400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс- тәсілдер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Таникенова А.Р.
Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары
колледж оқытушысы
(Протокол №5 от 25.12.2025 заседания
Кафедры общеобразовательных дисциплин)
заведующая кафедры Деньгина Л.С.___ __________)

«Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған
әдіс- тәсілдер»

Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой ӛрісі
дамыған, тіл арқылы ӛз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше
білетін, шынайы ӛмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар
оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып,
еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан кӛзқарасын білдіруге, ӛз ойын
жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген
ақпараттарды тиімді қолдана отырып, ӛзіне қажетті мәліметті ала алады. Әрбір
оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады.Тілді
кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сӛйлеу әрекетінің
түрлерін ( айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.
Тыңдай білу — тілдік қатынастарда аса қажетті біліктердің бірі. Бұл
біліктіліктің адамның күнделікті ӛмірде атқаратын қызметі аса зор және
адамның қатынас икемділігінің негізгі ӛлшемдерінің бірі болып табылады.
Арнайы зерттеулердің нәтижесінде адам орта есеппен уақытының 29,5% -ын —
тыңдауға, 25,5% -ын — сӛйлеуге, 10% -ын — жазуға жұмсайтындығы
анықталған. Іскерлік қатынастар жағдаяттарында жұмыс күнінің 16%-ы оқуға,
9%-ы жазуға, ал 30% -ы сӛйлеуге кетеді екен.
Тіпті ресми емес әңгімелесулердің барысында да адам әріптесінің айтқан сӛзінің
тек 60-70%-ын меңгеретін кӛрінеді. Абай Құнанбаев ―Естіген нәрсені
ұмытпастыққа тӛрт түрлі себеп бар: бірінші — кӛкірегі байлаулы берік болмақ
керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә кӛргенде ғибраттану керек, кӛңілденіп,
ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып,
кӛңілге бекіту керек; тӛртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек‖, —
дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса
маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен кӛріністері де әр
қилы.
Тыңдалымның мақсаты оқушыны: Аудиожазбаның мазмұнын түсінуге,
белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды
толық түсінуге, сӛйлеушінің сӛзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық
құрылмаған сӛйлеу тілін ӛзге адамдардың кӛмегінсіз түсінуге, бұқаралық
ақпарат құралдары мен телерадио бағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға
таныс және бейтаныс тақырыптағы сӛйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б.
үйрету.


Page 2

Тыңдалымға арналған белсенді жұмыс түрлері: Оқушыларды
қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу
керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану кӛп
септігін тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін белсенді
жұмыс түрлері ӛзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті.
Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:
Кісімен сӛйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген
ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сӛзінің аяғын күткен дұрыс. Сӛйлесіп
тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке
жатады. Ӛзгелердің сӛзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, ―ғапу
етіңіз, сӛзіңізді бӛлемін‖ деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда
шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу
керек. Тыңдау екі түрлі болады:
1. Үндемей, сӛйлеушінің сӛзін бӛлмей тыңдау.
2. Сӛзге араласып, ӛзара ой алмасып отырып тыңдау. Сӛйлеуші адамның
мінез - құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс. Мәдениет
мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген
құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік,
қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі
дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту –
рухани ӛміршеңдіктің, әдептіліктің, мәдениеттің басты кӛрінісі. Жан баласын
жатсынбайтын, ӛзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал,
жомарт, батыр, қайсар, ӛжет, ӛр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса
білу – ӛнер. Ауызекі сӛйлеу және тыңдау мәдениеті. Сӛз мәдениеті ауызекі тіл
мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бӛлінеді.
Оқушыларға тыңдау дағдысын қалыптастыруда жадының маңызы
Баланың кез келген іс-әрекеті оның жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне тікелей
байланысты болады. Қолданылатын әдістің тиімділігі оның нәтижелілігінің кепілі
болады. Егер есте сақтау қабілетін іс-әрекет деп танысақ, онда сәйкесінше қандай
да бір мәліметті есте сақтауға септігін тигізетін арнайы іс-әрекетке байланысты
әдіс-тәсілдерді меңгеру қажет болады. Әрбір саналы адам мақсатты түрде есте
сақтау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерсе, ӛзінің есте сақтау
жадын тиімді әрі рационалды түрде дамыта алатындығы ғылыми түрде
дәлелденген.
Оқушылар бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыру мақсатында есте
сақтау қабілеттін дамыту керектігін біле отырып жадының дағдылары бірнеше
бӛліктерден тұратынын анықтадым:
- Белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға көмектесетін бейнелі шартты
белгілер болуы тиіс.
Мысалы, Тӛменде кӛрсетілген «Есте сақтау» әдістері, әңгіме мазмұнын есте
сақтап, оны сол шартты белгілерге қарап толық мәлімет беруге оңтайлы.
- Есте сақтаған мәліметтерді бейнелі образдарға айналдыру
қабілетінің болуы;
Бұған мысал ретінде, «Ассоциация» әдісін дәлел ретінде алуға болады.
- Мәліметті ұзақ уақыт бойы есте сақтау дағдысын қалыптастырып,


