Қазақ тілі, Табиғат құбылыстары. Алуан түрлі табиғат.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі, Табиғат құбылыстары. Алуан түрлі табиғат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Айтысты дауыстап, мәнерлеп, рольге бөліп, түсініп оқиды. Берілген мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды. Көптеген оқушылар: Айтысты дауыстап, мәнерлеп, рольге бөліп, түсініп оқиды. Берілген мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды. Шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, атайды. Кейбір оқушылар: Айтысты дауыстап, мәнерлеп, рольге бөліп, түсініп оқиды. Берілген мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды. Шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, атайды және өмірде қолданады. Негізі ойын дәлелдер келтіре отырып, бағалайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Қазақ тілі мен әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

5-бөлім: «Табиғат құбылыстары»

Мектеп: "Лингвистикалық Семей мектеп-гимназиясы" ЖШС

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шакабаева Ж.С.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алуан түрлі табиғат. Көркемдеуіш құралдарды қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу

4.2.2.2* шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу, аллитерация, әсірелеу), пейзажды табу және оларды қолдану (тұрақты сөз тіркес?)

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу , бағалайды.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Айтысты дауыстап, мәнерлеп, рольге бөліп, түсініп оқиды. Берілген мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Көптеген оқушылар: Айтысты дауыстап, мәнерлеп, рольге бөліп, түсініп оқиды. Берілген мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды. Шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, атайды.

Кейбір оқушылар: Айтысты дауыстап, мәнерлеп, рольге бөліп, түсініп оқиды. Берілген мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтайды. Шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, атайды және өмірде қолданады. Негізі ойын дәлелдер келтіре отырып, бағалайды.

Бағалау критерийлері

Берілген мәтінді мәнерлеп,рольге бөліп оқиды.

Сөздік қор


Аяз, Қыдыр ата, қаһар, сескену, кәріне ұшырау, емірену,тебірену.

Миссия және пайымдау

Алған білімдерін өмірде қолдана білу.

Жаһандық азаматтық

Дүниежүзіндегі табиғат құбылыстарын білу.

Құндылықтарды дарыту




Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру.


АКТ қолдану дағдылары

Интернеттен деректер іздеу

Алдын игерілген білім


Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын

анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің

мағынасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Cыныпта жайлы орта орнату.

Оқу мақсатын таныстыру.

 Оқу түрлерін қолданамын.
 ​Көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтаймын.

Күтілетін нәтижені анықтау.


Сабақтың ортасы


(Ж,М) Сөздікпен жұмыс

Кәріне ұшырау – қаһарына ұшырау
Малдың ығуы – боранда малдың адасуы
Тебірену – жан дүниесі толқу
Емірену – жақсы көріп мейірлену

Тұжырымдар

Оқығанға дейін
Иә/жоқ

Оқығаннан кейін
Иә/жоқ

Жерінде бір жылда екі мезгіл ғана болатын ел бар

  • Иә

  • Жоқ

  • Иә

  • Жоқ

Мен тұратын жерде төрт маусым да болады.

  • Иә

  • Жоқ

  • Иә

  • Жоқ

Менің танысым тұратын жерде жылдың үш мезгіл ғана.

болады

  • Иә

  • Жоқ

  • Иә

  • Жоқ

Қаһарлы қыс қорқынышты.

  • Иә

  • Жоқ

  • Иә

  • Жоқ

(Ж,М) Жұптық жұмыc.Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар

иглу               вигвам                  джонка

Аяз бен Қыдыр

(айтыс)

Аяз:

- Қабағыма қар қатып,

Кірпігіме қар қатып,

Қатал қыстың әмірін

Жүрмін жұртқа тыңдатып.

Малың ықса боранда,

Төлің өлсе қораңда,

Ол да – менің ашуым,

Ерегескен оңар ма?

Айтшы, кімнің күші кем?

Суық сөздің сұсы – мен.

Бұлақ суын қатырдым

Таяғымның ұшымен.

Қыдыр:

-Жерді көріп тебірендім,

Елді көріп емірендім.

Суытушы сен болсаң,

Жылытқалы мен келдім.

Менің қаным – тіршілік.

Сен шыршаны қиғызсаң,

Мен еккізем бір шыбық.

Тау суындай тасамын,

Бұлақ көзін ашамын.

Ақ ниетті адамға

Жақсылықты тосамын...

Аяз:

-Бала да жас, кәрі де,

Мені сыйлар әлі де.

Сескенбейтін жан болса,

Ұшырайды кәріме!

Қыдыр:

-Мен шығыппын Шығыстан,

Сен келіпсің Батыстан.

Күндер болды ұғысқан,

Күндер болды қағысқан.

Қарың суға айналды.

Мұзың буға айналды.

Барлық сұсың ақыры

Сескентсең де, жай қалды.

Аяз:

-Мен суықтың ұлымын,

Қаталдықтың пірімін.

Сенің жылы сөзіңнен

Босап кетті буыным.

Қыдыр:

-Аяз, бауырым, өжетсің,

Мейлі, күнің тез өтсін.

Он екі айда бір келер

Мезгілге сен қажетсің.

Аяз:

-Сен де өмірге керексің,

Өзгелерден ерексің.

Алма – кезек кеп тұрсақ,

Татулыққа не жетсін!

Ақылбек Шаяхметов



Ойлан

Өлеңдегі Қыдыр ата – ненің бейнесі?

Аяз бен Қыдыр бір-біріне қандай сын айтады?

Аяздың «буыны неден босап кетті»?

Бағалау критерийлер:

  • Қыдыр ата туралы ойын, оның бейнесін біледі;

  • Аяз бен Қыдыр атаның айтқан сындарын айтады;

(Ө), (Қ) Анықта

Аяздың соңғы сөзінен мәтіннің негізгі ойын анықта.

Саған қай кейіпкер ұнады? Дәлел келтіріп, түсіндір. Баға бер.

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • Дәлелдер келтіріп, өз ойын түсіндіреді;

  • Кейіпкерлердің іс әрекеттерін бағалайды.

(Т,М) Екі маусымы ғана бар елдер

Тропиктік елдерде жыл маусымы әдеттегідей төртеу емес, екеу-ақ. Ол – жаңбырлы маусым және жаңбыр мүлде жаумайтын құрғақ мау­сым. Құрғақшылық айларында ағаштар мен өсімдіктер қурап қалады. Азық пен су іздеген жануарлар жүздеген шақырым жерлерге ауып кетеді.

Қорытындыла

Бастапқы пікіріңді қалай толықтырдың?

Жауабы:

Өлеңдегі кейіпкерлерден өзіңе қандай үлгі алдың?

Үйге тапсырма.









Сабақтың соңы

Рефлексия. Тапсырманың оң жағына берілген түсті таңдап кері байланыс жаса.



Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.




Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі