Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тіліне құрмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа, мақалаға пайдалануға болатын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Каукаева Улжан Токтагуловна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

«Мамандандырылған IT лицей» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Келіңіз, қазақша үйренейік!


Көбіміз аңғармайтын, аңғарсақ та аңғалдыққа салып мән бермейтін дүниелер бар. Ол – қазақша ойлану. Қазақ тілі – құндылығы жағынан ең бай тілдердің бірі. Ал, менің сізді қазақша үйренуге шақыруым: алаш зиялыларындай ұлтқа деген құрмет пен шынайы махаббатымның үлгісі деп біліңіз. Қай тілді білсең, сол ұлтқа қызмет қыласың.


Рухани қабілеттердің барлығын бір бойына жинап, «Ұлы» деп аталар ұлттың ұлы ақыны атанған Абай Құнанбайұлы «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» депті. Менде үйреніп жүріп үйретіп, үйретіп жүріп үйреніп келемін. Адамның қандай екенін аузындағы сөзіне ғана қарап емес: ұстазына, жүрген ортасына және бос уақытын нендей іске арнайтындығына қара демей ме, қазақ?! Міне, сондықтан да ұлы қызметтің артында мұқалмас жігер мен таудай жауапкершіліктің жүгі жатыр. Мұғалім болу бөлек, ұстаз болу басқа. Мұғалім сөзінің анықтамасы: көк немесе қызыл қағаздың иелері. Ал, ұстаз болу - артыңа қалдырған ізіңнен берілген мәртебелі статус.

Таныстыруымды өзім жайлы мадақ-мақтау сөздермен ғана көмкеріп қоюдан аулақпын. Десек те, «обал, ұят, жаман болады» деген сөздерді былдырлап тілім шыққаннан бері түйсініп келемін. Содан болар, ішкі түйсігім шешім шығаруда осы бір ережеге бағынады. Бойжете келе ұстаздық қызметтің жаныма жақын екенін біліп, түбегейлі, түртпексіз шешім шығардым. Ол – ұлты сүйер, ұлтын сүйер ұстаз болу еді. Өмірлік ұстанымымды бекітіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі атандым. Және осы мамандық бойынша шәкірт жүрегінен орын тауып, тәрбие мен білімнің дәнін егіп, даму жолында серпіліс беру – өмірдегі қабылдаған дұрыс шешімдерімнің ең бастысы болып табылады. Мен осы мақсатта Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы белді, беделді оқу орны «Мамандандырылған IT лицей» КММ-сіне жұмысқа орналастым. Өз жұмысыма тиянақтылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарауға тырысып, ізденіс барысында түрлі жандармен кәсіби түрде жұмыс жасап келемін. Әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін саралай келе, тың идеяларыммен практика жүзінде Youtube желісінде бөлісіп жүрмін.

Мақаламның мазмұнынан қазақ тіліне, рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясына жақын екенін біліп те отырған боларсыз. «Келіңіз, қазақша үйренейік!». Бұл курс жобасын тілге деген құрмет пен шынайы махаббаттың көрінісі деп қараңыз. Тіл үйренушілердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру міндетін өзіне жүктеген курста, осы ұстаздық жолда біраз жетістіктер мен шынар шыңдарды бағындырып келемін. Атап айтқанда, (жетістіктер ішінен ең жоғарыларын тізіп шығу керек) Халықаралық, Республикалық, облыстық және қалалық деңгейде тұғырға табан тіреп, оқушыларым да аталған деңгейлерде топ жарып жүр. Білім беру жүйесінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болса, бұл жоба нақ бір өзі.

Еліміз ежелден әдебиет пен мәдениеттің ошағы болды. Еуропа жарияға жар салып жатқан жаңалықтарды ата-бабаларымыз баяғыда білген. Десек те, ол білімнің ұшқынын ғана сезіп, бабасымен мақтанып, баласына не үйретерін білмей жататынымыз тағы бар. Ертеде ауызша тараған ақпараттардың, жазбаша түрін алдымызға жайып салып, түртпектеп жатса да түйсігімізге түйе алмаудамыз. Мұндағы шешім қандай?! Демек, жай дайын материалды білім алушының алдына көлденең қоя салу – пайдасыз. Түртпектеп жату да қисынсыз. «Қалауын тапсаң, қар да жанарын» айтып жүрміз ғой. Технологиямен бірге адам санасы да есепсіз дамуда. Дегенмен, техниканы меңгеру - өмір сүрудің дұрыс жолын тапты деген сөз емес. Өмір сүрудің өз техникасы бар. Ол – білім. Осы білімге тілдік проблеманы қалай жалғап қойғанын қарасаңызшы: «Қазақ тілінде ойлана алмаған адам, қазаққа жарытып қызмет қыла алмайды». Болды, мендегі оқыту бағдарламасының бар мақсаты осыған әкеліп тірейді.

Технология дамып, әлеуметтік желіде бір тақырып туралы мыңдаған пікірдің арасынан адам адасып қалу қаупі бар. Қазір сөз жүзінде иландыру мүмкін болғанмен, толық түсіндіру қиын. Мысалы, 20 адамға бірдей, бір мезгілде, бір бағдарламада сабақ бересіз. Бірақ, барлығы бірдей үздік білім ала алмайды. Бұл дегеніміз адам бойындағы жасырын қабілеттердің тетігін дұрыс баспағандығыңыздан. Білім алушы бойындағы шығармашылық қабілеттерді ашып, оны жетілдіру арқылы тіл үйренушінің үйренуге деген қызығушылығын оята аламыз. Мақтау сөз біреуді өсіргенмен, біреуді өшіреді. Құрғақ сөз жалпыға бірдей әсер ете бермегендіктен, оқыту әдістерінің ең озық үлгілерін пайдалануыңыз керек. Ол дегеніміз – айтудан бөлек көрсетуге, сөйлесуден бұрын тыңдауға үйрету сияқты белгілі бір функцияларға тізбектелген. Демек, адам психологиясында айтқаннан бұрын, көрген нәрсесін тез қабылдайтыны дәлелденген.

Бұл онлайн форматтағы бағдарламалық курстың жалпыұлттық идеяға негізделгенін тағы ескерсек, өз ойын еркін жеткізе алатын адамдарды көбейту, затқа, іске, оқиғаға, тұлғаға өз көзқарасын білдіре алуға баулу негіздері орындалып келеді. Айлық, тоқсандық немесе жылдық емес, желіде үнемі тұратын курс материалдарынан тіл үйренуге қызуғышылығы бар әрбір адам кез келген уақытта қайта көру мүмкіндігін пайдалана отырып сапалы білім ала алады.


Ұлтымыздың ағартушылары Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы салған сара жолдың жалғасы ретінде өзіме-өзім серт бердім. Ұстанымым мен нұсқаулығымнан таймай, ұлтым деп қызмет ете береріме сенемін. Мұхтар Әуезов айтқандай «Ұстаз – ұлы есім». Осы есімге кір келтірмей, лайықты дәрежеде жұмыс жасауға бекініп келемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11