Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдістері
Аңдатпа. Бұл мақалада қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретудің қолданылып жүрген жолдары мен оқыту әдістемесіндегі кемшіліктерге талдау жасалды. Білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер негізінде жаңа заман технологияларын пайдалана отырып қазақ тілін үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері құрастырылды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қазақ тілін үйрету әдістемесінің қолданылу ерекшеліктері жайлы сөз қозғалды.
Түйін сөздер: қазақ тілі, тіл үйрену, қоғам, ана тілі, сөйлеу, тіл дамыту, норма.
Қазақ тілін мектептерде екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі – қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін, қазақша сауатты сөйлеу мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға дейінгі кезеңде жасалатын іс-әрекеттердің жиынтығын қамтитын құрал. Қоғам дамуының қазіргі жағдайында қазақ тілін мектептерде екінші тіл ретінде оқыту барысында пайда болған бірқатар мәселелерді шешу мен тиімді жолдарды қарастыруды жұмыстың өзектілігі етіп алдық.
Бүгінде тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында мемлекетіміз саяси аренада тұрақты жағдайда дамуда. Қазақ тілінің де мәртебесі тұрақталып, егемендік жылдарынан бері ана тілін қолданатын ұлт жанашырларының саны артқан. Бұл өз кезегінде ең алдымен қазақ тілінің түйткілді мәселелерін шешіп, одан кейін өзге ұлт өкілдеріне немесе орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйретудің тиімді методикасын жасаудың алғышарты болып отыр. Кешегі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы бастаған топ қазақ тілін зерттеп, біршама оқулықтар қалдырып кетті. Одан бөлек А. Ысқақов, К.Аханов, Н.Сауранбаев секілді бірқатар ғалымдар тобы осы сала төңірегінде аянбай тер төгіп, зерттеу жұмыстарының аясын кеңейтті. Сонда да қазақ тілін басқа тіл қолданушыларына үйретуден бұрын, тіл салалары әлі де бірыңғай тұрақтылыққа түспей отыр. Осы мәселелерге байланысты қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдістері туралы әлі де тұшымды еңбек жазылмады.
Дәстүрлі оқыту жүйесі кей пәндерге келгенде заман талабынан тым тысқары қалып, реформациялауды талап ететіндігін байқаймыз. Осыған дейін тілді екінші тіл ретінде оқытудың бірқатар әдіс-тәсілдері мен әдістері кеңінен өріс алды. Соларға қысқаша талдау жасап өтсек:
Аударма әдістемесі. Бұл әдістеменің негізі – тіл дыбыстарын үйрену мен дұрыс қолдануға ұмтылыс жасауда жатыр. Негізінен жетпісінші жылдары кеңінен қолданылды. Аударма әдістемесінің ерекшеліктері:
-
үйреніп жатқан тіл элементтерінің ішінен оқу мен жазу бағыты алға шығады, ал сөйлеу мен тыңдауда артта қалушылық байқалады;
-
ана тілі мен үйреніп жатқан тілдегі грамматикалық тұлғалар салыстырыла қолданылады;
-
үйрету кезінде ана тілі мен үйреніп жатқан тіл қатар жұмсалады.
Табиғи әдістеме. Бұл әдістеме негізінен жетпісінші жылдары кеңінен етек жайған. Әдістеме барысында білім алушыға үйретілетін тілді өз ана тілінің үйретілу әдістемесі арқылы жүргізілген. Мұндай тәжірибеде дыбыстарды анық дыбыстау басты рөлге шығады да, тіл үйренуші сөйлеу тұрғысынан тілді жетік меңгеріп отырған.
Есту-тілдесу әдістемесі. Бұл әдістеме сексенінші жылдардың басында кеңінен таралды. Әдістеме негізінің өзегі – өзге тілде тыңдаған ақпаратты түсіну және түсінігін жеткізуде жатыр. Әдістеменің ерекшеліктері төмендегідей:
-
үйретуде сөйлеу және жазу алға шығады;
-
үйретіліп жатқан тіл табиғатының өзіндік сипаты тіл үйренушіге үйретіледі;
-
тыңдалған сұхбаттар немесе жазба мәтіндерін жазу барысында оған тілдік анықтамалар мен грамматикалық түсініктемелер қатар беріліп отырады;
-
тілді үйренушінің ана тілі қолданылады;
-
тапсырмалар мен жаттығулардың өрнектері беріледі;
-
бұл әдісте ең алдымен тыңдауға, жазу мен сөйлеуге мән беріледі, сөйлеу қажеттілігінің маңызы алға шығып отырады.
