Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі-рухани қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілім- ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі-рухани қазына

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. 

Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.



Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгеру үстінде. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Осы тұста Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы қазақ тілінде» деп, бізге айқын жол ашқан болатын.

Қазақ тілінің болашағы- біз, яғни қазақ жастары. Біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін арттыру.Өйткені тәуелсіздік, тіліміз бізге оңайлықпен келмеді. Ата – анамыз Кеңес одағының кезінде орыс тілінде білім алған болатын. Қаншама қиыншылық болды десек артық болмас. Бірақ «Сабыр түбі, сары алтын» деген. Қазақ елі аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Тіліміз, дініміз, салт- дәстүріміз сақталып қалды. Ол қазақ халқының беріктігі деп айтуға болады.

Ал, қазір біз үш тілде де білім алып жатырмыз.Олар: қазақ, орыс, ағылшын. Ендігі таңда бұл қатарға латын тілі де енгізіледі деген қауесет бар. Әрине , өзге тілдерді меңгерген дұрыс. Дегенмен, бұл қоғамға да, үлкендерге де қиындығын туғызуы мүмкін. Себебі,, саясаттатіл мәселесі әлі шешімін таппады. Өйткені, ана тілін білмейтіндердің саны өте көп. Ақын Мұхтар Шаханов былай деген еді:

«Қай кезде де туған тілің, туған анаң секілді,

Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,

Олар елін,тілін қорғап жанын қиған бұл жерде».

Шынымен де ата-бабамыз қазақ деген ел, ұрпағымыз қалу керек деп, өле-өлгенше жерін, тілін қорғап өтті емес пе? Ал тілімізге бас бұратын ұлт жанашырларының саны өте аз!

Тіл түзелмей, қоғам түзелмейді; мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді. Сондықтан да еліміздің қоғамдық-рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын барынша батыл қолға алып, қарқынды жүргізетін уақыт жетті.

Байқасаңыздар, кез-келген жарнамалар жазылған жерден бір қателіктер көріп жатсақта үйреншікті нәрседей, мән бермей жүре береміз.Бұған жауап ретінде ақын Оразақын Асқардың мына бір өлең жлдарын алар едім:

«Ана тілінде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілің білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар» -деп жырлап өткен.

Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:

Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!

Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.

Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын

Туған ана тіліңде сөйлемесең, – дегім келеді.

«Өзге тілдің бәрін, өз тіліңді құрметте»-дейді. Өзге ұлттың тілін білуге шек жоқ,бірақ, мемлекеттік тілімізді қадірлей білуіміз керек.


Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!   

Өзгенің құлы емес,өз еліміздің ұл-қызы болайық, өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!








Пайдаланылған әдебиеттер:

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22707



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12