Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін
амал-әрекетті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін
жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа
түседі. Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері
мыналар:
1. Толықтауыш атау жіне ілік септіктерден басқа
септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден
кейін туралы, жөнінде,
жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып
тұрады.
2. толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны
білдіреді. (көбінесе баяндауышпен байланысқа
түседі)
3. сұраулары аталған
септіктердің Кім? Не? түбірлес болады.
4. Байланысу түрі
–меңгеру,
жанасу.
Толықтауыш құрылысына
қарай дара,күрделі болады.
Жанама
толықтауыштар
Барыс септігінде
Кімге?неге?
Жатыс септігінде
Кімде?Неде?
Шығыс септігінде
Кімнен?Неден?
Көмектес септігінде
Кіммен?Немен?
Күресуге дәрмен жоқ.
Халықта жер бар.
Күштіден істі озды.
Толықтауыш
Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір
мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені
толықтауыш дейді. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге?
неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім(не) туралы?
кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?
Толықтауыш құрамына қарай бір сөзден ғана болып дара толықтауыш
және бірнеше сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден құралып күрделі
толықтауыш болып бөлінеді. Мағынасы мен тұлғасына қарай тура
толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс
септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш, ал атау, ілік,
табыстан басқа септіктердің бірінде немесе туралы, тақырыпты,
жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың тіркесінен болған
толықтауышты жанама толықтауыш дейміз. Сөйтіп, табыс септігінің
сұрағына (к і м д і? н е н і?) жауап беретін сөз тура толықтауыш
болады да, барыс (к і м г е? неге?), жатыс (кімде? неде?), шығыс
(кімнен? неден?), көмектес (кіммен? немен?) септіктердің және кім
(не) туралы? кім (не) жайында? тәрізді сұрақтардың біріне жауап
беретін сөз жанама толықтауыш болады. Тура толықтауыш сабақты
етістікпен ғана байланысып қолданылады.
Толықтауыш пен толықталатын сөздің арасындағы байланыс түрі меңгеру
болады, өйткені толықтауыш белгілі септік (табыс, барыс, жатыс,
шығыс, көмектес) тұлғасында немесе туралы, жайында, жөнінде,
тақырыпты деген шылаулар арқылы то-лықталатын сөзге бағына
(меңгеріле) байланысады.
Толықтауыш зат есім мен есімдіктен, атау мен іліктен басқа септік
тұлғаларының бірінде тұрып заттанған өзге де сөз таптарынан (сан
есім, сын есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері), негізгі
сөздің туралы, жөнінде, жайында деген шылаулармен тіркесінен
болады. Мысалы: Тәңірберген жаз бойы теңіз жағасын торуылдап кетті.
Қарт ана балаларын өлдіге қимайды. Еламан карт балықшыдан бұл
ауылдың таяуда ауыр қазаға ұшырағанын есіткен-ді. (Ә. Нүрпейісов)
деген сөйлемдерде теңіз жағасын (нені торуылдап кетті?), балаларын
(кімді қимайды?), қазаға ұшырағанын (нені есіткен-ді?) сөздер мен
тізбектер сабақты етістіктерге табыс септік жалғауы арқылы
меңгеріліп, тура толықтауыш болып тұр, ал өлдіге (неге қимайды?),
балықшыдан (кімнен есіткен-ді) деген сөздер барыс (-ге), шығыс
(-дан) септік жалғаулары арқылы меңгеріліп, жанама толықтауыш болып
тұр. Балаларын және балықшыдан дегендер зат есімнен болған, өлдіге
деген етістік тұлғасының барыс септігі арқылы заттанып
қолданылуынан болған дара толықтауыштар да, теңіз жағасын екі зат
есімнің (теңіз және жаға) тіркесуінен, қазаға ұшырауынан тұрақты
тіркестен болған күрделі толықтауыш болып
саналады.
Іздену
жұмысы.
Топпен жұмыс
жасау
1-тапсырма:
Берілген мәтіннен
толықтауыштарды тауып,астын
сызындар.
Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің
төрт тарабын түгел кезді.Толқындар жабуды бүлк-бүлк көтеріп,суға
батырмайды.Аң да,құс та,адам да толқындардың үстінде қобызын
аңыратқан Қорқыттың күйін тыңдайды.Әсем құстар қоршаған Қорқыт өз
әндерінің бірін соларға арнайды.Өте әдемі осы күй сазын халық
«Аққу» деп атап кеткен.
Жаттығудың орындалу
барысы:
Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің
төрт тарабын түгел
кезді.Толқындар жабуды бүлк-бүлк
көтеріп,суға батырмайды.Аң да,құс
та,адам да толқындардың үстінде қобызын аңыратқан Қорқыттың күйін
тыңдайды.Әсем құстар қоршаған Қорқыт өз әндерінің
бірін соларға арнайды.Өте әдемі осы
күй сазын халық «Аққу» деп атап
кеткен.
2-тапсырма:
Кім көп біледі?соны анықтау
үшін 2топқа бөлініп мақал-мәтелдердегі бос орындарды толықтауышпен
толықтыру керек.
1-топтың
тапсырмасы:
1. Қорқақ..........қорқады.
2. ..... шыққан
сөз,
..... болсын
кез.
3. Өтірік сөз ...
баспас.
4. .... пәле
.....
2-топтың
тапсырмасы:
1.Сөз .... қолқа
жоқ
2.Аяғы жаман .... былғар,
Аузы жаман .....былғар
3.Жақсы сөз ... рахат,
Жаман сөз... жарақат.
4..... шым тоқтатар.
.... шын
тоқтатар.
Тапсырманың орындалу
барысы:
1-топтың тапсырмасы:
1.
Қорқақ көлеңкесінен қорқады.
2. Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
3.
Өтірік сөз өрге баспас.
4. Басқа пәле тілден.
2-топтың тапсырмасы
1.Сөз тапқанға қолқа жоқ
2.Аяғы
жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар
3.Жақсы
сөз жанға рахат,
Жаман сөз жанға жарақат.
4.Суды шым тоқтатар.
Сөзді шын тоқтатар.
3-тапсырма:
«Сұрақ-жауап». (2 топқа ортақ қойылады сұраққа
«иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
Толықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз
мүшесі.(иә)
Толықтауыштың байланысу түрі матасу және
қабысу.(жоқ)
Бір
сөзден болған толықтауышты күрделі толықтауыш
дейміз.(жоқ)
Толықтауыш құрылысына қарай дара,күрделі,үйірлі
болып бөлінеді.(иә)
Толықтауыштың тура және жанама түрлері
болады.(иә)
Тура толықтауыш кімге?неге?кімде?неде?
сұрақтарына жауап береді.(жоқ
4-тапсырма:
Мына кестеден тура және жанама толықтауыштарды
табыңыздар.
Тапсырманың орындалу
барысы:
Сөз
Тура толықтауыш
Жанама толықтауыш
Күресуге
+
Гүлдерді
+
Саматты
+
Машинамен
+
Халықты
+
Айшада
+
Кітапты
+
Қала күніне орай Оралға танымал әншілер
келді.
Демалыс күні Марал достарымен тауға шаңғы тебуге
барды.
5-тапсырма:
2-топқа парақша үлестіріледі. Көп нүктенің
орнына тиісті толықтауыштарды қою
қажет.
1-топқа тапсырма.
Тау .... көрікті
Ел .... көрікті.
Берілетін
сөздер:тасымен,суымен,жасымен,шөбімен,ағашымен
Дәнді шашпа, ...
баспа.
Берілетін сөздер:
кітапты,дәптерді,нанды,қағазды
Сөз .... өтеді,таяқ .....
өтеді.
Берілетін
сөздер:сүйектен,ағаштан,оттан,еттен,судан
2-топқа тапсырма
Көз жеткен .... сөз
жетер.
Берілетін
сөздер:тауға,жерге,көлге,мектепке
Бал тамған .... , у
тамар.
Берілетін
сөздер:тілден,қылыштан,ырыстан,шеберден
Сөз .... қолқа
жоқ.
Берілетін
сөздер:барғанға,көргенге,тапқанға.
6-тапсырма:
«Сөзден сөз тіркесіне»ойыны.Берілген сөздерден
сөз тіркесін құраңыз.
Берілетін
сөздер:ойнайды,дайын,қарау,құштарлық,шықты,күнделігі
,айтты.
Тапсырманың орындалу
барысы:
Доппен ойнайды
Концертке дайын
Көңіліне қарау
Өмірге құштарлық
Мектептен шықты
Ақынның күнделігі
Шындықты айтты
V. Бекіту: Сабақты сөзжұмбақ арқылы
бекітемін.
1.Күрделі толықтауыш қандай шылаудың
қатысуы арқылы жасалады.
2.Толықтауыштың бір
түрі.
3.Толықтауыш қандай байланысу арқылы
жасалады.
4. Күрделі толықтауыш қандай септеулік шылау
арқылы жасалады.
5.Толықтауыштың байланысу түрін
тап.
6.Баяндауыш білдіретін
амал-әрекетті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын
тұрлауысыз мүше.
Тапсырманың орындалу
барысы:
1.Жөнінде
2.Дара
3.Жанасу
4.Туралы
5.Меңгеру
6.Толықтауыш
VII. Үйге
тапсырма: Толықтауыштың түрлеріне 3 мысалдан жазып,ережесін
жаттап келу.