Тақырып бойынша 26 материал табылды

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту арқылы, білім сапасын арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыру жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өскемен қаласы әкімдігінің

«№27 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Мухаметбекова Жадыра Ташкеновна


Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту арқылы, білім сапасын арттыру.

Мақсаты:

Оқу мен оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту арқылы білім сапасын көтеру.

Оқушыларды байланыстырып сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа баулу.

Міндеттері:

Ерте кезеңнен бастап тілдік сөйлеуін қадағалау.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін төмендегі әдіс-тәсілдерді қолдану: монолог, диалог, драматизация, ойын және тілдік жаттығулар.

Өзектілігі:

Оқу мен оқытудағы озық тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін арттырудың негізгі құралы.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар мұғалімнің нұсқауын түсініп орындай алады.

Сөздік қоры белсенді толықтырылады.

Сурет бойыншы әңгіме, диалог құрастыра алады.

Сөзбен сөзді байланыстырып жазуы және ауызша, жазбаша сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Оқушылардың жан-жақтылығын дамытады.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

Коммуникативтік құзіреттілік : Тақырып бойынша оқушыға сынып ішінде өз ойын ауызша түрде анық айтуға, өз пікірін қорғауға жағдай жасау, өзара көмектесуін, сөйлеуін, бір-бірін тыңдай білуін дамыту.

Проблеманы шешу құзіреттілігі: Оқушының логикалық ойлауын,сабаққа назар аударуын пәнге деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі сұрақтар қойып, оқушы бойындағы проблеманы шешу құзіреттілігін шыңдау.

Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзіреттілікке баса назар аударылып отыр. Бастауыш буында оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзіреттілік негізінен қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде қалыптасады. Коммуникативтік әдіс-оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын әдістің түрі.

«Құзіреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Ноам Хомский. Оның пайымдауынша, құзіреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді.

Құзіреттілік дегеніміз-оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжіриеде, күнделікті өмір де қандайда бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.

Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері:

Сұрақ –жауап. /мұғалім мен оқушылар/

Диалог. /оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы /

Қатысым. /мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы/

Жазылым. /тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс /

Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін арттыру интербелсенді әдістер арқылы:

  1. Сыни тұрғыдан ойлау

  2. Диалог

  3. Рольдік ойындар

Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолдандым. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына аса мән берілді.

Сұрақ-жауап, диалог, қатысым, жазылым жұмыс түрлерін күнделікті сабақтарда қолдандым.
«Қазақ тілі» пәні бойынша құзіреттілікке  бағдарланған тапсырмалар:
«Ертегіні жалғастыр» ойыны:
Ертегіні айта бастаймын немесе мультфильм арқылы ертегінің басын көрсетемін. Түлкі мен қырғауыл ертегісінен үзінді). Ал оқушылар басталған ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім ертегінің басын айтады. 1 – оқушы: Ертегіні ары қарай жалғастырып айтады, 2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

Коммуникативтік құзіреттілігін дамыту үшін берілген тапсырма, диалог



Сабақтан көрініс.



«Сиқырлы қалта» ойынын өткіздім. «Сиқырлы қалтаның» ішіне ертегі кейіпкерлерінің суреттері салынады. Тақтаға шыққан оқушы өзі таңдаған кейіпкер туралы айтып береді. Мысалы. «Кімнің мекені жақсы…»
Осындай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз еріктерімен әңгіме құрап, ертегіні әдеби тілмен жалғастыруға дағдылана бастады. Бұл тәсілдің көмегі сынып оқушыларының сөйлемді байланыстырып сөйлеуге және сөздік қорларын молайтып, сөйлеу дағдыларын дамыта түсуде.

Осы тұрғыда қалып қойып жатқан жұмыстарда бар. Мысалы: Суретке қарап әңгіме құрастыру және ребусты шешіп шешуіндегі тақырыпқа әңгіме құрастыру барысында кейбір оқушыларда өз ойларын толық жеткізуде қиындықтар туындайды. Кейбір оқушылар сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра алмайды, қосымшаларын дұрыс жалғамайды, немесе сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтады. Мұның себебі оқушылардың сөздік қорлары дұрыс қалыптаспаған, қазіргі кезде оқушыларда қазақ тілінде өзара сөйлесу, өзара әңгімелесу дағдылары төмен. Қоршаған ортадағы адамдармен көп әңгімелесу төмен, сондықтан да балалардың көпшілігінің тілдері дұрыс дамымаған.

Осы қиындықтардың шешу жолдары:
Сұрақ-жауап әдісін көбірек қолдану, оқушыларды әдеби кітаптар оқуға көптеп тарту, ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізе отырып, оқушыларға мектеп кітапханасымен тығыз байланыста болу.
Қорыта келгенде: қазақ тілі сабағында коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, адамдармен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзіреттілікті арттыруда көптеген жұмыстар жүргізіледі..




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2021
424
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12