Сократ әдістемесі.Бұл әдістеменің негізі – сұрақ-жауап тәсіліне бағытталады. Үйретуші мен үйренуші диалог құру арқылы осы әдісті жүзеге асырады. Мұнда үйренуші диалог барысында түсінбеген сұрақтарын қояды. Ал үйретуші өз сұрақтарына үнемі жауап алуға тырысады. Бұл үлкен шыдамдылық пен жеке ізденісті және ең бастысы зейінді шоғырландыруды талап ететін әдістеме болып саналады.
Тура әдістеме. Тілді үйренуші сол тілдің мәдениеті мен тарихына және жекелеген дәстүр-салттарына қатысты ақпараттармен танысады. Мәдениет пен тіршілік негізіндегі басты ерекшеліктер тілді үйретуге бағытталған тапсырмалар мен жаттығулардың ішінде кездеседі. Үйретуші мен үйренуші арасындағы қарым-қатынас тілді меңгеру үшін тікелей жол – сол ұлттың мәдениетімен танысу арқылы жүзеге асады. Басты назар салынатын нәрсе – мәтін мазмұнын айту және аудару. Тура әдістеменің нәтижесі тікелей үйренушінің ақпаратты қабылдау деңгейі мен қарым-қабілеті және сол тілді үйренуге деген қызығушылығына байланысты.
Жаңаша жаңғырту әдістемесі. Бұл әдістеме инновациялық құралдар арқылы тіл үйренушінің дербес қабілеті белсенділігі арқасында ақпаратты іздену, оқу материалдарын өзінше пайдалану тәсілдері алға шығады[1,74].
Халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы мектеп болып саналады. Еліміздің жарқын болашағы – білім алушылардың білім сапасының жоғарылығына тікелей байланысты. Осы ретте білім беру саласында, әсіресе қазіргі нарықтық экономика заманында жаңашыл мұғалімдер керек. Қазіргі Қазақстан қоғамы да заңдары да көптілділіктен қашпайды. Бұл өз кезегінде мектеп қабырғасында бірнеше тілді қатар үйретуге мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктен кейін ғана келе бастаған үрдістердің бірі – тіл үйрену. Соның ішінде әсіресе әлемдік экономиканың негізін құрап отырған Еуропаның дамыған елдерінің тілдерін үйрену аса кеңінен белең алған жағдай. Өз кезегінде қазақ тілі де кең қолданысқа ие болып, өз аясын кеңейтуі үшін ең алдымен ресми іс-қағаздардың қазақ тілінде жүргізілгені маңызды. Ал қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретудің әдістемесіне оралар болсақ, бұл ретте бірнеше онжылдықтар бұрын жасалған ағылшын тілін үйрету оқулықтарымен салыстырғанда қазіргі кезде дасалып жатқан қазақ тілін үйретуге арналған оқулықтардың мазмұны мен сапасы жағынан артта қалып келеді. Қоғамға нақты пайдасы бар оқулықтар жазу үшін ең алдымен практикалық түрде сыннан өткен осы тақырып төңірегіндегі сапалы әдістемелік жұмыстар керек. Сапалы әдістемелік оқу құралын құрастырып шығу үшін білім беру жүйесіндегі дәстүрлі формациялардан қашып, басқа елдерде көптеген жылдар бойы тәжірибеден өткен әдіс-тәсілдер біздің тілдің табиғатына сай іріктеліп, білім алушыларға ұсынылуы керек.
Тіл дамыту – қазіргі мектепте оқыту ісіндегі басты проблема. Соңғы кездері қоғамда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге байланысты оқушылардың зейінін білімге бұру қиындап жатыр. Бұл әсіресе дұрыс сөйлеу мен дұрыс жазу жағдайларына әсер етеді. Ал екінші тіл ретінде оқылатын сабақтардан алған білім оқушыларға болашақта күнделікті өмірде үлкен мүмкіндіктер тудырады. Тіл дамыту дегеніміз – сөздік қорды дамыту, оқушылардың ойлаған ойын тыңдаушыға еркін жеткізе алуы, айтушының ойын еркін түсіне алуы, жалпы айтқанда еркін сөйлей білуге үйрету. Осыған байланысты тіл дамыту ұғымының кең ұғым екенін байқаймыз.
Әдетте адам баласы ойын екі түрлі функция арқылы жеткізеді. Бұл екі фунция – сөйлеу мен жазу. Бірі жазбаша, екіншісі ауызша ойды жеткізудің тәсілі. Сөйлеу – тілдің көмегімен жүзеге асатын функция. Кез келген адам сөйлеу арқылы өз ойын жеткізе алады. Бұл функция өзіндік сипаттамаларға ие. Сондай сипаттамалардың бірі сөйлеудің мазмұнды әрі мәнерлі болып келуі. Егер сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзінің мәнін жоғалтады. Мұндайда айтушының ойын ешкім де түсінбейді. Ал мәнер кез-келген сөзге ерекше бір өрнек, бедер беріп тұрады. Айтушының сөзі түсінікті болуымен қатар тыңдаушыға қандай да бір әсер сыйлайды. Сабақ барысында білім алушылар әрбір сөздің мағынасын түсініп, әр сөзді өз орнымен қолдануы тиіс. Сонда олардың сөйлеу әрекеттері дұрыс қалыптасады. Сөйлеу әрекеті дұрыс қалыптасқан оқушы күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсінеді. Сондықтан да мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ынта қойып, асқан шығармашылықпен жүргізуі керек.
Тіл дамыту жұмысы негізінен төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Ең алдымен, мәдени және әдеби сөйлеу дағдыларын оқушылардың санасына сіңіру. Орфографиялық ережелерді меңгерте отырып, оқушының айқын әрі анық сөйлеуіне жағдай жасау, білім алушыны мәнерлеп сөйлеуге машықтандыру.
Екіншіден, тілдің лексика және фразеологиялық бөлімдерінен көбірек білім беру. Лексиканың аясын пайдалана отыра білім алушының сөздік қорын кеңейту. Үйреніп отырған тілінен тұрақты түрде сөз жаттау дағдысын қалыптастыру. Мәселен, бір аптада қазақ тілінде ең көп қолданылатын 100 сан есімді жаттау дейтін тапсырма берілсе, екінші аптаға қазақ тілінде ең көп қолданылатын 100 етістікті жаттау секілді тапсырмаларды тұрақты түрде жүктеп отыру.
Үшіншіден, сөздердің байланысу тәсілдеріне мән бере отырып, жаңа сөздер үйрену.
Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс әрі тиянақты, сауатты етіп жазуға машықтандыру.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы ең басты міндет – білім алушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Бұдан да бөлек біршама міндеттер жүктеледі:
-
білім алушыларға сөздік қорды байытуға арналған тәсілдер туралы мәлімет беру;
-
сабақта аталған әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету;
-
орфография туралы танымын кеңейту арқылы жазбаша тілін дамыту;
-
сөздікті дамыту;
-
қазақ тіліндегі дыбыстарды айтылым барысында дұрыс дыбыстауға үйрету;
-
сөйлеу тілінің дағдыланған грамматикасын қалыптастыру;
-
айтпақ болған ойын дұрыс жеткізуді үйрету;
-
диалогтық сөздік қор қалыптастыру;
-
қазақ тілінде жазылған көркем әдебиет үлгілерімен таныстыру;
-
сауатты жазу нормаларын қалыптастыру
Қазақ тілі сабағында сөздік қорды дамытудың рөлі аса зор. Осы бағытта жүргізілеітін негізгі әдіс тәсілдерге сұрақ-жауап арқылы сөйлесу, әңгімеден түйген түсінігін айтқызу, көрнекі құралдарды пайдалану, аударма арқылы үйрету, сөздік жаттату, мәтінмен жұмыс және жұптау арқылы сабақ өткізу әдістері кіреді.
«Оқыту әдісі дегеніміз не?» деген сұраққа жауап бере өтсек. Оқыту әдісі дегеніміз – дидактиканың басты құрамдық бөлімдерінің бірі. Оқытудың мақсаты мен міндеттері анықталғаннан кейін соның негізінде оқыту бағыты құрылады. Оқу процесінің мейлінше сапалы және нәтижелі болуы – тікелей оқыту әдісінің дұрыс құрылуына байланысты. Оқыту әдісі тиімді шығармашылық жұмыспен үйлесім тапқан кезінде нәтиже береді. Бұл оқытушы мен білім алушы арасындағы бірігіп жұмыс атқарудан туған нәтиже болып саналады. Оның арқасында білім мен іскерлік таным қалыптасып, оқушының дүниетанымының кеңіп, қабілеттілігінің артуына жағдай жасайды[1,78].
Орыс тілді оқу жүйесімен білім беретін мектептерде қазақ тілі бойынша үйретілетін негізгі сөздер белгілі бір тақырыпқа, екіншіден сөз таптарына қатысты болады. Сол себепті оқушы қазақ тілін үйрену барысында тек тіл грамматикасының нормаларымен танысып қана қоймай, қазақ әдебиетінен хабардар болып отырады. Кейбір жаттығулар мен тапсырмалар орыс тілінде беріледі. Сондықтан салыстырмалы-грамматикалық таным қалыптасып, сол тәсіл арқылы тілді үйренудің артықшылықтары мен қиындықтары айқындалады. Қазақ тілі сабағында сөздік қорды дамыту әңгімелесу, түсінік айтқызу, сұрақ-жауап, аударма жасату секілді тәсілдер арқылы жүзеге асады. Әрбір өтілетін тақырыптың тематикасына сай көрнекі құралдар, сызбалар мен кестелер, электронды оқулықтар, қызықты заманауи тест құрастыру платформалары, тақырыпқа сай видеожазбалар сабаққа араласып отыруы шарт. Сол кезде оқушы назары сабаққа ауып, берілген ақпаратты жылдам қабылдай алады. Жыл өткен сайын технологияның озық жетістіктерін әр түрлі салаларда қолдану қолға алынып жатыр. Солардың ішінде білім беру саласы цифрлық құралдарды қолданудан алғашқы орында тұр. Жаңа технологиялар мен заманға сай жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.
Мемлекеттік тілдің қоғамдағы және жалпы өмірдегі қолдану аясын кеңейту үшін бүкіл жүйе болып жұмыс атқаруымыз қажет. Бала енді ғана тілі шығып, тәй-тәй басқан сәтінен-ақ қазақ сөздерін құлағына сіңірсек, балабақшада қазақша сөйлесе, мектеп кезінде қазақ тілінің негізгі ережелерімен танысып, жоғарғы оқу орнында оны тереңдетіп оқытса болашақта орыс және қазақ тілдерін жоғары дәрежеде білетін мамандар дайындап шығаруға болады. Алайда қазақ тілінің қоғамдағы орны мен қолданыс аясының тарлығы қол байлайды. Одан көрі ағылшын тілінің қолданыс шеңбері біздің елімізде кеңейіп келе жатқандай көрінеді. Осындай күрделі мәселе жағдайында сөздік қорды қалай байытуға болады деген заңды сұрақ туары анық. Осы мәселені шешуге бағытталған бірнеше тәсілдерді ұсынғым келіп отыр:
Түсіндірмелік-танымдық әдіс – тақырып аясында өтілген кез-келген жаңа сөз, сөз тіркестері мен сөйлемдерді, мәтіндерді түсіндіруде қолданылатын әдіс. Негізінен сөздік жұмысында, күн сайын үйретілген жаңа ұғымдарды түсіндіруде жүзеге асады. Осы әдіс арқылы қазақ тілінің кейбір грамматикалық ерекшеліктерін білім алушыға оңай жеткізуге болады. Мәселен, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар жайлы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың өз ішіндегі бөлінісі жайлы, екпіннің соңғы буынға түсуі мен түбірден кейінгі жалғанатын қосымшаның жуан не жіңішке болуы түбір құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан не жіңішкелігіне қатысты екендігін т.б.
Қызықтыру әдісі – әрбір сабақ сайын жүргізілуі тиіс, өтімділігі жоғары әдіс. Білім алушылардың ана тілінен басқа тілді үйрену кезінде осы әдістің көп қолданылғандығы әлем елдерінің білім жүйесіндегі тәжірибелерден белгілі. Бастауыш сыныптарға қазақ тілін үйрету барысында түрлі түсті суреттер мен бояуларды, ойыншықтарды көрсету арқылы тілді үйретуге болады. Тақырыпқа сай келетін көрнекілік құралдары эстетикалық жағынан көзге тартымды, оқушының назарын бірден өзіне аудара алатындай болуы керек. Мәселен, қандай да бір тақырып мәдениетке қатысты болды десек, ұлттық киімдерді немесе салт-дәстүрлерді көрсету арқылы тақырыпты мазмұндық тұрғыдан меңгертіп шығуға болады. Тұңғыш қазақ мектептерін ашқан Ыбырай Алтынсарин натуралды әдіс туралы былай деген екен: «балаға айтып түсіндіргеннен гөрі қолымен ұстап, көзімен көріп, иісін сезіп тұрған сабақты түсіндіру ұғымды болады». Бұл әдісті көбіне төменгі сыныптардағы білім алушыларға қолдануға болады. Мәселен кітапты түсіндіргенде кітапты қолға ұстап көрсету арқылы түсіндіреміз.
Келесі әдіс – диалог әдісі. Бұл әдісті білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделендіріп немесе оңайландырып қолдануға әбден болады. Әдіс балалардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Білім деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар дайындалады. Сонымен қатар педагог маман дәстүрлі білім беру жүйесінің барлық элементтерін және проблемалық оқыту, ойын технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық технологиялар секілді әртүрлі тәсілдерді ұштастыра қолдануына болады.
Интерактивтік әдіс. Бұл – сынып ішіндегі оқушылардың бір-біріне алма-кезек әсер етуі арқылы жүзеге асатын әдіс. Әсіресе топтық және жұптық жұмыстарын жасату кезінде бір-бірінен үйрену функциясы іске қосылып, оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдісті қолдану кезінде оқушылардың серіктестік, ұйымдастырушылық қабілеттері ашылады. Мұндай жағдайда мұғалім бағыттаушы, бақылаушы функцияларын атқарады. Ал білім алушылар белсенді қарым-қатынасқа түсіп, бірін-бірі толықтыру арқылы біртұтас жүйеге ұқсас қызмет атқарады. Бұл әдісті қолданудағы негізгі мақсат – оқу жағдайының әртүрлі сатысындағы біріккен жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Әр оқушы өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындай отырып, топ мүддесі үшін жұмыс атқарады.
Оқушылардың сауатты жазу мен ойын дұрыс жеткізу функциясына қатысты ауызекі сөйлеу тілін дамыту – бүгінгі күні білім беру саласының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Қазіргі заманға сай білім жүйесі негізгі ақпаратты білім алушыға бағыттай отырып, оның тек ережелер мен базалық білімді меңгеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін ашуға, өзін жан-жақты дамытуға бағыттап отыр. Осындай іс шаралардың бәрінде мұғалімдердің біліктілігі мен ұйымдастыру шеберлігі ең басты рөлді атқарады.
Қазақ тілі пәнінің аясында оқушыларды ойын дұрыс жеткізуге, сөйлемдерді дұрыс құрастырып, сауатты жазуға жетелейтін тәсілдердің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту жұмыстары оқушының білім алуынан бөлек әртүрлі жекелеген қабілеттерінің ашылуына жол ашады. Орыс тілді білім беру жүйесіндегі мектептерде қазақ тілін үйрету белгілі бір тақырып төңірегіндегі аялық білімді берумен қатар сөз таптарын үйретеді. Сондықтан мұнда қазақ тілінің негізгі грамматикалық ережелерімен танысумен бірге әдебиеттік оқу материалдарын қатар қамтиды. Заман алға жылжыған сайын әдіс-тәсілдер де жаңарып, біртіндеп толығып отырады. Олардың көпшілігін осы күні мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүр. Сонымен бірге орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйрету барысында сабақтан тыс жасалатын жұмыстардың да мәні зор. Соны негізге ала отырып ҚМЖ құрастырып, үйірме жұмыстарын жүргізуге болады. Білім беру саласындағы қай кезеңде болмасын өзекті мәселе – жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту әдістемесін үнемі жетілдіріп отыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін
оқыту әдістемесі. -Алматы: Ана тілі, 1996. -206 бет.
2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы: Мұрагер, 2005. -174 бет.
3. Оқасова Б., Байбатанова Ф. Қазақ тілін меңгертудегі балама әдістер. -Алматы ҚазҰУ Хабаршысы, №1, 2012.
4. Кадашева К. Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі. - Алматы,
2001. -160 бет.
5. Рахметова С. Қазақ тілін оқытудың методикасы. -Алматы: Ана тілі, 1991. -180 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз