Тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында қолданатын әдіс - тәсілдер»
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек.
Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде
қолдануы керек»
Ахмет Байтұрсынов
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту.
Қазақ тілін оқыту барысында тілдің қыр - сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз қажет.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Оқушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану керек.
Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс – коммуникативтік әдіс деп ойлаймын. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ - жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің ішінде ерекше орын алатыны – диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі.
Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызуда күтілетін нәтижелер:
Оқуға қызығушылық артады
Сабақта белсенділік жоғарылайды
Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды
Дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады
Сөйлеу тілі қалыптасады
Топпен, жұппен жұмыс жасауды үйренеді
Сөйлеу іскерлігінің коммуникативтік бағыттары: оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу.
Сабақта тілдік қарым - қатынас жағдайын ұйымдастырмай тұрып, мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету мүмкін емес.
Педагогикалық технология бойынша оқушының тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту қажет. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама жасау керек. Әрбір жеке жұмыс қабілетін ескере отырып сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшелігіне қарай беру керек. Осы міндетті атқару үшін біз өз тәжірибемізде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамыз. Сыныптағы оқушылар өз деңгейіне сәйкес тапсырма таңдап алады. Бұл тапсырмалар оқушының білім деңгейін бағалауға, мүмкіншіліктерін байқауға, мұғалімнің әрі қарай қандай жұмыс атқару керектігін көрсетіп береді.. Сабақ барысында мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, стратегияларын пайдаланамын. Яғни сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Алты қалпақ», «Венн диаграммасы», «Фишбоун», т.б.
Білімді тексеру және бағалау сабағындағы мақсат – оқушы білімінің деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл сабақты топтық, ұжымдық етіп интерактивті әдістермен жүргізген тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге командалық әдіспен өту (жалпы сынып бойынша) қолайлы болады. Сабақтың барысында өткенді қайталап, оқушылардың әрқайсысының қаншалықты сабақты меңгергендігін білу басты мақсат болып табылады.
Қазақ тілін оқытуда қолданатын, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – интерактивті әдістер . «Интерактив» сөзі бірлесіп әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.
Сабақты бастауға арналған идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалардың мақсаты – сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын тудыру. Нақтылап айтар болсақ, «Артығын алып таста», «Бұл жауап болса, онда сұрақ қандай болады?», «Суреттер: Не болды?», «Пантомима», «20 сұрақ – иә не жоқ деген жауап» «Әуеді атаңыз – әуен тақырыппен қалай байланысқан?», «Айырмашылығы неде?», «Құпияға толы зат», «...қатысты 10 сөзді атаңыз» тапсырмалары оқушыларды жылдам ойлауға жетелейді.
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, Эвристикалық немесе «Сократ», «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Шығармашылықпен іздене білген мұғалім болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік, дағдысы жоғары, бәсекеге қабілетті жас жеткіншекті тәрбиелей алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі сабақтарында қолданатын әдіс - тәсілдер»

шағым қалдыра аласыз