Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі сабағында ақпараттық, коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған технологияда заман талабына сай интерактивті тақтаның мол мүмкіндігін пайдалану-оқушы тұлғасының тынымдық қабілеттерін арттырып, белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытып, шығармашылық қырын қалыптастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімді жолдары



Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы- ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі.Еліміздің іргелі ел болып, егемендігін алған асулы жылдарында мұғалім алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойылуда. Яғни, болашақ ұрпағымызды білімді де білікті, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеуде мемлекеттік тілді заман талабына сай жаңаша оқыту мұғалім тарапынан өмірлік зор маңызы ие болып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар-білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғына оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А: Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялыры белсенді түрде қолданылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқаулық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті, авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары білім беру үрдісінде бой көрсете бастаған ғалым М.Жанпейісованың модульдік технология әдісі бойынша қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету-тиімді әдістердің бірі екенін №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мойындап келеді.Мектебіміздің бәрі интерактивті тақтамен жабдықталған. Соның ішінде көп жылдан бері қазақ тілі пәнін модульдік технология негізінде білім беріп келген қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі заман талабына сай АҚТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың тынымдық белсенділігін, білім сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарылатып келеді. Модульдік технология қазақ тілін үйретуде оқушышың өз бетімен білім алуына тікелей басшылық жасайтынын ұғындыру, жадына сақтау, ой-пікір дамыту, қисынды ойлау қабілеттерін күшейту, шығармашылық тапсырмалар орындату үшін мүмкіндігі мол әдіс-тәсілдерді пайдалану-бүгінгі күннің тиімді жолы. Осы жерде модульдік технологияның ерекшеліктеріне тоқталып кеткен жөн деп санадық.. «Модуль» деген-қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни, оқу процесінің ортақ құрылымы,бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модуль-латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі.
Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін «диалогтік» қарым-қатынас негізінде құруға тиімді болып саналады. Сабақтарда АҚТ мүмкіндіктерін қолдану барысында осы ерекшеліктерді ескеру қажет. Модуль жүйесін оқу процесіне кіргізудің өз мақсаттары бар.
Олар:
- Берілген материалды терең меңгерту;
- Оқушыны ойлату, ой салу;
- Пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру;
- Оқушы алдына қойылған мақсатты міндетті түрде орындату;
- Сол арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, оқытудың тиімділігін арттыру.
Оқу модулі оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Бұл:
- Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа енгізу )
- Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру).
- Қорытынды бөлім (бақылау).
Әрбір оқу модуліне бөлінген сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу- заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Ұлы Абайдың: «Адам баласы ... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педпгог-классиктердің пікірлерімен ұштасады.
Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуге жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтуға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жүмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырады.
Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін тәжірибеде қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Қазақ тілін оқыту Activ Studio бағдарламасын қолданғанда мынадай мәселелер анықталады:
1. техникамен жабдықтандыру мәселесі;
2. психологиялық кедергілері;
3. компьютерлік біліктілігінің төмен болуы.
Бірінші мәселені шешу үшін барлық кабинеттер интерактивті тақтамен жабдықтандырылуы керек. Біздің мұғалімдер әзірге бір интерактивті тақтамен жабдықталған. Тақта бір кабинетке берілгендіктен, қалған мұғалімдер интерактивті тақтамен жұмыс жасау үшін алдын ала құрылған кестеге сәйкес Activ Studio бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді қолдана отырып сабақ жүргізе алатындай мүмкіндік жасалған.
Қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты-оқушылардың оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе
алатын дара тұлға тәрбиелеу. Қазақ тілін оқытуда сөйлеу туралы түсінік беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тілдік құбылыстарды талдау, орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелерді практикалық тұрғыда меңгерту, сөйлеу мәдениетін дамыту міндеттері қойылады. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру келесі нәтижелерге қол жеткізеді:
1. Уақыт үнемдейді.
2. Сабақтың сапасын көтереді.
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
4. Оқушының белсенділігі мен қызығушылығын арттырады
Сонымен, бастауыш сыныптарда интерактивті тақтаны қазақ тілі сабақтарында пайдалану- сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, мәліметтер мен жаңа ұғымдарды есте берік сақтауға ықпал жасайды. Ұсынылып отырған технологияда заман талабына сай интерактивті тақтаның мол мүмкіндігін пайдалану-оқушы тұлғасының тынымдық қабілеттерін арттырып, белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытып, шығармашылық қырын қалыптастырады.

Сабақтың тақырыбы: Нан – дастарқанға қалай келеді?
5 «А»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі – тақырып бойынша толық мәлімет беру; нан туралы түсініктерін толықтыру; сурет бойынша сөйлем құрай білу; сөздік қорын молайту;
Дамытушылық – қисынды ойлау қабілеттерін дамыту жолында жұмыс жасау; айтылым, тындалым, жазылым, оқылым әрекетін дамыту; сауатты жазуға дағдыландыру;
Тәрбиелік – еңбек, нан қасиеті туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту; нанды қадірлей білуге үйрету; еңбекке баулу
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Көрнекілігі: мамандықтар суреттері; Қазақстан картасы, нан туралы суреттер.
Нан – Отан байлығы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Әнұранды қайталау.
- Балалар, біз бүгін саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа дайынсыңдар ма? Ендеше автобусқа отырамыз.
I. Бірінші аялдамамыз – «Әңгімелесу төбесі»
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Қыс айлары – қай айлар?
3. Қазір қай ай?
4. Ақпанның нешесі?
5. Бүгін ауа райы қандай?
II. Саяхатымызды жалғастырамыз.
«Фонетика тауына» келіп қалдық.
Оқушыларға суреттер таратып беремін, оларды атап, қазақ тіліне тән дыбыстарды атайды.
Тапсырманы орындап таудан өттік.
III. «Мамандықтар қаласына» келдік.(Слайд№1)
Ол қалаға кіру үшін мамандықтарды атап шығу керек
1. Аспаз не істейді?
2. Жүргізуші не істейді?
3. Кітапханашы не істейді?
4. Дәрігер не істейді?
5. Егінші не істейді?
6. Наубайшы не істейді?
7. Мамандықтар туралы өлеңдер.
IV. Жаңа сабақ. Наубайшы нан пісіреді дедік. Ал, ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келеді?».(Слайд №2)
V. Келесі аялдамамыз – «Сөздік алқабы». Сөздерді оқу, қайталау.
Шашылу-рассыпаться;
Қызығу-любоваться
Қай жақтан?-откуда?
Нан жабу –выпекать хлеб;
Диірмен-мельница;
Ұн-мука;
Қастерлеу-ценить;
Көсілу-растянуться
Қарап тұру (көзін сап)-глядеть на него;
Тарту-молоть;
Жан-жақтан-- - со всех сторон;

Арғы тегім-предки;
Жеп көру-попробовать;
Байқау-заметить;
Өсіру-вырастить;
Біздің Республикамыздың астықты өлкелері (Костанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы). (Картадан көрсету).(Слайд№3)
VI.Осы өлкелеріміздегі «Егістікке» келдік.
Бұл жерде елдің бәрі еңбек етуде. Мәтін бойынша жұмыс.
Нан дастарханымызға қалай келеді? Соны білейік.
Сұрақтарға жауап беру:
1.Қашан жер жыртып, егін егеді?
2.Егін қашан піседі?
3.Бидайды немен тасиды?
4.Қайда әкеледі?
5.Нанды қайда пісіреді?
6.Мәтін ішінен етістіктерді табу.
VII.Біз келген астықты өлкемізде «Орфография мұражайы» бар екен
Мұражайдың қызметкерлері бізге мынадай тапсырмалар дайындап қойыпты
1.Етістік деген не?
2.Етістіктің неше шағы бар?
3.Оларды ата.
тұр+мын-нақ осы шақ
тұр+а+мын-келер шақ
тұр+ды+м-өткен шақ істеу, өсіру, тарту.
VIII. «Мақал-мәтел» ауылы. Бұл ауылдың тұрғындары еңбек, нан туралы мақал, өлеңдер жақсы біледі екен. Біз де білеміз ғой, ендеше, айтайық.
Ас атасы –нан.
Нан болса ойнап күлеміз.
Нан барда еркін жүреміз.
Нан туралы өлең.
Оқушы: О, адамдар, айтарым бар,
Нанды баспаңдар!
Онда жан толқытар дастан бар.
Өтініп сұраймын:
Ана бол, дана бол, бала бол
Нанды баспаңдар!
Оқушы: -Ол биіктен төгілген
Мөп-мөлдір
Зәмзәм суынан өседі.
Нан-өмір,
Нанға «пірім» деп.
Нанға «жырым» деп
Табынам.
Даланың арынан,
Даланың таңынан
Даланың жанынан,
Даланың қанынан
Өседі.
Оқушы: -Бәріміз де жейтұғын
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын
Қуат керек, әл керек.
Оқушы: - Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан –дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Нанды төңгеріп қоюға болмайды. Нан-қасиетті дәм. Нанмен ойнама!
Оқушы: -Тағамның ішінде нанның жөні бөлек. Нан –деген өмір. Оның әр түйірі-баға жетпес байлық. Өткен ғасырдың 1930-1932 жылдарында болған ашаршылық. Ол кезде талай адам бір жапырақ нанға зар болып қырылған. Нан деген –қазына.
IX. Сергіту сәті «Қара жорға»
X. Саяхатымыз аяқталып келеді. Соңғы аялдамамыз- «Дастарқан алаңы».
Бауырсақ туралы айту.
Диалог: «Қайдан келдің бауырсақ?»
Дастарқанға шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің бауырсақ?
-Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,
-Деді оған бауырсақ,
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан.
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Арғы тегім-ақ бидай,
Тәттімін, жеп көр,
Жесең өзің байқарсың,
Рақметіңді айтарсың.
- Осымен, балалар, біздің саяхатымыз аяқталды. Саяхат сендерге ұнады ма? Саяхат кезінде не білдіңдер?
XI.Үйге тапсырма:
Нан туралы шағын әңгіме жазу. Нан туралы өлең жаттау. Мәтінді оқу. 96-бет, 1 тапсырма,
XII.Оқушыларды бағалау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2021
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12