Page 3

қажетінде еске түсіртетін зейін тұрақты болуы тиіс;
- Жадымызда мәліметтердің байланысын есте сақтау үшін көмек көрсететін
тірек образдар жүйесі болуы тиіс.
Есте сақтау қабілетін тұрақтандыру үшін қарапайым қағидаларды да
ұстанған дұрыс. Ғалымдар есте сақтаудың бірнеше жолдары барын мәлімдеді.
Мысалы, бос уақытта сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Бұл жерде
суреттің сапасы мен кӛркемдігі маңызды емес, бастысы - сурет ойды
тынықтырады. Ойдың тынығуы есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Кӛзге
арналған жаттығулар да естің дамуына пайдалы. Егер таңертен күнде 30 секунд
жаттығу жасап отырса, есте сақтау қабілетіміз 10%-ға жақсарады. Бұл да
ғалымдармен дәлеледенген. Сӛзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды
шешу, ӛлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру - миды жұмыс істеуге арналған ең
тиімді әдістер болып саналады. Жалаң аяқ жүгірудің ӛзі есте сақтау қабілетіңді
жақсартады. Себебі, адам жалаң аяқ жүрген кезде, аяғын жарақаттап алмайын
деп айналасына барлай арап жүреді емес пе, мұндай сәтте ми да белгілі бір
қызмет атқарады. Ол қызметтер есті жақсартуға кӛмектеседі екен. Келесі тәсіл –
жазу. Қазіргі кезде қолмен жазу қалып келеді. Кӛбінесе біз пернетақта кӛмегімен
жұмыс жасаймыз. Дегенмен, есте сақтау қабілетімізді жақсарту үшін бір ауық
қолға қалам алып, жазу жазып та тұру ӛте қажет. Жаңа зерттеулер дәлелдегендей,
жаттығу кезінде салмағы ауыр заттарды кӛтерген кезде есте сақтау 20%-
ға жақсарды делінген. Биікке ӛрмелеу, шыңға шығу мен ағашқа ӛрмелеу де есте
сақтау қабілеті үшін пайдалы. Себебі, тепе-теңдікті сақтау арқылы жады
жұмысы жақсара түседі екен. Бір сӛзбен айтар болсақ, миды үнемі жұмыс істетіп
тұру қажет екеніне кӛз жеткіздім.
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда аудиожазбаларды қолдану.
Бұған әр сыныптың, әр оқушының жас ерекшелігіне байланысты мәтіндер алып
отырдым. Оқушы бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді
пайдаландым. Оқытудағы басты принципім – оқушының жеке, ӛзіндік
мүмкіндіктерін ескеру, барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз
ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, ӛз ойын жеткізуге, ӛзіндік таңдау
жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық
қабілетін дамыту, проблемалық оқыту арқылы оқу материалын ӛмірмен
байланыстыра отырып, оқушыларды білімді ӛз бетімен меңгеруге талпындыру, ӛз
ойын ашық айта білуге тәрбиелеу, сабақ процесінде оқушының белсенді іс-әрекеті
белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталды. Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа
мүмкіндіктерді кӛруде, оқушының қабілетінің дамуына мүмкіндік тудырдым.
Тыңдалым дағдысын басшылыққа ала отырып әр сабағымда тақырыпқа сай
аудиожазба арқылы тапсырмамен жұмыс орындатып отырдым. Мысалы сапалық
және қатыстық сын есім тақырыбын ӛткенде оқушыларға аудиожазбадан «Атаның
ақылы» деген мәтін тыңдаттым. Мәтін бойынша тест жұмысын және тапсырмалар
бердім.
1. «Айқайлап диктант оқу»: әдісі. сынып оқушылары екі топқа бӛлінеді.
Бірінші топ оқушыларды мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ оқушылары бір ғана
оқушыны тыңдап, диктант жазуға тырысады. Осы арқылы оқушылар ерікті
зейінді қалыптастырады әрі ӛмірге бейімделеді. Оқушылар аудиоматериалды екі


Page 4

рет мұқият тыңдайды (ол сюжетті мәтін,ӛлең,публицистикалық ақпарат болуы
мүмкін).Тыңдалымнан ӛздеріне таныс емес сӛздерді жазып алады,сӛздік арқылы
аударады. Аудионы тағы екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын толық түсінуге
тырысады. Сыныппен ой бӛліседі. Осы әдісті жүйелі қолдану – оқушылардың
тыңдау арқылы түсіну дағдысын қалыптастырады.
2. «Синонимдерді тап» әдісі. оқушыларға сӛздер ұсынылады.Олар тыңдалған
мәтіннен осы сӛздердің синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек.
Осы арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сӛздік қоры дамиды.
2.Аяқталмаған сөйлем
Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін оқимын. Оқушылар топпен не жеке
(жұппен) бірлесе мәтінді ӛз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта
сергіту сәті ретінде де алуға болады Мысалы:
«Баяғыда сӛз табы деген қарияның зат есім деген ұлы болыпты. Ол ортасына
беделді, жаны жайсаң адам екен. Егер елінде екі адам бір – бірімен келіспей
қалып жатса Зат есімге барып шешуін табады екен.....» ары қарай оқушы аяқтаы
керек.
Тізбектелген ереже
Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын
қайталап, ӛзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының
айтқанын қайталап, ӛзінің тұжырымын айтады. Сӛйтіп жалғаса береді. Кезегінде
айта алмаған оқушы шығып кетеді.Шығып кеткен оқушы тақ ырып туралы
түсінбеген дегенді білдіреді.
3. Жасырын сөз.
Оқушылар тақырып бойынша сӛз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама
арқылы басқа оқушылар жасырынған сӛзді табады. Сипаттауда айтатын сӛздерге
шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы кӛрсетуді ұсынуға болады. Мысалы
жасырылған сӛзді 3 сӛз арқылы сипатта деген сияқты.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады:
Тыңдау дағдысын қалыптастыру барысында кӛз жеткізгенім оқушыларға
сӛйлеткен сайын, ойланған сайын ашыла түседі екен сонымен қатар сабаққа деген
қызығушылығы арта түседі. Оқушының сабаққа деген қызығушылығының
артқанын сабақ барысында кӛрсеткен белсенділіктерінен байқадым. Сабақ
барысында тыңдалым дағдысы бойынша жұмыс жүргізгенімде сыныптағы
оқушылардың барлығында тыңдау дағдысы және есте сақтау қабілеті тӛмен
екенін байқадым. Алғашында аудио жазбадағы мәтінді тыңдатып артынан
тапсырма бергенімде сыныптың ішінен 1 – 2 оқушы ғана сұраққа жауап береді.
Қалған оқушылар естігеннін ұмытып отыратын. Тыңдау дағдысын
қалыптастырудың бірден - бір жолы жадыны дамыту керектігіне кӛз жеткіздім.
Сондықтан сабақтарымда жадыны дамытуға арналған түрлі әдіс – тәсілдерді
іздене отырып қолдандым. Алдымда отырған оқушылар бұрынғы сабақтарымда
«Мен қанша алдым?» деп сұрайтын еді, қазіргі сабақтарымда «Апай, мен былай
жауап бергім келген, мен былай ойладым» деген сияқты пікірлер білдіре бастады.
«Тізбектелген ереже» , «Ақпараттағы ақаулық» әдістері және аудиожазбадан
тыңдаған мәтіндерге байланысты тапсырмаларда біраз ойланып, жауап бере
алмай тосырқап қалатын қазіргі таңда түрлі әдіс – тәсілдерді сабақта


Page 5

қолданғанның арқасында оқушылардан әр тапсырманы орындау барысында
шапшаңдық байқалады. Мысалы: Оқылған мәтін ішінен жалпылау қанша екенін
тап деген тапсырма берілгенде алғашында 3,4 сӛз табатын оқушылар қазіргі таңда
15 сӛз болса соның 9,10 сӛзін таба алады. Оқушылардың басым бӛлігі тыңдаған
мәтінді мазмұндауда тілдік қорының аздығына байланысты қиналатын. Қазіргі
таңда ойын еркін жеткізеді. Мәтіндегі негізгі деректерді есте сақтай алмайтын
оқушылар мәтінмен жұмыс жүргізгенде мәтінді толық және терең түсінгенін
тапсырма орындау барысында кӛрсете алатын болды. Бұрынғы сабақтарымда
жаңа тақырыпты түсіндіріп артынан ереже сұрайтынмын. Сол жерде жауап
берген оқушым келесі сабақта сол ережені сұрасам немесе сол тақырыпқа
байланысты тапсырма орындатсам ережені ұмытып отыратын. Тыңдалым
дағдысына қалыптастыруға байланысты әдіс – тәсілдерді қолданғаннан кейін
берілген мәтіннен оқушылар керекті сӛздерді тез таба алуға жаттықты. Яғни
оқушылар жоғарыда аталған әдіс – тәсілдерге жаттыққан десем де болады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. А. Сатыбаева А. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» «Фолиант» баспасы 2008
жыл.
2. Атабаева С. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы Алматы «Білім»
баспасы 2006 жыл.
3. Бегман Ысқақ «Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар» Алматы 2007 жыл
4. Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы, 2002ж.
5. Кӛкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің бірігіп
шығарған «Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері» жинағы, 2013ж.




Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
30
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі