Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың грамматикалық сауаттылыққа ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиеті сабағының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарды айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету, грамма- тикалық сауатын дамыту. Оқушының білім деңгейін көтеру үшін сабақта тиімді әдістерді қолдану керек. Қолдану барысында оқушылар сабаққа саналы, белсенді түрде қатысады және алған білімі де берік бола-ды. Сондықтан да оқушы білімін арттару үшін сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді қолданған дұрыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың грамматикалық сауаттылыққа ықпалы

Диханова.А.Н

Арал қалалық Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының “ Тілдерді дамытудың 2001 - 2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі талабы тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек” делінген. Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиеті сабағының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарды айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету, грамма- тикалық сауатын дамыту. Оқушының білім деңгейін көтеру үшін сабақта тиімді әдістерді қолдану керек. Қолдану барысында оқушылар сабаққа саналы, белсенді түрде қатысады және алған білімі де берік бола-ды. Сондықтан да оқушы білімін арттару үшін сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді қолданған дұрыс.

Технология” гректің “teche” – өнер, шеберлік және “logos” – ғылым деген сөзінен шыққан, яғни “шеберлік туралы ғылым” деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір – бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы “Нені оқыту керек?” ,”Не үшін оқыту керек?”, “Қалай оқыту керек?” деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы “Қалай нәтижелі оқытуға болады?” деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістер арқылы анықталады. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданады. “Инновация” сөзіне түсінік берер болсақ “инновация”сөзі латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны береді. Г.И.Шаманова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру , яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген. Энциклопедиялық сөздікте “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.

Білім беру инновациялары – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өзгерте алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.



Сөз басында қалыптасқан әдістер мен жаңа әдістер, яғни инновациялы әдістердің жиі қолданылып жүргенін айттық. Мен бұл әдістерге “Сұрақ – жауап”, “Суретті немесе көрнекілікті пайдалану”, “Аударма”, “Сөйлем және сөзді толықтыру”, “Мәтін бойынша әңгімелесу”, “Тест сауалдарымен жұмыс”, “Мақал – мәтелдер жарысы”, “Өлең, тақпақтар жарысы”, т.б әдістерін жатқызсам, ал жанама жаңғыртып оқыту әдісіне “Пікірсайыс” әдісі, “Коммуникативтік әдіс”, “Іскерлік әдісі”, “Видео арқылы сабақ беру әдісі”, “ Саралап оқыту әдісі”, т.б жатқызамын. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының заманға сай білімін тереңдету үшін ,тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп көмек етуде, сонымен қатар оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабағында лексикалық және грамматикалық тақырыптарды оқып үйренуіне , бекітуіне тиімді әдістер болып табылады.Сондай-ақ оқушының шығармашылықпен жұмыс істеп ,жаңалықтарды дер кезінде қабылдап ,өңдеп ,оны өз білімін жетілдіру кезінде айрықша көмегін тигізеді.Қазіргі кезде барлық пәндерде оқушы білімін жинақтау үшін тестік бақылау алынып жүр. Оқытудың коммуникативтік әдісінің енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелді. Жалпы тестті педагогикалық тест ,психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. деп бөлінеді.Лингводидактикалық тест педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде сөйлеу мен жазу тілі тестерін құрастырып , оны жүзеге асырумен айналысады. Бұл әдіс оқушылардың меңгерген материалдарын ескере отырып , біріншіден , өтілген тілдік материалдарды қайталау , корыту, екіншіден, алған білімдерін практикада ,күнделікті өмірде қолдана білу мақсатында жүргізіледі. Осыған орай бүл тест екіге бөлінеді:

1,Тілдік тест. Оған лексикалық ,грамматикалық тест түрлері жатады.

2.Сөйлеу тілі тесті.Бұған көбіне ситуативтік тақырыптағы сұрақ-жауап тапсырмалары жатады.

Бұл лингводидактикалық тест әдісі оқушының өтілген материалдарын қорытып ,өз бетімен жеке жұмыс істеуіне,логикалық ойлау қабілетінің дамуына , пәнге қызығушылығының артуына көмектеседі.

Оқу процесінде оның білімділік жағын жетілдіру коммуникативтік принципін енгізуде лингводидактикалық тест тапсырмалары берілгені тиімді.Тестік бақылаудың бірнеше түрлерін беруге болады.Ашық тест, сәйкестік тест,жұмбақтық тест, қосымшалық тест, т.б.

Мысалы: сәйкестілік тестісі:Тапсырма екі бағандағы бір-бірімен мағынасы сәйкес элементтерді табу. 1. Зат есім. 1.оқы. 2.Сын есім. 2.үш.

3.Сан есім. 3.бал. 4.Есімдік. 4.қызыл.

5.Етістік. 5.сонау.

Қазақ тілі сабағында оқушы білімінің сапасын бақылау үшін бұдан басқа да көптеген тәсілдерді қолдануға болады.Мысалы, жазба жұмысының түрлері.Диктантты тек жазып қана қоймай оған көптеген тапсырма беруге болады.Деңгейлі бақылау түрін ұйымдастыру. Жазған мәтіндегі сөздерге, сөз тіркестеріне, сөйлемге лексикалық , грамматикалық талдау жасату. Бұл әдіс те оқушының өтілген тақырыпты қалай меңгергендігін байқатады.

Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуімен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.







Негізінен сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына, сөз мәнін түсініп, орынды қолдана білуіне жағдай жасайды.

Ауызекі сөйлеу , оған қосымша сұрақ қою , баланың ой өрісін кеңейтіп , сауатты сөйлеуін бақылау үшін тиімді әдіс.Оқыту үрдісінде бұл әдіс ең көп тараған дәстүрлі әдіс- сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда жетекші рөл атқарады.

Тәжірибелік әдістердің ішінде оқушының грамматикалық арттыратын әдіс –жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап , тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.

Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдыландыру мақсатын көздейді.Оқушы қалай ауызша сауатты сөйлей білсе ,солай сауатты жаза білуі де керек, яғни ауызша тілін дамытумен бірге жазбаша тілін де дамыту қажет. Бірақ екеуінің арасында үлкен айырмашылық бар. Ауызша сөйлескенде кейбір пікірлерді қысқартып айтуға болады., ал жазып сөйлескенде мұндай мүмкіндіктердің бірі де болмайды . Оқушы қазақ тілінде дұрыс байланыстырып сөйлесін десек , ол дұрыс , қатесіз жаза да білуі қажет.Қазақ тілі сабағында құрғақ сөздерді жаттай бергенше , сол сөздермен жазба жұмысын, жаттығулар жүргізгенде оқушының есте сақтау қабілеті жақсы дамиды.Байланыстырып жаза білген оқушының жүйелі сөйлеу дағдысы да дұрыс қалыптасады.Сондықтан жазба жұмыстарын ұйымдастырған дұрыс.Ол үшін жазу сабақтарына арналған жаттығулар көбірек болып , ол жаттығулар кездейсоқ болмай , жүйелі жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс.

Мектеп бағдарламасындағы ''Қазақ тілі'' оқулығында жаттығулар үш түрлі бағытта алынған: 1.үлгі бойынша жаттығулар; 2.ізденушілік деңгейдегі жаттығулар ; 3.шығармашылық деңгейдегі жаттығулар;Бұлардың ішіндегі көп қамтылғаны үлгі бойынша және ізденушілік бағыттағы жаттығулар.Ал шығармашылық деңгейдегі жаттығулар белгілі бір тақырып ауқымы мен ережелерді қайталау үшін берілген. Мұндай жаттығулар оқушылардың тіл мәдениетін көтеруге , сонымен қатар сөйлейтін сөзінің мазмұнына мән беруге ,мәтінге негіз болатын материалдарды іздеп табуға , қажетті тұсын іріктеп алуға , ойды , пікірді дәл, анық жеткізуге қажет сөздерді, терминдерді іріктеп алуға дағдыландырады.Ауызша сөзді мәнерлеп, тиісті интонацияға түсіріп айтуды үйретеді.

Р.Әміров ''Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқауында'' қазақ тілі сабағында оқушыларға ауызекі сөйлеуді үйретуге көп көңіл бөлген. Оқушыларды сөйлемді өз бетінше құрауға үйрету үшін жаттығулардың мынадай түрлерін ұсынады: 1.Сөйлемдердің бір сөзі түсіріліп, оның орнына сұрақ қойып, сұраққа жауап беретін сөз қосып, сөйлемді толықтырып айту, жазу. 2.Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу. 3.Жазбаша, ауызша сұрақтар беріп, оған жауап қайтару. 4. Сурет бойынша сөйлем құрату.

Бұл жаттығулардың оқушылардың тілін дамытуда маңызы зор. Әсіресе тыңдаушы өз ойын жүйелі жеткізе алу үшін көптеген жаттығулардың түрлерін қолдануға болады.Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, оларды сөйлемде қалыптасқан орнына орналастырып, байланысты ойды жеткізуге болады.Бұл үшін сөздерді байланыстыратын, оларды құрастыруға қызмет ететін тілдік құралдармен, олардың сөйлемде қолдану заңдылықтарымен таныстырылады.Оларды сөйлемде қолдануға жаттықтырады.







Қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі – оқушылардың сөздік қорын, жазбаша және ауызша байланыстырып сөйлеу машықтарын дамыту. Бұл жағдайда жаттығулардың маңызының зор екендігіне күмән келтірмейді.

Заттың атын, қимылын білдіретін сөздер тіркесінің сөйлем жасайтын және сол сөздердің арасындағыбайланысты аңғарту мақсатында бірнеше жаттығулар жүргізуге болады. Мысалы: қимылды білдіретін сөздерді беріп , олардың алдына заттың атын білдіретін сөздерді байланысына қарай жаздыру. Үлгі:.......... бүршік жарды.(ағаш бүршік жарды)

........... гүлдеді.(бәйшешек гүлдеді)

Кім? Не?

Не істеді?




Таблицаны толтыру

Сөйлемдегі заттың аты мен сынын (санын) білдіретін сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі (немесе байланысуы) туралы түсінік беру мақсатында төмендегідей жаттығулар қолдануға болады.Мысалы:заттың атын білдіретін сөздер беріп, олардың алдына сынын білдіретін сөздерді жаздырту.

Үлгі: ....... гүл (қызыл гүл). ........ сынып (таза сынып).

........ көбелек (әдемі көбелек). ......... жеміс (тәтті жеміс).

Қандай?

Не?






Қанша?

Не?

1



2



Кім?

Қанша?

Қандай?

Не?

Не істеді?

1

Ақан

екі

ала

көбелек

ұстады

2

Майра

үш

қызыл

алма

алды

Осындай кестелерді қолдана білсек, байланыстырып сөйлем құрау оқушыға қиындық тудырмайды. Кестелерді жүйелі қолдану оқушыларды ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің бір жолы болмақ.

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелерді, сызбаларды, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есте сақтау, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың ынтасын арттырып, түсіндірілген материалды саналы меңгеруге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының









көп жағдайда төмен болуы осындай түрлі әрекеттерге бейімделмеуден болады.Сондықтан коммуникативтік механизмін ашу қажет. Яғни оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құраудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал-құралдар арқылы меңгеріледі.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін '' Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау''әдісінің кез келген стратегиялары құнды әрі бағалы. Бұл стратегиялароқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздардың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін,үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, автор орындығы, топтастыру, т.б.стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушылардың көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды, пәнге қызығушылығы мен құлшынысын арттырады. Әрі тіл байлықтарын арттырып, сөйлеу шеберліктерін қалыптастырып, ұстаз бен шәкірттің шығармашылық ынтымақтастығы шыңдала түседі. Оқушылардың оқу еңбегін, білім алу жолындағы өздігінен атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жолдары кеңейіп, тың мүмкіндіктер ашылады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Артықова Т.М Қыстаубаева. Ж. “Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Алматы – 2005ж

  2. Қуанышбаева. А. “Жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану”. Алматы. Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал, №2. 2004 ж. 47 бет.

  3. Әміров. Р. “Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау”. Алматы. Рауан. 1990 ж. 72 бет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2018
1442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12