400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілім – Мәңгі жасар байлығым!» тақырыбындағы кітап көрмесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап көрмесінің мақсаты: Оқушыларға ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры екенін түсіндіру. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! 5 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет екенін оқушыларға насихаттау..
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілім – Мәңгі жасар байлығым!» тақырыбындағы кітап көрмесі

9-20 қыркүйек – тілдер мерекесі

Кітап көрмесінің мақсаты: Оқушыларға ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры екенін түсіндіру.

Кіріспе сөз: Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! 5 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.


Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тіл
і , сен қалдың.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама. Кітап көрмесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Абай Құнанбаевтың тағы да басқа жазушыларымыздың даналық сөздері қойылды.

Кітап көрмесіне қойылған кітаптар:

  1. Қазақ бабалар өсиеті.

  2. Шежіре.

  3. Қазақ тілі іскери тіл.

  4. Этнопедагогика.

  5. Қазақ тілінің терминдері.

  6. Бабалар аманаты.

  7. Бес ғасыр жырлайды.

  8. Дастандар 1.2.3 том

  9. Айтыс

  10. Қиссалар.

Тілден асқан байлық жоқ. Тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық! Қолда бар алтынның қадірін бағалай білейік! Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау сіз бен біздің қолымызда.

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!








Есенгулова Т.С., кітапханашы.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
1900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі