Қазақ тілі сабағында
оқушылардың функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі
халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық
тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің
түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру
жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге
алынып отыр.
Жай
cayaттылық - адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру
және қарапайым арифметикалық әрекеттерді
орындауы. Фyнкциoнaлдық
cayaттылық – адамның сыртқы ортамен қарым - қатынасқа
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен
қарым - қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса,
функционалдық cayaттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір
сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым -
қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың
жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен
білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің
немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.
Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда фyнкциoнaлдық
cayaттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде
қолданылады.
Мектеп
оқушыларының фyнкциoнaлдық сауаттылығы
дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін
дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш
сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы
қалыптасады Соның ішінде оқу сауаттылығы- оқушылардың
жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы,
жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға
бейімделуі.
Яғни, оқу
сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып
табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым
дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады.Сондықтан күнделікті
сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын
арттыруда маңызды роль атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының
ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.
Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға
болады.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір
айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, яғни әрбір адамға керекті
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешу маңызды.
Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық
салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Мәдени мұраларды
меңгеру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы мен мәдени болмысы
қалыптасады. Мәдени мұраларды игеру, әрине тіл мүмкіндіктері
арқылы жүзеге асады. Сабақта оқушылардың функционалдық дағдысын
диалог, монолог арқылы дамытуға болады. Монолог арқылы оқушылардың
мынадай іскерліктері қалыптасады: белгілі бір тақырыпқа өз
көзқарасын білдіреді белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді сөз
тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады сөйлеу тілін
байытады сөздік қорын жетілдіреді нақты, дәл, анық жауап беруге
үйретеді
Төменде балаларға сынып тапсырмаларын ойдағыдай
орындау үшін қажетті әрекеттер реті мен дағдылар
келтірілген:
1. Көру немесе есту арқылы алынған ақпаратты
өңдеу, сондай-ақ бастапқы дереккөздерді зерделеу кезінде алынған
деректерді, жауап алу немесе сауалнама барысында жиналған
деректерді немесе оқулықтар, энциклопедиялар немесе веб- сайттар
сияқты екінші дереккөздерден жиналған ақпаратты
өңдеу.
2. Зерттеу жүргізуге арналған дәлелдемелерді
немесе зерттеу нәтижесінде алынған дәлелдердің негізін құрайтын
дәлелдемелерді жүйелейтін түйінді мәселелер, болжамдар мен
гипотезаларды түсіну.
3. Осы түйінді мәселелер мен қолда бар
дәлелдемелердің бірбіріне сәйкес келуін және үндесуін
талдау.
4. Жекелеген факторлар немесе түрлі дербес
бағалар мен болжамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
анықтау.
5. Дәлелдерді немесе бірқатар идеяларды дайындау
үшін түрлі ақпарат көздерін жүйелеу. Сіздің идеяңызды
қалыптастыратын және қолдайтын түрлі дереккөздер арасында байланыс
жүргізіңіз.
6. Сіздің зерттеуге қатысты дәлелдемелердің
шынайылығы мен дәлелділігін және дәлелдемелер сіздің
болжамдарыңызбен, туындаған идеяларыңызбен қаншалықты сәйкес
келетінін бағалау.
7. Зерттеу негізінде жатқан сұрақтардың жауабына
түсініктеме беру кезінде зерттеу барысында алған білімін
қолдану.
8. Зерттеу қорытындылары мен
нәтижелерін дәлелдеу және негіздеу.
Қорыта
келе, қазақ тілі пәнінен оқушының
фyнкциoнaлдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай
тұжырымдарманы ұсынуға болады:
-
оқушыларды бірінші сабақтан
бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым,
оқылым, тілдесім) меңгерте білу
-
оқушылардың алған білімдерін
өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға
үйрету;
-
мемлекеттік тілде
ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;
-
әлеуметтік талаптарына сай
келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және
мәселенің шешімін табуға үйрету;
-
оқушылардың өмірге
бейімделуіне үйрету;
-
оқушылардың жеке қабілеттерін
дамыту;
-
оқушылардың әлеуметтік-мәдени
дағдыларын дамыту;
-
қазақ халқының салт –дәстүрін,
мәдениетін, тарихын құрметтеу; Отанымыз – Қазақстанның өркендеуі
үшін, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың фyнкциoнaлдық сауаттылығын
дамытып, фyнкциoнaлдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелесек. «Білімнен
қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» дегендей оқушылар алған
сапалы білімдерін, тәрбиесін, бойға дарыған өнерлерін үнемі
жаңғыртып, жетілдіріп оны ғылыми жетістіктермен толықтырып отыруы
тиіс.