Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігі" баяндамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі: - Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; - Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі білім сапасына әсері зор. - Іс әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол. Мұндай сабақтар — экономика мен біздің өміріміздің барлық жағын компьютерлеудің өте қарқынды процесін бейнелейді. Осы түрдегі сабақтар оқушыларды қызықтырады, компьютерде жұмыс істеу оқуға деген ой сезім күйді тудырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласының Білім беру бөлімі» ММ

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ










БАЯНДАМА


Тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігі»







Бастауыш сынып мұғалімі

Исаева Алтынай Саматовна

Пәні: бастауыш сынып

Білімі: жоғары

Өтілі: 10 жыл

Санаты: ІІ санат









Теміртау - 2017


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Қазіргі уақыттағы озық техника болып табылатын компьютерлердің қолданылуына негізделген, оқудың информациялық технологиясы көптеген педагогикалық міндеттерді жаңадан шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, әр оқушының өзі үшін, өзінің жеке бас қабілеттері мен мұқтаждықтарына байланысты тақырыптың материалын көңіл бөле зерттеу және қайталау мақсатпенен оны таңдап алатындай жеткілікті түрде оқып-үйрену бағдарламалары жасалған. Басқа бағдарламалар, өзінің күрделілігіне байланысты мектепте қолданылуы мүмкін емес тәжірибелерді модельдеуге жағдай жасайды. Оқытудың көрнекі құралдары мен электрондық құралдарын, соның ішінде интерактивті тақтаны тиімді қолдану қазіргі таңда жаңалық емес, қажеттілікке айналып отыр. Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті — ізденгіштігі. Оқытудың электрондық құралдарын оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның стратегияларын ұтымды пайдалана отырып, әр оқушының өз ойын ашық айтуына, пікір таластыруына, өз тобында жұмыс жасай алуына мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.

Ақпараттық  технологиялардың тиімділігі:

  • Қашықтан  білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі білім сапасына әсері зор.

  • Іс әрекет, қимылды  қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.

Мұндай сабақтар — экономика мен біздің өміріміздің барлық жағын компьютерлеудің өте қарқынды процесін бейнелейді. Осы түрдегі сабақтар оқушыларды қызықтырады, компьютерде жұмыс істеу оқуға деген ой сезім күйді тудырады.

Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қорын молайтуды, электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек екендігі айқын.

Электрондық оқулықтарды қолдану

Ізденімпаз, жаңашыл мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік, оның сабақты түрлендіре өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір сабақ мұғалімнің ізденісінің нәтижесін көрсетеді. Күнделікті сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге сабақта компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді. Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықты» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

Оқытудың электрондық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе   нәтижелері. 

Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту – білім сапасының кепілі. Білім беру - оқыту мен  тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.

Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ-ғасыр ақпарат  ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде  Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты 4 бөліктен:

1. Мақсаттық  компоненті – модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль –жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады;

2. Мазмұндық  компоненті – гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдарымен, медиаобъектілермен толықтырылған;

З.Операциялық  компоненті – интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады;

4. Нәтижелік  бақылау компоненті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық окулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар.

Тест соңында оқушы  өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады және бағасын да көреді. Білім беруде «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сызба нұсқалары арқылы береді. Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркем безендірілген. Оқушылар білімі автоматты түрде бағаланады.

Әр модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материалдардан, есеп шығару үлгілері мен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Оқушылар үшін - электрондық оқулықтар мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады.

Оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.

Модульдерде берілген алгоритм оқушыларға өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Мектеп лабораториясының көлемінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірибелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен көруге болады.

Мысалы: ғарыштық және микроәлемдік масштабтағы құбылыстар, өте тез немесе баяу жылдамдықта өтетін процестер т.б.

Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады:

  • Оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;

  • Басқа пәндерден алған білімін бекітуге көмектеседі;

  • Жалпы танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді; 

  • Материалды тез меңгеруге, онымен бірге уақыт үнемдеуге;

  • Табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.

Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:

  • Қашықтан  білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • Қажетті ақпаратты жедел түрде алу  мүмкіндігі;

  • Білім сапасына әсері зор;

  • Іс әрекет, қимылды  қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.

Технология  сөзі біріншіден - өнер, шеберлік  деген ұғымның синонимі ретінде педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру арқылы жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі мектеп пән мұғалімнің мақсаты, міндеті де осыған келіп тіреледі. Баланың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, оның сыртқа шығуына түрткі жасау оңай процесс емес. Ақпараттық технологиядан іздену – осы мәселелердің шешімін іздеу деген сөз.

Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз-оқушының жеке басына көп байланысты. Қажетті тетікті басып үйренген оқушы бір жағынан білімді игеріп жатса, екінші жағынан интеллектімен «тіл табысып» жататыны анық. Оқу процесінде дыбыс құралдарымен экранды қолдану оқу материалын тереңдетіп,оның мазмұнын байытады.Экранды және дыбыс құралдарын қолдану мұғалімнің оқу материалын түсіндіргенде уақытты дұрыс бөлуіне байланысты.

Электрондық құралдар көп жағдайда оқытудың көнекілігін арттырып, оқушыларды сабаққа қызықтырады. Оқушылардың жұмысына жүйелі бақылау жасау процесін жеделдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімді көпткген қосымша жұмыстардан босатады. Осыған орай оқытудың қазірггі кезеңінде оқу - тәрбие процесінің электрондық көрнекілігін арттырудың бірқатар проблемалары бар. Ол – сабақта оқытудың электрондық құралдарының ролі мен орны, оларды ұтымды пайдалану және т. б.

Көптеген тәжірибелерге сүйене келіп, психологтар есту каналы бойынша хабардың - 10 пайызы, ал көру каналы бойынша 25 пайызы игерілетінін анықтаған. Егер екі каналмен бір мезгілде берілсе, онда хабардың 65 пайызы игеріледі екен. Электрондық құралды пайдаланып өткізген сабақтар нәтижесі мұғалімнің кәсіптік даярлығына байланысты болатын көрсетеді. Электрондық құралды пайдаланудың келесі сатысы – оны көрсетудің дәл уақытын белгілеу.

Электрондық құралды сабақтың бас кезінде қолдану оқушылардың назарын бірден өзіне аударады да, олардың шаршауын 5-10 минутқа тездетеді. Ал оны сабақтың орта шенінде қолдану оқушылардың ынтасын арттырып, олар тез шаршамайтын болады. Сабақ соңында қолдану сабақтың мазмұндылығын арттырады. Электрондық құралмен жаңа материалды түсіндіру жан-жақты ізденуді қажет етеді. Бұл оқу материалының және сыныптың ерекше. Оны сабақта қолдануды жоспарлағанда төмендегі жағдайды ескерген жөн.

А) электрондық құралдар ішінен қажеттісін таңдау, қажеттісін таңдап алу.

Б) құралдың сабақта көрсететін орнын айқындау.

В) құралмен істелетін методикалық жүйені ойластыру.

Электрондық құралды сабақта пайдалану оқушылардың таным қабілеттерін арттырып, қабылдауын жетілдіреді. Электрондық құралды ұзақ уақыт не 3-4 сабақ бойы қатар қолдану оқушыларды жалықтырып жібереді. Сондықтан ондай құралдарды қолдану мезгілдері алдын-ала жоспарлануы тиіс. Сонымен қоса бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді.

Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект-субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы, топ басшысы, оқушылардың ынта-ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибиесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген.

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынандай шарттар орын алуларына тиіс:

Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. ¦жымның өздеріне тән ерекшеліктері мен есептесіп олардың бірлесіп жұмыс жасауға дайындық деңгейіне сай ұйымдастырылуы қажет. Бұл әдістің мақсаты мен міндеттерінің маңызы әдісті қсандай мақсатта таңадағанын көз алдына еслестете білу керек.

Кейінгі кезде интерактивті әдіс өмірге етене кірді. Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру үшін көптеген әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Бұл оқушылар үшін өте қажет. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ақпараттық технологияның атқарар рөлі зор. Өмірдің талабы жаңа өнім дайындап шығару.

Интерактивті  тақта. Дәстүрлі түрде компьютердің – ең әуелі интеллектінің дамыту құралы екендігі жөнінде ой қалыптасты, бірақ АКТ жаңа білімді және дағдыларды дәстүрлі емес тәсілдермен оқытуға мүмкіндік беретін сапаларға ие, ал жаңа материал – динамикада әсем безендірілгендіктен, оқушының эмоциональды-мотивациялық механизміне әсер етеді. Сондықтан АКТ оқу үрдісінде оқушының вербальды интеллектін дамыту, сонымен бірге тұлғалық және эмоциональды-мотивациялық ортасына әсер ету үшін қолданған дұрыс деп есептейміз.

Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.

Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Интерактивті тақтаның биіктігін оқушылардың бойына қарай реттеуге болатындықтан, оқушылардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда технологиялық  және инновациялық оқыту әдіс-тәсілдері бәріне қолайлы. 

Интерактивті  тақта не үшін қажет ?

Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. 

Интерактивті тақта  – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы. 

Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны  пайдалана алады.

Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады.

Алдын-ала дайындалған  мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және  интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Сіз кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт құртпайсыз. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады.

Интерактивті SMART тақтасы  барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуалды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады.

Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда:

  • презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;

  • мәтін редакторлары;

  • CD-ROM-дар;

  • Интернет;

  • көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);

  • видеофайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, VHS видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);

  • дыбыстық файлдар (басқада мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді).

Тақтаға колонка қосылса CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі.

  • интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;

  • әр түрлі пәндерге қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету.

Сабақ беруде көптеген ресурстарды пайдалануға болады, бірақ мұғалім қажетті ресурстарды өзі таңдап алады. Компьютердегі мүмкіндіктерді пайдаланып, жоғарыда атап көрсетілген түсі, қозғалысы, дыбысы және былайғы сабақтарда қолданылмайтын басқада ресурстарды пайдалануға болады, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.

Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Оқытудың электрондық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған  тәжірибе   нәтижелері. Сөйтіп, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі, нанымы  молаяды. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы жөн.

Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.

Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы қажет.

Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.

      Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.


2.2 Электрондық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған  тәжірибе нәтижелері.                     


Компьютерлер мұғалімге электрондық және технологиялық жағынан көмек беріп, оқушымен байланысын өзара жақындастыратындай жолдармен жүргізу мүмкіндіктері:

- Компьютер оқушыға өз темпінде, өз ритмінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді

- Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік ашылады.

Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі:

  • оқушыны қазіргі қоғам суранымына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

  • жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

  • оқушының шығармашылық қабілетін, эксперименталды іскерлігін дамыту.

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.


Сурет 1. Білім алу кезеңі

Электрондық құралдарды пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуінен көрінеді. Электрондық құралдар яғни, интерактивті тақта, компьютер т.б. пайдалану арқылы оқу сапасы артады.

Эксперимент жұмысы үш кезеңнен тұрды:

1) анықтау кезеңі – баланың шығармашылық қабілеттерінің көрсеткіштері мен белгілерін, сол арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейінің бастапқы деңгейін анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілетіне қарай топтау;

2) қалыптастыру кезеңі – оқу сапасын арттыру және шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру үшін электрондық құралдарды тиімді пайдалану, оның тиімділігін оқу үрдісінде анықтау;

3) қорытынды кезеңі – жасалған жұмыстардың нәтижесінде баланың оқуға ынтасы, қызығушылығы артады деп күтіледі.

Эксперимент жыл бойы жасалды – эксперимент өтуде алдымен оқушылардың білім деңгейі анықталды.

Жоғарғы деңгей: білімге деген құлшынысы зор, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасап білуін, шығармашылық ізденіс жасай әртүрлі қалыптан тыс шешім құрап, білімді жаңа жағдайға тасымалдай білумен сипаталады.

Орта деңгей: білімі қанағаттанарлық дәрежеде белсенділігі тұрақсыз, шығармашылыққа талпыныстық сиректігі, интеллектуалдық, логикалық жұмыстар тек жетіктеу арқылы іске асады.

Төменгі деңгей: білімге деген сұраныстық жеткіліксіздігімен, шығармашылық әрекетке деген немқұрайдылық, интеллектуалдық, логикалық істерге төмен бағалатындығылын сипатталады Оқушылар жұмысын бағалай келе, біз оқушылардың білім сапасы даму деңгейлері бойынша төмендегідей қорытынды жасаймыз. Бұл яғни анықтау тәжірибесінің қорытындысы.


Кесте 2. Оқушыларды білім деңгейінің экспериментке дейінгі көрсеткіші.


сынып

Жоғары

Орташа

Төмен

Барлығы

3«А»

33






46,9

20,1

100

3 «Б»

25

34,7

47,3

100















Сурет 2. Эксперимент және бақылау сыныбының оқушыларының экспериментке дейінгі көрсеткіші



Кесте 3. Оқушылардың білім деңгейінің эксперименттен кейінгі көрсеткіші.


сынып

Жоғары

Орташа

Төмен

Барлығы

3«А»

31,7

40,1

28,2

100

3 «Б»

28

39,7

32,3

100





Сурет 3. Эксперимент және бақылау сыныбының оқушыларының эксперименттен кейінгі көрсеткіші


Компьютерлер мұғалімге электрондық және технологиялық жағынан көмек беріп, оқушымен байланысын өзара жақындастыратындай жолдармен жүргізу мүмкіндіктері:

-Компьютер оқушыға өз темпінде, өз ритмінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

- Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік ашылады.

Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі:

  • оқушыны қазіргі қоғам суранымына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

  • жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

  • оқушының шығармашылық қабілетін, эксперименталды іскерлігін дамыту.

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Атап айтар болсақ:

  • пән бойынша базалық білімді  меңгеру;

  • алған білімді жүйелеу ;

  • өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда түсінемін» делінген.

Яғни, оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

Жұмысты қорытындылай келе ұсыныстар беруге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- мұғалімдердің электрондық құралдарды, ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- мектептің материалдық-электрондық базасын нығайту.

-электрондық оқулықтармен әрбір сынып қамтамасыз етілу керек.

-ата-аналардың оқулықпен камтамасыз етілуі керек.








«Баланың ынтасын артыру үшін

оқылатын нәрседен біржаңалық

болуы керек»

Жүсіпбек Аймауытов


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын

Білімді, іскер, шебер болу керек.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары

Дарынды, өнерпаз

Іздемпаз, талапты

Өз алдына мақсат қоя білу керек.

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне АКТ-ны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда АКТ - ны оқып - үйрену және оны қолдану күрделі процесс болып табылады.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .

Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Оқу процесінде қолданылатын  АКТ құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критериі ретінде  АКТ құралдарын әдістемелік тағайындау облысы болатын жол болып табылады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық – коммуникациялық технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады (1 - сурет).

Shape1


1 – сурет. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның бағыттары мен міндеттері.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:

- Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру

- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).

- Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Мақсаты: білім беруді ақпаратттандыру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдану арқылы қазақ тілі пәнін оқытудың сапасын арттыру, оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Міндеттері:

  • жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының  өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;

  • сол арқылы білім, білік, дағдының  жоғары деңгейіне шығу;

  • оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру;

  • пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • пән бойынша білім сапасын арттыру.

Ирэна Веньяминовна Роберттің (педагогика ғылымының докторы) ғылыми-зерттеу еңбектерінде жаңа ақпараттық (коммуникациялық) технология құралдарын педагогикалық мақсатта қолданудың келесі негіздері белгіленген:

1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің барлық деңгейін қарқындату бағытында, яғни

  • оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;

  • танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;

  • пәнаралық байланыстарды тереңдету;

  • қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.

2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар, яғни

  • түрлі ойлау қабілеттерін дамыту;

  • байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту;

  • күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;

  •  компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын пайдаланып, эстетикалық тәрбиелеу;

  • ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

  • жағдай немесе мәселені моделдей білуді дамыту;

  • тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Білімді ақпараттандыру – қазақ тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Қазақ тілін үйретуде қолданылатын ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-сезімінің, қатысымдық құзыретінің қалыптасуына зор әсер етеді.

Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен ақпараттық технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады. Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мәдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында адамның шығармашылық әлеуметін толық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілін үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды (электронды оқулық) пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны (электронды оқулық) пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Электронды оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды – оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі.

Shape2


Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды (компьютер), дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

  • оқушының пәнге қызығушылығы;

  • алынған білім, дағды деңгейі;

  • білімнің тереңдігі;

  • тексеру түрлері, бағалау;

  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;

- Жұмысты тиянақты түрде орындауға;

- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Бұл жинақта 3-сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қорытындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Қазақстан Республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілін жетік игеру үшін сөз құрамы, жай сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері, сөз таптарынан гипермәтін (ереже), деңгейлік тапсырмалары, тест сұрақтарын кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған жинақ оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенеміз.

Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту, алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Жинақта 3-сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды. Бұл жинақта 3 сынып материалдары толық қамтылған. Бұл жинақта пән қызыл түспен, гипермәтін (ереже) көк түспен, тапсырмалар жасыл түспен, ал тест сары түспен боялған.

Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды. Қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже: қазақ тілі жинағы 3-сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр. Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Бұл ерекшелік сөз жоқ оқушыларды жан-жақты дамуға, өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын, пәнге деген сүйіспеншілігіне ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.

Қазіргі таңда мен өз сабағымда дайындаған электронды оқулығымды пайдаланып өтемін. Онда әр тарауда кестелер, жаттығулар қамтылған. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай смайликпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Мәселен, сан есімді қорытындылау сабағымда электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген зейіні, қызығуының ерекше артқандығы байқалды. Сонымен қатар ұмытып қалған ережелерді тапсырмалар арқылы еске түсіруге зор ықпал етеді, уақытты үнемдейді.

Мысалы, Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

... мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

...наурыз-Халықаралық бірлігі күні.

...тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күні.

...желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

...наурыз-көктем,береке мерекесі.

Керекті сөздер. Он алтыншы,отызыншы,сегізінші,бірінші,жиырма екінші.

Тапсырма. Реттік сан есімнің тиісті жұрнағын жалғаңыз.

он бес, жеті, алпыс, үш, отыз, алты, екі, он, тоғыз

Керекті жұрнақтар.-ыншы,-ншы,-інші,-нші

Әр тарауда қайталау сабағында тест арқылы жұмысын жүргізуге болады. Мысалы:

8. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап. 

А) ұшқыштар

Ә) терезелер

Б) жылқылар

Ескерту. Тесттің «жауабы дұрыс» күлген смайлик, «жауабы бұрыс» болса жылап жатқан смайлик көрінеді. Осы тапсырмаларды орындағанда оқушылардың сауаттылығы жақсарып, сөз қорлары молайып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады т.б. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.

Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:

  • Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;

  • Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

  • Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;

  • Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

  • Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.

 

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

           Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

           Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ қазақ тілі пәнінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

           Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

           Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

           Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

           Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

           Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

           Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

           Пәнаралық байланыстың аздығы.

           Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

           Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

           Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.


 

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

1.          Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

2.          Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

3.          Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

4.          Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу.

Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

          Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

          Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

          Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды қазақ тілі сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Соңында, қорыта айтатын болсақ, АКТ - ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады.

«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:

  • оқушының оқуға деген ынтасы артады;

  • әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;

  • жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

  • әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.

  2. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»

  3. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

  4. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  

  5. Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл

  6. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет

  7. Жүнісова Р.Қ. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесуін еуростандарт негізінде ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы дамытуды басқару”. - Ғаламтор желісі 

  8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 8-бап.

  9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

  10. Роберт И.В., Панюкова С.В., Кузнецов А.А., Кравцова А.Ю. Информационные и коммуникационные технологии в образова­нии: Учебно-методическое пособие для педагогических вузов. / Под редакцией И.В. Роберт. - М.: ИИО РАО, 2006. - 374 с. (ғаламтор желісінен)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12