жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазіргі заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі –ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді оқушылар даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Ақпараттық технология- педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі –мұғалім. қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Мұғалім тек өз пәнін терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологилық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық- коммуникациялық технологияны жан-жақты мезырлы маман болу керек.
Компьтерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұңғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танытудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену- бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі заманғы ақпарттық технологияларды пайдалану әр оқушыға өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпарттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір сыныпта ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер крек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында комьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьтерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқушылардың ақпараттық технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Жаңа мыңжылдық –бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша дұрыс анықтайтын уақыт. Ақпараттық технология саласындағы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейімен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтардың түрлі пелдерде қарқынды даму үстінде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам ол технологияны ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан оқушыларға компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалудың маңызы зор. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты –оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу. Ақпараттық технология объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Сонымен, ақпараттық технология ұғымы: өңделген, жинақталған ақпаратты пайдалушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады. Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың бағыттарының бірі.
Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу- бүгінгі уақытағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, санлы тәрбие орта мектепте білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту ақпараттық технологияларды қолданумен жүзеге асады.
Оқушылар ақпараттық технологияны пайдаланып, оынң кейбір элементтерінің жеке шығармашылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай күнделіәкті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақты элеке\трондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі оны компьютер жадында сақтау мүмкндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.
Бұл қоғамда тек өндіріс қана өзгеріп қоймай, сонымен бірге жалпы өмірдің сипаты мен құндылықтар жүйесі басқадай түрге енеді. Ғни, бұл дегеніңіз шығармашылық қабілетке, зердеге және оқып білуге ынта мен қажеттілік жоғары деңгейде болады деген сөз. Осы мектептердің материалдық және технологиялық базасы болып комьютерлік техника мен компюьтерлік желілер, ақпараттық технологиялар және теелекоммуникациялық байланыс негізіндегі түрлі жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзіндік ақпараттық инфрақұрылым түзіледі. Оның негізінде озық электрондық техника көмегімен кешенді түрде ақпарат өндіріледі, оңделеді, сақталады және пайдаланылады.
Қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды падалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайыту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазщуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын дамытып, шығармалық қабілетіне жол ашу.
Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, оалр не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет. Ауызекі сөздің жалпы міндеті –сөздің мағынасын түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану және сөз қорын молайту. Әр сыныптың бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жататумен, сол сөздероді қатыстырып сөйлем және мәтін құрастыра білу.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпарттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Осы заманда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында бірнеше міндеттерін шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, теекоммуникациялық желі, электрондық және телекеоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапсын көтеру. Сонымен қатар еліміздің болашағы-жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы мамн болу керек. Бұл жұмыстың басты мақсаты компюьтер желісін және мультимедиялық-электрондық құралдарды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда қазақ тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық- электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі –оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интерсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануга, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Нәтижесінде оқушылар тарауды жақсы меңгергенін, компьютерлік сауаттылықтары дамығанын, ақпараттық мәдениетінің қалыптасқанынын көруге болады.тест қорытындысы бойынша оқушылардың желілер байланысы, электрондық пошта, жалпы компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясын, байланыстың түрлерін, ұялы байланыс жөнінде түсініктерді әлі де кең түрде қарастыруды қажет етті. Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық-компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Мұғалім –ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллеутуальды дамуын жобалаушы.ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген