«Қазақ тілі сабағында түрлендірілген тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту»
(айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым)
Оқу-әдістемелік құрал
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Абай атындағы орта мектеп –гимназия» КММ
Кесикбаева Гульмира Ердаулетовна
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
Тілдік дағдылар туралы түсінік
Белсенді оқыту жаттығулары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тақырыптық тест тапсырмалары
Түсінік хат
Білім жүйесіндегі барлық тәжірибелер бойынша тіл сабақтарында тілді меңгерту басты төрт дағдыға негізделеді. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары – пән мазмұнын білім алушыға терең меңгертудегі басты дағдылар. Тілдік дағдылардың барлығының ішкі дағдылары бар, әрбіреуінің өзіндік ерекшеліктері бар, соған орай, меңгертудің де тиімді-әдіс тәсілдері бар. Білім алушыға айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын үйретуде әр мұғалім әдіс-тәсілдерді таңдап алуы керек. Сыныптың ерекшелігін, пән мазмұнын, тілдік дағдыларға тапсырмалар, мәтіндер таңдағанда мұғалім төрт дағдының ішкі дағдыларын ескеруі тиіс. Аталған әдістемелік құралда төрт дағдыны білім алушыға үйретуде ұтымды әдіс-тәсілдер, түрлі тапсырма жүйесі ұсынылды.
Бұл әдістемелік құралды жазудағы негізгі мақсат – әріптестерге, жас мамандарға тілдік дағдыларды меңгертуде әдістемелік жағынан көмек көрсету. Аталған дағдылар туралы ақпараттар Кэмбридж басылымдары «The TKT course» (Cambridge University Press, 2011) және терминдерге анықтама «The TKT glossary» (UCLES, 2011) кітаптарынан алынды. Бұл кітаптарда айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым туралы негізігі түсініктер мен оны ұйымдастыру жолдары берілген. Сонымен қатар осы дағдыларды меңгертуге арналған сабақ үлгілер мен белсенді оқыту тапсырмалары ұсынылып отыр.
Әдістемелік құралдың өзектілігі: білім алушылардың әртүрлі мәтіндердегі ақпараттарды түсіну және оларға рефлексия жасау қабілеті мен пәндік төрт дағдыдан алған білімін өмірлік жағдаяттарға қолдана алуын көздейді
Әдістемелік құралдың мақсаты: Әртүрлі жанрдағы, құрылымдағы мәтіндерді сауатты оқу, қабылдай алу, оқылымның, жазылым мен тыңдалым, айтылымның ішкі дағдыларын меңгертіп, оқу, жазу сауаттылығы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу
Әдістемелік құралдың міндеттері:
-
Мәтіндегі ақпараттарды іріктеу
-
Мәтін түрлерін талдау, сұрыптау
-
Мәтін мазмұнын, түйінін ашу
-
Мәтін бөліктерімен жұмыс
-
Мәтіндегі көтерілген мәселелерді анықтау
-
Мәтіндегі көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарасын білдіру
-
Мәтіннің танымдық сипатын ашу, үлгі алу
-
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау
-
Мәтіннің өмірмен байланысын ашу
-
Эссе жазу;
-
Сын-пікір жазу;
-
Хабраландыру, құттықтау жазу
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар мәтін түрлерімен жүйелі жұмыс жасай алады;
-
Оқушылар мәтін түйінін өмірмен байланыстыра алады;
-
Оқушылар мәтіндегі қосымша, негізгі ақпарат көздерін ажырата алады;
-
Оқушылардың танымдық деңгейі артады;
-
Оқушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасады
-
Оқушылардың сөздік қоры, сөз саптауы жоғарылайды
Дағдыларды қалыптастырады:
-
Іштей және дауыстап оқу дағдысы
-
Мәтінді оқу түрлерін меңгереді
-
Мәтіннің астарлы ойын анықтай алу
-
Мәтіндегі ойды болжай білу
-
Ғалам туралы білім түсінік
Танымын, ойлау қабілетін
Жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын сипаттау барысында қазақ тілінің тілдік ерекшелігі және қолданыстағы терминдер берілді. Сонымен қатар, төрт дағдыға арналған мәтіндер жинақтамасы мен платформалар, сайттар мекен-жайы де көрсетілді.
Құрметті, ұстаздар! Тілдік төрт дағдыны меңгерте отырып, оқушылардың оқу, жазу сауаттылықтарын, функционалдық сауаттылықтың да басқа қырларын дамытады.
Айтылым — тілдік төрт дағдының ішіндегі ең негізгісі және жазылым сияқты продуктивті (өнімді) дағдылар қатарына жатады. Бұл дағды оқушының өз ойын ауызша жеткізуіне, коммуникативтік байланысқа түсуіне және ақпарат алмасуына мүмкіндік береді. Жазылыммен салыстырғанда айтылым — ойды жедел құрастырып, бірден дыбыстауды талап ететін күрделі процесс.
Айтылым барысындағы негізгі әрекеттер
Сөйлеу немесе қарым-қатынас барысында біз өз ойымызды келесідей компоненттер арқылы жүзеге асырамыз:
-
Интерактивті әрекеттер:
Әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру;
Диалогке, полилогке еркін қатысу және әңгімеге араласу;
Сөйлеушінің ойын тыңдау, оны қостау немесе пікір білдіру (реакция білдіру);
Әртүрлі ортада адамдармен амандасу, сыпайылық таныту.
-
Сөйлеу мәдениеті мен техникасы:
Эмоцияны жеткізу үшін интонацияны (дауыс ырғағын) орынды қолдану;
Дыбыс, буын және тіркес екпіндерін дұрыс қою;
Сөйлеу барысында қажетті жерде кідіріс (пауза) жасап отыру;
Грамматикалық тұлғаларды және тілдік терминдерді сауатты, орнымен қолдану.
-
Ақпаратты өңдеу және жеткізу:
Оқиғаларды жүйелі баяндау, нысандарды сипаттау және суреттеу;
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу (презентация, баяндама жасау);
Ақпаратты нақты жеткізу, түсіндіру және қажет жағдайда сұрау;
Перифраза жасау: ойды жеткізудің басқа жолдарын қарастыру (сөйлемді қайта құрастыру).
-
Өзін-өзі реттеу және бейвербальді қарым-қатынас:
Түсініксіз жайттарды нақтылауды өтіну;
Тілдік қатынастың бейвербальді түрлерін (ым-ишара, көзқарас) қолдану;
Өз сөзін бақылау (мониторинг) арқылы қателерді түзетіп отыру.
Айтылым дағдысының осы ерекшеліктерін терең түсіну мұғалімге оқушының сөйлеу тілін дамытуға бағытталған түрлендірілген тапсырмаларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Айтылымды дамыту –
тек сөйлеу емес, сонымен бірге ойды логикалық тұрғыдан жүйелеу және әлеуметтік ортада өзін еркін сезінуді қалыптастыру.
Оқылым, тыңдалым мәтіндерін таңдағанда:
Жас ерекшелігіне сай мәтін таңдауда ескерілуі тиіс:
Оқушының жас ерекшелігі;
Мәтіндегі сөз саны;
Мәтіннің мазмұны:
Мәтіннің оқушы психологиясына әсері(кері әсері бар ма, жоқ па?)
Мәтіндегі көтерілген мәселенің өзектілігі;
Мәтіндегі тіл тазалығы;
Мәтіндегі ақпараттардың шынайылығы;
Мәтін мазмұнының оқу мақсатына лайықтығы, тақырыптардың сәйкес келуі:
Мәтіндегі сандық деректер мен фактілердің жаңашылдығы;
Мәтін мазмұнының тәрбиелік мәні.
Мәтіннің құндылықтарға негізделуіне мән беру.
Жазылым дағдысы оқушының шығармашылығын, қабілетін, жазу сауаттылығын танытатын, дамытатын дағды. Жазылым дағдысы сөйлеу әрекетінің өнімді түрі болып есептеледі. Ал, жазу тапсырмаларын орындату бұл сынып оқушыларының ерекше бір көңіл-күйде, шығармашылық еркіндікте болғанда ғана іске асуы мүмкін, неге десек, себебі жазуға, жазылым тапсырмаларына оқушыға өзіндік кеңістік, эмоция, тыныштық керек.Жазылым тапсырмаларын орындатуға оқушыға көрнекіліктер де қажет.
Әр сыныптың бағдарламаға сай жазылым тапсырмалары, соған сай оқу мақсаттары бар.
1-тапсырма.Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған «Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі.
Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың «Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi» деген еңбегінде «Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн» атап көрсеттi.[6,4-б]
Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша – Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi.
Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi.
Күлтегін жыры – париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған. [1, 177-б]
Оқылым тапсырмасы
Тапсырма. Мәтіннің стилін анықтап, қолданған тілдік құралдарды кестеге толтырыңыз
Дескриптор:
Мәтіннің стилін анықтап, ерекшеліктерін жазады- 2 балл
Қолданған тілдік құралдарын анықтайды- 2 балл
|
Мәтінің стилі/ ерекшеліктері |
Қолданған тілдік құралдары |
|
|
|
Анықтама:
Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:
а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;
в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Оқылымнан кейінгі тапсырма:
Мәтіннен күрделі-құрама атауларды теріп жазыңыз
2-тапсырма,. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Сұрақтар:
1.Мәтінде көтерілген негізгі мәселе?
2.Жыл сайын кейбір мамандықтардың қажетсіз болып қалуының себебі?
3.Неліктен Салтанат мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр?
4.Кейбір жастардың бітірген мамандығында жұмыс істеуге ниеттенбеуінің себебі?
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар. Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
– Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды. Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды.
– Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан,оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.
Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мақаланың құрылымы мен рәсімделуіне қарап жанрлық ерекшеліктерін кестеге жазыңыз
«Қазақ халқы», «қазақ ұлты» - десе ең алдымен ойға: кең байтақ өлке, желбіреген көк туымыз, оюлы ұлттық киім, бауырсақ, қымыз, құрт, домбыра, киіз үй секілді аталмыш құндылықтар тізбегі оралады. Қазақы рухты көтеретін бізге ғана тән осындай ұлттық құндылықтар әлем елдері тануының, күллі жұрттан өзгешеленудің, жеке дара ұлт, мемлекет болудың, болашақ ұрпақ шежіресі мен ұлттың түп тамырының мықтап орнығуының кепілі. Ұлт дәстүрі, салты, ділі, өнері, діні, мәдениеті, тілін, ырым-тиымдарын толық қамтитын құрмет пен қасиет.
Ұлттық құндылықтар арқылы ұрпақ тәрбиелеп, дүние танымызды сонымен құрудамыз. Жеке адамнан – отбасына, отбасынан-қоғамға, қоғамнан- мемлекетке әсерін тигізіп, дамып отыратын қасиет. Ұлттық құндылықтарда адам дүние есігін ашқаннан бастап, тал бесіктен, жер бесікке дейінгі өмір жолында салт-дәстүрлер, салт-жоралғылар мен тәрбие арқылы көрініс тауып адам бойына дариды.
Бала тәрбиесі мен болашақ ұрпақ қамы мен ұлт тарихы үшін бойға сіңіріліп жаңғыртып отырады. Нәресте өмір есігін ашқаннан көріп өскен тәлім-тәрбиесі, «шілдеханадан» бастап, өмір бойы жасалынатын салт-жоралғылар арқылы адам өмірлеріне азық болар рухани нәрі. Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Кішкентай кезден, үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиеленсе, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерінде сол құндылықтарды дәріптейді. Әкесі мен баласы, қызы мен анасы, бозбала мен бойжеткен арасындағы жарасты қарым-қатынас отбасындағы ұлттық дәстүрді берік ұстанудың бір жолы, ол қоғам арасындағы жарасымдылыққа алып келеді. Халқымыз ұлын – нарға, қызын арға балап, рухани қасиеттерді о бастан бойларына дарытқан. Осындай тәрбие арқылы құндылықтарды қалыптастырған. Сол сияқты дәстүрлі өнер мен мәдениет те адамды рухани бай болуға жетелейді. (Злиха Дүйсекенова )
-
Мақаланың жанры мен түрі
Мақаланың құрылымы
Мақаланың рәсімделуі
1-ерекешелік
2-ерекшелік
4-тапсырма. Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.
– Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы – ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.
– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?
– Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе. Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?
– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.
– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?
– Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
1. Мәтіндегі сұхбат беруші
A) Атақты тілші
B) Қазіргі актер
C) Әйгілі сыншы
D) Театр режиссері
2. Мәтіннің негізгі мақсаты
A) Театр қойылымдарының сапасын салыстыру
B) Қазіргі театрдың жай-күйі туралы ақпарат беру
C) Қазіргі театр актердерінің сапалық құрамын анықтау
D) Театр саясаткерлерінің жұмысын насихаттау
3. Мәтін бойынша қазіргі театрлардың басты проблемасы
A) Қойылым түсіретін тақырыптарға немқұрайлы қарау
B) Қойылымдарға ақшаны шектен тыс үнемдеу
C) Парламентте театр мәселелерін талқыламау
D) Жұмыс күндері де демалмай қойылым көрсету
4. Мәтіндегі кез келген өнер адамының саясаткер болуы керек деген пікірдің себебі
A) Парламентті, үкіметті әзіл ретінде қойылымдарына қосу үшін
B) Кәсіби актерлерге арнайы тапсырыстар беру үшін
C) Жастарды көптеп жұмысқа, сахнаға тарту үшін
D) Қоғамдық, халықаралық мәселелерден хабардар болуы үшін
5. Мәтін мазмұнының түйіні
A) Театр жемісті жұмыс жасауы үшін актерлер саясатқа жаппай араласуы керек
B) Театр күлкіге, әзілге, арзанқол дүниелерге көбірек мән беруі керек
C) Тетар өз бастамаларын жеңіл-желпі тақырыптардан бастауы керек
D) Тетарда жетістікке жету үшін талмай ізденіп, инттелектіні көтеру керек.
5-тапсырма. Мәтіндегі: «Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек.» дегени пікірді жан-жақты талдап жазыңыз
6-тапсырма. Әлеуметтік желілер туралы екі стильдегі мәтін ұсынылады.
Мәтінді оқылымның түрлі стратегиялары арқылы оқып шығады.
Мысалы:
1) жеке оқу;
2) жұпта екі мәтінді бір-біріне мазмұндап береді;
3) топта талдайды.
|
А мәтіні Жұрт неге телефонға шұқшияды? Бір дастарқан басында бұрынғыдай емен-жарқын, алаңсыз отырып әңгіме айтпауы неліктен? Әркімнің өз қалтафонымен қамсыз отырғаны қалай? Тоқсанға келген апам айтпақшы: «Со бәлеңнің ішінде не бар?». Әрине, телефон ең алдымен байланыс құралы. Оның да түр-түрі бар қазір. Сосын ән тыңдайды. Кино көреді. Қызыққа толы видеоларды тамашалайды. Хат жазады. Хабарлама алады. Суретке түседі. Сайттарға кіріп, соңғы жаңалықтармен танысады. Өзіне керекті ақпараттарды іздейді. Қысқасы, бүгінгінің телефоны әмбебап. Ал шұқшиып отырғандардың басым бөлігі әлеуметтік желінің қолданушылары. Қайда барғаны, кіммен кездескені, қандай мақала оқығаны былай тұрсын, не тамақ жегеніне дейін әлеуметтік желіге жарқыратып салып жатады. Қысқасы, соңғы бірер жылдың шамасында адамдар тұрақты түрде желілерге желімденді. Тап бір желіге байланған құлындай. Соның әсерінен телефонға қарап күліп не қайғырып отырған адамға таңғалмайтын болдық. Біздің бұл әрекетіміз үлкендерге аса түсінікті емес. Сондықтан олардың жастарды «жын қақты» деп ойлауы әбден мүмкін. Ғаламтор деректерінен |
|
Ә мәтіні Қазіргі кезде әлеуметтік желілер "Вконтакте", "Мой Мир", халықаралық "Facebook", "LinkedIn" және тағы басқалар кең таралған. Статистика бойынша, Қазақстандық интернет қолданушылардың 62,4% "Вконтакте" желісінде, 25,9% "Мой Мир" желісінде, ал 22,7% "Одноклассники" желісінде отырады. Бұл ақпарат жастардың әлеуметтік желіде қаншалықты және қайда отыратынын көрсетеді. Көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр. Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ал бұл жасөспірімдердің негізгі әлеуметтендіру, оның психика мен дүниетанымын қалыптастыру кезеңі болып табылады. Статистикаға жүгінсек, жастардың 49,2% әлеуметтік желіні күнделікті, 19,7% аптасына бір рет және 9,1% айына бір рет тексереді. Бұл деректер ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Себеі, бұл жастардың қоғамдық, психологиялық дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал береді. Мысалы, 15 жасар жасөспірім күніне 4 сағат экран алдында отырса, физикалық күшке тек шамамен 1 сағат қана уақыт бөлінеді екен. Ғаламтор деректерінен |
-
Берілген екі мәтіннің ұқсастықтарын табыңыз.
Екі мәтіннің ұқсастығымен жұмыс жасау барысында төмендегі кестені қолданыңыз. Төмендегі кестені мәтіннің мақсатын анықтауда қолданыңыз.
Мақсат автордың ойлаған ойымен тығыз байланысты.
|
Ақпарат беру Қызықтыру Сендіру Дауласу Талқыға салу Суреттеу Ақыл-кеңес беру Нұсқау беру Сын-пікір білдіру Баға беру Тәрбиелеу Хабарлау |
1. Ұқсастығы
|
Аудиториясы- |
|
Мақсаты - |
|
Мазмұны-
|
-
Екі мәтіннің айырмашылығын табыңыз.
Екі мәтіннің мазмұнындағы айырмашылықты жазыңыз.
Екі мәтіннің мақсатындағы айырмашылықты жазыңыз.
Екі мәтіннің формасындағы айырмашылықты жазыңыз.
7-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Дескриптор:
Мәтін мазмұнына жоспар құрады
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Қорытынды:
8-тапсырма. Суретте тілдесудің қандай түрлері берілген? Ол туралы не білесің? Бір сөйлеммен анықтамасын беріңіз
Дескриптор:
-
Монолог
-
диалог туралы не біледі жазады

9-тапсырма. Берілген қанатты сөздерді қолдана отырып, достарыңның алдында сөйлейтін «Адал достықтың белгілері қандай?» тақырыбында мәтін жазыңыз
Тірек сөздер: Нағыз дос қиындықта сыналады. Достар уәдеге берік келеді. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын, адал дос, амал дос.
Дескриптор:
-
Тірек сөздерді қолданады
-
Тақырыпқа мәтін жазады
10-тапсырма.Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Бағалау критерийлері:
-
Мәтінді оқиды
-
Сұрақтарға жауап береді
Қазақ тілі – қазақ халқының мәдениеті мен тарихының айнасы екені баршаға мәлім. Біздің ана тіліміз қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттың рухани байлығының негізі болып табылады. Ана тіліміз туралы көптеген қызықты және танымдық деректер бар, олар тілдің тарихы мен қазіргі жай-күйін терең түсінуге мүмкіндік береді.Қазақ тілі арқылы тарихымызды, өткенімізді біліп, таразылап отырмыз. Тіл болмаса, қазіргі қазақ ұлты да болмас еді.
1-сұрақ: Тіл болмаса, ұлт неге болмайды?
2-сұрақ:Рухани байлық дегеніміз не?
11-тапсырма. «Мәдени мұраны сақтаудағы қазақ тілінің рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз. Сөз саны- 80-100.
Дескриптор:
-
Эссе құрылымын сақтайды
-
Тақырыпты ашады
-
Өзіндік пікір келтіреді
-
Аргумент, дәйектер келтіреді
-
Тіл сауаттылығын сақтайды
2. Әдебиет. Өнер. Тұлғалар
1. Ертегінің түрлерімен танысыңыз. Қандай ертегілер білесіз, жазыңыз
Дескриптор:
-
Ертегі түрлерімен танысады
-
Білетін ертегісін жазады

2-тапсырма. Берілген ертегіні аяқтаңыз
Дескриптор:
-
Берілген ертегіні аяқтайды
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті ...
3-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз, мағынасын ашыңыз
Дескриптор:
- Мақал-мәтелерді жалғастырады
-
Мағынасын ашып жазады
Отан үшін отқа түс, ...
Отан отбасынан ...
Бірлік бар жерде,
...
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – ...
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді тақырыптарына қарай топтастырыңыз
Дескриптор:
-
Мақал-мәтелдерді тақырыптарға топтастырады
Күш – білімде, білім
– кітапта. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. Білегі күшті
бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады. Өз білмегеніңді кісіден
сұра, Үлкен жоқ болса кішіден сұра. Ақыл – тозбайтын тон, Білім –
таусылмайтын кен. Білім арзан, білу қымбат. Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас. Ексең егін, ішерсің тегін. Наданмен дос
болғанша, Кітаппен дос бол.
Білім тақырыбы:
Ақыл туралы:
Еңбек туралы
5-тапсырма. Абай құнанбайұлы туралы не білеміз? Сұрақтарға жауап беріңіз

Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді:
1-сұрақ
2-сұрақ
3-сұрақ
-
Абай туралы не білесіз?
-
Абайдың өлеңдері қандай тақырыпта жазылған?
-
Абайдың қарасөздері туралы не білесіз?
6-тапсырма. Абайдың өлеңін оқып, мазмұнын жазып шығыңыз
Дескрипторы:
-
Өлеңді оқиды
-
Мазмұнын жазады
Ғылым таппай
мақтанба,
Орын таппай
баптанба,
Құмарланып
шаттанба,
Ойнап босқа
күлуге.
Бес нәрседен қашық
бол,
Бес нәрсеге асық
бол,
Адам болам
десеңіз.
Тілеуің, өмірің
алдыңда,
Оған қайғы
жесеңіз.
Өсек, өтірік,
мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
-
Бес дұшпаның,
білсеңіз.
Талап, еңбек, терең
ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
-
Бес асыл іс,
көнсеңіз.
7-тапсырма. Берілген өлеңдегі қыс сипатын беріп тұрған сөздерді теріп жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз
Бағалау критерийлері:
-
Ақын өлеңін өңдейді
-
Сауатты жазады
|
Ақын өлеңі |
Қыс сипатын ашып тұрған сөздер мағынасы |
|
Ақ киімді, денелі, ақ
сақалды,
|
|
8-тапсырма. Берілген сурет пен Абай өлеңінің ұқсастығы бар ма? Қыс суретін сипаттап жазыңыз
Дескриптор:
-
Ақын өлеңі мен суретті салыстырады
-
Сипаттап жазады

9-тапсырма. Абайдың өмірі мен шығармашылығынан берілген мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз
Дескриптор:
-
Абай өмірі мен шығармашылығын оқиды
-
Сұрақтарға жауап береді
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректілігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе үш жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды.
Оның 45 қарасөзі бар. «Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұры» атты өлеңдері бар. Ақын үш поэма жазған. Абай бірнеше ән жазған.
1.Мәтін бойынша Абай қай елдің мәдениетін жақсы білген?
A.Әлем елдерінің
B. Шығыс пен батыстың
C.Қазақ халқының
D.Орыс халқының
2.Әкесі неге Абайдан үміт күтеді?
A.Ақылды, қабілетті болған соң
B. Медреседе оқып келген соң
C. Батыс пен Шығысты білген соң
D. Ұлжаннан туған соң
3.Абай қай айда дүниеге келген?
A.Қыста
B.Жазғытұры
C.Күзде
D.Жазда
4. Абай оқудан неше жасанда қайтып келеді?
A.15
B.14
C.12
D.13
5.Мәтінге лайықты тақырып
A.Абай әндері
B.Абай шығармалары
C. Ақын Абай
D.Абай мәдениеті
10-тапсырма. Берілген суреттерді сипаттап «Бала Абай» тақырыбына шағын мәтін жазыңыз. 40-50 сөз
Дескриптор:
-
Суреттерді сипаттайды
-
«Бала Абай» тақырыбында мәтін жазады
-
11-тапсырма. Берілген шешендік сөздегі «жақын» сөзінің мағынасын ашыңыз
Дескриптор:
-
Жақын сөзінің маңынасын ашады
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын –
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың
жақын.
12-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды табыңыз. Кестені толтырыңыз
Дескриптор:
Негізгі ақпараттарды жазады
1.
2.
3.
Қосымша ақпараттарды жазады:
1.
2.
3.
Бөгенбай – қазақ халқының даңқты батыры. 1709 жылы Бөгенбай батыр ерекше көзге түседі. Сұлтан Әбілқайыр тұсында Бөгенбай батыр қолбасы болып тағайындалды. Ол қалмақтарды тас-талқан қылып жеңеді. 1723 жылға дейін жоңғарлар соғысқа шықпайды.
Одан кейін он үш жылдай уақыт өтеді.Жоңғарлар тыныш жатқан қазан еліне тағы шабуыл жасайды.Олар Жетісу, Талас, Шу өңірлерін басып алады.Халықтан жасақ құрған Бөгенбай батыр қолдан түрлі қару-жарақ соқтырады.
1728 жылы Ұлытаудың оңтүстігіндегі Бұланты өзені бойында жауға қатты соққы беріледі. Бөгенбай батыр бастаған қазақтар жеңіске ие болады.
Ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен Бөгенбай батыр 98 жасында қайтыс болады.
|
Негізгі ақпараттар |
Қосымша ақпараттар |
|
1. |
1. |
|
2. |
2. |
|
3. |
3. |
13-тапсырма. Берілген бейнебаянды тыңдаңыз. Ақпараттарды қолданып, диалог құраңыз
Дескриптор:
-
Ақпаратты қолданады
-
Диалог құрайды
-
Тіл сауаттылығын сақтайды
https://youtu.be/Hunr9eZCR_o?si=9VpJGPtwAtXpqJUX
«Төле бидің «Қарлығаш әулие атануы»

14-тапсырма. Қазыбек бидің шешендік сөзін оқыңыз. Қазыбек би қандай құндылықтарды айтып тұр, жазыңыз
Дескриптор:
-
Шешендік сөзді оқиды
-
Басты құндылықтарын ашады
Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді.
Мысалы, Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа.
Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!
1-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Қазыбек бидің шешендік сөзін үлгіге алып, өзіңіз де шешендік сөз жазып көріңіз
Дескриптор:
-
Шешендік сөзді негізге алады
-
Өзінің шығарамшылығын ұсынады
3. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Салт-дәстүрлер
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны негізінде талқылау сұрақтарын құрастырыңыз
Дескриптор:
Мәтінді оқиды
Талқылау сұрақтарын құрастырады:
1-сұрақ
2-сұрақ
3-сұрақ
Әке мен бала Бір адам он жасар баласын ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір ескі тағаны көреді. Ол баласына:
-
Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді.
- Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны алуға ерінген баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді. Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып:
- Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиені бінеше рет еңкейіп алдың. Бұдан былай есіңде болсын, балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың, - деді.
2-тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге ала отырып, «Мен қандай баламын?» тақырыбына шағын монолог құрыңыз
Дескриптор:
-
Мәтін мазмұнын басшылыққа алады
-
Монолог құрады, құрылымын сақтайды
-
Орфографиялық норма ережесіне сай жазады
3-тапсырма. Берілген мәтіндегі бейтаныс сөздерді теріп жазыңыз, сөздік арқылы мағынасын анықтаңыз
Дескриптор:
Бейтаныс сөздерді теріп жазады
Мағынасын анықтайды
Отбасының өзі – үлкен құндылық. Бірақ отбасы ішінде өзіндік құндылықтары болады. Кез келген отбасының басты құндылығы – сенім. Отбасында барлығы бір-біріне сенуі керек. Адалдық – әр отбасының маңызды құндылығы.
Отбасының тағы да бір маңызды құндылығы – сүйіспеншілік.
Отбасы сүйіспеншіліктен басталады. Сүйіспеншілігі бар отбасы ғана бақытты бола алады. Сүйіспеншілік бір-бірін кешіруге, өзара келісімде өмір сүруге көмектеседі.
Өзара қамқорлық – бұл отбасылық құндылық. Отбасында әркім бір-біріне қамқор болуға көмектесуге міндетті, әр отбасының мүшесін қолдауы керек.
4-тапсырма. Мәтінге кешенді талдау жасаңыз
Дескриптор:
Мәтінге кешенді талдау жасайды
Қаланың күнгей шақ шеті бос жатушы еді. Жазда мал жайылатын, балалар доп ойнайтын, қыста аппақ қар басып жататын, сол жерде балалар шаңғы тебетін.
Өткен жазда бұл жерге құрылысшылар келді. Жүк көтеретін крандар пайда болды. Көп ұзамай, биік үйлер сап түзей бастады.
Сәулелер осы жерге жақын ескі ағаш үйде тұратын. Ол өзгерісті күнде терезеден көріп тұрды. Әкесінен ол үйлердің кімдікі екенін сұрады. Үйлер осындағы ескі, кішкене үйде тұратындарға салынып жатыр екен. Мұны естіген Сәуле үйлердің бітуін асыға күтті.
Бір күні Сәуле есік алдында ойнап жүр еді. Үстінде кірпіші бар машина өтіп бара жатты. Арықтан өте бергенде, сықыр-сықыр етіп теңселді де, бір кірпіш жерге түсіп қалды. Мұны көрген Сәуле қол бұлғап айқай салды. Шофер естімеді.Сәуле түсіп қалған кірпішті көтеріп алды да, машинаның соңынан жүгіріп, құрылыс басына келді. Арада бір сағаттай өткенде Сәуленің кірпіші жылдам биіктеп бара жатқан үйдің қабырғасынан орнын тапты.
Мәтінді төменде берілген реттік нөмірмен талда:
-
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз
-
Мәтін екенін дәлелдеңіз
-
Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз
-
Мәтінге жоспар құрыңыз
-
Мәтін қандай стильмен жазылған? Анықтаңыз
-
Мәтін қандай үлгіде жазылған? (баяндау, сипаттау, суреттеу, пайымдау)
-
Мәтінде қандай сөйлемдер көп қолданылған?
-
Бір сөзге лексикалық талдау жасаңыз
-
Бір сөзге дыбыстық талдау жасаңыз
5-тапсырма. Мәтінді оқып, талдау жасаңыз. Осы монолог негізінде өзіңіз де монолог жазыңыз
Дескриптор:
Монологті оқиды, талдайды
Монолог жазады
Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.
Талдау сұрақтары:
-
Монологтен кейіпкердің қандай көңіл күйі көрінеді?
-
Мәтінді неге монологке жатқызамыз?
6-тапсырма. Балаға ат қою дәстүрі туралы не білесіз? Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Жұппен диалогке түсіңіз
Дескриптор:
Мәтінді оқиды
Ат қою дәстүрі туралы білетінін айтады
Жұппен диалогке түседі
Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, 2023 жылда бұл үрдіс біршама өзгерген.
7-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз.
Бағалау критерийі:
-
Мәтінді оқып, лайықты тақырып қояды
-
Даналық сөздің мағынасын ашады
Халқымыз бір рудан, жүзден тараған адамдардың балаларын туыс, туысқан, бауыр деп атаған. Бір атадан тарағандар ағайын аталған. Аталас ағайын деген де ұғым бар. Тіпті бір ұлттың өзі бір-бірін бауырлас, қандас деп атайды. Ағайындар бір-бірімен бірлікте, ынтымақта өмір сүрген. «Бөлінгенді бөрі жейді»- деп руға бөлінгенді ұнатпаған, себебі бірлікпен ғана ынтымақтастықта өмір сүрген халықтың ұрпағы мәңгілік болатынын білген.
Мәтін тақырыбы:
8-тапсырма. Мәтіндегі «Бөлінгенді бөрі жейді» деген даналық ойдың мағынасын ашып жазыңыз:
9-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды қоса отырып, «Менің туыстарым» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Сөз саны- 30-40
10-тапсырма. Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз. Бір мақалдың мағынасын ашыңыз.
Бағалау критерийлері:
-
Мақал-мәтелдердің жалғасын ашады
-
Мағынасын ашады
Бірлік түбі – ...
Халқы бірдің ...
Жақсы дәстүр жан...
11-тапсырма.Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Дескриптор:
-
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Халқымызда ұлттық ойындар өте көп. Ұлт болып жаралғаннан бері небір заналар өтсе де, ол ойындардың біразы жойылған жоқ. Қазіргі уақытты әлемдік кеңістіктен орын алып жатқан «Көкпар тарту», «Жамбы ату», «Бәйге», «Қыз қуу», «Асық ойнау» сияқты ұлттық ойындар бар.Біздің ұлттық ойындарымыздың ептілікке, ақыл-ой дамуына, логиканың жоғарылауына, денсаулыққа, психикаға оң әсері көп.
1-сұрақ
Ойынның адамға қандай пайдасы бар?
2-сұрақ
Ұлттық ойын дегенді қалай түсінесіз?
12-тапсырма. Берілген мәтінді тыңдап, ұлттық ойындардың құндылығын аша отырып, «Ұлттық ойындар – сан ғасыр жемісі» тақырыбынды пікір жазыңыз. Сөз саны- 80-100
https://youtu.be/ACIcHp1weSI?si=a4n0JFwQ1d1R3KbJ
«Ұлттық ойындар»
Десмкриптор:
-
Мәтінді тыңдайды
-
Пікір жазады
4. Ғаламтор. Технология.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, топта талқылаңыздар. Берілген жағдаятқа өз ойларыңызды жазыңыздар.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды
Жағдаяттық тапсырманы орындайды
Сауатты жазады
Телефон планшет байланыс құралы. Барған сайын тұтынушылардың мобильдік құрылғылар мен сенсорлы экран мүмкіндіктеріне «тәбеті» артып барады Биыл планшеттер смартфондар нарығында сауда ерекше қыза түскен.
Сарапшылар алдағы жылдар сатылу жағынан планшеттер дербес компьютерлерді артқа тастайды деп болжайды Осының салдарынан бағдарламалық жабдықтау компаниялары өнімдердің смартфондар мен планшеттердің дизайнына қатты көңіл бөле бастады. Мысал ретінде биыл қазан айында таныстырылған «Windows-тің» жаңа түрін айтуға болады.
Биыл «Facebook» компаниясының да тасы өрге домалады. Осы жылдың қазан айында компания өкілдері ай сайын желіге миллиардтан астам қолданушылар кіретінін мәлімдеді.
Жағдаят: сенің қолыңда ең жаңа маркалы смартфон бар, бірақ сен ол смартфонды қажетке жаратып жүрген жоқсың. Қалай ойлайсың, жаңа маркалы смартфондарды қажетке жаратпасақ, оның маңызы бар ма?
2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, проблемалық сұрақтар құрастырыңыздар
Дескриптор:
-
Мәтінді оқиды
-
Сұрақтар құрастырады:
1.
2.
3.
4.
Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы, техника
ғылымдарының докторы:
– Сіздің инновация
саласында еңбегіңіз аз емес, заман алға жылжыған сайын
өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Бұған қалай
қарайсыз?
– Ғылым жетістіктерінің адамзат қоғамының дамуына, қоршаған ортаның өзгерістеріне тигізетін әсерін зерттеуші халықаралық орталықтардың көрсетулерінше, соңғы екі жүз жылдағы экономика өсіміндегі өнертабыстың үлесі 90 пайызды құрайды. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.
Технологиялық серпіліс салдары – жедел жаңа өнеркәсіп орындарын қалыптастыру, шикізат сұранысын шектеу, әлемдік еңбек бөлісін өзгерту.
Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт 7-8 жылдан аспайды. 2010 жылы физика саласындағы Нобель сыйлығы көміртектес графен атты материалды жасау технологиясын дайындаған ұлыбританиялық өнертабыс иелеріне берілген болатын. Графеннің қалыңдығы бір атом, жазық, тұнық, өте жеңіл, үйкеліске шыдамды, беріктігі болат құймаларынан 200 есе жоғары, электр тогын өткізу қабілеті шексіз дерлік.
Алғашында графен өндірісі 2020 жылдан бастап іске қосылуы мүмкін деп жорамалар жасалынған. Бұл технологиядағы жаңа дәуірдің бастамасы.
– Демек, жаңа өнертабыс қоғамға оң өзгерістер әкеліп жатыр демексіз ғой?
– Иә. Графен және графен тәріздес материалдардың тұрмысқа енуі, ең бірінші кезекте ғарыш, ұшақ және машина жасау, байланыс салаларындағы қолданыстағы болат, алюминий, түсті металдарды, электроникадан кремнийді ығыстырып шығарады. Олар адам өміріне, экономикаға, мемлекетаралық қатынастарға, саяси жағдайға қаншама түбегейлі өзгерістер әкеледі. Келешекте қыруар қаржы жұмсап жерасты пайдалы қазба байлықтарын іздестіру, кен орындарын барлау, жер қойнауын қопарып кен өндірудің, оларды қуат шығыны үлкен, болашақта тапшылығын тартатын суды көп мөлшерде жұмсап өңдейтін металл комбинаттарының қажеті болмай қалуы әбден мүмкін. Себебі олардан алынатын соңғы өнім графенмен бәсекелес бола алмайды, қасиеттерінің айырмашылығы тым үлкен.
3-тапсырма. Берілген мәтінді мұғалімнің оқуында тыңдап, көтерілген мәселелерді анықтаңыздар
Дескриптор:
-
Мәтінді тыңдайды
-
Көтерілген мәселені анықтайды
Тыңдалым мәтіні
Антибиотиктер. Бесінші орын керемет дәрі-дәрмектерге, атап айтқанда, пенициллинге беріледі. Антибиотиктер өткен ғасырдың басты жаңалықтарының бірі болып, медицинаны өзгертті. Бүгінгі күні бәрі бірдей осындай дәрілік заттарға қаншалықты қарыздар екендерін елестете бермейді. Көптеген адамдар 80 жыл бұрын дизентериядан он мыңдаған адамдар қайтыс болғанын, пневмония өлімге әкелетін ауру екенін, сепсис барлық хирургиялық науқастардың өліміне қауіп төндіретінін, іш сүзегі қауіпті және емделуге қиын болатынын, өкпе обасы үкім сияқты естілетінін білгенде таң қалады. Бірақ осы қорқынышты аурулардың бәрі бұрын емделмеген (туберкулез) сияқты антибиотиктермен жеңілді.
Дәрілер әскери медицинаға айтарлықтай әсер етті. Бұрын сарбаздардың көпшілігі оқтан емес, жараланудан өлді. Өйткені, онда миллиондаған кокциді бактериялар еніп, ірің, сепсис және гангрена тудырды. Хирург жасаған максимум - дененің зардап шеккен бөлігін қысқарту. Ағайындарының көмегімен қауіпті микроорганизмдермен күресуге болатындығы белгілі болды. Олардың кейбіреулері өмір бойы басқа микробтарды жоюға қабілетті заттар шығарады.
Мұндай идея XIX ғасырда пайда болды. Луи Пастер сібір жарасының басқа бактериялардың әсерінен өлетінін анықтады. Уақыт өте келе, тәжірибелер мен ашылулар әлемге пенициллинді берді. Тәжірибелі дала хирургтары үшін бұл дәрі нағыз ғажайыпқа айналды. Үмітсіз науқастар қаннан улануды немесе пневмонияны жеңіп, аяқтарына тұрды. Пенициллиннің ашылуы және жасалуы бүкіл медицина тарихындағы маңызды жаңалықтардың бірі болып саналады және оның дамуына үлкен серпін береді.
4-тапсырма. Өз топтарыңызда мәтін бойынша төмендегі кестемен ой қорытыңыздар
Дескриптор:
-
Мәтін бойынша ой қорытады
-
Сызбаны негізге алады
-
Мақсаты
-
Аудиториясы
-
Формасы
-
Жанры
-
Мазмұны
-
Тілі
-
Стилі

5-тапсырма. Мәтінді оқып, құрылымына талдау жасаңыз
Дескриптор:
-
Мәтінде оқиды
-
Құрылымына талдау жасайды
5.Табиғат. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі
1-тапсырма. Мәтінді оқып, түрін анықтаңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз.Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашып жазыңыз
Дескриптор:
Мәтіннің түрін анықтайды
Мәтінге лайықты тақырып қояды
Мәтіннің идеясын ашады
«Жалғыз ағаштың аманаты»
Ауылдың шетінде, ескі қорымның маңында жалғыз қарағаш өсетін. Оның діңі жуан, бұтақтары жан-жаққа азу тістей жайылып, көкке қол созып тұрғандай көрінетін. Ауыл балалары үшін бұл ағаш жай ғана өсімдік емес, сырлас досындай еді. Жаздың аптап ыстығында соның көлеңкесіне тығылып, аңыз-ертегілер айтысатынбыз.
Бірде ауылға үлкен жол құрылысы келді. Инженерлер карталарын жайып тастап, дәл осы қарағаш тұрған жерден тас жол өтетінін айтты. «Кесу керек! Жолға кедергі!» – деген суық шешім шықты. Ауыл үлкендері күңіреніп қалды. Ол ағаш талай ұрпақтың куәгері, соғысқа кеткен боздақтардың соңғы бекеті, елдің берекесі еді.
Сол күні ауылдың ең қарт ақсақалы Мұрат қария құрылыс басшысына барып: «Шырағым, бұл ағаштың тамыры тек жерде емес, біздің жүрегімізде. Оны кескенің –біздің тарихымызды кескенің», –деді. Бірақ техниканың аты техника, ертеңіне алып экскаваторлар мен аралар дайын тұрды.
Біз, бір топ бала, ағаштың айналасына қол ұстасып тұрып алдық. Біздің бұл әрекетімізге таңғалған жұмысшылар тоқтап қалды. Сол сәтте аспан айналып жерге түскендей, кенеттен жел тұрып, қарағаштың жапырақтары ерекше шуылдай бастады. Ол дыбыс бейне бір мұңды күй секілді еді. Жұмысшылардың бірі арасын жерге тастап: «Менің де ауылымда осындай ағаш бар еді... Қолым бармайды», –деді.
Ақыры, жол бағыты сәл қисайтылып, қарағаш аман қалды. Қазір сол тас жолмен жүйткіген көліктер жалғыз ағашты айналып өтеді. Ол әлі де сол орнында, маңғаз қалпында тұр. Жел соққан сайын жапырақтарымен бізге: «Табиғат – сендердің қазыналарың, оны сақтау – аманат», –деп сыбырлайтындай.
Бұл оқиға маған үлкен сабақ болды: адамның бірлігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі кез келген темірден де мықты. Табиғатты қорғау –өзіңді, өз тарихыңды қорғау.
Мәтіннің түрі:
Мәтінге лайықты тақырып:
Мәтіннің идеясы:
2-тапсырма. Мәтінді зейін қойып оқып, мазмұнын жұпта талқылаңыздар. Сұрақтарға жауапр беріңіздер
Дескриптор:
Мәтінді оқиды
Жұппен талдайды
Су
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Біреулер қап- қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады .
Бұл – судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың – шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады.
-
Сусыз тіршілік неге болмайды?
-
Жер бетінің ең көп бөлігін су алып жатқанын қалай түсіндіре аласыз?
-
Судың қандай қасиеттері бар?
-
Өзің білетін су туралы ақпараттармен бөлісе аласыз ба?
-
Өзіңіз күніне қанша литр су ішесіз?
3-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, «Суды үнемдемесек, су тапшылығы болуы мүмкін бе?» тақырыбына пайымдау мәтінін жазыңыз
Дескриптор:
Мәтіндегі ақпаратты қолданады
Пайымдау мәтінін жазады:
Құрылымын сақтайды
Өз көзқарасын білдіреді
Тақырыпты ашады
Тіл сауаттылығын сақтайды
4-тапсырма. «Лексикалық тазалық» Мәтіннен «паразит» сөздерді алып тастап, жатық тілмен қайта жазыңыз.
Мәтін: «Шыны керек, ол жерге барғанда, қалай десем екен, бәрі анау сияқты, өте жақсы болды ғой енді. Біздің ортамызда өсекшілер де бар екен.Саңыраулар соқырды да танымайды ғой. Қашан көрсең де, езіліп жүреді.
Дескриптор:
Артық қыстырма сөздерді жояды;
ойды нақты тұжырымдайды.
5-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап,
көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды
жазыңыз
Дескриптор:
көтерілген басты мәселені анықтайды
негізгі мәселеге қатысты өз ойын жазады
Табиғат – адамзаттың алтын бесігі, тіршіліктің қайнар көзі және сарқылмас қазынасы. Бізді қоршаған әлем: асқар таулар, сыңсыған орман, сарқырап аққан өзен мен көгілдір аспан – бәрі де табиғаттың бізге берген теңдессіз сыйы. Адам баласы жаратылыстың ажырамас бөлігі болғандықтан, оның тағдыры тікелей табиғатпен байланысты.
Табиғаттың әрбір маусымы өзінше бір көркем туынды іспеттес. Көктемде жер ана бусанып, айнала жасыл желекке оранса, жазда күннің шуағымен бүкіл тіршілік жандана түседі. Күз келгенде дала алтын түске боялып, табиғат өзгеше күйге енеді. Ал қыс мезгілі жер бетін ақ мамыққа бөлеп, айналаны тылсым тыныштыққа бөлейді. Бұл циклдік өзгерістер табиғаттың ұлы заңдылығын, оның тепе-теңдігін көрсетеді.
Алайда, қазіргі таңда технология мен өндірістің қарқынды дамуы табиғатқа өз зиянын тигізіп жатыр. Ормандардың кесілуі, өзен-көлдердің ластануы және сирек кездесетін жануарлардың жойылуы – адамзаттың табиғатқа деген жауапсыздығының көрінісі. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы климаттың өзгеруіне, жаһандық жылынуға алып келді. Бұл мәселе тек бір елдің емес, бүкіл әлемнің ортақ қасіретіне айналды. Табиғат – үнсіз шыдағанмен, оның ресурстары шексіз емес.
Табиғатты қорғау – әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы. Халқымызда «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Біз болашақ ұрпаққа таза ауа, мөлдір су және құнарлы топырақ қалдыруымыз керек. Ол үшін күнделікті өмірде суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау, ағаш егу секілді кішігірім істерден бастағанымыз абзал.
6-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді «Талқылау алаңында» талдаңыздар
Дескриптор:
-
Мақал-мәтелдерді талдайды
-
4 топта ережемен талдайды
-
ПОПС формуласына салып сөйлейді
|
Мақал-мәтелдер |
|
1.Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ. |
|
2. Қара жерге халық ие. |
|
3. Заманына қарай заңы, Тоғайына қарай аңы. |
|
4. Батар күннің, атар таңы бар. |
|
5. Жайылымы болмаса, мал азады. |
|
6. Жер тағдыры – ел тағдыры. |
Айтылым тапсырмасы. «Талқылау алаңы»
Оқушылар 4-топқа алдын-ала бөлініп, келесі тапсырмалар бойынша сөйлейді.
1-топ - «Спикерлер»: Мақал-мәтелдің біреуін қолданып, тыңдалым мәтінінің мазмұнын дамытады.
2-топ – «Талқылаушылар»: Спикердің сөзін тыңдап, «иә, бірақ...» деп өзінің позициясын айтып, ойды дамытады.
3-топ – «Сұрақ қоюшылар»: Талқылаушыны тыңдап, тақырыпқа қатысты бір проблемалық сұрақ қояды.
4-топ – «Бағалаушылар»: Қойылған сұраққа «ПОПС» формуласымен жауап береді. Ойын аргументтеуде мақал-мәтелдерді орынды қолданады.
«ПОПС» формуласы
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».
7-тапсырма. Берілген мәтінді оқыңыздар. «Өткір (проблемалық) сұрақтар құрастырыңыздар
Дескриптор:
-
Мәтінді оқиды
-
Өткір сұрақтар құрастырады
Анықтама:
Өткір сұрақтар – нақты бір проблемаларды талқылағанда
өзекті сұрақтар да қойылады, яғни олар өмірлік маңызды, өзекті, принципті мазмұнда құрылады. Жалпы, сұрақ-жауап алаңы тиімдірек, өйткені оқушы көбінесе өзінің жаттап алған немесе қысқа жауаптарын айтумен шектеледі. Өз көзқарасын білдіруе, оны бүгінгі күнмен байланыстыра алуға үйрету арқылы тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыруға болады.
Оқылым мәтіні
Қызыл кітап туралы мәліметтер:
"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол - Қызыл кітап...
Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?
Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті.
Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері былайша жіктеледі:
1.Жойылып кету қаупі төнген түрлер. Мұндай түрлерді сақтап қалу үшін міндетті түрде арнайы шаралар (табиғи қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи резерваттар және т.б.) ұйымдастыру қажет.
2.Саны күрт азайып бара жатқан түрлер. Ондай түрлердің саны әзірше мол, бірақ қарқынды түрде азаюына жол берілмеуі қажет.
3.Сирек кездесетін түрлер. Ондай түрлердің санының азаюын қадағалап отыру қажет.
4.Толық зерттелмеген түрлер, Ондай түрлер туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мұқият түрде жүргізілуі қажет
5.Қалпына келтірілген түрлер.
Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.
1-сұрақ:
2-Сұрақ:
3-сұрақ:
-
Адамның сырт келбеті мен мінезі
1-Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Дескриптор:
-
Сұрақтарға жауап береді
-
Мінездің қандай түрлерін білесіз?
-
Мінез адамның өміріне қалай әсер етеді?
-
Көркем мінез деп қандай мінезді айтар едіңіз?
-
Өз мінезіңізді сипаттар бере аласыз ба?
2-тапсырма. Мәтінді оқып, сыни пікір жазыңыз. Сөз саны 40-50
Дескриптор:
-
Мәтінді оқиды
-
Сыни пікір жазады
-
Құрылымын сақтап, өз көзқарасын білдіреді
-
Тіл сауаттылығын сақтайды
Мінез – адам баласына берілген құндылық. Мінездің түр-түрі бар. Осыған орай, халқымыз мінезге қатысты бірнеше сөздер мен сөз тіркестерін айтады. Мысалға, көркем мінез, мінезі қатты, мінезді, мінезі ашық тағы басқа. Көркем мінезді өзінің ұрпағының бойына сіңіруге тырысқан, себебі көркем мінез адамға бақыт, тыныштық, береке әкеледі деп ырымдаған. Ал, мінезі қатты, ашуы тез адамдардан аулақ болуға, ол адамдарға сабыр сақтауға кеңес береді.
Анықтама: пікір дегеніміз — заттар, белгілер немесе зат пен оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде) бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделірек келеді, өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді.
3-тапсырма. Суретке қарап, сұрақтарға жауап беріңіз
Дескриптор:
-
Суретті мұқият қарайды
-
Сұрақтарға жауап береді

1. Суреттегі балалардың сырт келбетіне қарап, олардың қандай адам екенін ажыратуға бола ма?
2. Сыртқы келбет пен тазалықтың байланысы бар ма? Ойыңызды дәлелдеңіз
4-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойын жазыңыз
Дескриптор:
-
Мәтінді оқиды
-
Негізгі ойын жазады
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады.
Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді.
Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек.
Cыртқы келбет пен тазалық тығыз байланысты себебі, жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайлы қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды.
5-тапсырма. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына керекті сөздермен толықтырып жазыңыз
Дескриптор:
-
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мәтінді толықтырады
Керекті сөздер: көрікті, кез келген, қадірлі, сыпайы, жағымды, сыртқы, тартымды, жайлы, ішкі.
Адамның сырт келбеті ... болмаса, ... жан дүниесі де көбімізді қызықтыра бермейтіні белгілі. Сөйлесіп көрмейінше, оның қандай адам екеніне көз жеткізу мүмкін емес. Десек те, ... кісі өзі туралы ... келбеті мен ... қылықтары арқылы айтып береді деп санаймыз. Адам баласы барлық уақытта ... келбетімен, ... мінезімен, ... қарым-қатынасымен ... болмақ.
-
Жеті керемет
1-тапсырма. Мәтінді оқып, «Әлемнің жеті кереметі» туралы не білесіз, ойыңызды ортаға салыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз
Дескриптор:
-
Суреттегі ақпарат туралы білетінін ортаға салады
-
Сұрақтарға жауап береді

1-сұрақ: Бұл аталған орындар неге керемет деп аталған?
2-сұрақ: Жеті санымен байланысты болуы неліктен деп ойлайсыз?
3-сұрақ: Жеті кереметтің қайсысы саған ерекше ұнайды?
4-сұрақ: Қазақстанның жеті кереметіне нені жатқызар едің?
5-сұрақ: Жеті кереметтің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
2-тапсырма. Пікірге байланысты берілген тірек сөздерді қолдана отырып, өз ойыңызды айтыңыз
Тірек сөздер: Алтын адам, құнды жәдігер, жеті керемеи, ерекшелігі, алтын киім, сақ патшасы
Есік қаласынан, Берел қорғанынан, Шілікті қорғанынан «Алтын адам» табылғанын білесіз. Осы «Алтын адамды» жеті кереметке кіргізуге бола ма? Дәлелдеп жазыңыз
3-тапсырма. «Мен үшін Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбында сипаттама эссесін жазыңыз. Эссе талаптарын сақтаңыз. Сөз саны: 80-100
Дескриптор:
-
Тақырыпты ашады
-
Құрылымын сақтайды
-
Дәлелдеме келтіреді
-
Сипаттау тәсілін қолданады
Анықтама, есте сақтаңыз!
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс
ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт.,
орфогр.);
Жиі кездесетін
қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың
болмауы.
Эссенің жазылу
құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде
көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория,
фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу,
сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы
сөйлемдер.
2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы
сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық
қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні”.
4-тапсырма. Табиғаттың жеті кереметіне аттанбақшысың, төмендегілердің ішінен ең керек деген екі нәрсені, еш қажеті жоқ деген екі нәрсені таңдап алыңыз. Не себепті екенін түсіндіріңіз.
Дескриптор:
-
Сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылатынын ажырата алады;
-
Емле ережесіне сүйеніп түсіндіреді.
Қажет нәрселер: ағаш тарақ, киіз үй, жұпар сабын, алтын жүзік, тебен ине, шаш кептіргіш, ағаш қасық, қол сағат, ат арба, тандыр нан.
Ұсынылған сөздердің жазылуына назар аударыңыз.
Бұл сөздер неге бөлек жазылған?
Сөздер қай жағдайда бөлек жазылады деп ойлайсың?
5-тапсырма.Суреттегі ғимарат туралы не білесіз?
Дескриптор:
-
Суреттегі ғимарат туралы айтады

6-тапсырма: «Стильдік түзеткіш»
Шарты: Берілген сөйлемдердегі стилистикалық қателерді (сөздің орынсыз қолданылуы) тауып, түзетіп жазыңыз.
Мәтін: Артемизия аталатын деп Артемиданың ғибадатханасы шамамен б.з.д. 550 жылдары Ефес қаласын (қазіргі батыстағы Түркияда) салынған үлкен, сұлу ғибадат орны болды. 200 жыл өткен соң әдемі ескерткіштің өрт болуында кезінде, б.з.д. 356 жылы Херостратос есімі бар ханшайым Артемида ғибадатханасы қайтадан салынды, бірақ үлкен, бірақ одан да күрделі безендірілген.
Дескриптор
Стильдік қателерді анықтайды;
сөз қайталауды жояды;
сөйлемді нормаға сай қайта құрастырады.
7-тапсырма. «Артемида ғибадатханасын қайта қалыпқа келтіру керек пе?» «Артемида ғибадатханасын қайта қалыпқа келтіру керек пе?» тақырыбында эссе жазыңыздар 120-150 сөз
Дескриптор:
-
Эссе құрылымын сақтайды
-
Тақырыпты ашады
-
Дәлелдер келтіреді
-
Көзқарасын білдіреді
Тақырыптық тест тапсырмалары
Еліктеу сөздер
1.Айналадағы дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер
A) Сырт-сырт
B) Елең-елең
C) Селк-селк
D) Жалт-жұлт
2.Бейнелеуіш қатысқан сөйлем
A) Тарс еткен дыбыстан шошып оянды.
B) Балапаны шыр-шыр етіп жүр.
C) Найзағай шатыр-шұтыр ете қалды.
D) Тосын шыққан дыбыстан селк етті.
3.Еліктеуіштен жасалған жаңа сөздер
A) Асыл, жасыл
B) Діріл, тарсыл
C) Салдыр, гүлдір
D) Шуыл, шиқыл
4.Еліктеу сөзді тіркестер
A) Тарсыл шықты, сортаң жер
B) Жалаң пікір, селк етті
C) Күмп берді, жалтаң-жалтаң қарады
D) Селтең қақты, үні естілді
5.Еліктеуіштің анықтамасы
A) Айналадағы әртүрлі құбылыстарға еліктеуден пайда болған сөздер
B) Айналадағы әртүрлі дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер
C) Айналадағы әртүрлі бейнелерге еліктеуден пайда болған сөздер
D) Айналадағы әртүрлі бейне мен дыбысқа еліктеуден пайда болған сөздер
6.Айналадағы әртүрлі заттардың қозғалыс күйін көру арқылы жасалған сөздер
A) Қарқ етті
B) Шырт түкірді
C) Кілт тоқтады
D) Тарс етті
7.Күрделі еліктеу сөздер қатысқан сөйлем
A) Екі иығы селк-селк етіп ұзақ күлді.
B) Қарға қарқ етті, ірімшігі салп етті.
C) Өне бойы суықтан дірілдеп кетті.
D) Алдынан бірдеңе көлбең етті.
8 . Жан-жануарға қатысты еліктеу сөздер
A) Ұялғаннан қызараң етіп, төмен қарады.
B) Жалт-жұлт сәуле нұрын төгіп тұр.
C) Қаңғыр-күңгір дауыстан оянып кетті.
D) Саңқ еткен қыран үні биіктеп барады.
9.Бейнелеуіштер қатары
A) Далаң-далаң, салаң-сұлаң
B) Батыр-бұтыр, тасыр-тұсыр
C) Бүгжең-бүгжең, арс-ұрс
D) Тырбаң-тырбаң, шаңқ-шұңқ
10. Туынды еліктеу сөздер
A) Жайнаң қақты, қиқаң етті
B) Арбаң-ербең, шап-шұп ұстасты
C) Дір-дір етеді, даң-дұң етті
D) Қарш-қарш шайнады, сарт етті
11.Қайталама еліктеу сөздер
A) Опыр-топырын шығарды
B) Делең-делең етті
C) Сатыр-гүтір етті
D) Адыраң-едірең етті
12 .Түбір еліктеуіш сөздер
A) Дүрс, Тырс
B) Жылтың, шиқ
C) Жарқ, селк
D) Бүлкек, даңғыр
13. Шапанының етегі ... етеді. Көп нүктенің орнына тиісті бейнелеуішті қойыңыз
A) Селтең
B) Бүрсең
C) Көлбең
D) Даң-дұң
14.Қайталану арқылы жасалған бейнелеуіш
A) Бүрсең-бүрсең
B) Тарс-тұрс
C) Гүрс-гүрс
D) Шаңқ-шұңқ
15.Еліктеу сөздің ерекшелігі
A) Сөзге үстеме мағына береді
B) Сөзге көмекші мағына береді
C) Баяндауышпен тіркесіп қолданылады
D) Етістікпен тіркесіп қолданылады
Құрмалас сөйлем тест тапсырмалары.
1. Құрмалас сөйлем түрі
A) 5
B) 4
C) 3
D) 6
2. Ыңғайлас салалас сөйлем
A) Аттылар ауылға кірді де, сауын айта бастады.
B) Жүргіншілер қаумалап тұра қалғандықтан, жұрт үнсіз тыңдады.
C) Жер беті әлі қатты екен, сондықтан күрекпен қазы қиын болды.
D) Оюлар әдемі жарасып тұр, – түстері онша үйлеспепті.
3. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолы
A) Бірақ, алайда жалғаулығы арқылы
B) Сол, сонша шылауы арқылы
C) Әрі, және шылауы арқылы
D) Сондай, мұнша сілтеу мәнді сөз арқылы
4. Тек қана жалғаулықты болатын салалас түрі
A) Кезектес
B) Ыңғайлас
C) Себеп-салдар
D) Түсіндірмелі
5. Себеп-салдар салалас
A) Олар әбден мезі болғандықтан, маңына да жуымады.
B) Жүрегі өрекпіп, жаны жай таппай-ақ қойды.
C) Әдейі үндемей отыр, өйткені ішінде сақтаған сыры бар.
D) Жер бусанды да, көктемнің иісі шыға бастады.
6. Талғаулы салалас сөйлем
A) Бұл жерге сен барасың да, білім таратасың.
B) Бұл жерге сен барасың, я болмаса, мен барамын.
C) Бұл жерге сен барғандықтан, ризашылық алдық.
D) Бұл жерге сен бармай, жақсылық орнамайды.
7. Түсіндірмелі салалас сөйлем
A) Жүрегінің түгі бар ма дерсің, дегенмен жүрексінген кезі де бар.
B) Күннің жауғаны сондай – жер беті суға толып кетті.
C) Бұл барған ауылдың барлығы сондай екеніне көзі жетті.
D) Күн бұлттан да, аспан асты әп-сәтте қараңғылыққа бастады.
8. Жалғаулықсыз салалас сөйлем
A) Ол ерте оянды, – маңайда тірі жан көрінбеді.
B) Жаны жай таппай, жан-жағына қарады.
C) Гүлдің тікені көп екен, бірақ өзі сондай әдемі.
D) Жүзі мың құбылып, я болмаса, жарылайын деп тұр.
9. Ыңғайлас салалас сөйлем
A) Екеуінің ойлағаны бір жерден шықты, бірақ басқалары келіспеді.
B) Киген киімід жарасымды екен, шаш үлгісі де өзгеше болды.
C) Жарысқа тез жетпей, бұл сынға қатыса алмай қалды.
D) Барлығына көңіл бөлсе де, жарасын жаза алмады.
10. Салалас құрмаластың жасалу жолы
A) Жалғаулық шылаулар арқылы
B) Демеулік шылаулар арқылы
C) Сұрау демеуліктері арқылы
D) Оқшау сөздер арқылы
Лексика. Тест тапсырмалары
1. Лексиканың зерттеу объектісі
A) Сөз, сөз құрамы
B) Сөз, сөз түрлері
C) Сөз, сөз сапасы
D) Сөз, сөз мағынасы
2. Сөздің бастапқы мағынасы
A) Тура мағына
B) Ауыспалы мағына
C) Келтірінді мағына
D) Көп мағына
3. Ауыспалы мағыналы сөз тіркестер қатары
A) Жүректің көзі, биік ғимарат
B) Астарлы киім, жеңіл сөмке
C) Ауыр ой, асылдың сынығы
D) Жеңі ұзын, қолы қысқа
4.Тура мағыналы сөз қатысқан сөйлем
A) Қой маңырап, түйе боздап, у-шу болды.
B) Күн күркіреп, балалардың жүрегін ұшырды.
C) Терең білімді, ұшқыр ойлы азамат екен.
D) Сырын жасырып, көңіліне мұң ұялады.
5.Көп мағыналы сөздің терминдік атауы
A) Синоним
B) Архаизм
C) Диалект
D) Полисемия
6.Көп мағыналы сөзі бар сөйлем
A) Бастығы орнында болмай шықты.
B) Далада самал жел соғып тұр.
C) Әңгіменің төркіні әріде жатыр екен.
D) Ағаштар сән түзеп өсіпті.
7.Зат есімнен болған синонимдер қатары
A) Қымбат, құнды
B) Сый, сыйлы
C) Мекен, тұрақ
D) Сұңғақ, бойлы
8.Қарама-қарсы мағыналы сөз қатысқан сөйлем
A) Сый-құрмет көрсету – саналы адамның басты парызы.
B) Ары-бері шапқылап жүріп, әбден шаршағанын байқамапты.
C) Оның тығылып тұрғанын көргенін, көрмегенін байқамады.
D) Қойдан жуас, момын мінезін көрсеткісі келмеді.
9.Бау-бақша шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер қатары
A) Пышқы, атауыз
B) Торлама, атыз
C) Оқа, жәмше
D) Шиіт, ыңғыру
10.Терминдер қатары
A) Тұрба, кесе
B) Қышқыл, ою
C) Сілті, тұнба
D) Зер, тышуыр
11.Синоним қатысқан сөйлем
A) Ат ізін салмай, хабарласпай қойғанына екі ай болды.
B) Сіркесі су көтермей, ернінің емеурін ғана білдірді.
C) Ит өлген жерде тұрса да, кешігіп көрген емес.
D) Айы оңынан туып, жүзі күлімдеп, мейірлене қарады.
12.Омоним болатын сөздер қатары
A) Аспан, айна
B) Жарық, күл
C) Жөргем, доп
D) Қанар, тас
13.Іс-әрекетке қатысты диалект сөздер
A) Маңлай, кебеже
B) Сүгірет, патсайы
C) Пысқан, жатырған
D) Тұқым, бәдірен
14.Араб тілінен енген кірме сөздер қатысқан сөйлем
A) Сөмкесін иығына асып алып үйден шықты.
B) Мектептегі негізгі пәндерден емтихан тапсырды.
C) Жүз қаралы жасақ Қытайға қарай бет алды.
D) Аймақтарға бөлінген ояздарды шақырды.
15.Архаизм қатысқан сөйлем
A) Кіреукесін таза күмістен тоқыпты.
B) Хандар бас қосқан жиын кеше болды.
C) Сауытының сырты темірден екен.
D) Патсайыдан тігілген бешпет киіпті.
Бірнеше жауапты тест тапсырмалары
16. Ауыспалы мағыналы сөз қатысқан сөйлем - (дер)
A) Табиғат-Ана көз жасын төгіп жіберіп, лезде шайдай ашылды.
B) Терең қазылған ордың жан-жағын темір тормен қоршап тастапты.
C) Тау басынан аққан мөлдір бұлақтар сылқ-сылқ күліп қуаласып барады.
D) Сарғайған ағаштың жапырақтары жер бетін жауып тастапты.
E) Кітаптың қалыңдығына қарап мазмұнын да саралап үлгерді.
F) Темір тәртіп орнаған казармадан қыңқ еткен үн шықпады.
17.Сын есімді синоним -(дер) қатары
A) Көреген адам, сәуегей қария
B) Білім беру, сабақ оқу
C) Байыпты адам, салмақты ой
D) Орманды өлке, сулы жер
E) Шөл дала, байтақ мекен
F) Шалғай жер, қашық аудан
18. Көп мағыналы сөзді тіркес-(тер)
A) Сөздің иесі
B) Көкірек көзі
C) Ағаштың діңі
D) Қазанның құлағы
E) Шалбардың балағы
F) Есіктің тұтқасы
19.Омоним қатысқан мақал-мәтел-(дер
A) Сал арқылы судан өтті.
B) Қоянды намыс өлтіреді...
C) Өз үйім – өлең төсегім
D) Кең болсаң, кем болмайсың.
E) Ер елі үшін туады...
F) Бос шелек даңғырлақ.
20.Адам мінезіне қатысты тұрақты сөз тіркес-(тер)-і
A) Аузын буған өгіздей
B) Бетінен оты шықты
C) Ит арқасы қиянда
D) Көз қырын салмау
E) Төбесінен жай түскендей
F) Азуы алты қарыс
21.Кәсіби сөздер қатары
A) Тышуыр
B) Найза
C) Ыңғыру
D) Сиса
E) Көрік
F) Қорамсақ
22. Қарама-қарсы мағыналы сөздер қатысқан сөйлем-(дер)
A) Қаладан келген немересінің асты-үстіне түсіп жүр.
B) Қол алысып, мауқын басқан соң, төрге шықты.
C) Жүздері жадырап, күлімдеп, шаттанып отыр.
D) Қараңғы үйден қорқып, жарыққа қарай атып шықты.
E) Тау басынан ақ қар, көк мұз жамылған жылқышы қосы көрінді.
F) Жүрегінің түгі бар екен, тісін батырса да, қыңқ етпеді.
23. Биология термин-(дер)-і
A) Сілті, жылнама
B) Дәнек, жасуша
C) Жылу, бұғаз
D) Жылыжай, дәнекер
E) Сабақ, гүлшоғыр
F) Шоғыр, түбірлес
24.Тарихи сөздер қатары
A) Биқасап, патсайы
B) Кебеже, адыраспан
C) Партия ұясы, қызыл әскер
D) Камзол, ақ сиса
E) Қорамсақ, ауылнай
F) Болыс, майыр
25. Табу сөз-(дер)
A) Қасқыр
B) Ұлыма
C) Найзағай
D) Жасын
E) Жыртқыш
F) Шырағым
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Республикалық ғылыми- әдістемелі басылым: Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, - № 8, 2012.
-
Оқу - әдістемелк құрал:Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары. ISBN978-601-7239-83-1.
-
Programme, «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы Астана 2018
-
Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002 3.
-
12 жылдық білім беру жағдайында оқу нәтижесін бақылау және бағалау. Әдістемелік құрал. Астана, 2004 4. В.С.Аванесов. Форма тестовых заданий. Москва.Центр тестирования, 2005. 10-б. 5.
-
Оқу-әдістемелік құрал. — Астана: Назарбаев Зияткерлік мектептері, 2014. — 54 б. — ISBN: 978-601-7239-83-1.
-
Әдістемелік нұсқау хат, 2023-24 оқу жылы
-
А.Жайсанбаева. Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау дағдысын дамыту. https://bilimdinews.kz/
-
9.Оқылым стратегиялары. https://bilimdinews.kz
-
Е.Т.Оспанов. Оқылым түрлері. https://ppt-online.org/232287
-
Салт -дәстүр сөйлейді.Санжар Керімбай, Болат Бопайұлы,Мұхит Төлеген,Әділбек Нәби,Асылтай Тасболат Алматы 2020.
-
Әлдиден эпосқа дейін.Санжар Керімбай Алматы 2020.
-
https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ халқының әдет- ғұрпы мен салт- дәстүрлері.
-
https://bilimdiler.kz/Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары.
-
https://egemen.kz/салт-дәстүр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазақ тілі сабағында түрлендірілген тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» әдістемелік құрал

шағым қалдыра аласыз