Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында ауызша және жазбаша тілді дамыту.
Қазақ тілі сабағында оқушының дұрыс сөйлеуіне, сауатты жазуына
айрықша көңіл бөлінеді. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында тілді
дамытып, байланыстырып сөйлеу, тілдік материалдарды дұрыс таңдап,
оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының
бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске
асырылады. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының
логикалық жағынан дұрыс, анық, грамматикалық, лексикалық,
орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге,
екінші жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады. Қазақ тіліндегі тіл
ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға,
оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық
ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп,
көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп
отыруы тиіс. Тіл ұстарту мен тіл дамыту сабақтарының алдына қойып
отырған міндеттері – оқушылардың тілін дамыта отырып, ойын жеткізе
алатындай сөйлеуге дағдыландыру, сөйлеу мен жазу деңгейін көтеру.
Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен
сауаттылығын арттырады. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында оқушының
ауызша жауаптарының ерекшелігі неде, оның қандай кемшілігі бар
деген мәселелерге талдау жасап, оның себебін білу арқылы тіл дамыту
жұмыстарын қалай ұйымдастыруды ойластыруы қажет.
Әр оқушының грамматикалық ережелерді айтудағы, оған мысал келтіру,
сөйлем құрастыру, құрастырған сөйлемді ережеге сай дәлелдеу, кейбір
грамматикалық формаларға талдау жасау, белгілі бір мәтінді оқу,
әңгімелеу, сұрақ құрастыру, сұрақтарға ауызша жауап беру,
экскурсияда көргендерін баяндап беру, аударма, сондай-ақ сурет
бойынша әңгіме құрастырудағы мүмкіншіліктерін ескере отырып, тіл
дамыту жұмысын жүргізуге болады. Қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыға
қалыптастыру, қазақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға
кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін
жасау арқылы оларды сөйлемде дұрыс орналастырып, сөйлем құру сөйлем
арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту
ұғымына жатады. Қазақ тілінде сауатты, жақсы
жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып қана қоймай,
сауатты жаза білу де міндет. Сауатты жаза білуді қалыптастыруда
мұғалім оқушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар,
жазылым арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамытады. Сауатты, дұрыс жазу
талабы – емле ережесін сақтау, сондықтан оқушыға жазудағы
сауаттылықты, емле мен тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйрету
басты міндет. Осыған байланысты, оқушыларға сөзбен сөзді
байланыстыратын қосымшаларды, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі мен
сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгерту негізгі мақсат болып
табылады. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлемнің
бәрі сөзден құралады. Зат есімнің грамматикалық категорияларын
оқыту – оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының,
орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының,
дамуының негізгі кілті болып табылады. Зат есімнің басқа сөз
таптарынан ерекшеленетін бір белгісі – көптік, тәуелдік, септік,
жіктік категорияларының болуы. Осы тақырыптан берілетін теориялық
білімнің аясы кең. Грамматикадан алған мәліметті оқушыға сөз бен
сөзді байланыстыруда, сөйлем құрауда қолдануға дағдыландыру қажет.
Сонда ғана оқушы өз ойын қазақша жеткізумен бірге, басқаның да
айтқанын түсіне алады. Мысалы: "Зат есімнің септелуін" өткенде
алдымен, жалпы грамматикалық анықтамаларын орыс тілінің
грамматикасымен салыстыра отырып түсіндіріледі. Қазақ тілінде 7
септік бар екендігі туралы айтылады. Әрбір септікке жеке-жеке
тоқталып, оларды жаттығу жұмыстарын орындау арқылы зат есімді
тауып, қай септікте тұрғанын анықтату, жалғауын көрсету, сұрақ
қойғызу арқылы практикалық жолдармен меңгертіледі.Оқушыларға
тақырып түсінікті болу үшін грамматикалық анықтағыш пайдаланған
дұрыс, ол үлкен көмек көрсетіп, нақты пайдасын тигізетін құнды
құрал. Грамматикадан берілген мағлұматтарды бекітіп, дұрыс жазуға
дағдыландыру үшін мынандай жаттығу жұмыстары
жүргізіледі:
- Сұрақтар бойынша сөйлем құрастыру.
- Аяқталмай қалған сөйлемдерді, сөздерді толықтырып жазу.
- Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.
- Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
- Жеке берілген сөздерден сөйлем сөйлем құрастыру.
- Кітаптан тақтаға жазу.
Сөйтіп тіл дамыту — мағынасы, көлемі кең ұғым. Адам ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі: ауызша және жазбаша. Жалпы алғанда тілді оқытуда бұл екі бағыт қатар жүргізіледі. Оқушының сөйлеу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі сөйлеу, жаңа сөздерді немесе сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру тапсырмаларын ауызша орындалумен шектеліп қоймайды. Бірақ қазақ тілін оқытудың ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ болады. Адамның сөйлеуінде қолданылатын тілдік нұсқалар дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөйлемдердің тіркесі. Бұл тілді оқытудағы негізгі мәселелер. Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Ауызша сөйлеу тілінің бұл – негізгі мәселесі. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем – байланыстырып сөйлеудің құралдары. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болуы керек, оқушы сөздерді байланыстырып сөз тіркестерін жасаудың, сөз тіркесінен сөйлем құрастырудың заңдылықтарын білу қажет. Тіл дамыту тілдік нұсқаларды оқытумен бірге, байланыста жүргізіледі. Атап айтқанда фонетика, лексика, грамматика салалары ереже жаттау ретінде жеке оқылмайды. Бұл тілдік материалдарды оқыту олардың қолданылуын меңгерту мақсатында бағындырылады. Оқушы қазақ тілінің тілдік материалын білмей, ойын байланысты түрде басқаға жеткізе алмайды. Оқушыға сөздерді, тілдік нұсқаларды таныстырумен, бітірумен бірге, олардың әрқайсының тілде қалай, қандай жағдайда қолданылатыны үйретіледі. Егер оқушы олардың қалай қолданылатынын меңгермесе, ойын жеткізе алмайды. Оқушы ойын еркін жеткізу үшін, тілдік нұсқалардың қолданылуын білу қажет, біліп қана қоймай, оларды дұрыс қолдану дағдысын меңгеруі керек. Оқушыны ауызша әдеби сөйлеуге үйрету. Бірінші - оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстарды және сөздерді дұрыс айтуына көңіл бөлу, үйрету. Дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөйлеу тіліне жаттықтыру. Екінші - оқушылардың белсенділігін арттыру. Үшінші - тиімді технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Төртінші – оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, білім сапасын көтеру. Сабақта мұғалім мен оқушылар ынтымағын, түсінушілігін нығайту мәселесі бірінші кезекте тұруы керек. Ол үшін мұғалім оқушылармен үнемі жүйелі жұмыстар жүргізуі керек. Олардың білімге деген ықыласын, қызығушылығын арттырып отырған дұрыс. Сұрақты дұрыс қоя білудің де тіл дамыту да мәні зор. Қойылған сұраққа жауаптың толық, нақты болуын үнемі талап етіп отырған жөн. Себебі оқушы қазақ тілі пәнінде сөйлеп-үйренудің жолдарын үйренеді. Белгілі тілші-ғалым Р.Сыздықова "Тіл сабағын оқытуда принципті бетбұрыс жасау керек. Ол жаңа бағыт, басты нысана етіп тілдің дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алуы тиіс,"- деген екен. Осында ойланған кісіге үлкен мән жатқаны белгілі. Яғни тіл дамыту жұмысы оқушылардың тіл байлығын дамытады. Тіл дамыту жұмысында ауызша сөйлеу мен жазбаша тілдің бір-бірімен байланысы басты орын алады. Жазбаша тіл дамыту жұмысына қарағанда ауызша тіл дамыту оңайлау болып келеді. Себебі оқушы жазғанда тек ойын жеткізіп қана қоймайды, оны дұрыс, сауатты жазуға тырысады, тыныс белгісін сөйлем интонациясына қарай қоюды үйренеді.
Ауызша сөйлеуді жақсы
меңгерген адам өз ойын жазбаша да жеткізе алады. Сурет бойынша
әңгіме, шағын шығарма жаздыру жазбаша тіл дамыту жұмыстарының
түріне жатады. Шағын шығарма, суреттеме қай тақырыпқа жазылса да,
сол күнгі өтілген жаңа материалмен байланыстырылып, ішінара
грамматикалық талдау жасалып отырады. Тіл дамыту жұмыстарына жұмбақ
шешу, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айту да жатады. Бұл жұмыстар
көбінесе оқушыларды сергіту мақсатында жоспарланады. Енді бір
тоқталатын мәселе - қазақ тілі сабақтарында үнемі орын алып отыруға
тиісті грамматикалық ойындар. Ойын түрлерін көбіне "Қызықты
грамматика" жинағынан алып пайдаланамын, кейде сабақ тақырыбына
орай өз жанымнан қосып, түрлендіріп жүргіземін. Бұл ойындар бір
қарағанда өте қарапайым, бірақ сабақтың сапасын көтеріп, оқушының
ынтасын арттыруға тигізер ықпалы аса мол.
Тіл ұстарту жұмыстары оқушылардың игерген білімдері мен біліктерін
қолдануға бағытталады. Бұл сабақта сөз құдіретін танытатын мақалдар
мен даналық сөздерді талдатуға, тілдегі сөйлеу этикетіне жататын
сөздер тізбегін жасаттыруға, халқымыздың жақсы дәстүрлерін сақтап
келген шешендік сөз үлгілерін әрі қарай дамытып, оны жастардың
сөйлеу дағдысына сіңіру бағытында жұмыс жүргізуге әбден болады.
Мәселен, «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген мақалдың мәнін ашқызу. Бір
ауыз жақсы сөз адамды жадыратып, көңілін көтеретіндігін, қуат беріп
шабыттандыратынын мәтіндер арқылы дәлелдету. Халықтың
салт-дәстүріне байланысты айтылатын табу сөздер мен дөрекі сөздерді
жұмсартып жеткізу мақсатындағы эвфемизмдерді тіл мәдениетіндегі
орнын түсіндіре келіп, олардың сөз әдебімен байланысын ашқызу,
көркем мәтіндерден осындай тілдік құбылыстарды теріп жаздыртқан
жөн.
Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып табылады. Сондықтан, болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін, білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің маңызы үлкен. Қоғам ауысқан сайын оның өзіне тән құндылықтар мен тәрбие жолдары өзгеретіні белгілі. Қазақ халқы өзіне лайық ұрпақ өсіруді, оның бойына адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез-құлықты дарытуды, ата-ана мен дәстүрді сыйлауды, туған тілді, елді, жерді сүюді әуелден-ақ өзіне мұрат тұтқан. Жас ұрпақ бойында адамдық құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті – біздерге маңызды міндет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту

шағым қалдыра аласыз