Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
ХАСАНОВА И.У.
РАХМЕТОВА А.Ж.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
(бастауыш сыныптар үшін)
Орал, 2021

2
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Каз
Х 24
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің
Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған
Авторлар:
Хасанова И.У., педагогика ғылымдарының кандидаты
Рахметова А.Ж., педагогика ғылымының магистрі, педагог-
зерттеуші
Пікір жазғандар:
Хасанов Ғ.Қ., филология ғылымдарының докторы, М.Өтемісов
атындағы БҚУ профессоры
Сабыр М.Б., филология ғылымдарының докторы, БҚИТУ
профессоры
Кинжекова Р.С., педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ
доценті
Хасанова И.У., Рахметова А.Ж.
Қазақ тіліне арналған тапсырмалар (бастауыш сыныптар
үшін): Оқу-әдістемелік құрал / И.У.Хасанова, А.Ж.Рахметова. – Орал:
РБО М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 2021. - 55б.
Бұл оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларының қазақ
тілі пәні бойынша білімін тереңдетіп, коммуникативтік дағдыларын
жетілдіріп, функциональдық сауаттылығын дамытуға бағытталады.
Қазақ тіліне арналған тапсырмалар бастауыш сынып мұғалімдеріне
көмекші құрал ретінде ұсынылады.
© Хасанова И.У., Рахметова А.Ж., 2021
© М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2021

3
АЛҒЫ СӨЗ
Адамзат игілігі үшін жан-жақты қызмет атқаратын тілді әрі таза,
әрі көркем, әрі өткір, әрі әдеби дәрежеде және халық тілінің шұрайлы
байлықтарымен сусындаған, екшеленген, белгілі бір нормада сауатты
қолдана білу – үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті адамның
бір қыры – тіл мәдениетінің жоғары болуы. Адамның сөйлеу
шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің де көрсеткіші.
Д.Э. Розенталь сөзімен берсек, «Мәдениетті сөз – ұлттық дәстүрмен,
мағына дәлдігімен, сөздік қорының кеңдігімен, грамматикалық
сауаттылықпен, әдеби мәнерлілігімен ерекшелене алатын сөз».
Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Демек,
сөйлеу мәдениеті дамымайынша, жоғары ақыл мәдениетіне жету
мүмкін емес, сондықтан тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл
өткірлігі үшін жүргізілетін жұмысты мектептің бастауыш сатысынан
бастап-ақ, қазақ тілі пәнін оқытуда қолға алған жөн. Мұнда бастауыш
сынып мұғалімінің атқарар жүгі ауыр, әрі зор.
Тұңғыш елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен
қалыптасады» деп айтқанындай, ана тілі арқылы балалар тіліндегі
дүниенің тілдік бейнесін ұлттық тағылым мен тәрбиеге, ұлттық ойлауға
сай қалыптастыруынан саналы ұрпақ тәрбиелеу жүзеге асады.
Оқу-әдістемелік құралда қазақ тіліне арналған тапсырмалар
жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жасалды. Бұл оқу-
әдістемелік құралдың мақсаты – түрлі деңгейдегі тапсырмалар
үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ана тілін жетік,
терең меңгеруіне, ұлттық танымдық көкжиегін кеңейтіп,
интеллектуалдық деңгейін көтеруге көмектесу. Танымдық
тапсырмалар жеңілден-күрделіге қарай бағытталған. Оқушылар
қоршаған ортаның қыр-сырын түсінеді. Жоғары сыныпта бастауышта
алған білімін дәлелдей алады.
Тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылар теориялық
білімдерін тәжірибеде тез әрі дәл қолдана алу, дағдыларына ие болады:
Біріншіден, тапсырмалар оқушының білімін нақтылайды, әрі
нығайтады.
Екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады,
коммуникативтік дағдыларын дамытады.
Үшіншіден, ұлттық менталды ойлауын, ұлттық танымын кеңейтеді.
Төртіншіден, сыни ойлауға жетелеп, шығармашылыққа баулиды.

4
Менің ана тілім – қазақ тілі
Бар жақсылықтың басы – тіл. (Махмұд Қашқари)
Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз. (Жүсіп Баласағұни)
Қазақ тілі, зерттеушілеріміздің барлығы да бір ауыздан бұл тілді
ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды. (П.И.Мелиоранский)
Қазақтардың тілі – түпкі түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл.
Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен, әсіресе, сөз
сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып
сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. (В.В.Радлов)
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл. (А.Құнанбаев)
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бишарасы. (А.Құнанбаев)
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А.Байтұрсынов)
Ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі
айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран
даласы, сары далада үдіре көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын
мінезі көрініп тұрады. (М.Жұмабаев)
«Тіл дегеніміз» – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана
емес, ертеңгі де тағдыры. (Б.Момышұлы)
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның
ең жоғарғы қасиеті. (Ғ.Мұстафин)
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырза Әли)
Өзге тілде сайрау қауіпті емес,
Өзге тілде ойлау қауіпті. (Қадыр Мырза Әли)
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады. (Н.Назарбаев)
Дауға салса – алмастай қиған, сезімге салса – қырандай қалқыған,
ойға салса – қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі
қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана
тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!
(Н.Назарбаев)

5
Дыбыстар әлемі
1-тапсырма. Төмендегі сөздерде у дыбысының дауыссыз
болатынын жазып талдаңыз.
Қуыршақ, қауын, уыз, сурет, әупілдек, керуен, уақыт, сусын, ауа.
2-тапсырма. У дыбысының жазылуы мен айтылуына талдау
жасаңыз.
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы.
3-тапсырма. Дыбыс пен әріп саны бірдей емес сөздер ойлап
жазыңыз.
4-тапсырма. Дауысты дыбыстарды , дауыссыз дыбыстарды
белгіле.
Керік, батпырауық, жейде, торсық, ірімшік, көкөніс, әткеншек,
түлкі, ұлу, суретші, жазғытұры, киім.
5-тапсырма. Берілген сөздерді оқып жазыңыз.
бФаФлФмФұФзФдФаФқ
ФғФаФрФыФшФкФеФр
ФмФеФкФтФеФпФ
6-тапсырма. Жоғалған әріптерді табыңыз.
Мен_ң _н_м бар. Аты – А_д_н . Ол к_шкентай. _н_ м с_рет
_алады. Мен _н_ме к_тап о_имын. Мен інімді жа_с_ к_рем_н.
7-тапсырма. Берілген әріптермен бірнеше сөз жасаңыз.
Б А Л М Ұ З Д А Қ К Ү Н Т І З Б Е

6
8-тапсырма. Суретке қарап, керек буынды қосыңыз.
Көй- шал- е- қол- шұ-
9-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп
жазыңыз.
Сер… ен, қара… ым, жа...а, саб…н, ...йрек, жа…лау, сылдырма…
10-тапсырма. Тиісті әріпті қойып, сөйлемді аяқтаңыз. Тыныс
белгісін қойыңыз.
Кеш бол…ы бөл….е іші қара….ғы терезе….ен ай сәул….сі түс….і
11-тапсырма. Азық-түлік атауларын жазып, төл дыбыстардың
астын сызыңыз.
12-тапсырма. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңыз.
1. Р, О, Б (бор)
2. П, А, Т, І, К (кітап)
3. М, А, Л, А, Қ (қалам)
4. Р, Е, Т, П, Ә, Д (дәптер)
5. Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш)
6. Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш)
13-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қойыңыз.
З, А, С, Қ, А, Қ, Т, Н, А – Б, Т, Й, Ә, Р, Е, К, Е –
К, Е, М, П, Т, Е – Ғ, А, І, М, Ұ, М, І, Л –
А, Р, М, Ұ, Й, А, Ж – Н, Ұ, Ә, Р, Н, А –
І, Т, Л – Ө, З, К –

7
14-тапсырма. Дыбыс саны мен әрпі бірдей емес сөздерді теріп
жазыңыз.
Тұяқ, лақ, туысқан, сыйлық, атамекен, киім, шаңырақ, жиын,
лашын, отбасы.
15-тапсырма. Тиісті әріптерді қойып, жалғау түрін айырыңыз.
Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы...,
жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны...,
оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....
16-тапсырма. Көп нүктенің орнына h, в, ф, х, ц, ч, щ әріптерінің
тиістісін қойып көшіріңіз.
…ор, …иклон, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман,
пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.
17-тапсырма. «Қ» әрпі бойынша бес жауап жазыңыз.
1. Жабайы құс -
2. Қыз баланың аты -
3. Үй құсы -
4. Ұл баланың аты -
5. Санның атауы -
18-тапсырма. Бір әріпке 10 жауап жазыңыз.
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К

8
19-тапсырма. Тиісті әріпті қойып, отбасын толықтырыңыз.
О...басы: ...та, ...же, ...к..., ...е...е, а...а, ...па, ...ні, с...ңл..., ш...бе...е.
20-тапсырма. Әріптер сөйлейді.
Ә....................................................................................................................
Ғ....................................................................................................................
Қ....................................................................................................................
Ү....................................................................................................................
Ұ....................................................................................................................
І......................................................................................................................
Ө....................................................................................................................
21-тапсырма. Төмендегі сөздердің дауысты дыбыстарын
өзгертіп, тобын көбейтіңіз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған
дыбысты табыңыз. Үлгі: Ас – өс – іс – ыс – ес
От, ер, ін, таң, бой, өз, сол, ел, қыс, ат.
22-тапсырма. Төмендегі сөздердің дауыссыз дыбыстарын

дыбысты табыңыз. Үлгі: Ас – ат – ақ – ар
От, ер, ін, өз, ұл, ат, үн.
23-тапсырма. Жұмбақ әріпті табыңыз.
Әнде бар,
Ырғақта жоқ.
Сәнде бар,
Сымбатта жоқ. (Ә)
Сабада бар,
Месте жоқ.
Табада бар,
Пеште жоқ. (Б)

9
Қоғада бар,
Қоқымда жоқ.
Тағада бар,
Тоқымда жоқ. (Ғ)
Пернеде бар,
Термеде жоқ.
Пердеде бар,
Кермеде жоқ. (П)
Гауһарда бар,
Гүлнәрда жоқ.
Жауһарда бар,
Сәуледе жоқ.
Дыбысы жоқ болса да,
Алфавитте орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол табыңдар?
24-тапсырма. Қандай сөз?
Егер «Б»-дан бастасаң,
Мүшесімін адамның.
«Б»-ны алып тастасаң,
Неше түрлі тағаммын. (Бас – ас)
Егер «Б»-дан бастасаң,
Мен басыңда тұрамын.
«Б»-ны алып тастасаң,
Жеміс болып шығамын. (Бөрік – өрік )
25-тапсырма. Сөз ішіндегі сөз.
«С»-дан бастап оқысаң,
Сәтті күнмін сәрсенбі.
«Ә»-ден бастап оқысаң,
Демалыспын – әр сенбі.
Тілек тілеп сәрсенбі,
Демал, ойна әр сенбі. (Сәрсенбі)

10
«Д» әрпінен бастасаң,
Заңғар ойлы данамын.
«А» әрпінен бастасаң,
Ұрпақ сыйлар анамын.
Ақылын тыңдап дананың,
Даңқын асыр ананың! (Дана)
26-тапсырма. Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып,
түсіңдіріңіз.
Бүгін – бүгүн, түсті – түстү, өзінің – өзүнүң
27-тапсырма. Үш буынды сөздерді буынға бөліп жазыңыз.
Кітап – сенің досың. Кітапты күтіп ұста. Бетін бүктеме. Кітап –
білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.
28-тапсырма. Отбасы мүшелерін атаңыз. Екі буынды сөздерді
буынға бөліңіз.

11
29-тапсырма. Бір сөздің соңғы буыны және келесі сөздің
алғашқы буыны болып келетін сөздер ойлап жазыңыз.
Үлгі: пар (та) мақ
30-тапсырма. Сөздерде неше әріп, неше дыбыс барын анықтап,
буынға бөліп жазыңыз.
Ою, түю, қою, баю, қию, мая, баяу, шаян, тұяқ, таяқ.
31-тапсырма. Көп нүктенің орнына ю әрпін немесе йу
әріптерінің тиістісін қойып, жазыңыз.
Ү...лі, ха...ан, а..., ке...ана, қи...
32-тапсырма. Кестедегі сөздердің дыбыс саны мен әріп санын
жазыңыз.
Сөздер Дыбыс саны Әріп саны
Аю
Ою
Ата
Жиһаз
Аяз
Таяз
Ауа
Тау
Қария
33-тапсырма. Кестедегі жуан буынды және жіңішке буынды
сөздерді ажыратыңыз.
Сөздер Жуан
буынды
Жіңішке
буынды
Ана
Қала
Ілгіш
Өрік

12
Ою
Жәшік
Ұлу
Көрпе
Қоңырау
34-тапсырма. Қала аттарын әліпби бойынша көшіріп жазыңыз.
Қостанай, Көкшетау, Арқалық, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар,
Шымкент, Өскемен, Теміртау, Орал.
35-тапсырма. Ауыл аттарын әліпби бойынша ретімен
жазыңыз.
Сырым, Қаратөбе, Жанғала, Ақжайық, Бөкейорда, Тасқала,
Казталовка, Шаған, Ақсай, Шыңғырлау, Тайпақ.
36-тапсырма. Берілген сөздерді әліпби ретімен жазыңыз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен, Түркістан.
Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек, Мөлдір.
Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш, желім.
В) Ертіс, Жайық, Сырдария, Тобыл, Каспий.
Г) Ара, күрек, балта, шеге, орақ, егеу, сүргі
Д) шегіртке, ара, қоңыз, маса, шыбын, инелік
37-тапсырма. Графикалық диктант.
Қатаң
Ұяң
Үнді
б н т п н к в л д ш р қ ж ғ

13
38-тапсырма. Графикалық диктант.
Ашық буын
Тұйық буын
Бітеу буын
Ат бас ана от тас па а сүт ай күн күн
39-тапсырма. Мәтінді оқып, асты сызылған сөздерге дыбыстық
талдау жасаңыз.
Тіл – мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық.
Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Ананың әлдиімен ұрпақ
бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл
деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз
боп есептелген. (Қазақ тілі оқулығынан)
40-тапсырма. Өлеңді жатқа айтып, асты сызылған сөздерге
дыбыстық талдау жасаңыз.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қ. Мырзалиев)

14
Сөз ғажабы
1-тапсырма. Бірнеше мағынасы бар сөздердің астын сызып,
олардың мағынасын анықтаңыз.
Бауырсақ, ара, қоңыз, қой, сусын, қара, мектеп, қабырға, алма,
көрші.
2-тапсырма. Тура оқығанда да кері оқығанда да бір мағына
беретін сөздерді тауып жазыңыз.
Үлгі: қырық, қызық, қысық ...
3-тапсырма. Оңнан солға қарай оқысың да,солдан оңға қарай
оқысаң да сол сөз шығатын сөздерді жазыңыз.
Үлгі: қазақ, нан, көк, ата, қақ, ...
4-тапсырма. Қарамен жазылған сөзді мәндес сөзбен
алмастырыңыз.
Дастанға сол бөлмеге бас сұғудың өзі қиын болды.
-тапсырма. Қарамен жазылған сөздің орнына мәндес сөзді тауып
жазыңыз.
Қаныш бұл хабарды шапшаң жеткізді.
5-тапсырма. Мәндес сөздерді табыңыз.
Жарық – қараңғы даңқ – атақ семіз – арық дүние –
мүлік
6-тапсырма. Төмендегі сөздердің мәндес сөздермен қатарын
толтырыңыз.
Үлгі: Сұлу – әдемі –әсем – көрікті – нұрлы –
Құрметті, ертеден, қолғабыс, мықты, зәулім.

15
7-тапсырма. Берілген сөздерді ауыспалы мағынада қолданып,
сөз тіркесін құрап жазыңыз.
Маужыраған, өткір, тәтті, алтын, суық.
8-тапсырма. Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағаннан
антонимдік жұптарын табыңыз.
Дос Жомарт
Ақылды Әлсіз
Өнерлі Қатыгез
Сабырлы Салмақты
9-тапсырма. Мақалдарды антонимдермен толықтырыңыз.
Ашу – ....., ақыл – ...... .
... сөз алтын, ... сөз көмір.
10-тапсырма. Мақалды дұрыстап жазу үшін қарамен жазылған
сөз орнына антонимдерін қойып, мақалды қайта жазыңыз.
Аз қорқытады, таяз батырады.
11-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің қандай мәнде
айтылғанын түсіндіріп жазыңыз.
Төбе шашы тік тұрды. ------------------------------------------------------------
Қас пен көздің арасы. ------------------------------------------------------------
Жым болды. ------------------------------------------------------------
Ала жібін аттамау. ------------------------------------------------------------
12-тапсырма. Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, төмендегі
сөздердің баламасын жазыңыз.
Көз ілмеді, зеку, ат-тонын ала қашты, мұрнын көкке көтерді, сағы
сынды.

16
13-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз.
1. Өмір – үлкен ... .
2. ... – алтын қазына.
3. Ұстаздан ... озар.
4. Күш – білімде, білім - ... .
5. ... – ғалым, тілсіз ... .
14-тапсырма. Мақалдардың жалғасын табыңыз.
Мақал – сөз ...
Басқа пәле ...
Түсі игіден ...
Ер жігіттің екі сөйлегені – ...
Әлін білмеген ...
Ырыс алды – ...
Мақал ... сәнін келтіреді.
15-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін табыңыз.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім...
2. Алмастан тыным,
Шабады ...
3. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ...
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ...
16-тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің
мағынасын түсіндіріңіз.
Қара шаңырақ
Қазақ отбасында кенже бала (ұл) – шаңырақ иесі. Кенже бала –
жанұядағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке-шешесімен тұрады.
Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-
шеше үйі. Қара шаңыраққа осы жанұяның барлық балалары,

17
туыстары келіп тұрады. Әке-шеше қара шаңырақты кенже ұлына
береді.
17-тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге
сипаттама беріңіз.
Қазақтың отбасы
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – шаңырақ иесі.
Жанұя мүшелері әкені тыңдайды. Жанұяда ананың да орны ерекше.
Әке де, балалары да ананы сыйлайды. Қазақ отбасында қыздың да
орны ерекше. Қызды төрге отырғызып, құрметтейді. Қазақ
отбасында балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен
аталарын, жеті атасын айтып отырады.
18-тапсырма. Мәтінді оқып, үлкен адамдардың (әжең, әкең,
анаң, т.б.) «айналайын» деген сөзді айтуының мәнісін түсіндіріңіз.
Айналайын
«Айналайын» деген сөзде аналық мейірімнің кіршіксіз таза сыры
бар. Ол жанына балаған баласын ғана сүйсінерлік қылығы үшін,
қызықты тілі үшін, талпынған талабы үшін ғана «айналайын» дейді.
Сол баланың сотқарлығын көргенде, қатал сөздермен тыйым салады.
19-тапсырма. Мәтінді оқып, мақалда берілген ойды түсіндіріп
беріңіз.
Әке – асқар тау.
Ана – сарқылмас бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ.
20-тапсырма. Өз үй-ішіңіз туралы жазыңыз.

18
Тізбекті ел
1-тапсырма. Төмендегі сөздердің түбірін тауып, жұрнақ
арқылы қандай сөздер жасалғанын анықтаңыз.
Өндіріс, өнім, өну, өндірді.
2-тапсырма. Схемаға сәйкез сөз ойлап жазыңыз.
Түбір Түбір + жұрнақ Түбір + жалғау Түбір + жұрнақ + жалғау
3-тапсырма. Ережені толықтырып жауап беріңіз. Мысалмен
дәлелдеңіз.
Түбір сөзге жұрнақ қосу арқылы жасалған сөзді ------------- дейміз.
Сөздердің одан әрі бөлінбейтін бөлшегін ------------------- дейміз.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша ------------------- аталады.
4-тапсырма. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды сөз
жасаңыз.
Баспа, бәсеке, бөл, ғарыш, куә, қалам, біл.
5-тапсырма. Суретті сөздерге тиісті жалғауларды жалғап
жазыңыз.
а) -ның, -нің
... көзі қара. … киімі әдемі.
ә) -дың, -дің
... қолы жақсы. ... тамағы дәмді.
б) -тың, -тің
... терезесін аш. ... іші таза.

19
6-тапсырма. Өлеңді тиісті жалғауын қойып аяқтап жазыңыз.
Біз әдепті бала...
Айтқан тілді ала...
Нанға кетсе ана...
Үйде өзі... қала...
7-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып
жазыңдар.
Оның ат... – Сәуле. Сәуле он бір жас... . Ол Орал қаласында
тұра... . Сәуле биыл төртінші сыныпта оқи.... . Оның ермег... – сурет
салу. Сәуле... достар... көп. Ол бос уақыт...да сурет сала...,
достар...мен кездесе... .
8-тапсырма. Сөздерге жалғанатын тиісті жалғауларды
белгілеңіз.
Жіктік
жалғауы
-мын -ді -сың -мін -сің -іңіздер
әкел-е
аш-а
ойна-й
жүгір-е
отыр-а
9-тапсырма. Сөздерге жалғанатын тиісті жалғауларды
белгілеңіз.
Жалғаулар -ны -ді -м -пен -лер -мын
әке
қала
көре
оқушы
кітап
суретші

20
10-тапсырма. Күрделі сөздерді түріне қарай ажыратыңыз.
Сөздер Біріккен Қос Қысқарған Тіркесті
Көзбе-көз
Балмұздақ
Ақ сақалды
Қолғап
Құрал-сайман
Жүз елу сегіз
ҚР
Бүгін
11-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді құрамына
қарай талдаңыз.
Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» -
деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың
орны ерекше екенін ұғынуға болады. Малдың күші, сүті, еті, терісі
халық өмірінің, тіршілік-тынысының негізі болды.
12-тапсырма. Ұлағатты сөздерді оқып, қарамен жазылған
сөздердің мағынасын түсіңдіріңіз.
Басқа ұлттың баласына бауырмал бол. Ол – сенің досың, әрі
көршің, қонағың. Қиналғанда қол ұшын бер. Бірақ өзің сұраншақ
болма. Көп ұлтты әлеумет ортасында өмір сүре біл.
Тізбекті ел «Кім?»
1-тапсырма. Зат есімдерге көптік жалғауын жалғап жазыңыз.
Мектеп, бала, кеме, кітап, гүл, қыз.
2-тапсырма. Зат есімдерді тәуелдеңіз.
Сағат, дәптер, қала.
3-тапсырма. Сурет бойынша сөз құрап, оларды сөз табына
ажыратыңыз.

21
а) на ман
дос қын
ша дын
ә) Ай нұр
Нұр жан
Сая нар
б) та ға
на па
4-тапсырма. Зат есімдерге тиісті септік жалғауларын жалғаңыз
Септік
жалғау
нің ға ті де тан мен
Байлық
Дана
Кітап
Көше
Мұғалім
Ауыл
Күрек
5-тапсырма. Әр топқа жататын зат есімдерді жазыңыз.
1. Көлік түрлері:
2. Туыстық қатынасты білдіретін сөздер:
3. Табиғат құбылысын білдіретін сөздер:
4. Адамның дене мүшелері:
6-тапсырма. Мына сөздерді бір сөзбен қалай айтамыз?
1. Күнделік, қаламсап, өшіргіш, дәптер, қарындаш –
А

22
2. Ата, ана, әке, апа, қарындас, іні, әпке, жеңге, жезде –
3. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, аспаз, әнші, биші –
4. Алма, алмұрт, шие, қарақат, жүзім, бүлдірген –
5. Нан, қант, айран, сүт, ет, шұжық, балық, ірімшік –
7-тапсырма. Төмендегі сөздерді сәйкестендіріңіз.
1. Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, жұлдызша – құрал-жабдықтар
2. Жүзу, жүгіру, шаңғы тебу, футбол – пішіндер
3. Көгілдір, сары, сұр, ақ, қара, қызғылт – ағаштар
4. Емен, жөке, қайың, қарағай, шырша – түстер
5. Күрек, егеу, тырма, бұрғы, шеге, сүргі – спорт түрлері
8-тапсырма. Төрт түліктің төлдерін табыңыз.
9-тапсырма. Зат есімдерді мағынасына қарай сәйкестіріңіз.
Мұражай әртіс
Театр мұхитарал
Думан ағаш
Цирк аңдар
Саябақ пейзаж
Сурет көрмесі экспонат
10-тапсырма. Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз.
Әке – асқар .... -- өседі

23
Әкеге қарап ұл ...., шешеге қарап қыз .... -- басталады
Отан отбасынан .... -- тау
11-тапсырма. Әр қатардан тақырыпқа сәйкес келмейтін сөздерді
табыңыз.
1. Ата, әже, немере, аға, сіңлі, мұғалім, ата-ана.
2. Айналайын, құлыным, жаман, жұлдызым.
3. Құттықтау, шашу, шілдехана, оқу, қуаныш.
4. Алтыбақан, асық ату, тұсаукесер, тоғызқұмалақ.
12-тапсырма. Не артық?
а)
ә)
б)
13-тапсырма. «Дұрыс па? Бұрыс па?»
№ Сұрақ Дұрыс Бұрыс
1 Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
2 Көктемде күн ыстық болады.
3 Наурыз – көктемнің алғашқы айы.

24
4 Көктемде құстар жылы жаққа ұшып
кетеді.
5 Көктемде қар жауады.
6 9-мамыр Жеңіс күні.
14-тапсырма. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Мынау – қалпақ,
Мынау – қармақ,
Мынау – қаңбақ,
Мынау – қаймақ.
Аттары ғой бұл әлі,
Ал осылар туралы
Былай десем дұрыс па,
Әлде мұным бұрыс па?
Көлге салам қалпақты,
Басқа кием қармақты,
Күнде жеймін қаңбақты,
Жонда қуам қаймақты.
Бұрыс болса, ұрыспа,
Әлде былай дұрыс па?
Жонда қуам қалпақты,
Күнде жеймін қармақты,
Басқа кием қаңбақты,
Көлге салам қаймақты.
Бұрыс болса, ұрыспа,
Әлде былай дұрыс па?
Күнде жеймін қалпақты,
Жонда қуам қармақты.
Көлге салам қаңбақты,
Басқа кием қаймақты.
Бұным-дағы бұрыс па,
Әлде былай дұрыс па?
Басқа кием қалпақты,
Көлге салам қармақты,
Жонда қуам қаңбақты,
Күнде жеймін қаймақты.
15-тапсырма. Шарадалар.
Бас буынмын – батырмын,
Зат есіммен келесі
Талай асқа батырдың.
Біріктіріп екеуін,

25
Елімде ағып жатырмын. (Ер-тіс)
Бастайтыным – сан
Неше?
Қостайтыным – бір мүшең.
Енді келер жалғасын
Асқа күнде саласың.
Бәрін қоссаң,
Табасың
Қазақстан қаласын. (Екі-бас-тұз)
Бір бөлігі – сын есім,
Екіншісі – топырақ.
Біріккенде,
Білесің
Атын үлкен атырап. (Қызыл-құм)
Басың тәтті дер едім,
Бұйрық райда – ал соңы
Тұтас –
Атын береді
Таныс көлдің,
Тап соны. (Бал-қаш)
16-тапсырма. Анаграммалар.
Жылқышының қолында –
«Ұ» әрпімен,
Ондық саны тобында-
«Ы» әрпімен. (Құрық-қырық)
«С»-мен айтсаң,
Тағам ішем онымен.
«З»-мен айтсаң,
Қағам жерге оны мен. (Қасық-қазық)
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала алады. (Жаз-қаз)
«Қ»-мен егер бітірсең,
Ыдыс-аяқ ол бірі.
«Н»-мен егер бітірсең,
Балықтың ол бір түрі. (Табақ-табан)

26
17-тапсырма. Бұл қай мезгіл?
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда топ бала.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнін тыңдап бұлбұлдың
Бәйшешектер тұр күліп.
Күн жайдары алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанеки, балақай,
Шомылуға барамыз.
18-тапсырма. Сәйкестендіру тесті
1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар
2. Кімдер? 2. домбыра, гүл
3. Не? 3. оқушы , ана
4. Нелер? 4. әндер, құстар
5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар
6. Жалпы есім түрі: 6. қобыз, ән, құс
19-тапсырма. «Кресиктер мен ноликтер» ойыны Кім?-О Не?-Х
Аспаз Сатушы Бала Сиыр Айран
Сүт Құрт Ыдыс Жылқы Қымыз
Нан Айран Қасық Малшы Сауыншы
20-тапсырма. Кім не сыйлады?
досына
Қуыршақ қоян қонжық мысық гүл
сыйлады
Мадина *
Айжан
Мадияр
Санжар

27
21-тапсырма. Сөздерді құрастырып, әр қатардағы артық сөзді табыңыз.
1. ҚМЛАА, ОРБ, ҚҚЗААНЫ, ААТҚТ.
2. ҒЫУБ, ММЙАЫЛ, АКІПТ, НЫРТААС.
3. ЛАМЫШ, СҰТА, ЙЫШОҚЫН, ҰЛАМҒІМ.
22-тапсырма. Бірнеше зат есім жазыңыз.
Тізбекті ел «Қандай?»
1-тапсырма. Зат есімді тиісті сын есіммен байланыстырыңыз.
Сын есім оқушы дос әңгіме жер еңбек кеш бөлме
Үздік *
Қызықты
Адал
Дымқыл
2-тапсырма. Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазыңыз.
… гүл, ….. адам, … оқушы, ….. дәптер, ….. жол, …… қыс.
3-тапсырма. Сын есімдердің антонимін табыңыз.
Ақылды – ........ Ақ – .......... Тәтті – .......... Жұмсақ – .........
4-тапсырма. Үлгіге қарап, бірнеше мысал келтіріңіз.
Мысық қандай? (ақ, аңқау, ала, әдемі, арық, ...)
Жұмсақ не? (нан, алақан, ойыншық, ...)
5-тапсырма. Үлгіге қарап, сын есімдерді түрлендіріңіз. Үлгі: Мықты – мықтырақ.
Көк – көкшіл.
Жақсы, қызыл, терең, әдемі, қымбат.

28
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді біріктіріп, сөйлем құраңыз.
Ақ дүние қалдырмайды.
Білімдіге ұятқа ашылды.
Ұқыпты сандығым жарық.
7-тапсырма. Мақалдан сын есімдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
1. Адам болатын бала алысқа қарайды.
2. Өнерлі бала сүйкімді.
3. Есер баладан ерке бала жаман.
8-тапсырма. Белгілері бар, ал заттың өзі кайда?
1. Кішкентай, тар.... 2. Сұр, сұсты... 3. Жаңбырлы, бұлтты... 4. Құрғақ,
хош иісті.....
9-тапсырма. Заттарды сипаттап, жұмбақ құрастырыңыз. Үлгі: қышқыл, сары жеміс.
(Лимон)
Тізбекті ел «Қанша?»
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаңыз, мақалды толық оқисыз.
1. Білімді............... жығады, білекті............... жығады.
2. ............ауыз сөздің тобықтай түйіні.
3. ............ өлшеп, .......... рет піш.
2-тапсырма. Сәйкестендіру тесті
1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз
2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
3. Нешеу? 3. жеті, он бір.
4. Дара сан есім: 4. он, алты.
5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
7. Реттік: 7. бір, екі, үш
3-тапсырма. Сандардың көршілерін атап, жазыңыз.
13
25
33
14
43
50

29
4-тапсырма. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
5-тапсырма. Қандай сан есімдердің арасына сызықша қойылады? Мысал келтіріңіз.
6-тапсырма. Төменде берілген сандарды қосып оқып, қандай сөз жазылғанын табыңыз.
1лік, же1, ....
2лік, к2лік, ....
к3, 3тік, к3ік, 3бұрыш, ....
5ік, .......
6н, .....
7қарақшы,
т10, қ10ақ, 10лайн, .....
100ді, ...
7-тапсырма. Үш жұрт, үш арсыз, төрт маусым, бес ақыл, бес дұшпан, жеті күн, жеті
ата туралы туралы ізденіп, дәптерге жазыңыз.
Тізбекті ел «»Не істеді?
1-тапсырма. Не істейді? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табыңыз.
Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылды. Арық бойларын
мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады. Жас шыбықтар
бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп, дала түрленді.
2-тапсырма. Адам не істейді?
3-тапсырма. Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз.
1.Ұяда ... Ұшқанда ...
2. Көп ... Терең ...
3. Ата көрген ... Ана көрген ...
4. Істі ... Икемді ...
5. Туған жер ... Туған ел ...
6. Жақсы бала ... Жаман бала ...
4-тапсырма. Қимылдың өту сипатына көңіл аударыңыз. Қимылдың басталуын,
қимылдың жалғасуын, қимылдың аяқталуын білдіретін етістіктерді табыңыз.
1. Қатты шыққан дауыстан зәреміз ұша бастады.
Адам

30
2. Үніміз шықпай отырмыз. Жаңбыр толастамай жауып тұр.
3. Жаңбыр таң ата тоқтады. Жарқыраған күнді көріп қуандық.
5-тапсырма. Жануарлар мен олардың дыбысталуын байланыстырыңыз.
Сиыр боздайды
Жылқы мөңірейді
Түйе шәуілдейді
Түлкі ұлиды
Қасқыр кісінейді
6-тапсырма. Табиғатқа байланысты сөздердің қолдануына мән беріп, дұрыс
байланыстырыңыз.
Таң туады Қыс келеді
Ай атады Көктем шығады
Күн сөнеді Жаз түседі
Жұлдыз шығады Күз туады
7-тапсырма. Өздік диктант.
1. Заттың атын білдіретін 5 сөз жазыңыз.
2. Заттың сапасын, түр-түсін білдіретін 2 сөз жазыңыз.
3. Заттың қимылын білдіретін 3 сөз жазыңыз.
8-тапсырма. Мәтіннен қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңыз. «Көктем туды»
деген тіркестің мағынасын түсіндіріңіз.
Наурыз – жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Оны жыл басы деп санайтын
халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді. «Наурызнама»
думаны, «Наурызкөже» дәстүрі осы айда жасалады.
Күн ұзарады. Оны қазақтар «Ұзын сары» дейді. Бұл жуанның созылып,
жіңішкенің үзілетін кезі болғандықтан, дәмді, қуатты тағамдарын халық осы
кезге әдейі сақтап отырады.
Наурызда күн мен түннің ұзақтығы теңеледі. Халық көктем туды деп
айтады. Яғни жақсы күн туды, төл туды деген ұғымды білдіреді.
9-тапсырма. Мәтіндегі «жаз шықты» деген сөздің айтылуына мән беріп, түсіндіріңіз.
Маусым – жаздың алғашқы айы, кейде отамалы деп те аталады. Бұл атау
жер отының молайып, нәрленіп, малға жұғымының артуына байланысты
шыққан. Маусымда шөп шабылып, мал азығы дайындалады. Яғни, халық
тілімен айтқанда жаз шықты деп атаймыз. Бұл шөп шықты, мал өріске
шықты деген сөзге орай айтылса керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР (бастауыш сыныптар үшін)

шағым қалдыра аласыз