыныптастарын бағалап үйренеді.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына жаңа тәсілдер арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіндіру. Сыни ойлауын дамыту.

Керекті жабдықтар

Белсенді тақта; Презентация; Үлестірме парақтар, корапша, фосоль салынған қапшық

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Тренинг тақырыбы: «Қарым-қатынас»     
         Тренингке қатысып тұрған оқушы сол жағында тұрған оқушыға қолын беріп, «сенімен қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын» деп қолынан ұстайды, ол оқушы қасында тұрған келесі оқушыға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл оқушылар қол ұстасып шеңбер құрады, содан соң бәрі де бір дауыспен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға өте қуаныштымыз» деп айтады.
Топқа бөлу үш түсті қағаз қиындысын ұүрастыру арқылы /3 топқа бөлінеді /, Топ ережесі:Уақытты тиімді пайдалану,  Тыныштық сақтау, Сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, т.б топ басшысы сайланады;

 Үй жұмысын тексеру   /Қорапшадағы сұрақтар /

1. Ұлы ақын А.Құнанбаевтың тікелей мұрагері, дарынды шәкірті кім?

2.  Ахметтің әкесі Байтұрсын қандай адам болған?

3. Ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болуға шақырады?

4. «Ахмет- ақын»  деген ұғымға  тағы да қандай қасиеттерді енгізер едіңдер?

5. 1912-1922 жылдар аралығында Ахметтің жинақтары қай қалаларда басылып шыққан еді?

6. «Ақын ініме» деген өлеңінде ақын адам мінезіндегі қандай қасиеттерді сынайды?

7. Ұлы Абай ақынның неше қарасөзі бар, олар қандай мәселелер жөнінде ой қозғайды?

8. «Жастарға» деген өлең кімнің туындысы, онда автор жастарды кімнен үлгі алуға шақырады?

Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын  орындайды, сұрақтарға жауап береді

Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту

«Бес арыс» деп кімдерді айтамыз?

Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады.  Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады

Негізгі бөлім

1.        (І топқа): А.Байтұрсыновтың  шығармашылығы жөнінде 4 сұрақтан тұратын сұхбаттасудың үлгісін көрсету (мәнді,ұтымды сұрақтар мен толық, дұрыс жауаптар бағаланады)

2.      (ІІ топқа):берілген өлеңді оқып, бір- біріне түсіндіреді, түсінігі бойынша негізгі тақырыбын ашып айтады, берілген өлең мәтіні бойынша рөлге бөлініп, қойылым көрсетеді.(басқа топ мүшелері бағалап, тақырыбын айтады)

3.      (ІІІ топқа):Ғаламтордан орыстың мысалшы ақыны И.А.Крылов туралы мәліметтер табу. Мысал  өлеңдер дегеніміз не? Мысал келтіре отырып түсіндіру                                          

(постерда қорғау)


1.Әр оқушы өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді;

2.Топта  оқушылар рөлдерде ойнайды; Нәтижесін  басқа топ түйіндеп айтады Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді;

Бекіту

«Фасоль салынған қапшықтағы» сұрақтар:
1. «Екі шыбын» өлеңінде өгіз қайдан келе жатты?
2. Шыбынға кім кездесті?
3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
4. Оның қандай мысалын оқыдық?
5. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?

6. Өмірден қандай мысал келтіруге болады?

7.Мысалдан қандай әсер алдыңдар?
8. Мысалдағы шыбынның әрекетіне өгіздің көзімен пікір айтып көр.

9. Қара шыбын неге шаршап келді?

10. Мысалдағы өзекті ойдың мәнісі қандай?

11. Мысал мазмұны қандай мінезді меңзейді?

12. — Мысал орысша қалай аталады?

Кестемен жұмыс.

1 — ші шыбын қандай?

2 — ші шыбын қандай?

 

 

 

Тау бойындағы, бұлт бойындағы қасиеттерді тапқызып, таудың, бұлттың мінез — құлықтарын ашқызу. Адам бойындағы қасиеттермен, өмірмен байланыстыра айтқызу.
 

Қорытынды

Кері байланыс   «Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан» тақырыбында бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту)Бағалау.

   Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі фармативті түрде қол белгілері арқылы бағалайды.  марапаттайды.

Үй жұмысы. Автордың «Екі шыбын» мысалын жаттау.

топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді





Сабақтың атауы

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»


Сілтеме

Оқулық; С.Торайғыров шығармалары; 7-сынып қазақ әдебиеті электронды оқулық.Слайдтан тапсырма көздері;

Жалпы мақсаттар

Сыни ойлау көқарасын дамыта отырып,өлеңнің мағынасын түсіну;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;    өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау, өлеңнен суреттеуді тауып, сурет салу.

Оқыту  нәтижесі

Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді;

өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.

Негізгі идеялар

Панасы жоқ таудан без.Пайдасы жоқ байдан без

Тапсырмалар  

1-тапсырма

 «Соңғы сөзді мен айтамын… » ойтолғау  (10 мин)

2-тапсырма.Өлеңді  мәнерлеп оқу.Сұрақ жауап.  (5 мин)

3-тапсырма

А)4-шумақты қара сөзге айналдырып жазу. (3мин)

Ә) Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар?  (5мин)

Б)Осы өлең арқылы Шорманның Садуақасына мінездеме бер.(5мин)

В)Осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел айт. (5мин)

4-тапсырма.Insert  стратегиясы бойынша жұмыс. (10мин)

Сергіту сәті (2мин)

Кейінгі тапсырмалар

С.Торайғыровтың  «Бір адамға» өлеңін жаттап  келу. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасау.

    Мұғалім жазбалары

Ескерту

Сынып оқушыларын топқа бөліп,өз қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. Топқа бөлінген соң мультик-команде деген мультфильмді көрсеттім.Оқушылар бұл мультфильмнен топта бірлесіп жұмыс жасауды түсінді.

Үй жұмысын «Соңғы сөзді мен айтамын»әдісі бойынша оқушылар ойтолғауын ортаға  алды. Әр топтан топ көшбасшысы шығып, топтың мүшелерінің орындап келген тапсырмаларын түйіндеп, тапсырманы ортақ бірлесіп жасады. А тобы «Мақтау-жел сөз, жанға қас, Адам өзіне-өзі неғұрлым көп мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болады»деген нақыл сөздермен түйін жасады. В тобы «Өзіне –өзі масаттанумен,өзін-өзі дәріптеу-бақытсыздық. Сол үшін де мақтан қумау керек, мақтаншақтыққа салынбау керек деп ой түйді»С тобы да өз ойларын нақыл сөзғмәтелмен түйіндеді. «Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс. Тәкаппарлықты тәңір сүймес,  сондықтан да тәкәппарлыққа салынып, мақтан қумау керек деп түйді. »

Жаңа сабаққа сергіту сәтін қолдана отырып кірістім. Оқушыларға:

-Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.                        

Оқушылар мұғалім айтқан қимылдарды бейнелейді.
-Енді сазды, балшықты жерде келесіздер.

-Өзенде жүзіп келесіздер.
Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар. (Осы сәтте экранға Қазақстан бейнеленген карта шығады).

-Нені көрдіңіздер?

-Қазақ елін.

-Баянауыл аймағын.

-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.
Миға шабуыл әдісі арқылы Сұлтанмахмұт кім деп сұрақ қойып, оқушылар топтастыру стратегиясы бойынша топтастырды.

Ақынның «Бір адамға» өлеңін электронды оқулықтан тыңдатып,өлең не туралы, кімге арналған деген сұрақтарға жауап беру үшін топтар тапсырмаларын алды.Ой өрбіту әдісін Баяндаушылар тобы Ақыннның өмірбаяны жөнінде мағлұмат берді. Ақынның суретін салып,өмір жолына хронологиялық кесте құрып, шығармашылығын тірек-сызба арқылы түсіндірді.

Ой шақыру әдісі бойынша Зерттеушілер тобы интернет желісін тиімді пайдаланып,ізденіп өлеңнің  Шорманның Сәдуақасына арналғанын, бұл өлеңнің ирониялық, сатиралық сарында жазылғанын түсіндірді. 

Ой дамыту әдісі бойынша Сарапшылар тобы Осы өлеңде оқиға бар ма,әлде ақынның көңіл-күйі, сезімі бар ма? Ирония дегенді түсіндіру. Өлеңнен иронияны тауып оқу. Сатира дегеніміз не? Сатиралық ойды табу деген тапсырмаларды орындады. Топ орындаушысы Нұртай өлеңнен сатиралық, ирониялық сарында жазылған шумақтарын тауып оқып, ирония, сатира ұғымдарына түсінік берді.

Кубизм әдісінің тапсырмаларын 3 топқа қос-қостан бөліп бердім.

Баяндаушылар тобы  білу, түсіну тапсырмасы бойынша өлең мазмұнын айтып, 1 шумақты жатқа айтып берді. Топ бақылаушысы Жеткербаев Бақтығали өлеңді жылдам жаттап,өзінің жылдамдығын көрсетті.

Зерттеушілер тобы Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Салыстыру Шумақ, тармақ, буын,ұйқасын табу Сөздік жұмыс Тәрбиелік мәні деген тапсырмаларды орындады. Топ көшбасшысы Фарида Ахмет Байтұрсынұлының Ақын ініме өлеңін Бір адамға өлеңімен салыстырып,ұқсастықтарын атап көрсетті. Екі өлеңде де заман көрінісі, атқамінер шонжарлардың ел қанаған іс-әрекеттері көрініс табатынын, екі өлең де ирониялық сарында жазылғанын түсіндірді. Өлеңде кездескен оқа, сылдырмақ, түйме, аяқ, нақақ сөздерінің мәнін ашты. Сөздікпен жұмыс жүргізді. Топ орындаушысы Жұлдыз өлеңнің тәрбиелік мәні зор екенін, бұл өлеңді оқу арқылы бірудің еңбегін жемеуді,құр мақтанға салынбауды, дүниеқоңыз болмауды үйренгендерін айтты.

Сарапшылар тобы осы өлең арқылы Шорманның Сәдуақасына мінездеме беру, осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел табу тапсырмаларын  орындады. Шорманның Сәдуақасына мінездемені топтастыру арқылы қорғады. Мақал-мәтелдерді топ орындаушысы Нұртай  тобымен Панасы жоқ таудан без.

Пайдасы жоқ байдан без.

Итті күшігім-күшігім десең, аузыңды жалайды.

Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

Жеп тоймаған жалағанмен тоймайды.

Басы ауырмағанның құдайда несі бар.

Басы ауырғанның қасында балтырың сыздамасын.Алма ағашынан алысқа түспейді.

Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Тоқ бала аш болам деп ойламайды деген мақалдарды айтты.

Сабақты қорытындылау үшін «INSERT» стратегиясы бойынша жұмыс жүргіздім.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Бұл тапсырмада Баяндаушы тобы білемін кестесіне Сұланмахмұт Торайғыров өмірін білетіндігін, білдім кестесіне ақынның шығармашылығын кеңірек білгендерін, білгім келеді кестесіне ақынның ирониялық, сатиралық үлгіде жазылған басқа да өлеңдерін біліп, талдауды жазды.

Зерттеуші тобы білемін кестесіне ақынның өмірі мен шығармашылығын білетінін, білдім кестесіне өлеңнің құрылысан атлданып, идеясын, мазмұнын, тақырыбын білгендерін, білгім келеді кестесіне өлең тарихпен байланысты болғандықтан сол кездегі қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды білгісі келетіндіктеір жазды.

Сарапшылар тобы бұл кестенің білдім кестесінде өлеңнің шығу тарихын, кімге арналғанын білгендерін және білгім келеді кестесіне қазақ әдебиетінде ирониялық, сатиралық үлгіде жазылған өлеңдерді талдап, идеясын, тақырыбын ашқысы келетіндіктерін жазды.

Сабақ барысында үй тапсырмасы орындалған соң оқушыларды сергітіп, бой жазу мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырдым.

Әр орындалған тапсырмадан соң топтар бір-бірін, оқушылар өз-өздерін бағалап отырды.  Әр топтағы бағалаушылар өздерінің топ мүшелерін қатыстырып, бағалау парақшаларын жасап, топ мүшелерін бағалап отрды. Бағалау парақшаларын жинап, ондағы бағаларды жинақтап,қорытынды бағалау жасадым.

 

















Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

С. Торайғыров. «Шәкірт ойы» өлеңі

Жалпы мақсат:

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тереңдету, «Шәкірт ойы» өлеңімен таныстыру, өлеңнің айтар ойын ашу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

С.Торайғыровтың өлеңін мәнерлеп оқыту,өлеңнің идеялық мазмұнын ашу,талдау, оқушы ойын ортаға салу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Шығармалар жинағы,интербелсенді тақта, сызба  

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Кел билейік» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

•      Мұңын шағып, жырын жырлап қазақтың

•      Шартарапқа қостың өзің ғажап үн.

•      Орындалып ақ арманың аңсаған

•      Туды бүгін азат өмір, азат күн.

•      Азат күннің сәулесі жарқырайды

•      Жер –жаһанға қыран құс қанат жайды.

•      Кейінгіге қолқабыс етіп баққан

•      Сұлтанмахмұт мұрасы сарқылмайды.

•      дей отырып бүгінгі сабақта С.Торайғыров шығармашылығын оқуды одан әрі жалғастырамын.

ІІІ. Жаңа тақырып

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңі.
Мағынаны тану. 
Өлеңді мәнерлеп жатқа айту, оқу. (мұғалім, оқушы) 
Өлеңнің символы не? – Күн.(күнмен байланыстыру, күнді ілу, толықтырып айту.) 
Қараңғы қазақ, мұздаған елдің жүрегін, надандық теңізі, қаһарман Рүстем, Әлі. (Түсініксіз сөздерге түсінік беру.)
9.Сабақты бекіту.
Теориялық талдау жасау. (Өлең мәтінінен метафораны табу, түсіндіру, электронды оқулықпен қорытып баяндау)
Өлең құрылысына талдау . (3 топтан шығу. Жеке оқушымен жұмыс)
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Топпен жұмыс.
Абайша асыл сөзден маржан терсем...
........туған, 
........буған.
...................,
...........қуған. 
........самғайсың, 
........жалғайсың.
...................,
...........арнайсың. 
........жинаймын, 
........қимаймын.
. ......................,
...........сыйлаймын. 
Ұл ғана ұлтын сүйген осылай дер.
(дискіден ақынның «Айтыс» поэмасынан үзінді тыңдау.Шығармадан Абай бейнесін табу.) 
Ұлылықты ұлылар ғана таниды.
Арттағығы сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең.
Абай 
Асыл сөзді іздесең, 
Абайды оқы, ерінбе. 
Адамдықты көздесең, 
Жат, тоқып ал көңілге. 
Сұлтанмахмұт 
(Екі ақынның шығармашылығын байланыстыру.)
Көрмемен таныстыру.
6.Баянауылдай кең жазира, табиғаты әсем далада талай дарындар дүниеге келіп, талайлар оны әнмен, жырмен , асыл сөзбен сипаттап өтті. Сол киелі топырақта дүниеге келген дара ұлдың бірі Сұлтанмахмұт болса, енді бірі жұлдыздай жарқырап өткен ұлдары туралы ой толғаған- Ж.Аймауытов, Д.Әбілов, Б.Кенжебаев.
“Шернияз ” пьесасы 
“Ақын арманы”,”Арман жолында”,
“Баянауыл баурайында” романдары
Арманды ақын бейнесі
Баянауыл табиғатына тоқталу, Жаяу Мұсаның «Баянауыл» әні туралы. (Табиғат көрінісі 12- слайд.) Бүгінгі ұрпақ сөйлесе (шығарманың тақырыбы мен идеясын саралай келе әр топқа ой толғау беру. қосымша)
Егер мен... (ХІХ ғасырдағы Сұлтанмахмұт болсаң,
ХХІ ғасырдағы ақын болсаң,
елбасы болсаң)

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Тірек сызбамен жұмыс:


өлеңдері

поэмалары

прозасы

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

«Анау-мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т.б

«Адасқан өмір»,

«Кедей»,

«Айтыс»,

«Қайғы»,

«Қамар сұлу»,

«Кім жазықты?»

«Ауырмай есімнен жаңылғаным»



V.Қорытындылау

1.С.Торайғыровтың қандай поэмаларын білесіңдер?

2. Ақынның қандай өлеңдерімен таныс едік?

3. Сұлтанмахмұттың ұстаздары кімдер?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

“Бүгінгі ұрпақ қолында болашақтың кілті бар” тақырыбында ой толғау жазу. 
ә) Жүректен шықса жылы сөз
1.Мен сенемін сендерге, бүгінгі ұрпақ,
Сенгендіктен арнаймын жырымды ұрпақ.
Асыл сөздің ұғар деп құнын шындап,
Шығарар деп ізгі ойдың мыңын сомдап.
2.Тіл қатпайды емес пе тас та бекер,
Жамандықты сендерсің жасқап өтер.
Жаһанданған заманда өздерің ғой,
Ұлттың рухын биік қып асқақ етер.
3.Күнге ұмтылсаң, дем берер бабаларың,
Жұлдызың да жарқырар дараланып.
Үлкен арман орнаса жүректерде,
Жарық болып жаһанға жанары анық.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан-жақты талдау

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Оқушының ойын, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, өз көзқарасын әдеби, жүйелі тілмен жеткізе білу дағдыларын жетілдіру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайдтар, сурет, қанатты сөз

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Әсем гүлдер» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Шығарманы талдау

- Балалар, біз сендермен өткен сабақта Ж. Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінің мазмұнымен танысып, шығармаға жоспар құрған болатынбыз. Бүгін осы шығарманы талдауды ары қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымызда: 

 ЖPicture 74 үсіпбек - сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан-жақты талант иесі. Жүсіпбек – ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, публицист.

Жүсіпбек – новелла, повесть, романның айтулы шебері, психолог, тұңғыш оқулықтар мен педагогикалық мақалалардың авторы. Жүсіпбектің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жүсіпбектің шығармашылық шеберлігіне Б. Майлин:

«Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» - деп баға берген. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу. Соның бір айғағы – осы «Әнші» әңгімесі.

«Әнші » әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі арқылы жазушы өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесін береді, сол Әміренің өнерінің бір сәтін өз әңгімесіне өзек етеді.

- Әміре Қашаубаев кім?

- Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант, қазақ әндерін Парижде өткен сән көрмесінде орындап, күміс медальға ие болған. Қазақ әндерін шетелде орындаған тұңғыш қазақ әншісі. Ресейде, Германияда өз өнерін көрсеткен. (суреттерін көрсету)

-  Енді шығырманың өзіне тоқталайық. Ол үшін тірек –схемаға сүйене отырып, шығарманы еске түсірейік . Біз шығарманы 5 бөлікке бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Әр бөлімге 2-3 сөйлеммен шолу жасап кетеміз ( 5 бөлімді 5 оқушыға мазмұндатамын)

 - Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап өттік. Енді шығарманы әрі қарай толық талдау үшін әрі алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін мен мынадай 4 дейгейлік жұмысты таңдап отырмын. Сабақ соңына дейін 4 деңгейді де толық орындап, мақсатымызғы жетеміз деп ойлаймын.

Шығармашылық деңгей

Эвристикалық деңгей

алгоритмдік деңгей

оқушы деңгейі

Деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс:

1. Оқушы деңгейі Сұрақ-жауап әдісі

-  Автор Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігін қалай суреттеген?

-  Әмірқан әншілік өнерді кімнен үйренді? (әуелі әкесінен, сосын әнші Жұмабектен)

- Әңгімені тыңдаушыға Әмірқан әңгімесінің әсері қалай сипатталады?

- Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды? Өнерді қалай түсінеді?

- Әмірқанның әл-ауқаты, үй тұрмысы қандай?

2. Алгоритмдік деңгей Оқулықпен жұмыс

Оқулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Әмірқанға сипаттама беру Арсын-гүрсін

3. Эвристикалық  деңгей Дәптермен жұмыс

«Түсініктеме күнделігін» жүргізу

1-қатар:  Шығарманың тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

Әңгіменің композициясы

Басталуы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі


2-қатар:  «Әнші» әңгімесіндегі Ақтамақ туралы әңгіменің құрылысына, композициясына талдау жасау

3-қатар:  «Әнші» сөзіне «Бес жолды өлең» құрау

4. Шығармашылық деңгей

«Ақтамақ хикаясы» деген тақырыпқа өз қиялдарыңмен Әмірқан әңгімесін ары қарай жалғастырып, әңгімені аяқтау

- Міне, осымен біз алдымызға қойған мақсатымызға да жеттік.

IV.Шығармашылық жұмыс

«Әңгіме кестесін» құру

Тақырыбы

Авторы

Кейіпкерлері

Негізгі идеясы

Қай кезеңді суреттейді?

Немен аяқталды?

Не үйретті?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Семантикалық карта 1

 Tulips.jpg

“Қымыз әкелейін бе?” – дегендей көзі күлімдей карады

Шәуілі қаршығадай шап етер, киіктің  асығындай тап етер жігіт

Сұлу, паң, үріп ауызға салғандай

 

-Кәне, ән сал!

- Нағыз

жігіт екенсің!

 

Ұрылар

 

 

 

 

+

Шәкет

 

+

 

 

 

Әмірқан

 

 

+

 

 

Ақтамақ

 

 

 

+

 

Дәулетжан

 

 

 

 

 



VI. Үйге тапсырмасын беру

Шығарманы қайталап келу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Ж.Жабаев. «Аттандыру»

Жалпы мақсат:

Халық ақыны Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып, меңгерту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Жамбыл Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайд суреттер, кітаптар

Әдебиеттер: М. Жолдасбеков «Жүз жыл жырлаған жүрек» А. «Жазушы» 1992 жыл, «Аңыз адам» журналы (Ж.Жабаев туралы) № 08 сәуір 2011 жыл, «Қазақстан әйелдері» журналы (Жамбыл туралы) №4, 1996 жыл

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Қаражоға» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Оқушылар билейді. Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

(«Кубизм» әдісі арқылы)

Ж. Аймауытұлы кім және оның қандай шығармалары бар?

«Әнші»әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі өнер тарихынан өздерің білетін қай әншіге ұқсайды?

Әміре Қашаубаев кім? Әңгімеле.

Шығарманың негізгі идеясы не?

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен М. Әуезов

1.Бала Жамбылдан Дана Жамбылға дейін баспалдақ (интерактивті тақтада слайд бойынша әңгімелеу)

Сәби Жамбыл

Бала Жамбыл

Жасөспірім Жамбыл

Ақын Жамбыл

Айтыскер Жамбыл

Жыршы Жамбыл

Күйші Жамбыл

Дана Жамбыл

«Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,- деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.

Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері», «феномен - феникс» атағымен қалды.

«Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және  елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.   

ІV. «Аттандыру» өлеңі (электронды оқулықтан оқыту).

-  Өлең кімге арналған?

-  Ұлы Алғадайға арналған.

-  Өлең не туралы?

- Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.

Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.

3. Түсіндірме күнделігі (оқушылар өздері толтырады).

Өлеңдегі сөз

          Оқушы түсінігі

Арлы

 ар сақтағыш, ұяты бар

Абырой

ар, ұят

атақ, дәреже, бедел

Ағат

 жаңсақ, жаңылыс, теріс

Аңғарлы

 әріден ойлап білетін, толғамды

 

4. Әдебиет теориясы.

Бата да, қоштасу да – халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.

Бата - өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге

бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру). Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда  қоштасу, т.б.

5. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

6. Өлеңді талдау. Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған.

IV.Шығармашылық жұмыс

Тақырып: «Жамбыл ата»
Керекті сөздер: әлемге, бата, асқақтата, Жамбыл ата.
Жүз жасаған ...
Сүйінбайдан алдың ...
Қалықтаттың кең ...
Қазағымның, даңқын.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

«Ер –ел үшін туады» бейнекөрінісін  тыңдату (электронды оқулық).

 «Топтастыру» стратегиясы (Алғадайдың бойындағы қасиеттер)

Ұлы Отан соғысындағы Алғадай сияқты ерлердің ерлік істерін әңгімелей отырып,   ҚР Конституциясының 36-бабы және тәуелсіздіктің 20 жылдығымен байланыстыру.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру»  өленің  жаттау.

« Біз соғысты көрген жоқпыз!» тақырыбына шағын шығарма жаз.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері

Жалпы мақсат:

Оқушыларға Жамбыл өлеңдерінің мәнін ашып меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру. Теориялық ұғымдарды меңгерту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету

Сабақта қолданылатын материалдар:

Ақын суреті, «Парасат» журналының материалы

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтады.

Орындарында отырып ән айтады. Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Электронды оқулықтағы Ж.Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» өлеңін тыңдату

ЕPicture 77 ркін жауап

1.Осы үзіндіден нені байқадыңдар? Жырдың тақырыбын түсіндіңдер ме?

2.Баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады.

3.Халық поэзиясының шағын түрлерін ата.

4.Жақтау дегеніміз не?

5. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен «Атаның әлдиі» өлендерінің өзектестігі неде?

Бес жолды өлең

Немересі Оразхан Тезекбаевтың айтқан дерегімен таныстыру

Жамбыл үлкен баласы Алғадайды өзгелерден айрықша жақсы көрген.Алғадай ақылды адамгершілігі мол көрікті кісі болса керек.Балалары ішінде тек соған қана сенеді екен.Қайтыс болғанда қатты қиналғаныда содан ғой.Әкем Тезекбай да Алғадай дегенде жаны бөлек еді.Үнемі аузына тастамайтын. «Тәтем маған сенбей ақшаны Алғадайға санататын» деп отырушы еді.Қуанышқада ешқашан қатты сөз айтқан емес.Жасында ол тентектікті көп жасады ғой.Сонда әкем ұдайы бізге ұрысатын.

Немересі Қуаныш Алғадаевтың үзіндісін оқу.

Әкем Алғадай  соғысқа аттанғанда мен іште қалған баламын.Үкімет басшылары  атама әкемнің қазасын естірткенде енді тәй-тәй басып жүрген екі жарым жаста екенмін. Осы бір төтеннен келген хабар атама аса ауыр тиіп, бас көтере алмай қалған. Сонда бір қамкөңіл сәтінде:

Ей Қуаныш, Қуаныш,

Сені етейін жұбаныш,

Алғадайым өлгелі

Боп кетіп ем жылағыш,-

Деп мені алданыш етіп отырады екен. Әкемнен жастай қалсам да жетімдік көргенім жоқ. Тезекбай көкем бауырына басты. Тәрбесін алдым, өнегесін көрдім.

«Алғадай туралы әрбәр ой» өлеңінің құрылысына талдау

Түнеу күнгі кеткеннен,  а

Ғали жаңа келдің бе? б

Алғадайым мүрдесін а

Жол-жөнекей көрдің бе?

Сұрай арнау түрінде жазылған. Бұл өлең 7 буынды, 8 шумақты, әр тармағы 2 бунақты, 4 жолды, 6 кезектес ұйқасқа құрылған өлең.

Үш жақты күнделік немесе ВЕНН диаграммасы

Махамбет ақынның жоқтау белгісі кездесетін қандай өлеңі бар?

Махамбеттің «Тарланым» деген досы Исатайды жоқтаған өлеңі бар.

IV.Шығармашылық жұмыс

Ж

Дара жүйрік

амбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді. Жастайынан ән мен өнерге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан, өлең шығарады

Суырып салма


Shape17 Shape15 Shape16

Shape18

Жамбыл



өнерлі


Айтыс ақын

Shape20 Shape19

Shape21

Ауыз әдебиетін жалғастырушы




Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Жамбылдың ұстазы кім?

Қандай дастанын білесіңдер?

V.Қорытындылау

Тестік сауалдар
1. Ж. Жабаев қай жылы туды?
А) 1839ж.
Ә) 1843ж.
Б) 1846ж.
В) 1849ж.
2. Жамбылдың әкесінің аты?
А) Ыстыбай
Ә) Жабай (Жапа)
Б) Сүіндік
В) Көкім
3. Жамбылдың шешесінің аты?
А) Ұлдан
Ә) Құртқа
Б) Ләсиман
В) Сара
4. Жамбылдың шыққан жері?
А) Арғын - Ақжол
Ә) Албан - Айт
Б) Шапрашты - Екей
В) Найман
5. Ақынның ең алғашқы жері?
А) Шағым
Ә) Көкімге
Б) Өсиет
6. Жамбылдың өзіне пір тұтқан ұстазы
А) Кенен
Ә) Ыбырай
Б) Сүйінбай
В) Шоқан
7. Құламбет пен Жамбыл қай жылы айтысты?
А) 1880ж.
Ә) 1886ж.
Б) 1897ж.
В) 1899ж.
8. Жамбылдың шәкірті
А) Нұрила
Ә) Кенен
Б) Айкүміс
В) Сара
9. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлы
А) Тезекбай
Ә) Қанан
Б) Тәйті
В) Алғадай
10. Жамбыл Мемлекеттік сыйлығын қай жылы алады?
А) 1899ж.
Ә) 1909ж.
Б) 1932ж.
В) 1941ж.





Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» өлеңдерін жаттау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Атаның әлдиі» өлеңі

Жалпы мақсат:

1. Ақын өлеңдерінің өзіндік табиғатына, өзгешелігіне көңіл бөлу; өлеңдегі түйінді ойды аңғарту, Жамбыл туралы білгендерін кеңейту, бекіту.
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
3. Өз елін, Отанын, туған жерін сүюге, құрметтеуге баулу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

- Өлең бойынша өз көзқарасын қалыптастырады;
- Өлеңдегі Алғадай бейнесіне орай жақсы мінез - құлық, іс - әрекеттерін талдау арқылы өзінше ой қорытады.
- Жаңа ұғымды өзі іздеп табады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Топтастыру, инсерт, бес жолды өлең стратегиялары

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Мәлімет жинау.
Жамбыл жайлы тағы не білдім?
«Топтастыру»

Shape22

ІІІ. Жаңа тақырып

Жамбыл өз қолымен майданға аттандырған «Аттандыру» өлеңінің кейіпкері кім?
Алғадай және одан тараған ұрпақ Қуаныш туралы өлеңдерімен танысамыз.
Оқушылар, сіздердің ойларыңызға қосымша түсінік бере кетейін. Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарағы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті - деген екен. Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.
- Өлеңдерді оқып шығу.
Инсерт әдісі бойынша өлең жолдарындағы түсініксіз сөздерді түртіп отырады.
Сөздікпен жұмыс.
Мүрде - өлген адамның денесі, өлік.
Көзел - көпті көрген, сұңғыла
Саулақ – елден ерен
Жабы - қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түрі
Кәріп - соқыр, мүгедек.
Өлең құрылысына талдау жасау.
Өлеңдер топтамасын екі топқа бөліп беремін.
3 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буын
2 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 - 8 буын

IV.Шығармашылық жұмыс

Сонымен, ұлы ақынды қатты қайғыға салған фашистік немістердің бейбіт елдің берекесін алған соғысы еді.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Зат есім. Соғыс
Сын есім.
Етістік.
Сөйлем.
Синоним.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Сұрақтарға жауап жаз.

    «Атаның әлдиі» өлеңі кімге арналған деп ойласыңдар?----------------------------------------------------------------------------

    «Алғадай туралы әрбір ой» мен «Атаның әлдиі» өлеңінің арасындағы сабақтастық  неде?--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Жамбыл Жабаевтың тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Атаның әлдиі» өлеңін жаттау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

М.Жұмабаев. «Сүйемін»

Жалпы мақсат:

М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін
мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

М. Жұмабаевтың өмір мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Сүйемін» өлеңінің мазмұнын, идеясын меңгерту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

М. Жұмабаевтың портреті, шығармалары, электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? – деген Мағжан.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

А) Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.

Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызадыв. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.
Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т.б.
Поэмалары: “Қойлыбайдың қобызы”, “Батыр Баян”, “Қорқыт”, «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»
Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»
Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»
Педагогикалық еңбектері: “Педагогика”кітабы, “Сауатты бол” оқулығы
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)
Ә) Топтастыру

Б) Электронды оқулықтан Мағжан Жұмбаев жайлы тыңдату.
В) Өлеңін мәнерлеп оқу. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту
Әр оқушы бір шумағын оқып түсіндіріп кетеді.
Г) (Анасының, жарының, туған жерін (Сарыарқаны) слайд арқылы көрсету)
Ғ) Сөздік жұмысы
Тасбиық Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері
Алаш Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы
Кебін Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім
Жұмақ О дүниедегі жайлы жер

Д) Өлең құрылысына талдау
Күлдей күңгірт // шашы бар,
Тоқсан бесте // жасы бар,
Көз дегенің – //сұп-сұр көр.
Тасбиық санап // бүгіліп,
Жерге қарап // үңіліп,
Көрше ауыр // күрсінер.
7 -8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас
Шумақ-шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді

Тармақ. Шумақтағы әрбір жол, қатар (Тармақ – өлеңнің әр жолы)

• Бунақ. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі
• Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
• Ұйқас- өлең-жырлрда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың
буындарымен үйлесуі.
• Ұйқас түрлері: Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс
ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Е) Дәптермен жұмыс:
Теңеу деген не?
-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.
Метафора деген не?
-Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.
Метафора: қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Эпитет деген не?
-Эпитет (айқындау) –заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету
Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы

“Сүйемін” атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:

Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! –

деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.

Аудармасы:
Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап м. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады.Әуезхан Қодар-мәдениеттанушы, ақын-аудармашы, «тамыр» журналының бас редакторы.
«Махаббат» сөзін топтастыру.
Жанұя махаббаты Достарын сыйлау Ұстазға деген махаббат
Еліне махаббат Туған жеріне махаббат
Екі жастың махаббаты Анасына деген маххаббат
І топ ІІ топ ІІІ топ
Ата-ана Жар Туған ел, жер
Жанұя-шағын мемлекет
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса, айттың-тойың не керек. Жақсы әйел жолдасың,, жоқтан құрап тойғызар. Туған жердің жуасы да тәтті Туған жердей жер болмас.
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы Неліктен ол маған әсер етті?

IV.Шығармашылық жұмыс

1.Кестені толтыр.

Ақын құптайтын әрекеттер:

Ақын құптаймайтын әрекеттер:

 

 

 

 

 

 



V.Қорытындылау

«Жаттап ала қояйық» ойыны
І топ
Күлдей—————- шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің ——————көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
———— ауыр күрсінер.

ІІ топ.
Көзінде көк ——————-жоқ,
Аузында —————жыры жоқ,
Жалынсыз, ——- құшағы,
Иілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай.
Білгені———— ошағы

ІІІ топ.
Сағымы ————–құрады,
Бораны ————– тұрады,
Қыс-ақ кебін, жаз-сары.
Орманы жоқ,———- жоқ,
Тауы да жоқ, ———жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы.

Тақырыбы Сүйемін
Идеясы Туған-туысын елін, жерін жақсы көру
Шумақ саны 4
Әр шумақтағы жол саны 9
Тәрбие негізі Туған жерін құрметтеу
Қорытынды Туған жердің мәртебесін көтеремін
Сабақты бекіту
1. М.Жұмабаевтың өлеңі.
2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?
3. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?
4. Ақын білім алған қала.
5. М.Жұмабаевтың поэмасын тап.
6. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы.
7. Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?
8.Ақынның өлі сахара дегені қай жер?
9. Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
10. Ақынның қандай сезімін байқауға болады?
11. Ақын туған жер қай жер?
12. Табиғаты қандай?
13.Ақынның өмірі жайлы не білесіңдер?

Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.
Мағжан Жұмабаев өзінін «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.

Шығармашылықпен жұмыс.
І топ. « Мағжан атаға» хат жазады
ІІ топ. «Тәуелсіз ел» өлең шығару.

Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
—————————жүрегімді,
—————————————,
————————— берерімді.

ІІІ топ. Ана жайлы, туған жер ,ел жайлы жазған ұлы тұлғалардың өлеңдерін оқу
6. Сабақты қорытындылау.

Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.
Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.
Ғылым қажет даласына қазақтың,
Елім үшін білім алып гүлдейік.
Мұғалім сөзі:
Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Сүйемін» атты өлеңін хаттап келу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »















































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Толқын»  өлеңдері.

Жалпы мақсат:

Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу.

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау, идеялық – көркемдік мазмұны ашу,әдеби теориялық ұғымдарын кеңейту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

М.Жұмабаевтың лирик ақын екеніне көз жеткізіп, «Толқын» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, құрылысы мен тәрбиелік мәнін талдай білу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Шығармалар жинағы,   портреті, үлестірмелі қағаздар,

маркер,плакат, толқынның шуылы музыка,  т.б

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Қаражорға» биі

Оқушылар би билейді. Сурет қиындылары арқылы топтарға бөлінеді

ІІ. Қызығушылықты ояту


Мағжан Жұмабаев       

 (1893-1938) 

1.Ақын                                             

2. Зерттеуші             3. Аудармашы

өлеңдері              

поэмасы

 

 

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»

«Ақбозат»

«Большевик баласы»

ІІІ. Жаңа тақырып

Кіріспе. Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, ақиық ақындарды, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, шешендерді дүниеге әкелді. Мағжан десек артында қалған «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Түркістан», «Көкшетау», «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?» сияқты шығармалары еске оралады.

Сөзжұмбақ.  «Толқын»

  1. «Сүйемін» өлеңі қандай лирикаға жатады?

  2. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы?

  3. Ақын  білім алған  қала?

  4. М.Жұмабаев кім?

  5. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?

  6. М.Жұмабаевтың поэмасы?

Өлеңді мәнерлеп оқу. ( үнтаспадан оқу, музыка)
Жалпы сыныпқа бейімдеу.
1.кезең.Білімділік.

 

Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Өлеңді  жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Өлең құрылысына талдау жаса

1.Тақырыбы _____________________________

2.Авторы_________________________________

3.Идеясы ________________________________

4.Кейіпкерлері____________________________

5.Жанр түрі ______________________________

6.Шумақ _________________________________

7.Тармақ _________________________________

8.Буын саны ______________________________

9.Бунақ саны ______________________________

10.Ұйқас түрлері ___________________________

Әдеби-теориялық ұғымдар

1.Пейжаз ___________________________________

2.Кейіптеу __________________________________

3.Лирика ___________________________________

4.Қайталау __________________________________

5.Анафора ___________________________________

11.Эпифора___________________________________

3.Мағынаны бекіту,қорыту

А) Алғашқы  жасаған «Топтастыруға» қайта оралып, толықтыру енгізу.Ортақ шешімдерін жария ету.

Ә) «Синквейн» әдісі   5 жолды өлең шығару.

1.Зат есім        _______

2.Сын есім  __________    ____________

3.Етістік     __________     ____________    ______________

4. 4 сөзден құралған сөйлем __________   ___________   ___________   ___________

5. Синоним    ______________


В) Толқынның көрінісіне  сурет  салу.

«Толқын»

4 шумақты, 6 тармақты, 7,8 буынды, 2 бунақты, аралас ұйқас


Тол/қын/нан // тол/қын  туа/ды, //                             а, 7 буынды,

Тол/қын/ды //  тол/қын  қуа/ды, //                             а, 7 буынды

Тол/қын/мен  тол/қын  жа/ры/сад.       б, 8 буынды

Кү/ңі/ре/ні/сіп  ке/ңес/пен,                                           в, 8 буынды

Біт/пей/тін бір е/гес/пен                                               в, 7 буынды

Жа/ры/сып жар/ға ба/ры/сад.               б, 8 буынды


Толқын мен толқын сырласып,

Сырларын еппен  ұрласып,

Толқынға толқын еркелеп,

Меруерт көбікке оранып,

Жыландай жүзге бұралып,

Жарға жетер ентелеп.

Ерке бала былдырлап,

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Толқынды толқын қуады.

Күміс кәусар суымен,

Суының алтын буымен

Жарының бетін жуады.

Мөлдіретіп көз жасын,

Жасымен жуып жартасын,

Сүйіп сылқ-сылқ күледі.

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Бірінің сырын бірі ұрлап,

Толқынды толқын қуады.

Жарына бал береді,

Береді де өледі,

Өледі толқын, тынады.

Мағжан Жұмабаев

V.Қорытындылау

  1. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

  2. Қай оқушының шығармашылық жұмысы ұнады?

  3. Бүгінгі егеменді елдің ұландары қандай болу керек?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу, “Мағжандай болу арманым” атты шығарма жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

С.Сейфуллин «Сыр сандық»

Жалпы мақсат:

Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын ашу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

1. Топтық жұмыстарға бейімделеді;

2. Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға дайындалады;

3. Бұрынғы біліміне  сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтадағы слайдтар, ақын өлеңдерінің жинағы, суреттер, ватман, маркер.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жүректерге құятыны – ғажап тіл,

Өмір сырын ұқтырады сабақ бұл.

Еркін елдің сенім артар ертеңі – 

Сәлем бердік, ғажап қыздар, азат ұл!...

       Бүгінгі сабағымызда сіздерден зор талап, биік намыс, терең зерделілікті күтемін.Барлығыңызға сәттілік тілеймін!  


Берілген гүлдер арқылы топтарға бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Ой қозғау "Сакен кім?" 

Сәкенді кім деп айтуға болады екен?

Сәкен –ақын. Сәкен — жазушы. Сәкен –революционер. Сәкен- драматург Сәкен- лирик. Сәкен — қоғам қайраткері, Сәкен- ел қамын ойлаған адам. Сәкен –жазықсыз жаланың құрбаны.

         

  Өзіндік іздену - зерттеу жұмысы.   4-топ «Зерттеушілер» тобының дайындаған  жоба жұмысы қорғалады.

“Сәкен – тұғыры биік тұлға” тақырыбында.

                “Сыр сандық”  - Сәкеннің көңіл – күй лирикаларының ішінде адамға адамның достығы мен ар тазалығының нәзік сырларын шерткен қазақ поэзиясының шоқтығы биік шығармасы. 

      Ақын "Сыр сандық" өлеңін досына хат түрінде жазған. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл өлеңнің ішкі ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған. 

Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.

      Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытьш, жаңа мұмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды.       

     Сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық»

Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық.

«Сыр» деген не?

«Сандық» деген не?     «Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр?

Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен.

Символ (рәміз) – әдебиетте ойды астарлап суреттейтін ерекше балама бейне. 

“Сыр сандық шашуы”

Әр адамның ішкі сыры – 

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың сыр түкпірін

Достың досы – ақ ақтарған 

       Лирикалық кейіпкер – өлеңдегі ішкі сезімін, көңіл – күйін білдіретін ақынның өз бейнесі, жиынтық образы.  Лирикалық өлеңдегі кейіпкер – ақынның өзі. 

Лирикалық кейіпкер – жаны таза адам. 

Досыңмын деп ант береді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос, санама. 

******************** 

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара, жырласын!

      Сыр сандықтың кілтін ашатын, адал жанның сырын ұғатын досты іздейді. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам – дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауып ашып, көңілдің күй пернесін басады. Айтқанынан қайтпас табанды, сырға, серті берік шын достар ғана.   “Қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар ” қарсы қойылған. 

Дос – адалдық, әдептілік, шыншылдық, сенімділік.

Бұл қасиеттерді бойына жинақтаған адам кім? 

(Адамгершілігі мол).

IV.Шығармашылық жұмыс

           1 - топ 

Өлеңнің тақырыбы:  

Өлеңнің негізгі идеясы: 

      2 - топ 

Дос,  достыққа байланысты мақал – мәтелдер жазу.

      3  - топ 

“Сыр сандық” өлеңіне сатылай кешенді талдау 

      4 – топ

Бес жолды өлең

V.Қорытындылау

«Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма. Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.

Сұрақ-жауап стратегиясы

1.    Достық деген не?

2. Жақсы досты қалай табамыз?

3. Нағыз достықты жасауға бола ма?

4. Дос қатесін кешіруге, түзеуге бола ма? 

       Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – опасыз суайттарда, екі жүзді көлгірлерде, «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке- доссымақтарда»». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің адамзат алдындағы борышымыз. 

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Ақынға ашық хат

“Ардағы ауылымның – Сәкен аға” ойтолғау жазу 

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Бандыны қуған Хамит» .

Жалпы мақсат:

Оқушыларға қазақ халқының ас көрнекті ақыны

С.Сейфуллиннің шығармашылығымен таныстыра отырып, «Бандыны қуған Хамит»әңгімесінің мазмұны мен маңызын ашу, ой-өрісін дамыту


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Picture 84

Picture 83

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

М: - Балалар, біз бүгінде қалың орман, құзды шатқалға жарасқан, тіп-тік шыңдай, тәні де, жаны да сұлу, кеудесі тұнған сырлы сандықтай Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын тереңірек оқи түсеміз. Алдымен мына әуенге құлақ салып тыңдайық. (үнтаспадан С.Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңін Д.Таңатаровтың орындауында тыңдау)

М: -Әңгіме ұнады ма, балалар? Бұл С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит » шығармасы. Бүгінгі сабақ тақырыбын жазып қойыңыздар.

С.Сейфуллин 1918-1919 жылдары Колчак түрмесінде, Анненковтың азап вагонында, Омбының тұтқындар лагерінде азап шегеді. Міне, сол шетте жүргенде 1919 жылы «Біздің жақта» өлеңін жазды.

ІV. Әңгімені түсініп оқу (ІІІ топқа)

V.Әңгіменің әр бөлімін топтарға талдату, түсіндіру

VІ. «5 минут» (шығармашылық жұмыс)

І топ. Өлеңдегі табиғатты сурет арқылы бейнелеу.

ІІ топ. Палуан, аңшы-мерген, әнші-сері, жау жүрек, батыр қазақтың жігіттері туралы жазу.

ІІІ топ. Сұлулық туралы өлең шумағын шығару.

IV.Шығармашылық жұмыс

VІІ. Шығарма құрылысына талдау



VІІІ. «БББ» стратегиясы


ІХ. Бекіту. С.Сейфуллин туралы пікірлер арқылы қорытындылау.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

V.Қорытындылау

VI. Үйге тапсырмасын беру

1.Әңгімені толық оқу.

2. «Туған жер тарихы» тақырыбына ой-толғау жазу 

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »















Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

І. Жансүгіров. «Әнші» өлеңі

Жалпы мақсат:

І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, Әсет Найманбаевтың өмір жолын, шығармашылығын таныстыру. 

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау, «Әнші» өлеңімен таныстыру, шығарманы талдата отырып, түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету

Сабақта қолданылатын материалдар:

СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау - жинақтау, топтастыру, баяндау, тест
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кітап көрмесі, бағалау парағы

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ОPicture 84 қушылар назарына «Өнер саңлақтары»

Picture 83

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

1. «Ой қозғау» стратегиясы. Топтарға алдын - ала берілген тапсырмалар бойынша жұмыс.
1 - топ «Құлагер»
І. Жансүгіров туралы не білесіңдер?
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша 
Ілияс өмірі, қызметі туралы шолу жасайды.
1894ж
1905 - 1911ж. ж 1938ж
1916ж
1920ж
1925ж 1928ж 1934 - 1936ж
1) 1894 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауылында дүниеге келген
2) 1905 - 1911 жылдары алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.
3) 1916 ж. «Әншіге» өлеңін жазады
4) 1920 ж. Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.
5) 1925 ж. Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6) 1928 ж. Елге келіп, «Еңбекші қазақ» ( қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7) 1934 - 1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
8) 1938 жылы Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.
2 - топ «Күйші»
І. Жансүгіровтің балаларға арналған қандай шығармаларын оқыдыңдар, білесіңдер? («Шәркей», «Бұлт» «Сабын», «Жазғытұрым», «Анам тілі», «Жас бұлбұлдарға» т. б.)
Кітап көрмесі арқылы І. Жансүгіровтің басқа да шығармаларына шолу жасайды.
2. «Топтастыру» стратегиясы
Ілияс кім?
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Әнші» өлеңі (жаңа сабақ)
3.«Түсіну» стратегиясы
А) Екі топ мәтінді өз бетімен оқиды.
- Өлең кім туралы? (оқушылардың жауаптары)
Б) Мұғалім оқушылардың айтқанын қорытындылап, Әсет Найманбаев туралы білімдерін толықтырады.
Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші - композиторы, суырып салма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысында қарайтын 8 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Қоңырат ауданы «Қызыларай» ауылы) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің Атамекені болған.
В) Әсет Найманбаев туралы не білдік? Ол кім?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
1) Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқыту.
2) Сөздік жұмысы
Желқабыз сын. - 1. Әуесқой
2. Жеңілтек мінезді, ұшқалақ
Делебе: делебесін қоздырып етістік - желіктіріп, қызықтырып
4. «Талдау» стратегиясы. Шығарманы композициялық құрылысын сызба бойынша сатылай талдау
Шығарманың тақырыбы
Шығарманың авторы
Жанр түрі
Кейіпкерлері
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның шиеленісуі
Шығарманың шарықтау шегі
Шығарманың аяқталуы
Шығарманың идеясы
Шешімі
5.«Еркін жауап» стратегиясы
1. Өлеңді талдау:
- Өлең кімнің атынан жырланады?
- Ән мен оның мәтіні қандай бірлікте болу керектігі туралы айтылады?
- Әсет салған әннің нақыш өрнектері қалай сипатталады?
- Өлеңде қандай қазақ жерінің атаулары беріледі және еліктен?
- Қандай көрші мемлекеттер туралы айтады?
- Әншіге, ақынның өзіне қояр талабы қандай?
- Өлеңді ой жүйесіне қарай неше бөлікке бөлуге болады?
- Әр бөлікке қандай ат қояр едіңдер?
2. Өлең құрылысына талдау жасау.
• Ар - ғын - мын, а - тым Ә - сет, а - рын - да - ған, - 11 - а
• А - рын - дап ән са - ла ма да - ры - ма - ған, - 11 - а
• Ас - пан - ның а - я - сында ән шал - қыт - қан,
• Бұл - бұл - мын дау - сы көк - те да - мыл - даған - 11 - а
Өлең 11 бунақты, шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.
3. Мәтінді талдау:
Мәтін Өз пікірім
Тауықпын, тары тердім Найман шалдан
Найман елі айы туған маңдайшадан
Ойда – орыс, өрде қытай қоныстасым,
Ауылым бар Ауғанға да теуіп барған.
Ән салсаң, өзімдей сал, аңыратып...
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп...
2) Өлеңде қолданылған бейнелі сөздерді табыңдар
Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қоңыр қаздай мамырлатып,
Сулы інгендей күңірентіп,
Нөсердей жауындатып,
Қазандай дауылдатып,
Қамыстай сауылдатып
Теңеу сөздер арқылы әнші өзінің халқының еркесіне айналғанын мақтанышпен сездіреді
Эпитет (айқындау)– заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын белгісін білдіретін сөздер ( ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер, сар дала т. б.)
Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін, оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау
Бұлбұлмын
Тұлпармын
Жорғамын Майдамын Тауықпын
құм - қыстау, өлке - көктеу, өзен - күзеу, жайлауым – жалпақ дала, сөз - жаңбыр, даусым - дауыл, әнім – ескек

IV.Шығармашылық жұмыс

V.Қорытындылау

1. Қазақтың қандай халық композиторларын білесіңдер?
Өз халқының еркесіне, мақтанышына айналған Әсет дәуірінде өмір сүрген әнші ақындарды топтастыру.
Ақан сері
Үкілі Ыбырай Біржан сал
Жаяу Мұса Әміре Қашаубаев
Альтернативті тест
• 1. І. Жансүгіров біздің жерлесіміз бе?
А) иә Ә) жоқ
• 2. Ол балаларға арнап шығармалар жазған ба?
А) иә Ә) жоқ
• 3. “Әнші” өлеңі сіздерге ұнады ма?
А) иә Ә) жоқ
• 4. Әсет - халық композиторы ма?
А) иә Ә) жоқ
• 5. Ілиястың шығармаларын оқимыз ба?
А) иә Ә) жоқ
• 6. Өзіміз де өлең шығара аламыз ба?
А) иә Ә) жоқ
• 7. Өнер, өнерлі адам жайлы бір шумақ өлең жазу
Ү. Ой қорыту. Insert стратегиясы бойынша жұмыс.
Білемін Не білдім? Білгім келеді


VI. Үйге тапсырмасын беру

“Әнші” өлеңін оқу, талдау, ұнаған шумағын жаттау. «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »















































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

І.Жансүгіров. «Ағынды менің Ақсуым»

Жалпы мақсат:

а) Оқушыларға өленді мәнерлеп оқу, өздеріне оқыту, мазмұның түсіңдіру, білім дәрежесін арттыру; 
ә) Өлең қүрлысына талдатып, әдебиет теориясы бойынша жүргізіп, ой-өрісін, қызығушылығын ояту,тіл байлығын дамытыу; 
б) Туған жерің сүюге, табиғатты аялауға, эстетикалық талғам мен сезімге баулу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Автор туралы түсінік қалыптасады. Өлеңнің мазмұнын түсінеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Оқушылар назарына «Туған жер табиғаты» видеоролигін ұсынады.

Picture 84

Picture 83

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

ІІІ. Жаңа тақырып

Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы таныстырылым тамашалау.

Ақын Тірек сөздер слайд арқылы көрсетіледі.Өзен.Ай.Қайың.Сұлу (тірек

сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрастыру)

2) Жаңа тақырып тақтаға жазылады.

3) Ақсу туралы слайдтар көрсетіледі.

(Ақсу өзеңі, шатқалы, Ақсу-Жабығылы қорығы жайлы түсіндіру мағлұмат беру)

4) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.



Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

«Туған жер» тақырыбына мақал-мәтелдер айтып, мәнін ашу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

«Ағынды менің Ақсуым» атты өлеңін тыңдаңыздар:

Ағынды менің Ақсуым

Ақырап әлі ағасың,

Ақиланған ашумен,

Ақтарды асқар сабасын.

Тас тарпуын, шапшуын

Қарасаң қайран қаласың,

Жалғыз бір кеште,

Жағаладым жағасын.

Тұнжыраған торғын түн

Төндім сұлу суына.

Таңырқап тау-тас тамсанып,

Жымиды жұлдыз мұңыма.

Сүмиген сүңгі сұрша тал,

Шомылды таудың суына.

Таймаңдаған тайпақ ай,

Желегі ме, туы ма?

Шүйке шарбы бұлтты

Қалақай қалды қылмия.

Аспанды, ай алтын құшағы,

Қусыра қайың құшады.

Қарамай қайың қалайша?

Қаужиған құшсын бұтаны.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Туған жер», «Табиғат» тақырыптарына эссе жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Бөбек бөлеу» өлеңдері.

Жалпы мақсат:

І. Жансүгіровтың ана мен бала тақырыбына арналған шығармасын оқушыларға таныту, ақын дара тұлғасы туралы білетіндерін жаңғырту, өлең құрылысы мен ұйқасына назар аударту, талдау.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

І. Жансүгіровтің ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу

Сабақта қолданылатын материалдар:

Шығармалар жинағы, портреті т.б


Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушылар барлығы бірге шаттық шеңберінде тұрады. Қол ұстасып бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Топтарға бөлінеді. Төмендегі суреттердің көмегімен.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

І.Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» өлеңі халық арасында көп жырланатын бесік жырларының бірі. Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, оның тақырыбы мен идеясын ашу. Әрбір ана сәбиін ертерек есейіп ,үлкен азамат болуын тілейді.

Кітаппен жұмыс: оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

Өзіндік жұмыс: Өздерің « Бесік жырын» құрастырып (шығарып) көріңдер.

Венн диаграммасы: «Бөбек бөлеу» өлеңін Жамбылдың «Атаның әлдиі» өлеңімен салыстырыңдар

І.Жансүгіров «Бөбек бөлеу» Ж.Жабаев «Атаның әлдиі»

айырмашылығы

ұқсастығы

айырмашылығы






IV.Шығармашылық жұмыс

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген

сұрақтарына жауап беремін.

1. Сәбиін бесікке бөлеген ана баласының қандай болып өсуін тілейді?

2. Халық арасында көп жырланатын бесік жырларының тағы қандай түрлерін білесіңдер?

3.Олар қандай сөздерден басталып,қайталанып отырады?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Суретті пайдаланып жоба жасау

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Жансүгіровтің «Бөбек бөлеу» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »







Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

М.Әуезов.  «Көксерек» әңгімесі (үзінді)

Жалпы мақсат:

Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әңгіме мазмұнын меңгерту, ондағы тағылары мен адамдар іс - әрекетін түсіндіру. Көксеректің түз тағысы екендігін дәлелдеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

«Көксерек»- фильмінен үзінді, Венн диаграммасы, суреттер, слайдтар, музыка.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Оқушылар назарына «Табиғат тылсымдары» видеоролигін ұсынады.

Picture 84

Picture 83

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

ІІІ. Жаңа тақырып

М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
а) Слайдтан деректер: Мұхтар Әуезов (1897 - 1961)
Туған жылы – 1897
Туған жері – Семей облысы, Абай ауданы.
Таңдаулы әңгімесі – «Көксерек» - 1929ж.
Мазмұны: Қасқыр – Табиғат – Адам.
ә) «Көксерек»- фильмінен үзінді көру.
Алдымен фильмге байланысты анықтама береміз.
Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.
Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.
Режиссері: Толоуш Океев. Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.
б) Сұрақтар: фильм бойынша топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.
Қасқырлар мен адамдардың ұқсастық неде?
Көксеректің ызалану себебі неде?
Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
Нәтиже: Осы сұрақтарға жауап ала отырып, әңгіменің негізін, яғни әңгімедегі өзекті ойды анықтау. Мәтінді сұрақ - жауап арқылы түсіндіру.
в) Кітаппен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу

IV.Шығармашылық жұмыс

г) Дәптерге жұмыс: Әр топқа жазба жұмыстар.
І - топ. Табиғат. «Көксеректің өлімі».
ІІ - топ. Адам. «Құрмаштың қайғылы тағдыры».
ІІІ - топ. Қасқыр. «Көксерек – көкжал қасқыр».



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

1. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім?
А) Ғ. Мүсірепов
Ә) М.Әуезов
Б) С. Мұқанов 
2. Қасқырдың баласын қалай атайды?
А) күшік
Ә) қонжық 
Б) бөлтірік
3. Әңгіменің басты кейіпкері кім?
А) Бөлтірік
Ә) Құрмаш
Б) Жұмаш

Жұмбақтар
1. Күш десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды
Түнде жортар ісі бар.
Ол не? (Қасқыр)
2. Қасқырды қанша асырасаң 
Орманға қарап ұлиды. 
3. Қасқырды сұрлығы үшін емес,
Ұрлығы шін ұрамыз. 
4. Қасқырдың ауызы жесе де қан,
жемесе де қан.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Көксерек» (Менің әңгімеден алған әсерім - ой толғау жазу).

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

















































Сабақтың тақырыбы:

Көксерек әңгімесінің тақырыбы жаз. ой-түйіні

Мақсаты:

Адамдар мен көк бөрінің іс — әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе — теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін тану.

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.

Түйінді идеясы:

Хайуанатқа жасаған қиянатың,

Адамзатқа жасаған опасыздық

                                                 Қадыр Мырзалиев

Әдіс-тәсілдер:

Топқа бөлу, топтастыру, КУБИЗМ, «Дөңгелек үстел»стратегиясы, «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі, сергіту сәті, постер қорғау

Уақыты

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

5минут

«Адамдар» және «Қасқырлар» кеспе қағаздары

Видео-ролик

Ұйымдастыру. Оқушылар, біз сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М. Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше, қазір бар ынта — ықыласымыз бен назарымызды тақтаға аударсақ.

Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі) 1 минут
Осы фильм мен шығарма арасында қандай байланыс бар?
Міне, осындай өнер туындыларының бізге айтар ойы, көтерген мәселесі қандай? Біз не ұқтық?
Осы сауалдарға жауап іздеу, ой қозғау – яғни шығармадағы түйінді ой, негізгі проблеманы анықтап, кейіпкерлер әлемін болжау, топ болып бірлесіп талдау жасау – бүгінгі сабағымыздың мақсаты деп білеміз.
Әуезовтен бізге жетті көп дерек,
Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.
Шуылдасып ауылдың бар иттері
Жабылыпты Көксерекке көп төбет
— Олай болса, біз өткен шығарманың оқиғалық желісі кімдердің арасында өрбиді, кейіпкерлері кімдер?
— Әрине, Көксерек пен оның иесі және адамдар іс — әрекетіне байланысты дамиды. Олай болса, біз қазір «Адамдар» және «Қасқырлар» тобы болып екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
«Адамдар» және «Қасқырлар»  Топқа бөлу

www.jospar.kz күнделікті сабақ жоспарын сатып алуға ең сенімді сайт.

«Көксерек» фильмінен үзінді көрседі. Шығарма мен көркем фильм арасындағы байланыс туралы ойларын ортаға салады.

Оқушылар кеспе қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

20минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

КУБИЗМ

КУБИЗМ әдісі бойынша 6 тапсырмасын екі топқа бөлемін. Кеспе қағазды таңдау арқылы өз тапсырмаларын алады.

СУРЕТТЕ – Көксеректің портретін суреттеңіз
САЛЫСТЫР – Көксерек пен Аққасқаны салыстыр
ЗЕРТТЕ – Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
ҚОЛДАН –Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады? Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
ДӘЛЕЛДЕ –Құрмаштың өліміне кім кінәлі?  
ТАЛДА – Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес оқушылардың жауабы. Жазған мәліметтерін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және постерге дайындық. Жасаған жұмыстары бойынша постер, бағалау.

 

3минут

Қызыл өрік

Сергіту сәті

Билейді, бойларын сергітеді.

7минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

«Дөңгелек үстел» стратегиясы

1.Қасқыр туралы не білеміз?

 Қасқырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

 

Берілген сұрақтарға жауап береді. Әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да, келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі тағы да сол қағазға өз пікірін, өз ойын жазып, қасындағы көршісіне береді, сөйтіп, әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады; әр қатысушының өз ойын жазатын өзіне ғана тән қаламының түсі болуы керек.

7минут 

А3, А4 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

-          Әңгіме қалай аяқталды?

-          Қалай ойлайсыздар, Құрмаштың әжесінің қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп болды?

-          Жазушы неге үндейді?

«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі

-          Құрмаштың әжесінің қарғысымен

-          Бұл әже қарғысы — ...

Оқушылар жауап береді.

Шығармада көтерілген мәселені өлең жолдарымен, нақыл сөздермен, көркем тілмен түйіндейді.

Бағалау

Топ бір-бірін көңіл-күйді білдіретін смайликтермен бағалау

Мұғалім ынталандыру мақсатында түрлі-түсті стикерлермен бағалайды

 

Кейінгі тапсырмалар

Шығарма «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті»







Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Т.ахтанов «Окоп үстіндегі айқас» (үзінді) повесі

Жалпы мақсат:

Т.Ахтанов өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Даңқы алты алашқа танылған тұлға туралы біледі

Сабақта қолданылатын материалдар:

Венн диаграммасы, суреттер, слайдтар, музыка.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Ұлы Отан соғысы» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Т.Ахтанов 1923 жылы Ақтқбе облысының Шетырғыз ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейіе көркем аударма, сын саласында жемісті еңбек еткен.М.Горькийдің. А.Пушкиннің, Л.Толстойдың шығармаларын қазақшаға аударған.

Алғашқы тырнақалда шығармасы «Қаһарлы күндер», кейінгі туындылары «Махаббат мұңы» , «Дала сыры» повестері, «Боран» романы.
«Қаһарлы күндер» оның соғыс туралы романы.


IV.Шығармашылық жұмыс

Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан.

Б алуан Шолақтың шын аты – Нұрмағамбет Баймырзаұлы. Жас күнінде тсаусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен.

1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген.

Шежіреші қарттардың айтуынша және Қазақ энциклопедиясында келтірілген мәліметтер бойынша, Балуан Шолақтың жас кезінде әкесі Көкшетауға көшіп келген. Осында өсіп, өнер қуып, Арқаның ардагер серісі атанған оның әндері, өлеңдері көптеген жинақтарға енген, жеке кітап болып та басылып шыққан. Оның ішіндегі ең сүбелісі – Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі

V.Қорытындылау

Балуан Шолақ

Түйе балуан

Карон

Қандай?






Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Мазмұндау,жоба жасау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





















Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

С.Мұқанов «Есіл бойында»

Жалпы мақсат:

Ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы қаламгерлердің бірі Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайында мағлұмат беру, қаламгердің Есіл өлкесінің көркем табиғатын танытудағы сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін жергілікті жердің табиғат көріністерімен салыстыра меңгерту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

С. Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармаларын топтастыру, үзіндінің «Өмір мектебі» романынан алынғанын таныта отырып, мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлері туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

С. Мұқановтың суреті, географиялық карта, интерактивті тақта, табиғат көрінісін бейнелейтін суреттер.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

СPicture 113 әбит Мұқанов 1900 ж. 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген. 7 жасында әкесінен, 8 жасында шешесінен айрылады. Жастайынан жетімдіәк пен жоқшылықты көріп, жалшылықта жұмыс істейді. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ҒА академигі. Ол ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы өлең - жырды жаттап, жұрт алдында айтып беретін болған. Тұңғыш шығармасы – 1917 жылы жазылған «Көңілім» атты өлеңі. Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 ж. ж .


Шығармаларын топтастыру.
Поэмалары: «Жұмаштың өлімі», «Балбөпе», «Октябрь өкілдері», «Ақ аю»
Әңгімелері: «Әсия», «Азғын», «Кер заман», «Алтын аймақ», «Тіл алушылар»
Повестер: «Ақбөпенің зары», «Достар», «Балуан Шолақ», «Бақташының баласы»
Романдары: «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», «Теміртас», «Есіл», «Сырдария», «Өмір мектебі»
Драмалары: «Қашқар қызы», «Шоқан Уәлиханов», «Алтын астық», «Ақан мен Зайра»
Зерттеу еңбектері: «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Халық мұрасы», «Өсу жолдарымыз», «Абай Құнанбаев монографиясы»
Негізгі бөлім.
«Есіл бойында» әңгімесі - «Өмір мектебі» романынан алынған үзінді.
Әңгіменің сюжеті:
1. Әңгіме Есіл бойы өзенінің табиғатын, тоғайын, жасыл шалғынын, бал татыған жеміс - жидегін, асау Есіл өзенін суреттеумен басталады.
2. Оқиға одан әрі Есіл өзенінің сұлу табиғатына тамсанып, шабыты келген адамның көңіл - күйін сипаттаумен байланысады.
3. Мырзатаймен болған әңгіме. Мырзатайға сипаттама.
4. Мырзатайдың ән салу өнері.
5. «Есіл тасып барады» әнінің тарихы. «Әңгіме ішіндегі әңгіме»
6. Ән өнеріне деген автордың көзқарасы.

IV.Шығармашылық жұмыс

V.Қорытындылау

Айналмалы бөлімдер.
Қазақстанның географиялық картасымен жұмыс.
Картадан есіл өзенін тауып, көрсетіңдер. Есіл өзенінен сипаттама беріңдер.
Проблемалық ізденіс.
Жазушы Есіл өзенінің көркін таныту үшін жазушы табиғаттың қандай құбылыстары мен көріністерін суреттейді?
Бұл суреттеу әдебиетте пейзаж деп аталатынын аңғарту, дәлелдеу.
Мұратбек қандай халық композиторының әндерін айтады?
«Есіл тасып барады» әнінің өзіндік ерекшелігін атаңдар.
Мәтінмен жұмыс.
Шығармадан жазушының көркем тіл шеберлігіне назар аударып, бейнелі сөздерді табыңдар.
Дәптермен жұмыс.
Шығармадағы кейіпкерлерге образдық талдау жасаңдар. Образдық талдау 4 бөлімнен тұрады:
1. Кейіпкердің портреті.;
2. Кейіпкердің мінезі;
3. Кейіпкердің ұнамды немесе ұнамсыз әрекеті;
4. Кейіпкердің мақсаты.
4. Білімді бекіту.
Сұрақ - жауап арқылы.
1. Сәбит Мұқановтың өмірбаянынан не білдік?
2. Жазушының шығармашылығын неше топқа бөліп қарастыруға болады?
3. «Есіл бойында» қай шығарманың үзіндісі?
4. Әңгіме не жайында?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

1. Әңгімені мазмұндау.
2. Бір әннің тарихын жазып әкелу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

















Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Саятшы Ораз» әңгімелері

Жалпы мақсат:

Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Нұрлы күн» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

  • Ø Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

  • Ø «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

  • Ø Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

  • Ø «Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Кубизм әдісі.

Суреттеңіз: Есіл өлкесінің көрінісін жазушы тілімен берілген пейзаж арқылы суретте.

Салыстырыңыз: «Есіл бойында» әңгімесін Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен салыстыр.

Қолданыңыз: «Есіл тасып барады» әнінің тарихынан әңгіме құрастырып айт.

Дәлелдеңіз: Мырзатай орындаған әндердің әсерін әңгімеге сүйене отырып әңгімеле.

Қарсы шығыңыз: Әңгіме кейіпкерлерінің «Халық әндерінің сөздері әр пікірден құралған қойыртпақ» деген пікіріне мен...

Зерттеңіз: «Есіл» өзенінің географиялық орнын зерттеңіз.

Қазақ сахнасының саңлақтарына айналған «Музарт» триосының «Есіл ағады» әнін тыңдайық.

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»  («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)

Жаңа сабақтың жоспары:

Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.

Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі

Ораздың аңшылығы адамгершілігі

Шығармадағы көркемдегіш құралдар.

Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді

 Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.

Мәтінмен жұмыс

Қане, балалар, енді мәтіннен көркемдегіш құралдарды табайық.

1)  Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...

2)    Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның  арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш  өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.

3)    Кейіпкерлерге мінездеме

Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.

Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.

Балалар, саятшылық деген не?

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.

Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім жатқа айтып береді.

 Концептуалдық кесте 

Кейіпкер

Өмірге деген

қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге  берілетін баға

 

 

 

 




IV.Шығармашылық жұмыс

V.Қорытындылау

Бес жолды өлең

Зат есім (кім?) – саятшы

Сын есім (қандай?) – әзілқой, жайдары

Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – құс салды, аң аулады, сауға берді

Синоним – құсбегі

Сөйлем құра – Саятшы Ораз есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.

Ойтолғау

V. Тест (сабақты бекіту)

Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

a)     Он жеті

b)    Он сегіз

c)     Он тоғыз

ІІ.  “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

a)     Мұратбек

b)    Мырзатай

c)     Бекберді

ІІІ.“Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер  немен шұғылданады?

a)     Балық аулаумен

b)    Тері илеумен

c)     Құсбегілікпен

ІҮ. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде  айналысады?

a)     Жазы-қысы

b)    Тек  жазда

c)     Тек  қыста

Ү. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?

a)     Сатып пайда қылады

b)    Сауғаға береді

c)     Тұрмысқа пайдаланады.

ҮІ.  Сәбит Мұқановтың  көлемді еңбегін белгіле.

a)     “Өмір мектебі”

b)    “Көксерек”

c)     “Саятшы Ораз”



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, аңшылық туралы шығарма жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау. Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту;

Сабақта қолданылатын материалдар:

Жазушы портреті, сабақ эпиграфы, интерактивті тақта, танымдық кестелер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Ана мен бала» видеоролигін ұсынады.

Picture 84

Picture 83

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ‒ ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Ол 1902 жылы қазіргі СҚО, Жамбыл ауданы, «Жаңа жол» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысында екі класты орыс мектебіне түседі. Белгілі ақын, талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Мектеп бітірген соң болашақ жазушы Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге түсіп, жеті жылдық мектеп көлемінде білім алады. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң, бір жыл Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған. 1928‐1938 жылдары түрлі жауапты орындарда, баспасөзде қызмет атқарады. 1938‐1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады. 1956‐1966 жылдары «Ара‐Шмель» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.

Шығармалары: «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла», «Ананың анасы», «Ер ана», «Ақлима», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Қарлы жаңбыр астында», «Біздің Биаға», «Автобиографиялық әңгіме» т.б. әңгімелері және «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» т.б. романдары бар. Сонымен қоса жазушының «Ақан сері ‒ Ақтоқты», «Қозы Көрпеш ‒ Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Амангелді» т.б. драмалық шығармалары бар.

2. Әңгіме  мазмұнын  игерту

А) Әңгімеге кіріспе сөз сөйлеп, бастапқы мазмұнын түсіндіремін.

Ә) «Ананың анасы» әңгімесін үш қатарға бөліп оқытамын. Мәтінді үш бөлімге бөліп оқиды да, аквариум әдісімен мазмұнын айтып шығады. Түсініп оқып шығулары үшін 10 минут уақыт беремін.

Б) Соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасалады.

1. Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған? Өздерің қалай атар едіңдер?

2. Шығарма оқиғасының Әйтілес қарт әңгімесімен берілу себебін қалай түсіндірер едіңдер?

3. Жазушы шеберлігі неде деп ойлайсыңдар?

4. Қалай ойлайсыңдар, қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш, нендей құдірет?

5. Жалпақ балуан кім?

3. Теориялық білім беру

Шығарма құрылысы, аңыз туралы оқушыларға ақпарат беріп, түсіндіру.

Композиция ‒ әдеби шығармалар құрылысы, оның бөлім‐бөлшектерінің бір‐бірімен қиюласа байланысы.

Аңыз ‒ эпостың көне түрлерінің бірі. Аңыздық негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.

IV.Шығармашылық жұмыс

Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

Оқушыларға перфокарта таратамын, перфокарта берілген оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды да, қалған оқушылар ауызша кейіпкерлерін талдап шығады.

Сұрақтар:

1. Ғ.Мүсірепов қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?

3. Аналар тақырыбындағы шығармалары қандай?

4. «Ананың анасы» әңгімесіндегі Жалпақ батырға қандай баға бересіздер?

5. Ананың іс‐әрекетінен қандай әсер алдыңыздар?

6. Ана қызының тағдырына не себепті алаңдайды?

V.Қорытындылау

Ана мен бала тақырыбында мақал-мәтелдер айтқызу.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Әңгіме мазмұнын айтуға дайындалу, Ғ.Мүсіреповтің «Ана» тақырыбындағы басқа да әңгімелерін тауып оқу, жазушы шығармашылығы жөнінен қосымша іздену.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

И.Байзақов. «Құралай сұлу» поэмасы

Жалпы мақсат:

Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту

Сабақта қолданылатын материалдар:

Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд - презентация.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Композициялық жоспар
- Ендеше сабағымызды «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құрумен жалғастырайық.(Оқулықта поэма берілмегендіктен көшірмелері алдарына таратылады)
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі
Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы.
Салыстыру
- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайды
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Кейіпкерлері
Ана
15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.
Батыр
Жалпақ батыр
Батыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.
Жанр түрі: Әңгіме
Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.
Идеясы
Жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббат айқын көрініс тапқан.
ІІ топ орындайды
И. Байзақов «Құралай сұлу»
Кейіпкерлері
Ана
Құралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.
Батыр
Келден батыр
Батыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.
Жанр түрі: Поэма
Қазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.
Идеясы
«Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.

IV.Шығармашылық жұмыс

Бес жолды өлең әдісі
І топ: Ана
1. Зат есім Ана
2. Сын есім Мейрімді, қамқор
3. Етістік Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды
4. Сөйлем Ана өміріме сән берген.
5. Синоним Ана – шеше
ІІ топ: Батыр
1. Батыр
2. Ержүрек, батыл
3. Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды
4. Батыр ел үшін туады
5. Батыр – қаһарман
Білімді бекіту
І топ: Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
• Ақын
• Жазушы
• Актер
• Әнші, жыршы
• 40 - тан астам әнге сөз жазған
• Суырып салма ақындығымен
ІІ топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?
«Құралай сұлу» 1925ж
«Қойшының ертегісі» 1926ж
«Алтай аясында» 1939ж
«Ұлы құрылыс» 1933ж
«Қырмызы Жанай» 1940ж аяқталмаған ерекшеленді
«Кавказ» 1941ж
«Ақбөпе» 1945ж



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.



Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Қасиет дарыған, құт мекен – қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





Сілтеме:

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Жалпы мақсаттар:

Ақынның өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; Оқушының сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен жұмысқа, шығармашылыққа дағдыландыру; Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.

Негізгі идеялар:

Ақын шығармашылығының қыры мен сырын ашу. Ақын шығармаларындағы болашақ жастарға айтып кеткен өсиетін насихаттау.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Психологиялық ахуал орнату. (1 мин)

–         Балалар, үйден не оқып-үйреніп келдік?

–         Жазған шығармамызды «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша  бір-біріміздің дәптерлерімізді алмасып, бағалаймыз.

 

Оқушының іс-әрекет:«Ана жүрегі» тақырыбында жазып келген эссені «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау.(3 минут)

Тапсырма:

Топтастыру стратегиясы.

І топ: Ақынның өмір жолы мен отбасы 

ІІ топ: Ақынның әндері

ІІІ топ: Ақынның шығармашылығы

(5 минут)

 

Оқушылар Қасым Аманжолов туралы жинап келген деректерін пайдалана отырып,   топтық жұмыс жасау арқылы ақынның өмірдегі, қоғамдағы орны мен қызметін топтастырып шығады. Оның отбасы, өмірі, шығармашылығы туралы   өздері білетін мәліметтерді жазады. (5 минут)

Сергіту сәті:

Интербелсенді тақстадан Қасым Аманжолов туралы бейне ролик көрсетіледі. (3 минут)

Тапсырма:

Мағынаны тану кезеңі.Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау). Ассоциация әдісі бойынша өлең шумақтарындағы негізгі ойларды топтап жазып,мазмұнын ашу (5минут)

Өзі жайлы; Өмір мен өлім туралы;  Ақындық, оның мақсаты;  Болашаққа өсиет; Туған ел, туған жер туралы.

 

Тапсырма:

 

І топ: Өлең құрылысына талдау.

ІІ топ:РАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмыс

ІІІ топ: Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау.         (3 мин)

 

 

І топ:Өлең құрылысына талдау
(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы)
Тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді; өмір мен өлім туралы, өлеңнің құдіреті, ақындықты дәріптейді; туған ел, жер қасиетін жырлайды; болашақ ұрпаққа өсиет қалдырады.

Авторы: Қасым Аманжолов
Шумағы: 25 шумақ
Тармағы: 100 тармақ
Буыны: 11-12 буынды
Ұйқасы: а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы

ІІ топ:РАФТ әдісі бойынша шығармашылық жұмыс
Роль – Қасым
Аудитория – ХХІ ғасыр ұрпақтары
Форма – монолог
Тақырып – Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ?

ІІІ топ: Теңеу. Серінің семсеріндей сертке таққан; Өлеңнің бөбегіндей әлдилеген; Торқадай жамылып ап топырағын; Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай; Мерт болған балапанның қанатындай; Өртке тиген дауылдай өлеңімді т.б. Эпитет. Балшық өлең, алтын сарай, қайран сапар т.б.Метафора. Екі көз-екі жұлдыз маңдайдағы; Гүрілдеп жалын атқан кеудем-көрік; Жүзім-жаз, көңілім-көктем кең  пейілді;т.б. (6минут)

Ой толғау:

Шығармашылық тапсырма:«Өзім туралы» немесе «Өзге емес, өзіме айтам өз жайымда…» (5 мин)

Оқушылар өздері туралы эссе немесе өлең жазады. (2 мин)

Сергіту сәті:

«Дүниеге келер әлі талай Қасым атты» концертте орындалған «Өзім туралы» әнді тыңдату. (2 минут)

 

Бала Жамбылдың «Дүниеге  келер әлі  талай Қасым атты» концертте оқыған  Қасым Аманжоловқа арнаған өлеңін тыңдату. (2 мин)

Кері байланыс:

«Соңғы сөзді мен айтайын»стратегиясы. Не білдім? Не білгім келеді? (1 мин)

Топ мүшелеріне стикерлер таратылады, оқушылар өз ойларын жазып,  сабақтан не білді, не түсінді, не игергенін  білдіреді.

Бағалау:

Аралық бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалалайды. (1 мин)

Дерек көздері:

Қазақ әдебиеті оқулығы, Қ.Аманжолов шығармалар жинағы, ғаламтор материалдары.

Үйден оқып-үйренуге арналған тапсырма:

«Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау (Қазақ әдебиеті   бет) (1 мин)

Қосымша оқуға арналған тапсырма:

Қасым Амажоловтың шығармаларын  оқу.





































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

С.Шаймерденов. «Ит ашуы» повесінен үзінді

Жалпы мақсат:

С.Шаймерденовтың өмірі, шығармашылығымен танысады. 2. Повесть жанрының ерекшеліктерін айқындайды 

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

1. Жазушы өмірі жайлы толық мәлімет айта алады.
2. Мәтіннің мазмұнын талдайды.
3. Эссе жазады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

«Жүректен-жүрекке», «Жер сілкінді», Миға шабуыл, эссе жазу.
Кластер,Жигсо, стикер, маркер, постер қағазы, ноутбук. 

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Нұрлы күн» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Әр топтың алдына "Ит", "Ашу", "Адал достық" деген сөздерді беремін де, ой шақыру сұрақтары арқылы жетелеймін. 
Осы сөздерді естігенде сендерге қандай ой келді?
Осы үш сөзді бір-бірімен байланыстырғанда қандай оқиға тууы мүмкін? Бірнеше минут ойланыңыздар.
Екі минуттан кейін-ал енді көршіңізге бұрылыңыз, өз идеяларыңызды ортаға салып, бірлесіп әңгіме құрастырып көріңіздер. Біреулеріңіз сол әңгімені айтып бересіздер. Содан соң, повесть жайлы, ақынның шығармашылығы жайлы «Кластер» тәсілі арқылы анықтаймыз.
Сафуанның өмірі мен шығармашылығы жайлы А4 қағазына түсіреміз

ІІІ. Жаңа тақырып

Жигсо тәсілі арқылы Әр топ ортада талқылап, өздерінің болжамдарын ұсынады. Оны қорғап біткеннен кейін: -Қазір сендер Сафуан Шаймерденовтың «Ит ашуы» повесінен үзінді оқисыңдар. Сендер әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыңдар. Мен тоқтатқанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз. 1-үзінді. Қойлы ауыл, Марғаудың іс-әрекеттері.
Сұрақтар:
1. Қай топтың әңгімесі оқыған үзіндіге сай келеді?
2. Шопанның ауылы қандай әрекеттер жасап жатыр?
3.Марғаудың ойында не бар екен? 
4. Оқиға ары қарай қалай өрбуі мүмкін? (бағалау, смайликтер арқылы)
2-үзінді.Повестің идеясы туралы
Сұрақтар:
1. Ақын осы ойымен не айтқысы келіп отыр?
2. Оқиға қай жерде болыпты? 
3-үзінді. Лезбай мен Марғаудың достығы жайлы.

IV.Шығармашылық жұмыс

V.Қорытындылау

Сұрақтар:
1. Марғаудың еңбегі
2. Адал достық үй жануарының бойынан табылады деп ойлайсыңдар ма?
3. Егер сен ақынның орнында болғанда қандай тақырып қояр едің? 
в)Ой толғаныс. Эссе жазу "Ит - жеті қазынаның бірі..." Оқушыларға эссе жазу тапсырылады /10мин/.
Топтың ішінен бір оқушы автор орындығында оқиды.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Үй жануары туралы мақал-мәтел тауып, мазмұнын анықтап келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Қ.Бекқожин. «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы

Жалпы мақсат:

Оқушыларға Қалижан Бекхожиннің өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Қ.Бекқожин жайлы толық мәлімет жинау, баллада мазмұны мен идеясын ашу.

1.Шығарманың авторы жайлы өз ойын айта алады.
2.Оқиға желісі туралы жаңа идеялар айтады.
3. Сөйлеу,ойлау бағыттарын еркін жеткізеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Компьютер, бейнеролик, стикер, плакат А4, маркер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны ,халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожин Повладар атырабында 1913 жылы 25 қарашада шаруа отбасында дүниеге келген.

Оқу-білімге ынталы жас Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистка бөлімін 1942 жылы бітіреді.

«Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасының түйінді ойын, ақынның мақсаты туралы айтып беремін.

Сөздікпен жұмыс: Жейхун- Әмудария өзенінің орта ғасырдағы атауы

Мұсатыр-мүсәтір

Зұлфуқар-алмас қылыш,алдаспан

Қаф тауы- Кавказ таулары

Шығармашылық жұмыс: «Темірді тізе бүктірген алып күш» айналасында әңгімелеседі.

IV.Шығармашылық жұмыс

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Ақсақ Темір туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?

Ол қай кезде өмір сүрген,оның жаугершілік жорықтарынан қандай хабарларың бар?

Өлеңдегі ең басты кейіпкер кім?

Хафиз Ақсақ Темірге қандай баға берді?

V.Қорытындылау

1-топқа Тарихтан Ақсақ Темір деген атақты тұлғаны біз бүгін қай қырынан таниды екенбіз?
2-топқа Баллада ол қандай жанр?
3-топқа Ақынның өткір тілі туралы не айтасыңдар?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Қалижан Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасын оқып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

























Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Ә.Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі

Жалпы мақсат:

Ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаевтың өмірі жолы және шығармашылығымен таныстырып,туған жеріне, табиғатына арнаған «Сырдария» өлеңі арқылы өскелең ұрпақты туған жерін бағалауға ыстық екендігін сезінуге, сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту. 2) дамытушылық мақсат: мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «ой шақыру» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым-қатынастық біліктілігін дамыту

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру,өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп оқуға , туған жерін сүйуге баулу

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, ақынның өмірімен шығармашылығына арналған слайд, суреттер,карта,бес жолды өлең, венн диаграммасы,домбыра, күй.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Нұрлы күн» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру арқылы):
- Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінен бастайды.
Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғашқы өлеңдері 
1932 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты.
Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М.Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған. 
Сыршылдық өлеңдер. «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры» т.б.
Поэмалары. Тарихи тақырыптарға, тарихи аңыздарға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Толағай», «Мерген» т.б. поэмалары бар.
Драмалық комедия туындылары. «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Біз де қазақпыз», «Көңілдестер» т.б.
4 Сөздік жұмыс
(тақтамен жұмыс). 
Гейне – Генрих Гейне неміс ақыны.
Сыр, Рейн, Днепр, Еділ - өзен аттары.
Тарас – Тарас Шевченко украин ақыны.
Пушкин – Александр Пушкин орыс ақыны.
5 Жаңа тақырыпты түсінгендерін зерттеу кезеңі. 
(сұрақ-жауап әдісі, кітаппен жұмыс)
1. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? Оны қай жолдардан байқауға болады?
2. Ақын осы өлеңді жазғанда кімге еліктеді? 
3. «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
4. Туған жер – алтын бесік, Туған жерге оралмайтын жан болмайды. Ендеше, осы ойды қай шумақтан байқадыңдар?
5. Ақын анаға ұқсас ұғымды қалай білдіреді? Өлеңнің қай шумақтарынан байқауға болады?
6. Өлеңде жалқы есімдер кездесе ме?
А) «Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау. 
(тақтамен жұмыс)
1. Авторы: Ә.Тәжібаев
2. Тақырыбы: Туған жер
3. Жанр түрі: Лирика, туған жер лирикасы.
4. Идеясы: Туған жерді бағалау.Ыстық екенін ұғына білу.
5. Шумақ саны: 6
6. Тармақ саны: 24
7. Бунақ саны: 2 
8. Буын саны: 7-8
9. Ұйқас түрі: АБВБ Кезекті ұйқас
10. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята білу.Анамызды қалай құрметтесек, туған жерді де солай бағалай білуге шақыру.
Ә) Әдеби теориялық талдау
(кітаппен жұмыс)
Өлеңнен параллелизм, эпитет, алитерация, метафора табу.
Б) Балалар, Әбділда ақыннан басқа қандай ақындар туған жерлерінің, өзенін жырлағанын білесіңдер?
7. Шығармашылық ізденіс туғызу 
(тақтамен жұмыс)
а) Өлеңдегі туған, су, ана, ел, сүт сөздеріне мақал-мәтел тауып жазу.
ә) Өлеңдегі шаш, көз, өзен сөздеріне жаңылтпаштар айту.
б)Бес жолды өлең (тақтамен жұмыс).
1. 1 сөз (зат есім)
2. 2 сөз (сын есім)
3. 3 сөз (етістік)
4. 4 сөз (мағыналы сөйлем)
5. (тақырыптық синоним).
8.Бекіту сұрақтары.
1.Ә. Тәжібаев кім?
2. Өлеңнің тақырыбы не жайында?

IV.Шығармашылық жұмыс

9.Венн диаграмасы арқылы екі ақынның ортақ қасиеттерін табу.
Қ.Аманжоловтың «Сарыарқа» күйі. Орындайтын: Абиллаева Қ
Елімізді қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту, табиғатын аялау – бәрімізге парыз. Ана алдында қалай қарыздар болсақ, туған жер алдында да солай қарыздармыз.

V.Қорытындылау

Картамен жұмыс.Сырдария өлеңі туралы әңгімелеу.

Гейне – неміс ақыны, Рейн – Германиядағы өзен, Тарас – Украин ақыны, Днепр – Украинадағы өзен, Пушкин – орыс ақыны, Еділ (Волга) – Ресейдегі өзен.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

1) Ә.Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын оқу. «Сырдария» өлеңін жаттау.
2) «Туған жерім – Бейнеуім» тақырыбына ой-толғау жазу.
(Өзен, туған жер туралы ән жаздырып қой) 

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »


Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:


Сабақ тақырыбы:

Қ.Ысқақов «Қоңыр күз еді»  повесінен үзінді


Жалпы мақсат:

Қ.Ысқақтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары


Оқу нәтижесі:

Қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту


Сабақта қолданылатын материалдар:

Сызбалары,кестелері,шығармалары т.б



Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі –Қалихан Ысқақ. Ол Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы Топқайың ауылында дүниеге келген.

Повестері: «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны»

Романы: «Тұйық», « Қараорман», «Ақсу-жер жаннаты»

«Қоңыр күз еді» повесінің қышқаша мазмұнын айтып беремін.

Кітаппен жұмыс: Жазушының күзді,адамдарды суреттеген бейнелі сөздерін тауып оқйды.

Әдебиет теориясынан түсінік беру. Повесть бұл орыс әдебиеті арқылы әдебиеттану ғылымына енген жанр. Оны А.Байтұрсынов «ұзақ әңгіме» деп алса ,қазіргі қазақ әдебиетінде «хикаят», «баян» деп те жүр.

IV.Шығармашылық жұмыс

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Қасым неге күзді еске алып отыр?

Алтын сыныптағы қандай қыз еді?

Алтынға деген Қасымның балалық ғашық сезімі қалай көрінеді?

Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алды?

Мұғалімі Алматай Қасымның әдебиетке қабілетті екенін қалай байқады?

V.Қорытындылау

Күз туралы Абай Құнанбайұлының өлеңімен сабақты аяқтау

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,

Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,

Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесін оқып,құрылысына қарай талдап келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »









Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі

Жалпы мақсат:

1. Қ. Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу. «Кәрі қыран» өлеңін оқыту, идеясын таныту, символ туралы ұғым беру.
2. Әдеби шығарманы көркем сезіммен қабылдау, мәтінмен тереңдете жұмыс жүргізу, шәкірттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тақырыбы бір-бірімен үндес шығармалардың оқиғаларын салыстыра пайымдай алуға дағдылану.
3. Оқушылардың рухани дүниесін байыту, елжанды азаматтың өмірінен үлгі алу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

1.Баллада туралы білім беру,Өлеңмазмұнын игеру.
2.Биіктік, адалдық,ұлт туралы түсініктерін кеңейту.оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, кестелер, қыран суреті, электронды оқулық.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Қалихан Ысқақовтың туған жылы.
2. Туған жері.
3. Шығармаларын ата.
4. Шығармаларының алтын арқауы.
5. «Қоңыр күз еді» повесінің кейіпкерлерін ата.
6. «Отыздар шамасындағы орта бойлы, арық қара жігіт. Оның мөлдіреген тұнық көзінің тереңінде әлдебір мұң иіріліп жатқандай, биік қабаттың астында мөлиетін де тұратын. Алқымында балық желбезегіндей қатпар-қатпар боп сыңсып жататын ескі жарадан қалған қызылшақа тыртығы бар еді...?» Кімнің портреті?
7. Алматай ағай Қасымға қандай қызық кітап берді?
8. Алматай бұл кітапты неге жасырады?
9. «Қоңыр күз еді» повесіндегі оқиға қай кезеңді қамтиды?

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

- Бүгін, біз, балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақовтың құрдасы Қадыр Ғинаятұлының өмірімен, шығармашылығымен, «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.
Қадыр Ғинаятұлы –ақын, жазушы. Ол 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты аулында дүниеге келген. Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған. Атап айтсақ, «Қыз Жібек» фильміне арнап жазылған «Ақ Жайық», туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен», асыл әжелерімізге арналған «Әже туралы ән», т.б.
Қадыр Ғинаятұлы - В.Гюго, Г.Гейне, М. Лермонтов, С.Есенин, Р. Ғамзатов, А. Ахметова, О.Сүлейменов өлеңдерін, жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған шебер аудармашы. Қадыр Ғинаятұлы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Талантты ақын 2011 жылы қаңтардың 22-інде көз жұмды.
Қадыр Мырза Әлидің ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.
1. «Қыран жетпеген жерге қиял жетер» демекші, қыран құс туралы шағын эссе жаздыру.
2. Қыран құстар туралы түсінік бере кету.
Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен.
Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел
Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи
Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай
Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай
3. Электрондық оқулықтан «Кәрі қыран» өлеңін тыңдау.
4. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
5. Сөздік жұмысы
Зәбірі артты-азап көрді, жапа шекті
Албасты басқыр (қарғыс)- біреуге кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады.
Тәрк ету - дүниеден безу.
6. Мәтінді талдау, идеясын ашу.
1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?
2. Қарт қыран қандай халге душар болды?
3. Неге намыстанды?
4. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Одан қыранның өткен ғұмыры қандай болғаны байқалады?
5. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
6. «Кәрі қыран» өлеңінің баллада жанрына жатқызуға болатын белгілерін анықтап, мысалдармен дәлелдеп әңгімелеу.
7. «Қыранша өмір сүргенің-
Қандай бақыт!
Қандай бақыт-
Қыранша өле білген!- деген жолдардағы тұспалды ойды анықтау. Ақынның ойын әңгімелеңдер.
7. Символ туралы түсінік беру.
Мысалы, гүл-жастықтың символы, ақ көгершін-бейбітшіліктің символы, аққу-адалдық, махаббаттың символы, ал, қыран-еркіндіктің, ерліктің символы. Оның дәлелі туымыздағы қыранның бейнесі. Бұл біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуын айқындайды.
8. Өлеңге поэтикалық талдау. Көркемдегіш құралдарды таптыру.
Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б.
Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ, т.б.
Кейіптеу: күрсінді тау ақ қарлы.
Психологиялық параллелизм – көк аспанын мұң қаптаған кезде.
Аллитерация: Қанатынан қаңтардың қары бүркіп
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып, 
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Синонимдер: кәрі-шау, жасын-найзағай, тірлік-өмір-ғұмыр.
Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өлім-өмір.
Фразеологизм: тәрк етіп, зәбірі артты, т.б.
9. Өлеңді композициялық құрылымына талдау.
Кіріспе, шығарманың экспозициясы: Қияда қалғып отырған кәрі бүркіт.
Байланыс: Кәрі қыранның халі.
Дамуы: Шау бүркіттің ойы.
Шарықтау шегі: Көк тасқа қойып кеткен кәрі бүркіт.
Шешімі: «Қандай бақыт –қыранша өмір сүрген!»
10. Қырандар туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
1. М. Шаханов «Отырар» өлеңінде алты ай бойы Отырарды құтқарам деп арпалысқан Қайыр атты ханды қыранға теңейді.
2. С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан үзіндісінде Ахметтің лашынының құс алу тәсілдерін оқып білдік.
3. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде тастан қашқан түз тағысын сегіз найзалы қыранның құтқармауы сөз болады.
11. Тапсырма: Осы шығармалардың «Кәрі қыран» өлеңімен ұқсастығы, айырмашылығы бар ма екен, дәлелдеңдер. Қыранға тән (басты ерекшелік) негізгі қасиетті көрсетіңдер.

IV.Шығармашылық жұмыс

Топтық жұмыс.
1-топ-Өлеңнің шумағына талдау.
2-топ-Ұйқас түрін табу.
3-топ - буын, бунақ санын анықтау.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

Сабақты «Не білдік? Не үйрендік?» деген сауалдармен бекіту.
- ақын Қадыр Мырза Әлидің өмірі, шығармашылығын, 
- қыран құстардың топ-топқа бөлінетінін, 
- қыран хикаясы арқылы ерлікті, өрлікті жырлағанын, 
- қыранның еркіндік пен ерліктің символы екенін, т.б.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Қырандар туралы жазылған қызықты деректер мен Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын оқу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





















Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Шығарманың мазмұнын  талдай отырып,идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту;кейіпкерге талдау жасау

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Топтық жұмыс кезінде, өзара сұрақ қою арқылы, постер арқылы, оқыту барысында диологты атқару арқылы сөйлеу мәнерін жетілдіреді. Бір-бірін тыңдап, ой бөлісе алады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

«Балық қаңқасы», «Көз сал, ой жүгірт» бейнебаян, Венн диаграммасы, РАФТ стратегиясы, топқа бөлу, постер қорғау

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Нұрлы күн» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Қызыл, ақ, сары тстерді таңдату арқылы «Қайрат», «Мейірім», «Ізгілік» ауылдарына жолдама беріп, топқа бөлемін.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Ой шақыру

Жусан шөбін иіскету. Иісін сезіндіру

— Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебі неде?

— Әңгіменің негізгі идеясы не?

— Ендеше, соғыс кезінде ауыл балаларының тағдыры, ертегі айтқыш Аян тағдыры қалай өрілді деген сұрақтарға жауап алу үшін алдарымызда жаюлы дастарханнан тағам-тапсырмаларды орындаймыз.

Аян бұл күнде қайда болуы мүмкін? Шындығында не болды деп ойлайсыңдар?

— Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.

Отбасында он бес бала бар. Аян – Науқанның өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

№

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

1

Аян




2

Әңгімеші бала




3

Бапай




4

Тұржан






V.Тапсырмалар

Венн диаграммасы

Сол кездегі жетім балалар

Қазіргі кездегі жетім балалар

1 Жоқшылықтан

2 Соғыс салдарынан жетім қалды

Жетім

Жүректері сағынышқа, мұңға толы



VI. Қорытынды

Сабақты қорыту РАФТ стратегиясыРОЛЬ АДРЕСАТ ФОРМА ТАҚЫРЫП

Қайрат тобы

Роль- Аян

Адресат- оқырманға

Форма- хат

Тақырып- «Мықты болсаң, нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ»

«Мейірім» тобы

Роль – жетім бала

Адресат- халыққа

Форма- өлең «Жігіттер» квартетінің орындауындағы ән

Тақырып- «Жетім көрсең жебей жүр»

«Ізгілік» тобына

Роль- қазақ азаматы

Адресат- елбасына

Форма- хат

Тақырып- «Балалар үйі азайса»

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Үйге тапсырма

«Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын Аян ертегісін жалғастыру

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

































Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығы, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен таныстыру. Әңгімені С.Мұратбековтың «Жусан иісімен» салыстыру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау. Өмір шындығын таныту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Жазушы өмірінен мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын ашу, тақырыбы мен идеясын анықтай отырып, кейіпкер бейнесіне талдау жасау

Сабақта қолданылатын материалдар:

Жазушы портреті, сөзжұмбақ, нақыл сөздер.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

- Балалар, өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық? (С.Мұратбеков «Жусан иісі»).

- Біз осы оқу жылында еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан ақын-жазушылармен таныстық. Ауылымыздың тумасы жерлес жазушыларымызды да шолдық. Соның бірі – Сайын Мұратбеков. Жазушының «Жусан иісі» әңгімесін өткен сабақтарда қызыға оқыдыңдар. Қане, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнына байланысты құрастырылған сөзжұмбақты шешіп, үйге берілген тапсырманы пысықтап өтейік.

Сұрақтары:

1. «Жусан иісі» шығармасының авторы (Мұратбеков)

2. С.Мұратбеков қай ауылда дүниеге келген? (Қоңыр)

3. «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкері кім? (Аян). Қосымша сұрақ: Аян қандай бала?

4. Аянға көмек көрсеткен сынықшы кім? (Асылбек). Қосымша сұрақ: Аянның Асылбек қартқа баруына қандай жағдай итермеледі?

5. Аян сауат ашқаннан кейін соғыстағы ағасына не жіберді? (Хат). Аянның ағасы соғыстан оралды ма?

6. Аянның ұстазы (Иманжанов)

7. Оқиға қай жерде болған? (Жусандытөбе)

8. Аян кіммен төбелесті? (Есікбай)

9. Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті? (Төзім). Қосымша сұрақ: Аянның төзімділігін тағы қандай іс-әрекеттерінен байқауға болады?

10. Аян ертегіні қай уақыттарда айтушы еді? (Кешкі)

11. Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (Ертегі). Неліктен Аянның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталады?

12. Аян әжесінен айырылған соң, кімді паналады? «Жусан иісі» әңгімесі немен аяқталды?

Ендеше, бүгін Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығымен және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен танысамыз. Бәріміз тақтадағы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған деректерге назар аударамыз. Өмірімен таныспас бұрын,

Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,

Жасамай елу және бір...

(Ғафу Қайырбеков)

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебінен         соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. ОралханБөкей бір сөзінде «Мені әдебиетке әкелген журналистика» дейді.Өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы17 мамырдаҮндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

Шығармалары:

«Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Өз отыңды өшірме», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Құлыным менің», «Апамның астауы», «Бәрі де майдан», «Жетім бота», т.б. Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі.

Марапаттары:

ü1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты

ü1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты

ü1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

Айтып өткенімдей, бүгінгі өтетініміз О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі. Мен сендерге алдын-ала әңгімемен танысып келуге тапсырма берген болатынмын.

а) Әңгіме мазмұнын талдау(кестемен жазбаша жұмыс)

Әңгіменің аталуы

«Тортай мінер ақ боз ат»

Авторы

Оралхан Бөкей

Тақырыбы

Жетім өмірі

Идеясы

Жас бозбаланың биік арманының соғыс салдарынан орындалмай қалуы.

Кейіпкерлер

Тортай, фермер баласы

Қай кезеңді суреттейді?

Соғыстан кейінгі жылдарды

Әңгіме немен аяқталды?

Тортай арманына жете алмады

ә) Кейіпкерлер мінезін талдау (ауызша талдау)

Кейіпкер

Мінезі

Менің ойым

б) Әңгіме тілін талдау (тақтамен жазбаша жұмыс)

Жер, су аттары

Тұрақты тіркес

Мақал-мәтел

 

-        Салықсалған

-        Моңғолия

-        Ит басына іркіт төгілу (молшылық)

-        Қой аузынан шөп алмас (момын)

-        Ұядай қылып жинау (жинақы)

-        Мұрнын көкке көтеру (паңдану)

-        Ішкені – алдыда, ішпегені – артта (байлық)

-        Тақымы қотыр тайға тимеу (жолы болмау)

-        Ораза-намаз тоқтықта

-        Тоқ бала аш баламен ойнамайды

в) «Жусан иісі» мен «Тортай мінер ақ боз ат» шығармаларын салыстыру.

«Жусан иісі» повесі

Аян

«Тортай мінер ақ боз ат»

Тортай

 

Ертегі шығарады

Кітап оқығанды жақсы көреді

Ұқсастығы

Жетім, дене кемістігі бар, қиялшыл, төзімді, досқа адал

г) Екі шығармаға байланысты проблемалық сұрақтар қою.

  1. «Жусан иісі» повесі мен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі қалай аяқталды? (Оқушылар кітаптан екі шығарманың аяғын тауып оқиды)

  2. Жетім балалардың армандарының орындалмай қалуына не кедергі болды? (Сұрапыл соғыс)

  3. Екі оқиғаны қалай аяқтар едіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады)

  4. Аян кеткенде, басқа балалармен көңілсіз болып Аянды қимаған кім? Тортайды өзімен бірге алып кететін шамасының жоқтығына қиналған кім? (Ол – Аянды қимаған оның жолдасы еді, Тортай үшін қиналған досы Ораш еді. Олар – осы шығармалардың авторлары - Оралхан Бөкей мен Сайын Мұратбеков).

  5. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

  6. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

  7. Қос шығарма сендерге не үйретті? (Ойларын айтады)

IV.Шығармашылық жұмыс

Shape23

Тортайға хат жазу.




Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

(оқушылар Инсерт кестесін толтырады)

V - білемін

+ - білдім

? – білгім келеді

 

 

 



VI. Үйге тапсырмасын беру

Аян мен Тортайдың «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегілерін құрау.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »























Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

А.С.Пушкин «Ескерткіш» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А.Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын-жазушыларымыз туралы мағлұмат беру

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселдіру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б


Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту

Тортай қандай бала?

Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?

Тортай неге арманына жете алмады?

ІІІ. Жаңа тақырып

Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин үлкен қайшылықты кезеңде өмірін өткізді. Ол орыс мәдениетінде жаңа дәуір ашты, орыстың әдеби тілін жасады,жаңа әдебиеттің төр ағасы болды.

«Ескерткіш» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды

Дәптермен жұмыс: Өлең шумақтарын құрылысына қарай талдайды.

4 4 4

Ескерткіш //орнаттым мен //қолдан келмес, 1 шумақ , 4 тармақ ,

Ел ізі// оған салған //суый білмес,

Асқақтап //Александр //мұнарасынан 12 бунақ , 12 буынды

Жоғары //оқшау шығып, //тұрар дербес

Венн диаграммасы: Өлеңді Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстырыңдар.

«Ескерткіш» «Өзім туралы»

Shape24 Shape25 Shape26





IV.Шығармашылық жұмыс

Қосымша тапсырма

V.Қорытындылау

Пушкин туралы мәліметтер жинақтау

Picture 116 Александр Сергеевич Пушкинның өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, еркендетуіне мумкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.

Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.

12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

А.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттап келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі

Жалпы мақсат:

Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзиясының өміршеңдігін таныту; өлеңнің тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Жырлаған тақырыптарында үндесетін ерекшелігі бар қасиетін таныту, екі ақынның асқақ тұлғалары мен бай шығармашылықтарына қызығушылықтары мен сүйіспеншілігін ояту

Сабақта қолданылатын материалдар:

Расул Ғамзатовтың суреті, шығармалары, компьютер.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


ІІІ. Жаңа тақырып

Оқушылардың назарын Расул Ғамзатов ағамыздың өмірінен мазмұн беретін тірек сызбаға назар аударайық.
1923 жыл аралығында өмір сүрген
Дағыстанның халық ақыны
1643 жылы тұңғыш жинағы шығарылды.
1963ж Лениндік сыйлық берілді.
«Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқыттыру. Мәтінмен жұмыс.
«Түртіп алу стратегиясы» Өзіне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеу.
Ассамблея -
Аварша -
Талдау:
Өлеңнің жалпы мазмұны не жайында?
Ақынның айтпақ ойы, ұсынар идеясы не? Тіл туралы кітаппен жұмыс. Сүйіспеншілікті үзіндіден тап.
III.«Ақыл рухына бас иеміз» Үйден Расул Ғамзатов туралы зерттеп, деректер жинап келу тапсырылған. Кәне, портфельдерді ашайық. Дағыстан елі туралы не білеміз?
5-6 минут.
Әр топқа тапсырма.
а) өлеңнен ақынның қандай бейнелі сөздерін байқадыңдар? I. Топ
ә) композициялық құрылысына талдау жасау. II топ
IV. Ұқсату және даралау.
Расул Ғамзатовтың шығармасындағы оймен үндес қай ақынды айта аламыз?М.Жұмабаев, Ә.Тәжібаев
Дағыстан ақыны суреттеген өз елінің ерекшелігі, әдет - әуенінде бізді елмен ұқсастыру бар ма? Екі ел ақындарының дариядай дана ойының түйіні неде?
Енді сендер екі ел ақындарын әңгімелеп болсақ, өзің қандай ой айтар едің?
Ой тегізейік: Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте (3 минут)

IV.Шығармашылық жұмыс

Ана тілі өлеңі арқылы жас ұрпаққа не айтқысы келді?Біз бүгінгі шығармадан қандай тәрбие алдық?
ТӘРБИЕ
Елін, жерін сүю
Намысшылдыққа
Имандылық
Ана тілін құрметтеу
Ана тілін мақтан тұту.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

«Менің Дағыстаным» шығармасынан үзінді оқылады.Экраннан көрсетіледі.
«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» - деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
1159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі